Главная страница
Контакты

    Басты бет


Activinspire − заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы информатика пәнінің оқытушысы М.Құзайыр

жүктеу 54.08 Kb.



жүктеу 54.08 Kb.
Дата08.04.2017
өлшемі54.08 Kb.

Activinspire − заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы информатика пәнінің оқытушысы М.Құзайыр



ACTIVINSPIRE − ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҮЙРЕНУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ІРГЕТАСЫ

Информатика пәнінің оқытушысы М.Құзайыр

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі

Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудің негзі. Ақпаратты технологияны оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа түрдегі құрал белсенді экран – интерактивті тақта болып табылады.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы және болашақ ұрпақтың жан – жақты білім алып, сауаттылыққа жол ашатын бірден – бір құрал. Электронды есептеуіш машинасы тәрізді бұл тақта да жоғары технологияда жасалып шығарылған. Тақта ақпараттың бірнеше түрін бере алады, бейнелеу, фигураларды ендіру, цифрлық жүйе орнату және сол сияқты көптеген мағлұматты көрнекі түрде баяндауға, түсіндіруге мүмкіндік береді

ActivInspire − заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы. Сыныпта пайдалануға арналған бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны студентке сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік береді. Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады. «Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter» – бірлесіп, өзара, «act» – әрекет ету деген мағынаны береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз – сұхбат арқылы оқыту. Интерактивті оқытуда «оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы» сызбасы бойынша ұйымдастырылады.

Интерактивті оқыту – танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
        Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті – оқушы белсенділігін, шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: оқушылардың коммуникативтілік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді.

Интерактивті тақтада жұмыс жасау үшін қолданып жүрген бағдарламалардың бірі – ActivInspire бағдарламасы. Интерактивті тақтамен жұмыс жасауға арналған ActivInspire бағдарламалық қамсыздандыруының мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, түрлі флипчарттар дайындауға нұсқау болатын бірнеше үйретуші бағдарламадан және флипчартты дайындау әдістемесі баяндалған қосымшадан тұрады. Флипчарт – қажетті беттер санынан тұратын негізгі жұмыс аумағы болып табылады.

Бұл бағдарламаның көптеген мүмкіндіктері оқытушының оқу – тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдетеді. Сабақ барысында материалды жеңіл тусіндіру үшін түрлі қызықты, тартымды, студенттердің ойлау қабілетін дамытатын мүмкіндіктерін қолдана алады. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD және Интернет ресурстарын қолдана алады.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.
Бұл кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD – ROM, Web – түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтуірді ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Пән бойынша базалық білімді меңгеруге және алған білімді жүйелей отырып, өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруда ынтасын арттырады

ActivInspire – заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы. Сабақта пайдалануға арналған бағдарлама оқытушыларға интерактивті тақтада сабақ жүргізуге мүмкіндік береді. Әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасау және оқуды бағалау тапсырмаларын жеке студенттермен, топтармен және барлық студенттермен қолдануға мүмкіндік береді.

Әрбір жасқа бөлек интерфейсі бар ActivInspire бағдарламасы студенттерге Promethean Planet торабында қол жетімді қосымша қор көздер дүниесімен оқыту әрекеттері, құралдары, кескіндері, дыбыстары мен үлгілерінің сан алуан түрлеріне қатынасу мүмкіндігін береді.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.
Кеңейтілген қалам оқу мүмкіндіктерінің жаңа дүниесін ашуға көмектеседі.

ActivInspire – ең жақсы, толық түрде біріктірілген интерактивті технология. Осы бағдарламадағы тақтамен жұмыс істеуді үйретуді де өзі жүзеге асырады.

Жұмыс істеуде қандай пән өткізсеңіз де, информатика, физика, математиканы үйретуде тақтаны толық сабаққа қолдана аласыз.

Математика Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Тақтаны не үшін және қалай пайдалануға болатынын меңгеру керек.

Не үшін пайдаланылады дегенде:

– үйреншікті тақтадағы жұмыстың бәрін де орындауға болады, тек сабақтың темпі, студенттерге әсері өзгереді;

– жазуға, сызуға, өшіруге, сызбалар жасауға болады;

– жазба, сызбаларды сақтап қойып, келесі сабақтарға, басқа топтарда пайдалануға болады;

– сабақ жазылған флипчартқа фильм, суреттер және дыбыстар қосуға болады;

Microsoft Word –тан немесе тура Интернет желісінен де мәтін көшіріп алуға болады.

Microsoft Office Word (күнделікті - MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі.
Сол сияқты кез келген жазуыңызды өзі түсінігі бойынша терілген мәтінге айналдырады және қажет болған жағдайда қателерін түзетуге де мүмкіндігіңіз болады;

– флипчарттарыңызды жариялауға болады, сол сияқты жарияланған флипчарттарды пайдалануға болады;

– барлық студенттерден алдын ала дайындалған сұрақтарға бір мезгілде жауап алып, оның қорытындысын дереу шығарып, сараптама жасап береді;

– қажеттілікке қарай флипчартты дереу өзгертуге болады;

– қарапайым құрал – жабдықтарды пайдалану арқылы студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыруға болады дейміз.

Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Қалай пайдаланылады дегенде, алдымен тақтаға калибровка жасап тұру керектігін айту керек, қаламның қызметі  компьютердегі тінтуірдің қызметімен бірдей.

Бұл программада барлық пәндерден интерактивті сабақтар дайындауға болады және мұндай сабақтарды ұйымдастыру студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. ActivInspire бағдарламасында сабақтарды дайындауға көптеген функциялар қолданылады, мысалы арнайы эффектіні материалдарға қосу, қосымша ақпараттарды студенттерге жеткізу. Сондықтан да осындай сабақтарды жүргізу студенттер үшін қызықты, әрі олардың сол сабақты  толық меңгеруіне көп көмегі бар.

ActivInspire бағдарламасы интерактивті сабақтарды дайындау ортасы көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі. Интерактивті сабаққа флипчарт дайындауға машықтандырады және сабақты көрнекті өткізуге мүмкіндік береді. ActivInspire – ең жақсы, толық түрде біріктірілген интерактивті технология. Осы бағдарламадағы тақтамен жұмыс істеуді үйретуді де өзі жүзеге асырады.



«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» демекші, студентті білімді, адамгершілігі мол, мәдениетті етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ясеновская Л.Н.
    Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
    Вставка активной ссылки на веб-узел в ПО ActivInspire.

  2. Виссарионова С.Ю. Учебный фильм об инструментах Модификаторы ручек в программе ActivInspire интерактивной доски ActivBoard.

  3. Андреева В.П. Как составить кроссворд в ActivInspire.

  4. Майоров С.В. “Вставка изображения в ActivInspire”.

  5. Зарина Е. С. Элементы сложной презентационной техники ActivInspir

  • Microsoft Word
  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • жүктеу 54.08 Kb.