Главная страница
Контакты

    Басты бет


Тақырыбы: «Мектепте математика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі»

жүктеу 47.51 Kb.



жүктеу 47.51 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі47.51 Kb.

Тақырыбы: «Мектепте математика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі»




Тақырыбы: «Мектепте математика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі »
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында білім сапасына ерекше көңіл бөлді. Әлемдік бәсекелестікке төтеп беретін бірден – бір құрал – білімділік.

Сапалы білім - бәсекелестікке қабиліеттіліктің кепілі.

Білім ордасының негізгі мақсаты жас ұрпаққа сапалы білім беру.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім ордасы жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеп шығарады.Қазіргі таңның басты мәселесі болып отырған да осы білім, тәрбие ісі.

XXI ғасыр білімділер ғасыры деп аталады.Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне - өзі сенімді интелектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің аталатын орны ерекше.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Әрбір оқушының сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдерді еңгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті.

Білім беруді ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жәңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан – жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламаларының негізгі міндеттерінің бірі ретінде мамандардың осы сала бойынша біліктілігін көтеру және қайта даярлау қарастырылған.

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Мұғалім Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне пайдалану оның келесі педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа матеиалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану;

  • оқытудың жаңа әдістері мен формаларын /проблемалық, ұйымдастырушылық, іс-әрекеттік компьютерлік ойындар т.б.
    Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
    Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
    Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
    Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.
    /:

  • проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесін материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
    Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.


Мамандардың біліктілігін көтеру міндеттерін шешуде оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесі мүмкіндіктері ұсынылады.

  • ақпараттық мәдениет элементтерін қалыптастыруда білім мекемелерінің мамандарының қажеттілігін қанағаттандыру; математика сабақтарында ақпараттық және желілік технологиялар саласы бойынша жаңа білімдер алу;

  • білім беру жүйесін басқару мамандарын және математика пән мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияларды өһз қызметтерінде еркін пайдалана білуге үйрету:

  • қашықтықтан оқыту формаларына мұғалімдердің қызметін бағыттау.

20 ғасыр ортасында атақты ғылым В.М.Глушков: «Эем жетілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерге информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – ЭЕМ жадында сақталады.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Әлеуметтану Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да, жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...»,-деген болатын.

Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық технологиялар балаларға ақпараттық тенхнологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты оқуға кепілдік береді.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту /концентрированное обучение/ арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру /дифференцированное обучение/ және жеке тұлғаға бағытталған оқыту эелементтері, ойын программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады.Оқушылардың ынтасын арттыра алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп келеді.

Керекті технологиялар мен әдістемелер оқушының дайындығына, жасына және қарастырылатын пән бағдарламасының бөлімініе қарай таңдап алынады.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану да жақсы нәтижелер беріп келеді.Жеке адамға және топтарға да бағытталған тәсілдерді, екі бала істейтін, консультантпен бірігіп атқаратын жұмыс түрлерін сабақта жиі пайдалану керек.Тапсырмаларды тексеру кезінде кәдімгі тексеруден басқа өзін-өзі бақылау, бірін-бірі тексеру істеріне көп көңіл бөлінеді.

Жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді пайдалану оқу процесін жетілдіруге, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға, олардың өзін-өзі бақылауына, жауапкершілігін арттыруға, білімдерін жетілдіруіне көп көмегін тигізеді.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
Осындай кездерде мұғалім балалардың жеке кемшіліктеріне көңіл бөліп, олардың ой-өрісін дамытуға, белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік алады.Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.

Қазіргі ақпараттық қоғам орта білім беретін мектеп мұғалімдері алдына төмендегідей міндеттер қояды:



  • өз бетінше білім алу, өмір жағдайларына тез бейімделу, сыни тұрғыдан ойлай білу;

  • жаңа технологияларды пайдалану, ақпаратпен сауатты жұмыс жасау, өзін - өзі дамыту.

Математика сабақтарында пән мақсатына байланысты практикалық

сабақта әр түрлі: рефераттар, баяндамалар, жаттықтырушы мысалдар, семинар және т.б. талқылау әдістері қолданылады. Практикалық сабақтарда уақыт үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау және аудиториямен кері байланыс жүргізу мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.



Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим, бұл режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады.Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұқмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу /сызу/ үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады.Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады.

Екінші режим – office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы.Сабаққа дайындық жұмыстары, қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц – тесттер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Сонымен оқытушы оқушы тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, студенттің жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.


Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Семинар сабақтарын жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер еңгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ал жеке галерея жасау, ол оқытушының да сол сияқты оқушының шығармашылық жұмыс жасауын жігерлендіреді. Қорытындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

  • Мемлекеттік

  • жүктеу 47.51 Kb.