Главная страница
Контакты

    Басты бет


Адам иммун тапшылығының вирусы (аитв) және жүктілік

жүктеу 30.44 Kb.



жүктеу 30.44 Kb.
Дата29.03.2017
өлшемі30.44 Kb.

Адам иммун тапшылығының вирусы (аитв) және жүктілік



Адам иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) және жүктілік
Бүгінгі күнге медицина АИТВ-ның анадан балаға берілуін қалай болдырмауға болатындығы жайында жеткілікті түрде көп біледі. АИТВ-сы оң әйелдер дені сау, жұқтырылмаған баланы дүниеге әкеле алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі 20-45% құрайды. Ал, алдын алу іс-шараларын жүргізген кезде, дәрі-дәрмектерді, профилактикалық емді уақытылы алса ғана, осы қауіпті кемінде 2% дейін азайтуға болады. Әдетте біздің елімізде бұл профилактикалық емдеу жүктіліктің 14-ші аптасынан 3 компоненттік АРВ (антиретровирустық терапия) препараттармен басталып босанғанға дейін үзбей қабылдау керек. Босанғаннан соң, әйел емін тоқтатып, нәрестеге 1 ай бойы ем тағайындалады. Егер осы айтылған нұсқауларды уақытылы қабылдаса, нәрестеге АИТВ жұқпасының жұқтыру қаупін төмендетуге болады.

Өмірге жаңа адам әкеліп, ұрпақ жалғастыруға әр әйел құқылы. АИТВ –жұқпасы бар ана өзінің балалы болуға деген ниетімен, жүкті болуға саналы түрде шешім қабылдаған жағдайда, босанғанға дейін дәрігерге уақытылы қаралып және осы жұқпаның анадан балаға берілуінің алдын алу шарасына белсенді қатысуы тиіс. Осының нәтижесінде өзің, дені сау сәбидің бақытты анасы болуға мүмкіндік аласыз.

АИТВ-инфекциясының алдында мейлінше осал әйелдер де жыл сайын көбінесе АИТВ-мен өмір сүруді үйрену қажеттілігіне тап келуде. Олардың көпшілігі 18-ден 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл әйелдер үшін бала тууға мейлінше қолайлы жастағылар.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Жыл өткен сайын АИТВ –жұқтырылған анадан туған балалар көбейе түсуде.

Балалы болу немесе жүктілігін үзу жөніндегі ұйғарымды, тек әйелдің өзі ғана қабылдай алады. Мұндай жағдайда, ең алдымен Сізге, осы мәселе бойынша қосымша ақпарат, жақын адамның кеңесі мен қолдауы қажет етіледі.



АИТВ деген не? АИТВ – бұл адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ ағзаны әр түрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйесін әлсіретеді. АИТВ иммундық жүйенің белгілі бір жасушаларын (СД4-жасушаларын) зақымдайды. СД4-жасушалары мөлшерінің азаюына қарай аурудың сатысы жайлы пайымдалады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды АИТВ- сы оң деп те атайды.

АИТВ қалай беріледі? Егер АИТВ-ның жеткілікті мөлшері қанға еніп кетсе, жұқтырылуы болуы мүмкін. Жұқтырылуы үшін өзінде АИТВ-ның жеткілікті мөлшерден тұратын ағзадағы сұйықтық, бұл:

қан,


ұрық,

қынапты секрет

емшек сүті.

Сілекейде, тер мен зәрде жұқтырылуға жеткілікті мөлшердегі вирус болмайды.

АИТВ жарақаттанбаған тері арқылы ене алмайды немесе салқын тию немесе тұмау вирусы секілді, ауа арқылы берілмейді.

Қазақстан Республикасында 01.01.2014 жылға өсіңкі қорытындымен 2508 АИТВ жұқтырылған әйел мен 3443 жүкті әйелдер тіркелген, яғни екінші қайтара жүкті болған 935 әйел тіркелген. 2013 жылдың 12 айында 339 АИТВ жұқтырылған жүкті әйел анықталды. Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген АИТВ жұқтырылған жүкті әйелдер көп болып отыр.

Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

01.01.2014 жылға өсіңкі қорытындымен АИТВ жұқтырылған аналардан 1990 бала туған. Олардың ішінде бақылау мерзімінің аяқталуы бойынша және АИТВ-инфекциясына теріс зертханалық деректер жағдайында 1377 бала диспансерлік есептен шығарылған. АИТВ-инфекциясы диагнозының қойылғаны – 93 бала, бұдан бөлек, 84 балаға ретроспективті түрде диагноз қойылған. АИТВ жұқтырылған аналардан туған балалардың ішіндегі өлгені – 63. Диспансерлік есепте тұрғандардың барлығы – 410 бала. 2013 жылдың 12 айында АИТВ жұқтырылған аналардан туғаны – 330 бала. Алматы қаласында, Қарағанды мен Алматы облыстарында туылғандар көп болып отыр.

Маңғыстау облысы бойынша өсіңкі қорытындымен 12 жүкті әйел, 17 жүктілік, 13 туылған және 2 аборт тіркелген. Бақылау мерзімінің аяқталуы бойынша 11 бала диспансерлік есептен шығарылған. Бүгінгі күнге, АИТВ жұқтырылған анадан туған- 2 бала және жүктілігі 25-30 апта мерзіміндегі АИТВ жұқтырылған 2 жүкті әйел есепте тұр. Есептегі АИТВ –ға шалдыққан екі ана орталықтағы дәрігерлердің үнемі бақылауында, жүктілік кезеңінде арнайы вирусқа қарсы емін алу үстінде.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Дүниеге келетін сәбилерге арналған дәрі-дәрмектер орталықта жеткілікті. Дүниеге келген сәбилердің денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында болатыны сөссіз. Біздің алға қойған мақсатымыз АИТВ –ға шалдыққан аналардан денсаулығы мықты сәбиді дүниеге әкелуге көмектесу болып табылады.



Кеңес алу мәселелері бойынша 3 ш/а, 170 үй, мекен жайындағы ЖИТС Облыстық орталығына хабарласуға болады, тел: 52-44-05,ішкі 113.
ЖИТС ОО диспансерлік

бөлімінің меңгерушісі Әлия Төлемісқызы Жиенғалиева

  • АИТВ деген не
  • АИТВ қалай беріледі
  • ЖИТС ОО диспансерлік бөлімінің меңгерушісі Әлия Төлемісқызы Жиенғалиева

  • жүктеу 30.44 Kb.