Главная страница
Контакты

    Басты бет


Тақырып: Халықаралық валюталық және несие қатынастарының механизмдері

жүктеу 51.14 Kb.



жүктеу 51.14 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі51.14 Kb.

Тақырып: Халықаралық валюталық және несие қатынастарының механизмдері



12 сынып

Тақырып: Халықаралық валюталық және несие қатынастарының механизмдері.

Тапсырма: Берілген мәтінді оқып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Халыкаралық несие, Несие агенттігі, Несиелік рейтинг анықтамаларын беріңіз.
    Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
    Валюта(итал. voluta - құн, баға) - тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңге, Ресейдікі - рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.
    Несиелік рейтинг - қарызгердің (жеке тұлға, аймақ немесе ел) несие алуға қабілеттілігі мен төлем төлеуге қабілеттілігін кешенді түрде бағалау шамасы. Несиелік рейтинг қарызгердің бұрынғы және қазіргі қаржылық тарихы, сонымен қатар оның мүліктерінің бағасы мен міндеметтелерінің (қарызы) құны негізінде есептелінеді.


  2. Халықаралық несиелердің рөлі кандай?

  3. Несие агенттігінің өнімі және оның мақсаты қандай?
    Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.


  4. Несиелік рейтингті бағалау үшін қандай аспекттілерді назарлайды?

  5. Несиелік рейтинг қандай болады және олардың сипаттамалары қандай?

Халыкаралық несие

Халыкаралық несие - несие капиталының халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы қозғалуы нысаны, мемлекеттер, халықаралық банкілер, қаржы ұйымдары, жеке банкілер мен фирмалар, басқа да заңды және жеке тұлғалар халықаралық ынтымақтастық барысында мерзімділік, қайтарылым және пайыз төлеу шартымен беретін несие.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.


Халықаралық несиелердің рөлі

  1. Сыртқы сауда ағымдарына қызмет ету;

  2. Инвестициялық объектілерінің құрылысын қаржыландыру;

  3. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;

  4. Ғылыми-техникалық білімдерді экспорттау;

  5. Банкаралық несиені беру және әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады.

  6. Өсімді қамтамасыз ету үшін дүние жүзі елдері арасындағы қарыз капиталын қайта бөлу, ұлттық табысты орташа табысқа теңдестіру.

  7. Кредиттік құралдарды пайдалану (вексель, чектер, аударылымдар), ақшасыз төлемдерді дамыту және жеделдету арқылы халықаралық есептеулер сферасындағы шығындарды азайту.

  8. Шетелдік кредиттерді пайдалану арқылы капиталдың концентрациясы мен орталықтануының жеделдетілуі.

  9. Экономиканы реттеу.

Оң рөлі


Теріс рөлі

  1. Шаруашылықтың өсуі мен кеңеюін қамтамасыз етеді.

  2. Шаруашылықтың интернационалдандыруын және оның алмасуын қамтамасыз етеді.

  3. Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі.

  1. Халық шаруашылығының диспропорциясын күшейтеді, кірісті салалардың кенет өзгеруіне әсер етеді.

  2. Шетелдік қарыз қаражатын пайдаланбайтын салалардың дамуын тежейді.




Несие агенттіктері

Рейтингтік агенттік – эмитенттердің борыш төлей алушылықтарға, қарыздық міндеттемелерге, бірлескен басқару сапасына, активтерді басқару сапасына баға беретін ұйым.
Актив, активтер (латынша actіvus) - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері.
Рейтингтік агенттіктердің ең танымал өнімі – бұл борыш төлей алушылық бағасы – кредитті рейтинг. Ол қарыздық міндеттеме бойынша төлемеу қауіпін қамтып көрсетеді және пайыздық мөлшерлемесінің көлеміне, қарыздық міндеттемелердің бағасы мен табыстылығы әсер етеді. Сонымен қоса, неғұрлым жоғарғы рейтинг төлемеудің төменгі қауіпіне сәйкес келеді.


Несиелік рейтинг

Несие беру кезінде компаниялардың қаржылық жауапкершілікті кең көлемдегі дайындығы мен қабілеттілігі арқасында атқара алатынын көрсететін бірлік несие рейтингісі деп аталады.

Несие (лат. creditum - несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.



Несие рейтингі - қарызгердің (жеке тұлға, аймақ немесе ел) несие алуға қабілеттілігі мен төлем төлеуге қабілеттілігін кешенді түрде бағалау шамасы. Несиелік рейтинг қарызгердің бұрынғы және қазіргі қаржылық тарихы, сонымен қатар оның мүліктерінің бағасы мен міндеметтелерінің (қарызы) құны негізінде есептелінеді. Бұл ұғымның негізгі мақсатыпотенциалды несие беруші / салымшыға қарызгердің уақтылы өзіне жүктелген қаржылық міндеттемелерін орындай алу ықтималдығын бағалау.
Потенциал (потенциалдық функция) - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.)


Несиелік рейтинг салыстырмалы шама, сондықтан әр елдің, мекеменің, өндіріс саласының өзіндік сипаттамасын есепке алған маңызды. Төмен несиелік рейтинг, әрине, жағымсыз жағдай, себебі ол сол қарыздардың дефолтқа ұрынуының үлкен ықтималдығын көрсетеді.

Кредиттің өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл ретте мына аспектілерге назар аударылады:

  1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды практикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.

  2. Қаржылық тұрақтылықка және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды кіріктіреді: фискалдық және монетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдығы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.
    Реформа(лат. reformate - қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
    Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.


  3. Рыноктық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік сектордың рөлі (мемлекетгік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпорациялық басқарудың тиімділігі, когамның салық салуға катысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық кызметті ырықтандыру (баға белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін рыноктардың ашықтығы, сырткы сауда мен инвестициялық қызметтегі ашықтық), қаржы секторының ахуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдығының дамуы, қор рыногының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), рыноктық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
    Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.


  4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау.
    БАҒДАРЛАУ, ориентация (франц. orіentatіon - шығысқа қарай бағыттау, лат. orіens - шығыс сөзінен алынған) - 1) бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы.
    Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі, технологияларды беру арқылы бағаланады.


Несиелік рейтингтің түрлері

ААА-дан ВВВ-ға дейінгі аралықта орналасқан рейтингтер инвестициялық болып есептелінеді, ал қалғандары – инвестициялық емес.

Болжам:

  1. Позитивті болжам бойынша оң өзгерістер мүмкіндігі бар, ал болашақтағы рейтинг өсуі мүмкін.

  2. Тұрақты – теріс өзгерістер мүмкіндігі төмен, рейтинг, ықтимал, өзгеріссіз қалады.

  3. Негативті – теріс өзгерістер мүмкіндігі жоғары, рейтинг төмендеуі мүмкін.

ААА Жоғарғы баға АА Жоғарғы баға А Жоғарғы орташа баға

ВВВ Төменгі орташа баға ВВ Инвестицияламау бағасы спекулятивті

В Өте спекулятивті

ССС Әжептәуір риск СС Өте спекулятивті С Дефолт қауіпінің мүмкіндігі


Қолданған сілтемелер:

https://ru.

Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.
wikipedia.org/wiki/Рейтинговое_агентство https://kk.wikipedia.org/wiki/Несиелік_рейтинг



https://kk.wikipedia.org/wiki/Сыртқы_(халықаралық)_кредит

http://referattar.kazaksha.info/халықаралық-несиенің-формалары

  • Халыкаралық несие
  • Халықаралық несиелердің рөлі
  • Несие агенттіктері
  • Несиелік рейтинг
  • Несиелік рейтинг қарызгердің бұрынғы және қазіргі қаржылық тарихы
  • Кредиттің өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл ретте мына аспектілерге назар аударылады
  • ААА
  • СС

  • жүктеу 51.14 Kb.