Главная страница
Контакты

    Басты бет


Вавилон селолық округінің әкімі А. А. Соболевтің 2013 жылғы есебінің тезисі

жүктеу 38.09 Kb.



жүктеу 38.09 Kb.
Дата04.05.2018
өлшемі38.09 Kb.

Вавилон селолық округінің әкімі А. А. Соболевтің 2013 жылғы есебінің тезисі


Вавилон селолық округінің әкімі А.А. Соболевтің 2013 жылғы есебінің тезисі Вавилон селолық округі бес елді мекеннен тұрады, ондағы тұрғындардың жалпы саны 2917 адам: Камышинка с. - 1196 адам, Пруггерово с. - 434 адам, Сугатовка с. – 698 адам, Кенюхово с. - 389 адам, Горкуново с. - 200 адам. Этникалық құрамы бойынша селолық округ халқы көпұлтты. Округ орталығы- Камышинка селосы. Округтің аумағы-32064 га, соның ішінде елді мекендердің жерлері -2338 га, ауыл шаруашылыққа тағайындалған жерлер - 28045 га, соның ішінде егістік-19820, жайылым-5900 га жерді құрайды.
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.
Ауыл шаруашылығы. Селолық округ аумағында егін шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысатын 2 ірі шаруа қожалықтары бар: «Камышинское» шқ, «Заря» шқ . Ағымдағы жылда селолық округ бойынша ауыл шаруашылық мал бастары шаруа қожалықтарында, ЖШС пен жекеше секторда есептелді: ІМҚМ басы –6051, шошқа - 2700 бас, қойлар, ешкілер - 577 бас, жылқы - 313 бас, құстар - 9586 бас. Білім. Округ аумағында қазіргі уақытта қызмет етеді: «Шемонаиха ауданының білім беру бөлім «Камышинка «Жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша» кешені» КММ оқушылар – 156, оның ішінде түлектер – 16, оның ішінде ЖОО-ларға түскендер – 2 Ресейлік мемлекеттік бюджет, білім сапасы – 49 , ҰБТ – 78,2 «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Сугатовка «Жалпы білім беретін орта мектеп - балабақша» кешені» КММ оқушылар – 168, оның ішінде түлектер – 12, оның ішінде ЖОО-ларға грантқа түскендер – 5, университеттерге – 5, колледждерге – 5, білім сапасы – 51, ҰБТ – 83,3 «Пруггерово негізгі мектебі» ММ оқушылар – 57, оның ішінде түлектер – 8, оның ішінде колледждерге түскендер – 5, білім сапасы – 67 Округ мектептерінде медициналық қызмет көрсету және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған.
Медициналық қызмет (Медицинская служба) - медицина мекемелері мен денсаулық сақтау органдары негізінде жасалатын қызмет түрі. Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты кешіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамаеыз етеді.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі.
Ғаламторға қосылған – 2 мектеп. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды үйден оқыту жүргізіледі, екі оқушы оқытылуда, олардың сабақтары жеке арнайы үйде оқып білім алатын мүгедек балалардың жоспары негізінде жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі 122 бала балабақшаларға барады. Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер – 5 (бірлік), соның ішінде: -2Дәрігерлік амбулатория, -3 Медициналық пункт, Медициналық мекемелер санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Медициналық пункт (Медицинский пункт) - әскери бөлімнің (кеменің) медициналық кызмет бөлімшесі. Медициналық пункттер әскери кызметшілерге, денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемелері болмаған жағдайда жұмысшылар мен қызметшілерге амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған.
Медициналық жеке құрам саны- 9 адам, соның ішінде: 1 дәрігер және орта медициналық жеке құрамнан 8 адам. Мәдениет және спорт. Селолық округте екі Мәдениет үйі және бір селолық клуб қызмет етеді. Екі селолық кітапхана жұмыс жасайды, телефондары бар, компьютермен жабдықталған. Селолық округ мектептерінде - ауыл жастарын тарта отырып, дене шынықтыру мұғалімдерімен дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша үйірмелер (баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, күрес) жүргізіледі. Инфоқұрылым. Жарықтандырылу 2013 бюджеттен округтің көріктендірілуіне 2,4 млн. теңге бөлінді. Округтің санитарлық тазалануына 242 мың теңге бөлінді. Сугатовка а. көше жарықтандырылуының жаңғыртылуына, арақашықтығы – 1 км, 1,494 мың теңге бөлінді, 50 шам орнатылды. Селолық округ бойынша көше жарықтандырылуын ұстауына – 2,292 мың теңге. Жергілікті атқарушы органның төтенше қоры есебінен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін қысқы мерзімде күртік қардан жолдарды тазалауға 600 мың теңге бөлінді. Телефонизация. Селолық округ бойынша 678 абонент телефон номерін пайдаланады. Ұялы байланыс желісі жұмыс жасайды.
Ұялы байланыс - ☀мобильді радиобайланыстың ұялы желіге негізделген бір түрі☂.
Жолдар. Камышинка ауылында Советская мен Дружба көшелерінде тротуарларды орнатуға 10 млн. теңге бөлінді, арақашықтығы – 0,980 км. 2013 жылда қардан жолдарды тазартуға 350 мың теңге бөлінді. Округте қоғамдық-саяси жағдаят тұрақты. Округ аумағында учаскелік полиция инспекторларымен қылмыстарды ескерту, тыю және алдын алу бойынша, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылықтары, қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Есеп беру кезеңінде 54-тен аса жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Учаскелік полиция инспекторларымен түзеу орындарынан босап шыққан 3 адам, олардың ішінде екеуі селолық округ шегінен асып кеткен екеуі бақылауда. 2013 жылда селолық округте аса қауіпті қылмыстар жасалған жоқ. Қылмыстар өсімі (жеке малдардың ұрлануы) Сугатовка өңірі мен Артемьев кенішінде (жеке мүліктердің ұрлануы) байқалуда. Қаржылық-бюджет саласы. 2013 жылға жергілікті салық түсті: жер салығы - 615,4 мың теңге, мүліктік салық 77,7 мың теңге, көлік салығы – 1 385,86 мың теңге. 2013 жыл бойы бюджеттік қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілді. Тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы. Селолық округтегі селолардың әлеуметтік мәселелер туралы жағдайларын қалыптастыруда шаруа қожалықтарымен меморандумдар жасалынды, соған сәйкес «Камышинское» шқ 60 млн. 220 мың теңге, ал «Заря» шқ 4 млн. 540 мың теңге сомасына қайтарымсыз көмек көрсетті. 2013 жылға Шемонаиха ауданы әкімінің есебінде тұрғындар сұрақтары. Селолық округтің Сугатовка, Кенюхово, Горкуново, Пруггерово елді мекендерінде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету.
Шемонаиха ауданы - Шығыс Қазақстан облысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс.
Ауыз су - органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады.
2014 жылға міндеттер: Селолық округ елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалауы мен эстетикалық безендірілуі бойынша жұмысын жалғастыру. «Заря» шқ ІМҚМ басын арттыру Округтің ауыл шаруашылықты қалыптастыру нысандарында егін шығымдылығын арттыру Селолық округ елді мекендерінде бір үлгі мал зираттарының құрылысы Сугатовка ауылында Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы Кенттер жолдардың жөнделуі 80 орынға арналған Пруггерово ауылындағы мектеп құрылысының аяқталуы Пруггерово ауылында қор бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу Камышинка ауылында Северная көшесінің көріктендірілуін жүргізу. Вавилон селолық округінің әкімі А. Соболев

  • Медициналық пункт
  • Ұялы байланыс
  • Шемонаиха ауданы

  • жүктеу 38.09 Kb.