Главная страница
Контакты

    Басты бет


2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық

жүктеу 177.36 Kb.



жүктеу 177.36 Kb.
бет2/2
Дата25.03.2017
өлшемі177.36 Kb.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық


1   2
10-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын
               қызмет

      1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады.


      Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын адамдар Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін өзге ұйымдардың басқару органдарында, қадағалау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымдар атқаруға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне, судьяларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, материалдық игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге тыйым салынады.
Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio - яғни «құрылым» сөзінен шыққан) - Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

      2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына және оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай ішінде лауазымдарға тағайындалғандарына дейін сатып алған, инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.
Сенімгерлік(ағылш. trust - сенім, тапсырма) сенімгерлік негізде басқаруға берілген мүлік (сенімгерлік меншік); иеленушісіне мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығын беретін құжат; меншікті сенімгерлікпен басқару.

      3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өздеріне тиесілі, пайдаланылуы табыс табуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.
      4. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, материалдық игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады, бұған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес процентінен аспайтын көлемдегі жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткізу, сондай-ақ тұрғын үйлерді жалдауға беру қосылмайды.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).

      Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар акцияларды сатып алған жағдайда оларды сатып алынған күнінен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне табыс етуге міндетті.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

      5. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өзінің меншігіндегі, пайдаланылуы табыс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.
      6. Осы баптың 1-тармағында аталған, осы функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысатын адамдар заңда белгіленген тәртіппен жұмысынан шығарылуға немесе тиісті функцияларды орындаудан босатылуға жатады. Аталған функцияларды орындаудан мұндай функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуына байланысты босатылған мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға немесе оған теңестірілген адамға осы бапта көрсетілген қызметпен айналысуды тоқтатқанға дейін мұндай функцияларды орындауға қайталап уәкілеттік берілмейді.

      11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол


               бермеу

      1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.


      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар.
     

      12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық


               бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк

      1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:


      1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
      2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
      3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).
      4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
      5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
      6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
      7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
      8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
      9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

      10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;
      11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
      12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
      12-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 28-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзу;
      13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
      13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
      14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
      2. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 12-1) және 14) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
      Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
      Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
     

      13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға


               байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық
               бұзушылықтар

      1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:


      1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.
      Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына көрсетілген адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиісті функцияларды орындауына байланысты алған қаражаты олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;
      2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.
      Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
      3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
      егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
      жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
      4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
      2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.
      3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
     

 13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын    құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi

      1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, жазалау осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдерде қолданылады.
     

      14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн жауаптылығы

      Ескерту. 14-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

     15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны және заңсыз табыстар алған үшiн жауапкершiлiгi

      Ескерту. 15-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

      16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар  қолданбағаны үшiн жауаптылығы

      Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

    17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы



      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.
     2. Алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.
1   2

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
  • 11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу
  • 12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк
  • 13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар
  • 13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi
  • 14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн жауаптылығы
  • 15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны және заңсыз табыстар алған үшiн жауапкершiлiгi
  • 16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбағаны үшiн жауаптылығы
  • 17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы

  • жүктеу 177.36 Kb.