Главная страница
Контакты

    Басты бет


1. Орта мектепте математика сабағында көрнекілік техникалық құралдардың маңыздылығы

жүктеу 1.46 Mb.



жүктеу 1.46 Mb.
бет1/15
Дата20.02.2020
өлшемі1.46 Mb.

1. Орта мектепте математика сабағында көрнекілік техникалық құралдардың маңыздылығы


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1. Орта мектепте математика сабағында



көрнекілік техникалық құралдардың маңыздылығы
Математика мектепте оқылатын пәндердің ішіндегі негізгі, әрі іргелі ғылымдардың бірі, ол адам мәдениетінің маңызды элементі болып саналады. Математиканың мектептегі бағдарламасының басым бөлігі практикада қолданылады немесе басқа ғылыми пәндік салаларға негіз бола алады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттері-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халқаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұға лімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Елімізде қазіргі кездегі ғылым мен техниканың күрт дамып өрістеуіне, отанымыздағы өзгерістерге, эканомикамыздың тез ілгерілеп өсуіне байланысты ғылымның барлық саласында талантты, жан-жақты дамыған, талапты, зерек, дарынды жастарды тәрбиелеу жалпы білім беретін мектеп ұстаздарының алдына қойылған негізгі мақсат болып отыр.

Әлемдік білім теңсіздігіне шығуда техникалық бағыттағы ғылым салаларын дамыту міндеті тұр. Ол үшін бұл бағытта, әсіресе математиканың оқыту сапасын көтеру кезек күттірмейтін міндет болып табылады. Соңғы жылда математикадан көрнекі құралдар, плакаттар, дидактикалық материалдар, интерактивті тақталар алынды. 1-11 сыныптар математикадан электронды оқулықтар, жаңа оқыту технологиялар қолданылып, математиканы оқытуда компьютерлер, интерактивті тақталар қолдануда.

Оқушылар білімін компьютер көмегімен электронды тестер арқылы тексеру, білім нәтижесіне тақырыптық есепті электронды түрде жүргізу мүмкіндіктері қолдануда. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесін, оқушының жұмыс нәтижесін, шығармашылық жұмыстарын электронды түрде жинақтай отырып, өзара тәжірибе алмасуына интерактивті тақталар мұғалім үшін таптырмас көмекші құрал екендігі дәлел.

Соңғы бірнеше жыл нобайында компьютерлік техниканы оқу процесіне ендіру үдемелі қарқынмен жүруде. Оны кең қолдану мектептегі оқу- тәрбие процесінің көптеген аспектілеріне елеулі ықпалын тигізері әрине, өз-өзінен түсінікті. Оқытуды компьютерлендіру, оқу жұмысын интенцификациялауда аса қуатты құрал болуы анық. Осыған орай педагогикалық ғылымда- шын мәнінде интенцификациялауға қол жеткізетін қажеттілік шарттарын анықтаумен байланыстырылатын жаңа міндеттер пайда болды.

Аталмыш кезеңде меңзеліп отырған нәрселер: компьютерлік техниканы оқу процесін интенцификациялау құралы ретінде пайдалану, оқуға даралық сипат беру және мұғалімнің оқушылардың оқу қызметін басқарумен байланысты таусылмайтын «ауыр» жұмысын автоматтандыру. Осылай жасағанда компьютер дәстүрлі оқыту әдістемесі шеңберінде «қолдаушы» функциясын орындайтын болады.

Бірқатар қазігі психологтардың пікірі, компьютерді адам қызметінің құралы деген ойды жақтайды. Мұндай құралды пайдалану адам қызметін сапалық тұрғыдан өзгертіп, жетілдіріп, білімді меңгеру мен оны қолдану мүмкіндігін арттырады.

Соңғы жылдары математиканы оқып- үйренуші үшін бағдарлама жасау мен оны қолданудың әдіскерлік негізі алынды және педагогикалық бағдарламалық құралдар пакетіне деген талап-тілектер анықталды.

Оқушылардың математикадан есеп шығару бойынша қызметін басқару процесіндегі компьютердің мүмкіндігін анықтауға көшейік. Алдымен компьютердің маңызды сипаттарын қарайық:



  1. Ақпаратты сақтау мен беру;

  2. Есептеуіш мүмкіндіктері;

  3. Шешім қабылдау мүмкіндігі;

  4. Пайдаланушымен өзара ықпалдастық;

  5. Графикалық мүмкіндіктер;

  6. Электронды қабылдау мен шығару.

Мынаны атап өткен жөн, осының бәрінде дербес компьютер маңызды роль атқаруға қабілетті. Дербес компьютерді оқу құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар оқу мативациясын күшейтуге, оқушылардың танымдық сұранымын дамытуға ықпал жасайды. Бұл өз кезегінде, оқушылардың белсендігін арттырып, олардың оқу мен оған бейімділіктегі, ынта мен ықыластағы артта қалушылықты жоюға өз әсерін тигізбей қоймайды.

Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқытатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құблыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық- дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютер мен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:



  1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;

  2. Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

  3. Оқушылардың тиімділігін жоғарлатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

  4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қалыптастырады;

  5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

  6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз:

1. Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты(сөздік және бейнелік);

2. Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру- есту);

3. Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық ақппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа);

Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық құрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған).

Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар:

1. Оқытудың экрандық құралдары;

2. Оқытудың дыбыстық құралдары;

3. Оқытудың экрандық- дыбыстық құралдары.

Ал, компьютерлік техника (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.

Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, сондай- ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.

Оқу диопозитивтері- оқу және тәрбие мақсатында қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.

Транспаранттар- полиграфиялық және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттар графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.

Оқу диафильмдері- оқу ақпаратын алдын- ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.

Оқытудың дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грампластиналар). Оқытудың экрандық- дыбыстық құралдары оқу кино оқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді.

2. Оқытуда көрнекілік әдістер


Оқытуда көрнекілік әдістер. Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба — нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.

Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

Берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.

Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.

Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі-түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді. Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблицалар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.

Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі — иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, таблицалар мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.

Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.

Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады.

Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:

-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау,

-күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық принципте түсіндіру;

-түрлі іс- әрекет түрлерін алгоритимде орындалуын оқыту;

-шет тіл сабақтарында арнайы орта құру;

-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмір мен білім байланысын бекіту, сабақтарда бейне құжатты қолдану; -тест өткізуді ұйымдастыру;

-алдын — ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді жасау;

-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;

-сыныптағы эр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компютерлік есепке алу;

-оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз етеді.

Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен тікелей байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы біліктілігін, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.

3. Модульдік технологияны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

1. адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

2. өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

3. іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез- құлық әрекеттерінің жиынтығы;

4. айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсіну;

5. қажеттілік жүйесі;

6. шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

7. сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т. б.»

«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым ментәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген:

- өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажетті ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;

- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пән аралық жобаларымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.

Бұл талаптар - маманға қойылатын талаптар. Педагогикалық қызмет - қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жақсы білімнің жинақталуы, өндірістік жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс.

Ал базалық білім бұл технологияның алдына қойған мақсаттарына жетудегі басты құралдарының бірі ғана болып табылады.

Зерттеулер көрсеткендей, жоғарыда аталған мақсаттарға бағытталуы оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқкшылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

(Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі).(С. И. Ожегов).

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу бөлімінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Ең тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі.

Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлігінің меншігінде.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат- міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолданылуы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру, жазу және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. (Адамның екі сигналдық жүйесін қолдану тұлғаның танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік береді).

Оқытуды ойын түрде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен- алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.

3,4 сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай саралаланған тапсырмалар беріледі (3 және 2 деңгейлер).

1 деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне- интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарпайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.

Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану – әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар және бағалау ынталандырушы сипатта болады.

Бұл технологияның маңызды шарты- оқушылардың кез келген көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.

Сөйлесу бөлімінің сабақтарының ұйымдастырылуы формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен эксперименттік жұмыс көз жеткізіп отыр.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағалары қойылады.

Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.

Мектептің алға қойған өзекті мәселелерінің бірі –жас өскелең ұрпаққа сынды ойлау мен белсенді іс-әрекет жасай алатын әлеуметтік пайымды қалыптастыру. 20 ғасыр бізге көптеген мұралар қалдырды. Сия сауыттан қаламсапқа өтіп, теледидар, сымсыз телеграфқа қол жеткіздік, ғарышты игердік, электронды есептегіш машиналарды, интернет т.б. пайда болды.

Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, оларды іскерлікке баулимын. Мен өз сабақтарымды электронды оқулықты пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: физикадан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электронды оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар бұл оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін туғызады.

Ал электронды оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сабақ сапасы артады.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

1) сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалды қолдану тиімділігі.

2) мұғалімнің педтехнологияны игеруі.

3) оқушының пәнге қызығушылығы.

4) алынған білім, білік дағды деңгейі.

5) білімнің тереңділігі.

6) тексеру түрлері, бағалау.

7) практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

4-6.



  1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн



  1. PowerPoint терезесінің құрылымы.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  • Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.

  • Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.

  • Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.

  • Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

  • Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.

  • Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.

  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

  • Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.

 
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

  • 2. Оқытуда көрнекілік әдістер
  • 3. Модульдік технологияны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану
  • PowerPoint терезесінің құрылымы.

  • жүктеу 1.46 Mb.