Главная страница
Контакты

    Басты бет


1 тақырып. Информатикаға кіріспе Мақсаты

жүктеу 189.01 Kb.



жүктеу 189.01 Kb.
бет2/2
Дата30.03.2017
өлшемі189.01 Kb.

1 тақырып. Информатикаға кіріспе Мақсаты


1   2

Ақпарат дегеніміз не?


"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан,  мағынасында  мәлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тән, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда және әртүрлі мағыналармен толығуда .
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.


қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мәліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір әс-ірекеттер т.б. туралы. "Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нәрсені хабарлауды" білдіреді;

  • техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;

  • кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді әрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н.
    БАҒДАРЛАУ, ориентация (франц. orіentatіon - шығысқа қарай бағыттау, лат. orіens - шығыс сөзінен алынған) - 1) бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы.
    Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
    Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
    Винер).

Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.

Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:



  • Ақпарат бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);

  • Ақпаратбұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);

  • Ақпаратбұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);

  • Ақпаратбұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);

  • Ақпаратбұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);

  • Ақпаратбұл таңдау ықтималдығы (Яглом).

Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте дәл айқындап берді ,. Нақтырақ айтқанда:

Ақпарат — бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.

Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады. Хабарлама — бұл ақпараттардың әңгімелер, мәтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық мәліметтер, сызбалар, кестелер және т.б.
Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.
Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
түріндегі формасы.

Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, жеделхат, анықтама, әңгіме, сызба, радиотаралым және т.б.) әртүрлі адамдар үшін – олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызығушылығына байланысты әртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.

Айталық, жапон тілінде құрылған хабарлама бұл тілді білмейтін адам үшін ешқандай жаңа ақпарат әкелмейді, бірақ жапон тілін білетін адамға құнды ақпарат болуы мүмкін.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Жапон тілі (жапон. 日本語, にほんご, にっぽんご, [нихоңго, ниппоңго] (ақп.)) - жапон халқының тілі. Жапонияның ресми тілі. Бұл тілде 130 миллионнан астам адам сөйлейді.
Сол сияқты таныс тілде жазылған хабарламаның өзі егер оның мазмұны түсініксіз немесе бұрыннан таныс болса ешқандай жаңа ақпарат бермейді.



Ақпарат хабарламаның емес, хабарлама мен оны тұтынушының арасындағы қатынастың сипаттамасы. Тұтынушының қатысуынсыз, тіптен тұрақты болғанда да, ақпарат туралы айтудың өзі мағынасыз.

Қандай да бір техникалық құралдардың көмегімен ақпараттардың автоматтандырылған жұмысы туралы айтқан кезде, әдетте ең бірінші кезекте хабарламаның мазмұнына емес, бұл хабарлама қанша символдан тұратындығына қызығушылық білдіреді.

Мәліметтерді компьютерлік өңдеу кезіндегі ақпарат дегеніміз, мағыналы жүктемеге ие және компьютерге түсінікті түрде берілген бірқатар символдық белгілердің тізбегі (кодталған графикалық үлгілер мен дыбыстардың және т.б. әріптері, сандары). Символдардың мұндай тізбегіндегі әрбір жаңа символ хабарламаның ақпараттық көлемін ұлғайтады.

Ақпарат қандай түрде болады?


Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

  • мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;
    (грек. photo - жарық және metre ‘о - өлшеймін) - жарық күшін, жарық энергиясын, жарықталғандықты, сәулелікті, сәулелендіруді, жарықтың экспозициясын, сонымен қатар материал дардың жарықтық сипаттамаларын - шағылыстыру, өткізу жоне жарқылдау коэффициенттердің және т.б.


  • жарық немесе дыбыс сигналдары;

  • радиотолқындар;

  • электрлік және нервтік импульстер;

  • магниттік жазбалар;

  • ымдар мен қимылдар;

  • иістер мен дәм сезінулер;

  • ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар және т.б.

Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қаралатын нәрселер, үрдістер, материалдық немесе материалдық емес қасиеттері бар құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады.

Ақпарат қалай беріледі?


Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға кодталады.
Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нәтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал пайда болады, осында коды шешіледі және қабылданған хабарламаға айналады.

 

Байланыс каналы

 

                    АҚПАРАТ КӨЗІ

-----------

ҚАБЫЛДАУШЫ                     

Мысалдар:



  1. Ауа райының болжамы туралы ақпараты бар хабарлама қабылдаушыға (телекөрерменге) ақпарат көзінен – метеоролог маманнан байланыс каналы- телевизиялық тарату аппараттары мен телевизор арқылы беріледі.
    Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.


  2. Тіршілік иелері өздерінің сезім мүшелерімен (көз, құлақ, тері, тіл және т.б.) сыртқы ортадан ақпараттарды қабылдайды,нерв импульстерінің белгілі бір ретімен оны өңдейді импульстерді нерв талшықтарымен тасымалдайды,мидың нейрондық құрылымының белгілі бір күйінде есте сақтайды, дыбыстық сигналдар, қозғалыстар және т.б. түрінде шығарады,өзінің өмірлік іс-әрекетінде пайдаланады.

Ақпараттардың байланыс каналдары арқылы берілуі көбінесе кедергілердің болуымен қабаттаса жүреді, олар ақпараттардың бұзылуы мен жоғалуына соқтырады.

Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді?


Мысалға, "Соғыс пен бейбітшілік" романының мәтінінде, Рафаэльдің фрескаларында, немесе адамның генетикалық кодында ақпараттардың қандай мөлшері бар?
Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuronum, neurocytus; neuron - жүйке, kytos - жасуша) - жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Роман (11 - 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) - күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады.
Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” - шығу тегіне тән).
Бұл сұрақтарға ғылым жауап бере алмайды, және жақын арада жауап табуы да неғайбыл. Ал ақпараттар мөлшерін нақты өлшеу мүмкін бе? Ақпараттар теориясының маңызды нәтижесі келесі тұжырым болып табылады:

Белгілі бір, барынша ауқымды жағдайларда ақпараттардың сапалық ерекшеліктерін елемеуге болады, оның мөлшерін санмен өрнектейді, сол сияқты мәліметтердің әртүрлі топтарындағы ақпараттар мөлшерін салыстырады.

Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл  қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады. 
   

        Ақпараттар мөлшерін анықтауға арналған қадамдар. Хартли мен Шеннон формулалары.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Логарифм (logos - қатынас және arіthmos - сан), N санының a ≠ 1 негізі бойынша логарифмі - N санын алу үшін а саны дәрежеленетін m дәреже көрсеткіші (Логарифм негізі), бұл logaN түрінде белгіленеді. Сонымен, егер am=N болса, m=logaN.
Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.

1928 ж. америка инженері Р. Хартли ақпараттарды алу үрдісін алдын ала берілген тең ықтималдықтағы көптеген N хабарламалардың ішіндегі ақырғы біреуін таңдап алу тұрғысынан қарастырды, ал таңдап алынған хабарламалардағы ақпараттар мөлшері I, N.-нің екілік логарифмі арқылы анықталды.



            Формула Хартли:   I = log2N

Айталық, бірден жүзге дейінгі сандар жиынтығынан бір санды табу керек. Хартли формуласы бойынша бұл үшін ақпараттардың қандай мөлшері қажет екенін есептеуге болады:

I = log2100  6,644. Сол себептен, дұрыс табылған сан туралы хабарлама ақпараттар мөлшерінің шамамен алғанда 6,644-ке тең ақпараттық бірлігін құрайды.



Тең ықтималдықты хабарламалардың басқа да мысалдарын келтірейік:

  1. монеталарды тастау кезіндегі: " решка түсті", " орел түсті";

  2. кітап бетіндегі: "әріптер саны жұп", "әріптер саны тақ".

Енді мынаны анықтайық, мына хабарламалар тең ықтималдықты бола ма "ғимараттың есігінен бірінші әйел шығады" және "ғимараттың есігінен бірінші еркек шығады". Бұл сұраққа біржақты жауап беруге болмайды. Барлығы да әңгіменің қандай ғимарат туралы екендігіне байланысты. Егер бұл, мысалға, метро станциясы болса, онда есіктен бірінші шығу ықтималдығы ерлер мен әйелдер үшін бірдей, ал егер бұл әскери казарма болса, онда ерлер үшін бұл ықтималдық әйелдерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Осындай мағынадағы тапсырмалар үшін америка ғалымы Клод Шеннон 1948 ж. таңдалған хабарламаларда бірдей емес ықтималдықтың болуын ескеретін, ақпараттар мөлшерін анықтаудың басқа формуласын ұсынды.



                     Шеннона формуласы: I = — ( p1log2 p1 p2 log2 p2 . . . pN log2 pN),
мұндағы p
ii-ші хабарламаның N хабарламалар жиынынан алынғандығының ықтималдығы.

Мынаны аңғару оңай, егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысы 1 / N-ға тең, бұл жағдайда Шеннон формуласы Хартли формуласына айналады.

Ақпараттар мөлшерін анықтауға арналған қарастырылған екі қадамнан басқа да қадамдар бар. Мынаны есте сақтау керек, кез келген теориялық нәтижелер алғашқы шарттарымен анықталатын, белгілі бір жағдайлар үшін ғана қолданылады.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.



Ақпараттар бірлігі ретінде Клод Шеннон бір  бит    (ағыл. bitbinary digit — екілік сан) алуды ұсынды.



Ақпараттар теориясында бит—тең ықтималдықтағы екі хабарламаны ажырататын ақпарат мөлшері (түрлері "орел"—"решка", "жұп"—"тақ" және т.б.).

Есептеу техникасында бит дегеніміз мәліметтер мен командалардың машинаішілік ұғымда қолданылуы үшін пайдаланылатын, "0" мен "1" белгілерінің біреуін сақтауға қажетті, компьютер жадының ең аз "бөлігі".



Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы.
Бірлік - топоним: Бірлік – Қазалы ауданындағы ауыл, Аранды ауылдық округі құрамында. Аудан орт Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Сыр бойындағы «Сол жақ» Қазалы каналы бойында орналасқан.
Практикада көбінесе одан ірі бірлік —  байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет (256=28).

Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :



  • 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

  • 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

  • 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:

  • 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

  • 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.

Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.

Ақпарат қандай қасиеттерге ие?


Ақпарат қасиеттері:

  • сенімділігі;

  • толықтығы;

  • құндылығы;

  • дер кезінде орындалуы;

  • түсініктілігі;

  • қол жетімділігі;

  • қысқалығы;

  • және басқалар.

Ақпарат сенімді, егер ол істің шындығын көрсететін болса. Ақпараттың сенімсіздігі дұрыс түсінбеушілікке немесе дұрыс емес шешім қабылдауға соқтыруы мүмкін.

Сенімді ақпарат уақыт өтуімен сенімсіз болуы да мүмкін, себебі ол ескіру қасиетіне ие, яғни істің шын бейнеленуін тоқтатады.

Ақпарат толық, егер ол түсіну мен шешім қабылдау үшін жеткілікті болса. Толық емес, сол сияқты кемшілікті ақпарат шешім қабылдауды кешіктіреді немесе қателікке ұрындырады.

Ақпараттың дәлдігі объектінің, үрдістің, құбылыстың және т.б. шынайы күйіне жақындық деңгейімен анықталады.

Ақпараттың құндылығы оның тапсырманы шешуде қаншалықты маңызды екендігіне, сол сияқты, оның алдағы уақытта адамның қандай да бір әс-ірекетінде қаншалықты қолданыс табатындығына тәуелді.

Тек қана дер кезінде алынған ақпарат қана күтілген нәтижені беруі мүмкін . Уақтысынан бұрын берілген ақпарат ( ол әлі меңгерілмеген болса ) пен кешіктірілген ақпарат та қажет емес.



Егер құнды және дер кезінде берілген ақпарат түсініксіз болса, ол пайдасыз болуы мүмкін .

Ақпарат түсінікті болады, егер ол ақпарат жіберілген адамның пайдаланатын тілінде берілсе.

Бір ғана сұраққа құрылған ақпаратты қысқа ( маңызсыз мәселелерсіз, жинақты) немесе ауқымыды (дәлме дәл, көп сөзді) түрде беруге болады. Ақпараттың қысқалығы анықтамалықтарға, энциклопедияларға, оқулықтарға, барлық маңызды нұсқауларға қажет.

Ақпаратты өңдеу дегеніміз не?


Ақпаратты өңдеу — бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен бір ақпараттық объектілерден екінші бір ақпараттық объектілерді алу .

Өңдеу ақпараттармен орындалатын операциялардың негізгілерінің бірі, және ақпараттар көлемін үлкейту мен түрлендіріудің басты құралы болып табылады.

Ақпараттарды өңдеу құралдары — бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер , және ең бірінші кезекте, компьютер — ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машина .

Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді.

Тірі ағзалар мен өсімдіктер ақпараттарды өздерінің мүшелері мен жүйелерінің көмегі арқылы өңдейді.

Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық технологиялар дегеніміз не?


Ақпараттық ресурстар — бұл оларды өндіруге мүмкіндік беретін формада жинақталған, адамзаттың идеалары мен оларды іске асырудың нұсқаулары.

Бұл кітаптар, мақалалар, патенттер, диссертациялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық құжаттар, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибелер туралы мәліметтер және т.б.

Ақпараттық ресурстар (ресурстардың басқа да түрлерінен өзгеше — еңбек, энергетикалық, минеральдық және т.б.) неғұрлым жылдам өскен сайын, соғұрлым оларды көбірек жаратады .

Ақпараттық технология — бұл адамдардың ақпараттарды өңдеу үшін пайдаланатын әдістері мен құрылғыларының жиынтығы.

Ақпараттарды өңдеу үшін адамзат мыңдаған жылдар айналысты. Алғашқы ақпараттық технологиялар есептеулер мен жазуға негізделді.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Осыдан елу жылдай бұрын бұл технологиялардың жылдам дамуы басталды, бұл бірінші кезекте компьютерлердің пайда болуымен байланысты еді.

Қазіргі кезеңде "ақпараттық технология" термині ақпараттарды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақпаратты технологиялар барлық есептегіш техникалар мен байланыс техникаларын және ішінара, — тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен радиотаратуды қамтиды.

Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, әртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы әйелдерге қызмет етеді.

Дамыған елдердің халқы ақпараттық технологияларды жетілдірудің қымбат және қиын, алайда маңызды екендігін сезінеді .

Қазіргі уақытта ірі масштаптағы ақпараттық-технологиялық жүйелерді құру экономикалық тұрғыдан мүмкін болып отыр, бұл оларды дайындауға бағытталған ұлттық зерттеу және білім беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Қоғамды ақпараттандыру дегенді қалай түсінуге болады?


Қрғамды ақпараттандыру — ақпараттық ресурстарды жасақтау мен пайдалану негізінде, азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің жергілікті басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұраныстары мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін, тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс [53].

Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту .

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі әлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда және т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді.


Информатиканың математикалық негіздері.

Енді ақпараттардың компьютерлік формаларымен танысайық. Көптеген мүмкін болатын тәсілдердің ішінен ең қарапайым, сенімді және үнемді тәсіл, бұл ақпараттарды «биттік» деп аталатын түрде өрнектеу мен сақтау тәсілі. Мұндай тәсілде есте сақтау ортасының әрбір бөлшегі мүмкін болатын екі жағдайды иеленеді : ИЯ, ЖОҚ; кернеу бар – кереу жоқ. Бұл бағдарламалық басқару автоматы ретіндегі ДК –дің логикалық ұйымдастырылуы мен физикалық құрылымына байланысты.

Ақпараттарды беретін мұндай жүйенің жұмысының негізінде, біз дәлірек қарастыратын есептеудің екілік жүйесі жатыр.

Бастапқыда анықтаманы жазып алайық. Есептеу жүйесі XE "Есептеу жүйесі"  – бұл белгілі бір сандық мағынасы бар сандарды символдар көмегімен атау мен бейнелеу тәсілі .

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Сандарды бейнелеу тәсіліне байланысты жүйелер позициялық және позициялық емес болып бөлінеді.

Позиция (лат. posіtіo - орны, жағдайы, орналасқан жері) - Қандай да бір нәрсенің орны, орналасуы (мысалы, шахмат тақтасындағы фигуралардың позициясы); Шекті музыкалық аспаптың мойнындағы сол қолдың бір жерде тұрып, дыбыстардың белгілі бір кезектігін орындайтын орны; Классикалық бидегі қолды ұстап тұру мен аяқтарды қоюдың бұлжымас ережелері.

Позициялық есептеу жүйесінде әрбір санның сандық мәні олардың сандағы орналасу жағдайына (позициясына) байланысты. Позициялық емес есептеу жүйесіндегі цифрлар олардың сандағы орындарын өзгерткенде өзінің сандық мәндерін өзгертпейді .

Позициялық есептеу жүйесінде сандарды бейнелеу үшін қолданылатын цифрлар саны жүйенің негізі деп аталады.

Өзімізге балалық кезден таныс ондық позициялық есептеу жүйесінде кез келген санды жазу үшін он цифр қолданылады ( жүйенің негізі 10 ) сонымен бірге әрбір цифр екі ақпарат бере алады: біріншіден өзінің меншікті мәнін 2;3; 4 ....., екіншіден сандарды жазу кезіндегі орнын.

Мысалға мына санды қарастырайық : 1579320.

Барлық разрядтарды оңнан солға қарай нөмірлейік, әдет бойынша бірлік разрядты нөлдік деп санайық , онда ондық разряд бірінші, жүздік екінші, мыңдық үшінші және тағы ары қарай.  Мұндай нөмірлеу толығымен дұрыс, себебі бірлік – бұл 10-ның нөлінші дәрежесі, ондықтар – 10-ның бірінші дәрежесі, жүздіктер – 10-ның екінші және т.с.с. , яғни әрбір цифрдың сандар жазылуындағы орналасуы 10-ның қандай дәрезесі оны алмастыра алатындығын көрсететін нұсқау. Ал цифрдың өзінің мәні 10-ды қанша дәрежеге шығару керектігін көрсетеді. Сол себептен, біздің санымыз келесі түрде жазылады: 1*106 5*105 7*104 9*103 3*102 2*101 0*100 .

Ендігі жерде позициялық 2 есептеу жүйесінің мүмкін болатын негіздерінің ең азын таңдап алайық және еркін натурал сандарды екінің дәрежесінің қосындысы көмегімен қалай жазуға болатынын қарастырайық.

Дағдылы сандар - заттарды табиғи санау кезінде, немесе реттік санау кезінде пайдаланылатын сандар.
Екілік сандарды жазу үшін тек қана екі цифр 0 мен 1 қолданылады.

Екілік сандардың жазылу үлгісі 101110.

Бастапқыда ауыстыру кестесін жазайық :


Ондық жүйе

Екілік жүйе

0=0*20

1=1*20

2=1*21 0*20

3=1*21 1*20

4=1*22 0*21 0*20

5=1*22 0*21 1*20

6=1*22 1*21 0*20

7=1*22 1*21 1*20

8=1*23 0*22 0*21 0*20

9=1*23 0*22 0*21 1*20

10=1*23 0*22 1*21 0*20


0

1

10



11

100


101

110


111

1000


1001

1010


Ондық сандарды екілік сандарға ауыстыру үшін қарапайым алгоритмді қолдануға болады:

1.      Санды 2-ге бөлеміз. Қалдықты (0 немесе 1) және бөліндіні белгілейміз.

2.      Егер бөлінді 0-ге тең болмаса, онда оны тағы да 2-ге бөлеміз, және осылай бөлінді қашан 0-ге тең болғанша жалғастырамыз . Егер бөлінді 0-ге тең болса, онда алынған қалдықтарды біріншісінен бастап оңнан солға қарай жазып шығамыз.

A.     Мысалға, 23 санын екілік формаға келтірейік.

Алатынымыз: 10111.

Кері операцияны орындау үшін, екіліктердің дәрежелерін сәйкес келетін сандар жазылуының нөлдік емес разрядтарына қосу керек.

Жалпы жағдайда Р негіздегі есептеу жүйесінің кез келген аралас санын жазу келесі түрде орындалады:

am-1Pm-1 am-2Pm-2 … a1P1 a0P0 a-1P-1 a-2P-2 … a-sP-s,

мұндағы, төменгі индекстер сандардағы цифрлардың орнын анықтайды (разряд);

-индекстердің оң мәндері – санның бүтін бөлігі үшін (m разрядтар);

-теріс мәндері – бөлшектер үшін (s разрядтар).

Есептеу машиналарында екілік сандар берілуінің екі формасын пайдаланады.

·          шынайы форма немесе үтір (нүкте) арқылы белгіленген форма.

·          қалыпты форма немесе жылжымалы үтірі (нүктесі) бар форма.

Бағдарламалау кезінде кейбір жағдайда оналтылық есептеу жүйесі қолданылады. Ондық сандарды оналтылық сандарға ауыстыру екіліктегідей алгоритммен жүзеге асырылады, тек қана бөлгіш ретінде 16 алынады. Белгілеу үшін 16 символ қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A(10),B(11),C(12),D(13),E(14),F(15).

ДК барлық ақпарат екілік кодтар түрінде беріледі. Жұмысқа ыңғайлы болу үшін екілік разрядтар жиынтығын белгілейтін келесі терминдер енгізілген. Бұл терминдер әдетте ЭЕМ-де сақталатын немесе өңделетін ақпараттар көлемінің өлшем бірлігі ретінде қолданылады.




1   2

  • Ақпарат қандай түрде болады
  • Ақпарат қалай беріледі
  • Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді
  • Ақпарат қандай қасиеттерге ие
  • Ақпаратты өңдеу дегеніміз не
  • Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық технологиялар дегеніміз не
  • Қоғамды ақпараттандыру дегенді қалай түсінуге болады

  • жүктеу 189.01 Kb.