Главная страница
Контакты

    Басты бет


"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы №1061 қаулысының

жүктеу 0.97 Mb.



жүктеу 0.97 Mb.
бет1/6
Дата06.12.2019
өлшемі0.97 Mb.

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы №1061 қаулысының


  1   2   3   4   5   6


"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1061 қаулысының (2019 жылғы жаңа редакция) жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ




Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Өзгерістерді енгізудің қажеттілігін негіздеу

1

2

3

4

5

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1061 қаулысы (2019 жылғы жаңа редакция)




Құрылымы (мазмұны)

  1. Кіріспе

  2. Ағымдағы жағдайды талдау.

    1. Ішкі ортаны талдау.

    2. Сыртқы ортаны талдау.

  3. Холдингтің миссиясы және пайымы.

  4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметтің түйінді нәтижелері және күтілетін нәтижелер.

    1. Стратегиялық бағыт: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының институционалдық дамуын қамтамасыз ету, түйінді көрсеткіштері және оның күтілетін нәтижелері.

    2. Стратегиялық бағыт: «Электрондық үкіметті» одан әрі дамыту базасында мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға көмек көрсету, түйінді көрсеткіштері және оның күтілетін нәтижелері.

    3. Стратегиялық бағыт: АКТ-саласындағы адами капиталды дамыту, түйінді көрсеткіштері және оның күтілетін нәтижелері.

    4. Стратегиялық бағыт: Холдинг компаниялары тобындағыкорпоративтік басқаруды жетілдіру, түйінді көрсеткіштері және оның күтілетін нәтижелері.

  1. Миссиясы және пайымы.

  2. 2019 жылдың басындағы Холдингтің жағдайын талдау

    1. Сыртқы ортаны талдау.

    2. Ішкі ортаны талдау.

  3. SWOT-талдау

  4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметтің түйінді нәтижелері және күтілетін нәтижелер

    1. Стратегиялық бағыт "Қазақстанды цифрландыруға жәрдемдесу" стратегиялық бағыты

    2. Стратегиялық бағыт "Холдингтің өнімділігін арттыру»







Миссиясы және пайымы.

3. Холдингтің миссиясы және пайымы.

Холдингтің миссиясы: Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды және бәсекеге қабілетті АКТ саласын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Холдингтің пайымы: "Зерде" холдингі" АҚ АКТ – саласын дамыту үшін қажетті құралдар жиынтығына ие даму институты болады.

"Зерде" холдингі" АҚ "электрондық үкіметтің" жетекші әзірлеушісі болады.



Миссиясы

Цифрлық технологиялар арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру



Пайымы

Экономиканың барлық салаларында цифрлық технологияларды дамыту мен ықпалдастыру және АКТ-инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы жетекші ұлттық инновациялық ұйым.









Кіріспе бөлім

1. Кіріспе

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес құрылды.

Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

Холдингтің құрылтайшысы Қазақстан Республикасын Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.

Холдинг қызметін қаржыландыру жарғылық капитал қаражаты мен акциялар пакеті Холдингтің меншігіндегі акционерлік қоғамдардың дивидендтері есебінен құрылатын кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де кірістер арқылы жүзеге асырылады.

Холдинг қызметінің негізгі мәні акциялар пакеті Холдингтің орналастырылатын акциялар төлеміне берілген заңды тұлғаларды (бұдан әрі – ЕТҰ, компаниялар тобы) тиімді басқару болып табылады. Холдингті құру мақсаттары:

инфокоммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

инфокоммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту;

инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру болып табылады.

Холдингтің компаниялар тобына мынадай заңды тұлғалар кіреді:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;

«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы;

«Ұлттық процессингтік орталық» акционерлік қоғамы;

«Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

«Перспективті технологиялар корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

«Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Осы құжат Холдингтің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын білдіреді және ұзақ мерзімді кезеңде Холдинг дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындайтын негізін қалаушы құжат болып табылады.

Стратегия Холдинг менеджментінің перспективалық даму бағыттарын пайымдауына, «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына негізделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958, «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес әзірленді.

Холдинг қызметінің 2011 – 2020 жылдарға арналған түйінді көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарына (стратегиялық карта) сәйкестігі осы Стратегияға 1-қосымшада берілген.




«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес құрылды.

Холдингтің құрылтайшысы Қазақстан Республикасын Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті болып табылады.

Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып табылады.

Холдингтің компаниялар тобына мынадай заңды тұлғалар кіреді:



  1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҰАТ" АҚ);

  2. "Astana Hub" IT-стартаптардың халықаралық технопаркі" корпоративтік қоры (бұдан әрі - "Astana Hub" технопаркі).

"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Холдинг "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №207 қаулысы) және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы №695 Қаулысы) болып белгіленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №40 қаулысымен


"ҰАТ" АҚ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы №644 Қаулысымен "Astana Hub" технопаркі "Astana Hub"халықаралық технологиялық паркі анықталды.

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 Қаулысымен Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 687 Қаулысымен сыйға тарту шарты бойынша "Қазтелерадио" АҚ акциялар пакетінің 100 (жүз) пайызы республикалық меншікке берілді.










Жағдайды талдау

2. Ағымдағы жағдайды талдау

2.1. Ішкі ортаны талдау.

Компаниялардың портфелі. Басқаруға берілген компаниялардың қызметтің перспективалы бағыттары бойынша қызметтің әр түрлері, сондай-ақ «электрондық үкімет», мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы сияқты ірі ауқымды жобаларды іске асырудағы тәжірибелерге ие. Холдингтің ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласын дамыту бойынша бастамалары салалық мемлекеттік орган тарапынан қолдау табады.

Операциялық қызмет. Холдинг активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету және АКТ-саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЕТҰ-ның корпоративтік мәдениетін басқару арқылы Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

Холдинг компанияларының тобы АКТ-саласын дамыту және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызмет бағыттары бойынша іс-шараларды іске асырады. ЕТҰ қызметінің күшті жағы АКТ-саласын дамыту бойынша машықтанған тәжірибесінің, сондай-ақ қалыптастырылған инфрақұрылымының болуы болып табылады.

ЕТҰ және Холдинг қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкес қолданыстағы енгізілген бизнес-процестерді өзекті етуді талап ететін бизнес-процестерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл Холдинг компанияларының тобы қызметінің жедел нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалғыз акционердің, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, Холдинг басқармасының тапсырмаларын орындаудың жүйелі мониторингін жүргізу, Қазақстан Республикасындағы «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі іс-шараларды орындау үшін Холдингтің компаниялар тобында еншілес ұйымдардың есептілікті ұсынуы бекітілген кестесінің негізінде қызмет ететін бақылау жүйесі енгізілген.

Холдингтің компаниялар тобы АКТ саласының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында қаржылық, өндірістік және инфрақұрылымдық ресурстарды шоғырландыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруда.

Қаржылық жағдай. Холдингтің қаржылық тұрақтылығы қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігінің оң көрсеткіштерімен расталады. Жалпы, таза табыстың шоғырланған нәтижесі 2009 жылдың қорытындысы бойынша 426 млн. теңгені, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 408 млн. теңгені құрады.

Холдингтің компаниялар тобында айқындылықтың, теңгерімділік пен тиімділіктің жалпы қағидаттарына негізделген бюджеттеу жүйесі қызмет етеді.

Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың тиімді жүйесі үшін Холдингте және компаниялар тобында стратегиялық жоспарлау құжаттарын қалыптастыру, атап айтқанда 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын және 2011 - 2015 жылдарға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта стратегиялық жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру, оның ішінде даму стратегиясын іске асыру құралы ретінде Холдингтің компаниялар тобында теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі арқылы стратегиялық құжаттарды іске асыру процесін бақылау жүргізілуде.

Корпоративтік басқару. Корпоративтік басқару. Компанияның ішінде басқару процестерін жақсарту, барлық процестердің айқындылығын арттыру, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін сапа менеджменті жүйесі әзірленді және енгізілді, сондай-ақ Холдингте және еншілес ұйымдарда тәуекел-менеджменті институты қалыптастырылды.

Холдинг қызметінің барлық аспектілері бойынша және Жалғыз акционермен және Холдингтің компаниялар тобымен өзара іс-қимыл жасау саласында қолданыстағы бизнес-процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Холдингте қызметшілерді басқарудың тиімді жүйесін құруға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған адами ресурстарды басқарудың стратегиясы жұмыс істейді.

Холдинг штатында кәсіби және бәсекеге қабілетті адами ресурстардың болуы Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Холдингтің компаниялар тобында қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесі енгізілді.

Қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалаудың бірыңғай саясатын енгізу, сондай-ақ Холдинг қызметкерлерінің жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу және оның жоғары сапасын ұстап тұруға деген материалдық мүдделілігін ынталандыру мақсатында қызметтің түйінді көрсеткіштерін орындау негізінде бағалау жүйесі әзірленді және енгізілді. Аталған жүйе нәтижелілікті, жеделдікті, міндеттерді орындаудың мерзімін сақтауды ескере отырып, алға қойған міндеттер мен мақсаттарды іске асыру қорытындысы бойынша қызметкердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Холдингтің компаниялар тобы бойынша қызметшілерді іріктеу, жалдау және бейімдеу процесі жетілдірілген.

Іске асырылып отырған кадр саясаты ақпараттық технологиялар саласындағы білікті кадрлардың жетіспеушілігіне қатысты проблемаларды шешуге және жинақталған тәжірибені сақтап қалуға бағытталған.

2.2. Сыртқы ортаны талдау.

Ақпараттық коммуникация саласына сыртқы орта факторларының ықпалы. Инфокоммуникация саласына, саяси, құқықтық және экономикалық факторларды қоса алғанда, Холдингтің қызметіне ықпал етуі мүмкін бірқатар жаһандық факторлар әсерін тигізеді.

Саяси және құқықтық факторлар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларға сұраныс пен ұсынысты дамыту, жалпы АКТ секторы үшін және электрондық коммерция, ақпараттық қауіпсіздік және электрондық цифрлық қолтаңба сияқты жекелеген бағыттар үшін де заңнамалық базаның баяу дамуымен байланысты. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамытуға қатысты бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың болуы бүгінгі күні аталған секторға назардың жоғары деңгейде екенін білдіреді.

Салада қолданылатын ең маңызды құжаттардың қатарына «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы,


«Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тіркесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы жатады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының АКТ секторындағы елеулі жетістіктері байқалады, бұл туралы жоғары халықаралық рейтингтер куәландырады.

Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметтің" дамуы Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-ның "электрондық үкіметке" жаһандық дайындығы бойынша жыл сайынғы рейтингінің деректеріне сәйкес Қазақстан әлемдік рейтингте 2010 жылы 46-орыннан 2011 жылы 38-орынға көтерілді. Азия өңірінде 2011 жылы осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Малайзияны (8-орын) және Сауд Арабиясын (9-орын) басып озып, 7-орынға ие болды. Орталық Азия елдері арасында біздің республика бірінші орында. "Электрондық үкіметтің" даму индексінің құрамдас бөлігі болып табылатын онлайн қызметтер индексі бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшылардың тізімін тұйықтай отырып, 14-орында тұр.

БҰҰ есебінде е-қатысу индексі бойынша нәтижелер көрсетілген, оның өлшемдері заңдардың, ережелердің, қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігін бағалайды,азаматтар мен Үкімет арасындағы өзара іс-қимылды, азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысуын көрсетеді.

Бұл рейтингте Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 16 позицияға көтеріліп, 2-орынды Сингапурмен бөлісті. Бұдан әрі рейтингте Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Австралия, Эстония және Германия сияқты елдер бар.

Қорытынды жасай отырып, мыналарды атап өту қажет. АКТ саласы ҚР экономикасының неғұрлым перспективалы және тез дамып келе жатқан салаларының бірі. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру елдің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін ақпараттық-технологиялық сипаттағы алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруға ұлттық экономиканы көтерудің, қоғамның іскери және зияткерлік белсенділігін арттырудың, елдің халықаралық қоғамдағы беделін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде қарау қажет.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы бизнестің инфрақұрылымын құруға, елге инвестициялар тартуға қолайлы шарттар жасау, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту үшін қажетті шарт болып табылады.

Экономикалық факторлар. Қазақстан Республикасының Ақпараттық технологиялар секторы ұлттық экономиканың серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша елдің ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2011 жылы 3,4% құрады. 2012 жылдың 1 жартыжылдығында АКТ-саласындағы АТ-нарығының көлемі 188 млрд.теңгені құрап, 2011 жылы өткен жылға қарағанда өсім 9% (19 млрд.тг) құрады.

IT-нарық құрылымында үш ірі секторды бөліп көрсетуге болады: IT-жабдықтарды өндіру секторы, бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және


АТ-қызметтер секторы. 2011 жылға арналған секторлардың көлемі мынадай көрсеткіштерді құрайды:

  1. ІТ-қызметтер секторының көлемі 37,7 млрд. теңгені құрайды, 2011 жылы өткен жылға қарағанда өсім 36% (23 млрд. тг);

  2. бағдарламалық қамтамасыз ету секторының
    көлемі - 5,7 млрд. теңге, бұл ретте 2011 жылы сектор көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,8% (234 млн. теңге) төмендеді;

  3. ІТ-жабдықтар секторының көлемі 144,4 млрд.теңгені құрайды, бұл ретте 2011 жылы сектор көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2,6% (3,7 млрд. тг) төмендеді.

Қазіргі қоғам өмірінде АКТ елеулі орын алады. Көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім берудегі, мәдениет пен адамдардың өмір сүру салтындағы қарым-қатынастарды да өзгертетін АКТ дамыту мен таратуға алып келетін зор артықшылықтарды толық көлемде түсінді. Осы мағынада АКТ ақпараттық қоғамды құру құралдарының бірі болып табылады.

Ақпараттық қоғам - бұл постиндустриялық қоғамның тұжырымдамасы, өркениет дамуының жаңа тарихи кезеңі, онда өндірістің басты өнімдері ақпарат пен білім болып табылады. Мұндай қоғамның технологиялық негізі индустриялық емес, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар болып табылады.

П


Сыртқы ортаны талдау.

Цифрландыру бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінің, оның ішінде Қазақстанның дамудың түбегейлі жаңа траекториясына көшуі үшін жағдай жасауды талап ететін аса маңызды жаһандық трендтердің бірі болып табылады. Сандық экономиканың өсу қарқыны тездеуде, жаһандық деректер көлемі күн сайын артып келеді, Интернеттегі заттар өмірдің барлық салаларына енеді. Цифрландыру адам капиталы белсенді дамып келе жатқан жаңа қоғамды құруға алып келеді - болашақтың білімі мен дағдылары ең жас жастан бастап тәрбиеленеді, Автоматтандыру және жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артады, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым және ашық болады. Сандық революция біздің көзімізше орын алуда.

Бұл өзгерістер соңғы жылдары әртүрлі салаларда қолданылатын көптеген технологиялық инновацияларды енгізуден туындады. Орталық Азия елдері арасында біздің республика бірінші орында. Жасанды интеллект, соның ішінде, қаржылық қызметтер мен медицина сияқты консервативті салаларда енгізіледі. Үлкен деректер мен байланыстың жаппай қол жетімділігі жаһандық ауқымда жедел қарқынмен тарайтын "бірлесіп тұтыну экономикасы" құрылатын факторлардың бірі болып табылады.

Өзгерістер түбегейлі, бұрынғыдай он жылдың ішінде емес бірнеше жылдыңғ тіпті бірнеше айдың ішінде орын алады. Цифрландыру жаңа мүмкіндіктерді де, жаңа сын-қатерлерді де алып жүргенін түсіну маңызды.



Бүкіл әлемде көптеген ұйымдар бүгінде дәстүрлі бизнес-модельдерді өзгерту және цифрлық технологияларды қолдана отырып, тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды құру жолынан өтеді. Ақпараттық жүйелер жұмысының қағидаттарын трансформациялау Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі кезеңде әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі негізгі басымдықтары тұрғысынан, сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан ерекше маңызға ие.

Қазақстанда соңғы жылдары сандық трансформация дәуірі белсенді дамып келеді.

"Электрондық үкіметтің" базалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жөніндегі міндет шешілді. Интеграциялық шлюз, мемлекеттік Деректер қоры, халыққа және бизнеске арналған электрондық-цифрлық қолтаңбаны куәландыратын орталық, халыққа және бизнеске аса қажетті интерактивті қызметтерді іске асыруға арналған мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелері (зейнетақы аударымдары, жылжымайтын мүліктің болуы, салық берешегі туралы анықтамалар беру және т.б.) пайдалануға енгізілді. Орталық мемлекеттік органдар деңгейінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен, "электрондық үкімет" порталымен және ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған төлем шлюзі іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің "бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" бағдарламасы шеңберінде "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру", оның ішінде ашық үкіметті енгізу, мемлекеттік органдардың статистикалық базаларының онлайн қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен көзделген.

Экономикалық факторлар.

АКТ қазіргі қоғамға әсері экономикалық шеңберден алыс. Көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім берудегі, мәдениет пен адамдардың өмір сүру салтындағы қарым-қатынастарды да өзгертетін АКТ дамыту мен таратуға алып келетін зор артықшылықтарды толық көлемде түсінді. Осы мағынада АКТ әлемдегі елдің орнықты бәсекеге қабілеттілігін құру құралдарының бірі болып табылады.

АКТ дамыту елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне тікелей әсер етеді, үлкен ақпарат массивін жинауға және жинақтауға мүмкіндік береді, стратегиялық деңгейде басқару үшін кең мүмкіндіктер ашады".
Бүгінгі күні АКТ әлемдік ЖІӨ шамамен 5,5% тиісті, ал беделді халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 9% асады. Осылайша, Корея Республикасында елдің ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 11,8%, Швецияда-7%, АҚШ -6,8% құрайды. 

Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) бағалауы бойынша цифрландыру келесі онжылдықта бизнес пен қоғам үшін үлкен әлеуетке ие және таяу 10 жыл ішінде әлемдік экономика үшін қосымша 30 трлн АҚШ долл. астам табыс әкеле алады. Сондай-ақ, IDC компаниясының болжамдары бойынша, жетекші компаниялардың 40% нарыққа жаңадан келгендермен ығыстырылуы мүмкін.

Бұл инфокоммуникациялық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту экономиканы жаңғыртудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылатынын және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар кез келген елдің ұзақ мерзімді перспективада стратегиялық жағдайын күшейтуге ықпал ететінін білдіреді.

2017 жылы Қазақстанның АКТ саласы барлық бағыттар бойынша дамуын жалғастыруда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында АКТ саласының көлемі 1 866 099 млн.теңгені құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12% артық. Елдің ЖІӨ-нің жалпы көлемі ұқсас өсімді (13%) көрсетті, елдің ЖІӨ жалпы көлеміндегі АКТ саласының тауарларын (қызметтерін) өндіру және сату көлемінің үлесі 3,5% деңгейінде қалды.



1-сурет. АКТ саласындағы тауарларды (қызметтерді) өндіру және өткізу көлемі және Қазақстанның ЖІӨ үлесі Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

Қазақстанда АКТ және "электрондық үкімет" саласының даму деңгейі халықаралық рейтингтердегі елдің көрсеткіштерінде көрініс табады: Халықаралық Электр байланысы одағының АКТ дамыту индексі (2010 ж. – 152 Елден 68 орын, 2017 ж. – 176 елден 52 орын), БҰҰ "электрондық үкіметті" дамыту индексі (2010 ж. – 46 орын, 2016 ж. - 193 елден 33 орын, 2018 ж. – 193 елден 39 орын), БҰҰ электрондық қатысу индексі (2010 ж. – 18 орын, 2016 ж. – 193 елден 67 орын, 2018 ж. – 193 елден 42 орын), Дүниежүзілік экономикалық форумның желілік дайындық индексі (2010 ж. – 138 елден 68 орын, 2016 ж. – 139 елден 39 орын).

Бұл ретте ЖІӨ-дегі АКТ үлесі 2014 жылы 4,0%, 2015 жылы - 4,0% құрады, ЖІӨ-дегі АКТ орташа үлесі 2013-2015 жылдары - 3,93% құрайды. Ағымдағы деңгейде өсудің орташа қарқынын сақтай отырып, ЖІӨ-дегі АКТ үлесі 2021 жылға қарай 5,0% дейін ұлғаяды. Сонда 2021 жылы шартты түрде жалпы өсім 26% құрайды.

Бұл көрсеткіштердің өсуінде АКТ саласын дамыту шеңберінде мемлекет қабылдайтын бастамалар маңызды рөл атқарды, бірінші кезекте бұл байланыс инфрақұрылымын дамыту, дата-орталықтар салу және мемлекеттік даму институттары ұсынатын мемлекеттік қолдау шараларын тұрақты жетілдіру және кеңейту.

Халықаралық Талдамалық компанияларға сәйкес 0,35% дейінгі ЖІӨ үлес халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды және Интернет-заттар технологиясын қолдану және басқа жобаларды іске асыру есебінен 0,2% дейін іске асырады.



Сонымен қатар соңғы жылдары Қазақстан Республикасының АКТ секторындағы елеулі жетістіктері байқалады, бұл туралы жоғары халықаралық рейтингтер куәландырады.

2015 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамды белгіледі. Соңғы 10 қадам "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру" бойынша реформаны жүзеге асыруға бағытталған.

94-қадамда Ашық үкіметті енгізу міндеті, ал 96-қадамда - орталық мемлекеттік органдардың статистикалық деректер базаларының онлайн-қолжетімділігі белгіленген.

"Ашық үкіметтің" мақсаты айқын есеп беруге міндетті мемлекетті құру, мемлекеттік басқаруды азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудағы тиімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалану.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ашық үкімет порталдарында жалпыға қол жетімді ақпаратты орналастыру бойынша нормалар бекітілген "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң күшіне енді.

Мобильді үкімет - 2014 жылы басталған Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін дамытудың жаңа кезеңі. Жобаның мақсаты мобильді байланыс арқылы халыққа қызмет көрсету/сервистер үшін мобильді үкімет платформасын құру, сондай-ақ ел халқының мемлекетпен өзара іс-қимылының қосымша және тиімді арнасын құру болып табылады.

Egov.kz мобильді қосымшасы iOS, Android және Windows Phone платформаларында гаджеттері бар пайдаланушылар үшін қол жетімді. Қазіргі уақытта мобильді қосымшаға 80-нен астам мемлекеттік қызмет бейімделген.

Жоба іске қосылған сәттен бастап мобильді үкіметте 1 млн. 900 мыңнан астам азамат тіркелген, мобильдік үкімет арқылы көрсетілген қызметтердің саны – шамамен 3 млн. қызмет. IOS платформасында жүктелген қосымшалар саны – 100 мыңнан астам, Android платформасында – 230 мыңнан астам, Windows Phone платформасында – 3,5 мыңнан астам.

Қазіргі әлемде сандық технологиялар әлемдік экономиканың сансыз аспектілерін қамтиды, оның дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Цифрлық технологиялар әлеуметтік өзара іс-қимыл және жеке қарым-қатынас тәсілдерін тіркелген, мобильді және хабар тарату желілері мен объектілермен байланыстыра отырып, интернет заттардың жаңа технологиялық парадигмасын қалыптастыра отырып, өзгертеді.

Германия, Корея, Қытай сияқты дамыған және дамушы елдердің өнеркәсіптік саласы сандық трансформация жағына қарай жылжиды, ол процестердің, өндіріс компоненттерінің өзгеруін, олардың зияткерлік желілерге бірігуін білдіреді. Мысалы, Германияда "Индустрия 4.0" бағдарламасы немесе Төртінші өнеркәсіптік революция қабылданды. Осы бағдарлама шеңберінде өндірістік және өнеркәсіптік сектор тарапынан жаңа ұрпақтың басқарылатын АТ-ортасы, сенімді байланыс арналары, мобильді басқару, үлкен көлемдермен жұмыс жалпы үрдістер болып табылады. Дамудың негізіне өнеркәсіптің барлық салаларының кеңейтілген кооперациясы қойылады. Станоктар, жабдықтар, бөлшектер мен компоненттер нақты уақытта деректер мен ақпаратпен алмасуы мүмкін. Бұл жаңа буынның өндірісі мен логистикасы үшін ресурстарды тиімді, сенімді және үнемді жұмсауға түрткі болады.

Тұтастай алғанда," Индустрия 4.0" бәсекелестік артықшылықтардың табиғатын және өндірісті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі өзгертеді, өндірістік қызмет көрсету саласы кеңейтіледі, еңбек нарығында және білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады, жаңа талаптар инфрақұрылымға қойылатын болады.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметі инновациялар мен ақпараттық технологиялардың дамуына басымдық беретін бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңа жаһандық шындықта: өсу, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетикасы, 2 Зерттеу университетінің базасында жобалау және инжиниринг, Назарбаев Университетінің "Астана бизнес кампус" хайтек-паркінің және Алматыдағы "Алатау" технопаркінің базасында жобалау және инжиниринг саласындағы құзыреттілікті дамытуға бағытталған Жол картасы әзірленуде.

2018 жылғы 6 қарашада "Astana Hub" Халықаралық ІТ-стартаптары технопаркінің ресми ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып келіп, оның ашылғаны туралы ресми түрде жариялады. Ол IT-таланттардың жаңа генерациясын құру бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Негізгі міндет - ақылды, талантты және қабілетті балаларға көмек көрсету.

Инновациялық экожүйенің өзегі Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі болады. Технопарктің қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек режимін пайдалана алады, оларға салықтық және басқа да жеңілдіктер берілетін болады.

Сонымен қатар, "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасы IT индустриясын дамытудың қазіргі заманғы трендтері – "Big Data" үлкен деректерін, мобильді және бұлтты технологияларды, "заттар" интернетін пайдалануды, роботтауды және өндірісті автоматтандыруды енгізуді ескеретін "Цифрлық Қазақстан – 2017-2022" мемлекеттік бағдарламасына қайта қалыптастырылды. Құқықтық және саяси факторлар.

Қазақстанда АКТ-ны дамытуды регламенттейтін нормативтік құқықтық база қалыптастырылды: Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы", "Байланыс туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", "Мемлекеттік қызметтер туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Инновациялық технологиялар паркі "Инновациялық кластері туралы" Заңдары және басқалар, АКТ саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік база.

Сонымен қатар, АКТ саласын дамыту Нормативтік құқықтық базаны және стандарттар базасын, атап айтқанда телекоммуникация және байланыс, электрондық қызметтер көрсету саласындағы базаны одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Мемлекеттік бастамалар елдердегі ақпараттандыруды дамытудың негізгі қозғаушы күші болып табылады.

Қазақстанда 2015 жылдан бастап электрондық үкіметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 414 Жарлығымен бекітілген "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды, "электрондық үкіметті" кезең-кезеңмен қалыптастыруға және дамытуға, "бір терезе" қағидаты бойынша электрондық қызметтерді енгізуге және жалпы АКТ саласын дамытуға ықпал етті.

Қазіргі уақытта "электрондық үкіметтің" базалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру міндеті шешілді. Интеграциялық шлюз, мемлекеттік Деректер қоры, халыққа және бизнеске арналған электрондық-цифрлық қолтаңбаны куәландыратын орталық, халыққа және бизнеске аса қажетті интерактивті қызметтерді іске асыруға арналған мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелері (зейнетақы аударымдары, жылжымайтын мүліктің болуы, салық берешегі туралы анықтамалар беру және т.б.) пайдалануға енгізілді. Орталық мемлекеттік органдар деңгейінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен, "электрондық үкімет" порталымен және ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған төлем шлюзі іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің "бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" бағдарламасы шеңберінде "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру", оның ішінде ашық үкіметті енгізу, мемлекеттік органдардың статистикалық базаларының онлайн қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен көзделген.

2016 жылы аталған бағдарламаны орындау мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

Әлеуметтік факторлар.

Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы талаптарына, халықаралық стандарттарға жауап беретін білікті кадрлардың тапшылығы және мамандарды даярлау сапасы АКТсаласы үшін өзекті болып табылады. Қазақстан компанияларының 70% IT-кадрларды даярлау деңгейінің төмендігін бизнес пен өндірісті дамытуға елеулі кедергі деп санайды.

Технологиялық трендтерді зерттеу акт дамуының келесі негізгі әлемдік трендтерін және оларды1Қазақстанда қолдануды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

- жасанды интеллект,

- бұлтты есептеулер,

- үлкен деректер,

- заттар интернеті,

- блокчейн,

- ақпараттық қауіпсіздік.

Жасанды интеллект. Соңғы жылдары әлемдік ақпараттық технологиялардың құрылымын сапалы өзгертетін аса маңызды бағыттардың бірі ұялы құрылғыларға жаппай көшу және мобильді құрылғылар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың өсуі болып табылады.



Осы тренд қолданылатын МО жобалары ОК МБ іске асыру шеңберінде

- жасанды интеллектті құру және енгізу;

- диагноз қою және емдеу жоспарларын басқару

- зияткерлік көлік жүйесі

- білім беруді басқару жүйесі

- ашық білім берудің ұлттық платформасы

- "Е-заңнама" ақпараттық жүйесі

- IBM Watson for Oncology

- мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі

- зияткерлік кен орны

- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу

- электр энергиясын басқарудың автоматты жүйесі


Бұлтты есептеулер. Жақын болашақта "бұлтты сервистердің" қарқынды өсуі жалғасады. Осы бағытты дамыту компанияларға жабдықтар мен инфрақұрылымға инвестицияларды азайтуға, сондай-ақ аутсорсингті пайдалана отырып, тиісті персоналды төлеу қорында үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, "бұлтты сервистерді" пайдалану қызметті өрістету уақытының қысқаруына алып келеді, бұл қызметке деген сұранысқа оң әсер етеді.

Осы тренд қолданылатын МО жобалары ОК МБ іске асыру шеңберінде

  • бірыңғай бұлтты платформа

  • бірінші басшылардың блог-платформасы


Үлкен деректер. Үлкен деректерді дамыту әртүрлі салаларда бәсекелестік күрес факторына айналуына қарай деректерді өңдеу жөніндегі құзыреттілікке сұраныстың өсуіне әкеледі. Demos Europa институтының бағалауы бойынша үлкен мәліметтер Еуроодақ елдеріне 206 млрд.еуро әкелуі мүмкін.

Осы тренд қолданылатын МО жобалары ОК МБ іске асыру шеңберінде

- қағазсыз Денсаулық сақтау


Заттар интернеті. Gartner болжамы бойынша компьютерлер, смартфондар мен планшеттерді қоспағанда, желіге қосылған заттардың саны 2015 жылңы 4,9 млрд.- тан 2020 жылы 25 млрд. данаға дейін артады.

  • Барлық жаңа бизнес-процестер мен жүйелердің жартысынан астамы 2020 жылға қарай кейбір Интернет заттар элементін (IoT) қамтитын болады;

  • IoTсервистерінің шығындары $235 млрд., 2016 жылы 745 млрд долларға жетіп, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 15,4%, 646 млрд доллаға артты. 2022 жылы IoT-тың жаһандық шығындары 1 трлн доллардан асуы тиіс деп болжайды сарапшылар.

Бұл бағыт машина жасау, энергетика, логистика және көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық және т. б. салаларда елеулі әлеуетке ие.

Осы тренд қолданылатын МО жобалары ОК МБ іске асыру шеңберінде

- алыстан басқарылатын автоматтандырылған фермалар

Блок әртүрлі сипаттамалары бар: жылдамдық, желіні өңдеу, пайдалану нұсқалары және т.б. Функционалды үйлесімділікті дамыту әр түрлі желілер немесе блок-жүйелер арасында ақпарат алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді. 

Осы тренд қолданылатын МО жобалары ОК МБ іске асыру шеңберінде

- электрондық астық қолхаттары

- Invest online

- ДЗ, ММБ және МТ мемлекеттік тізілімі

- жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры

- әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі

- ҚҚС әкімшілендіру

Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық технологиялар бәсекелестік күрес құралы болып табылады.

Осы тренд қолданылатын МО жобалары ОК МБ іске асыру шеңберінде

кибер қалқан - ақпараттық қауіпсіздік саласында ақ іске асыратын шаралардың тұтас кешені, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жобалардың жиынтығы.



Ішкі ортаны талдау.

Холдингтің шоғырландырылған активтері 2018 жылдың қорытындысы бойынша 105,1 млрд.теңгені құрады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Холдинг компаниялары тобының меншікті капиталы 86,5 млрд.теңгені құрады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза кіріс 2,3 млрд.теңгені құрады. Еншілес компаниялар табысының негізгі көзі мемлекеттік, квазимемлекеттік секторға, сондай-ақ жеке тұлғаларға ұсынылған қызметтер болып табылады.

2011 жылдан бастап Холдинг активтерінің құрылымы жиі қайта құрылып отырды. 2012 жылы "Казконтент" АҚ акциялар пакетінің 100% республикалық меншікке берілсе, 2013 жылы "электрондық коммерция орталығы" ЖШС қатысу үлесінің 100% республикалық меншікке берілді. 2015 жылы "Перспективалы технологиялар корпорациясы" ЖШС жойылып, "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" АҚ қауымдастырылған компаниясының иелену үлесін сату жүзеге асырылды, сондай-ақ Холдингке Жалғыз акционер "Қазтелерадио" АҚ 100% қатысу үлесін меншікке берді.

2018 жылы "Astana Hub" технопаркі "Astana Hub"халықаралық технологиялық паркімен анықталды.

Холдинг компаниялары тобының қызметін талдау стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қызметтің тиімділігін және жауапкершілікті арттыру мақсатында стратегиялық жоспарлау мен корпоративтік басқаруды күшейту қажеттілігін көрсетеді.

Директорлар кеңестерінің жұмысын жандандыру, үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес Холдинг компаниялары тобының ішкі аудит қызметі мен корпоративтік хатшылар институтын күшейту қажет.

Алдын ала ден қою және осы тәуекелдерді азайту мақсатында маңызды (сыни) тәуекелдер туралы ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін күшейту, мониторинг пен есептілікті жақсарту қажет.

Кадрлық саясатты талдау Холдинг пен Холдинг компаниялары тобы менеджментінің жиі ротациялануын, қызметкерлердің жоғары тұрақтамауын (2018 жылы Холдингте – 32%), жоғары кәсіби ІТ-мамандардың тапшылығын көрсетеді.



Компаниялардың портфелі.

Басқаруға берілген компаниялардың қызметтің перспективалы бағыттары бойынша қызметтің әр түрлері, сондай-ақ «электрондық үкімет», мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы сияқты ірі ауқымды жобаларды іске асырудағы тәжірибелерге ие. Холдингтің ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласын дамыту бойынша бастамалары салалық мемлекеттік орган тарапынан қолдау табады.



Операциялық қызмет.

Холдинг активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету және АКТ-саласындағы қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдардың корпоративтік мәдениетін басқару арқылы Қазақстан Республикасында АКТ дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.



Саяси және құқықтық факторлар.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларға сұраныс пен ұсынысты дамыту, жалпы АКТ секторы үшін және электрондық коммерция, ақпараттық қауіпсіздік және электрондық цифрлық қолтаңба сияқты жекелеген бағыттар үшін де заңнамалық базаның баяу дамуымен байланысты. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасында АКТ дамытуға қатысты бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың болуы бүгінгі күні аталған секторға назардың жоғары деңгейде екенін білдіреді.

Салада қолданылатын ең маңызды құжаттардың қатарына «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тіркесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы жатады. (венчурлік қаржыландыру, мемлекеттік қызметтер туралы, ақпаратты ашу туралы заң)

Қазақстандық ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруға ұлттық экономиканы көтерудің, қоғамның іскери және зияткерлік белсенділігін арттырудың, елдің халықаралық қоғамдағы беделін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде қарау қажет.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы бизнестің инфрақұрылымын құруға, елге инвестициялар тартуға қолайлы шарттар жасау, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту үшін қажетті шарт болып табылады.

Көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім берудегі, мәдениет пен адамдардың өмір сүру салтындағы қарым-қатынастарды да өзгертетін АКТ дамыту мен таратуға алып келетін зор артықшылықтарды толық көлемде түсінді. Осы мағынада АКТ ақпараттық қоғамды құру құралдарының бірі болып табылады.

Ішкі және сыртқы ортаны талдау нәтижелері Холдингтің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ кестеде келтірілген қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.

SWOT-талдау



Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

1. Холдинг компаниялары тобының ауқымды жобаларды іске асырудағы, оның ішінде АК-инфрақұрылымды, электрондық үкіметті дамыту саласындағы жинақталған тәжірибесі

2. Заңнамалық базаның, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша болуы

3. "Электрондық үкіметтің" өңірлік АК-инфрақұрылымының болуы»

4. Холдингтің ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысуы, сондай-ақ АКТ саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы шеңберіндегі тәжірибе




1. Холдинг активтерін жиі қайта құрылымдау

2. Байланыс арналарын жалға алуға тәуелділік (ұсынылатын қызметтердің сапасы және операторлар тарифтерінің өзгеруі)

3. АКТ дамуының қазіргі заманғы деңгейіне және халықаралық стандарттарға жауап беретін жоғары білікті IT-мамандардың жетіспеушілігі

4. Мемлекеттік органдардың бюджеттік рәсімдеріне жоғары тәуелділік (секвестрлеу және мемлекеттік бюджетті оңтайландыру, АТ-жобаларды іске асырудағы бірізділіктің болмауы, іске асыру кезеңдерін кейінгі жылдарға көшіру және т. б.)

5. Коммерциялық жобаларды іске асыру саласындағы тәжірибенің жеткіліксіздігі

6. Жобаларға қатысуды қамтамасыз ету үшін өз қаражатының болмауы және қорландырудың баламалы көздерін тарту тәжірибесінің болмауы

7. Персоналдың төмен мотивациясы және кадрлардың жоғары тұрақтамауы


Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

1. Ақпараттық қоғам мен цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат

2. Экономиканы дамытуға, оның ішінде инновацияларды дамытуға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған мемлекеттік саясат

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту

4. АКТ дамуының негізгі трендтерін пайдалану: мобильді технологияларды, бұлтты есептеулерді, индустриялық интернетті, үлкен және ашық деректерді басқаруды дамыту

5. ҚР арқылы телекоммуникациялық трафик транзит арналарын кеңейту

6. Сандық теңсіздікті жою

7. ҚР заңнамасын жетілдіру, оның ішінде ашық деректерді кеңейту және оларға қол жеткізу


1. Макроэкономикалық тұрақсыздық, мемлекеттік шығыстарды қысқарту, компаниялардың инвестициялық-инновациялық белсенділігін төмендету

2. АКТ саласының импортқа жоғары тәуелділігі

3. АКТ саласындағы әлемдік деңгейдегі отандық зерттеулердің төмен деңгейі

4. Бизнестің технологиялық сипаттағы инновацияларға сезімталдығының төмен деңгейі

5. Кибершабуылдардың жаңа түрлерінің өсуі мен пайда болуы, осы саладағы жаңа технологиялардың дамуы және тиісті ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетсіздігі

  1   2   3   4   5   6

  • Құрылымдық элемент Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция
  • Өзгерістерді енгізудің қажеттілігін негіздеу 1
  • Миссиясы
  • 1-сурет. АКТ саласындағы тауарларды (қызметтерді) өндіру және өткізу көлемі және Қазақстанның
  • өсудің орташа қарқынын сақтай отырып, ЖІӨ-дегі АКТ үлесі
  • Осы тренд қолданылатын МО жобалары ОК МБ іске асыру шеңберінде
  • Мықты жақтары Әлсіз жақтары
  • Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері

  • жүктеу 0.97 Mb.