Главная страница
Контакты

    Басты бет


Тақырыбы: «Қызықты Информатика» Мақсаты

жүктеу 51.98 Kb.



жүктеу 51.98 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі51.98 Kb.

Тақырыбы: «Қызықты Информатика» Мақсаты



Қызылорда қаласы

№197 қазақ орта мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі

Маделханова Құралай


Тақырыбы: «Қызықты Информатика»
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру. Шапшаңдыққа, терең ойлана білуге, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.


Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:
Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21 – ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.


Құрметті ұстаздар, оқушылар «Қызықты Информатика» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етеңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.

2.



3.

«Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі.

Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Алдымен ойынға шығатын оқушыларды таныстырайын. Ойынға 6 оқушы қатысады.



  1. «Компьютер» тобы – 6 «б» сыныбы

  2. «Интернет» тобы – 6 «ә» сыныбы

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Таныс болайық:



  1. Таныстыру

  2. Көңілді себет

  3. Ойлан тап!

  4. Жылдам тағы да жылдамырақ!

  5. Инфобілім

  6. Қиял әлемі

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап отыру жарасама.

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа – дей отырып, ойынымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыру» бөлімімен бастаймыз.

Әр топқа үй тапсырмасы ретінде, өтілген тақырыптар бойынша слайд дайындап келу.

Көріп тамашалап болсақ кезекті әділ – қазыларға ұсынсақ, бағасын біле отырайық.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей отырып сайысымыздың келеі бөлімі «Көңілді себет» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Сайысымыздың аты «Қызықты Информатика» болғандықтан осы бөлімнің маңызы зор. Бұл бөлімде өмірде болып жатқан қызықты сұрақтар қойылады. Соған оқушылар қызықты етіп жауап беру керек. (Себетке жеміс-жидектерді салып сұрақтарды жемістерге жапсырып қоямын, оқушы өзіне ұнайтын жемісті таңдап, сұраққа жауап береді.)


  1. Интернет не үшін керек?

  2. Саған ұнайтын компьютердің бағасы қанша?
    Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


  3. Кітапханадан қандай кітап алдың?

  4. Ноутбук сатып алғың келеме?

  5. Агентте кімге хат жазасың?

  6. Информатика пәні ұнайма?

  7. Компьютерді қалай өшіру керек?

  8. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?

  9. Компьютер не үшін керек?

  10. Вирусты қалай жоясың?

  11. Интернеттен не іздейсің?

  12. Саған ұнайтын ноутбуктың бағасы қанша?

(Әділ – қазылар алқасына қызықты бағаларлы көрсек.)

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректілік,

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап!» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд – шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұрып 5 секунтта суретті тауып, жауап беру керек.



1 топқа: жүйелік блок, кактус, құлақшын, жүзім, модем, қарындаш, колонка, калькулятор, телефон, флешка, глобус, принтер.

2 топқа: сағат, компакт – диск, тышқан, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап, парта, теледидар.
Принтер Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.
Теледидар Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.


(Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі)
Ақпараттану күнбе – күн,

Тез – ақ дамып келеді.

Таппай іздер жүргенің,

Компьютерге енеді.

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрінде,

Ақпараттық заманың – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Жылдам тағыда жылдамырақ» деп аталады. Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» деген сөз беріледі. Арнайы парақша таратылады. Тақтадағы сөзден минут ішінде сөз құрау керек. (Әрбір сөзге ұпай беріледі).


«Инфобілім» 12 ұяшық беріледі.

Әрбір ұяшықта деңгейлік тапсырамалар мен сұрақтар жасырылған, таңдаған ұяшыққа байланысты ұпай беріледі.



5 ұпай Зақымданған компьютердің жұмысы?

5 ұпай Операциялық жүйе дегеніміз не?

5 ұпай Адам өміріне қаупі бар құрылғы?

10 ұпай Информатика ғылымы қалай аталады?

10 ұпай Компьютердің атасы кім? Алғашқы бағдарламашы кім?

10 ұпай Информатика ғылымы нені зерттейді?

15 ұпай Алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір

15 ұпай Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді, оларды ата?

15 ұпай WordPad мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз, терезе элементтерін ата?

20 ұпай Paint графикалық редакторын іске қалай қосамыз, терезе элементтерін ата?
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.


20 ұпай Тосын сый! Командаға 20 ұпай

20 ұпай Paint графикалық редакторында суретті қалай сақтаймыз, баспаға жіберу әрекеті қалай орындалады?
Ойын толқын жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып – дей келе сайысымызың соңғы бөлімі «Қиял әлемі» . Бұл бөлімде 2 топқа тақырып беріледі. Сол бойынша 1 минут ішінде дайындалып қорғайды.



  1. Егер мен мектеп директоры болсам.........

  2. Егер мен информатика пәнінің мұғалімі болсам......

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден,

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген.

Информатикаға мың алғыс! –деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.


Қорытынды. Жарыс соңында әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Жарысқа қатысушыларды марапаттаау.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен үнін.

Адалдық - адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздйтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар.

Ардақты ұстаздарға шын көңілден,

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.



Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін. Алар асуларыңыз көп болсын деген ниетпен біз сайысымызды тәмәмдаймыз. Қош, сау болыңыздар!

  • Білімділік
  • «Көңілді себет»
  • «Жылдам тағыда жылдамырақ»
  • «Инфобілім» 12 ұяшық беріледі.
  • Қорытынды

  • жүктеу 51.98 Kb.