Главная страница
Контакты

    Басты бет


Тақырыбы: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай қауіпсіз интернет тәрбие сағаты Дайындаған

жүктеу 87.28 Kb.



жүктеу 87.28 Kb.
Дата15.09.2018
өлшемі87.28 Kb.

Тақырыбы: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай қауіпсіз интернет тәрбие сағаты Дайындаған


Алға негізгі мектебі Тақырыбы: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай қауіпсіз интернет. тәрбие сағаты Дайындаған : 7- 8 –сынып жетекшісі : Бакенова С.К. 2016 – 2017 оқу жылы Тақырыбы: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай қауіпсіз интернет. Мақсаты: Компьютердің зиянды жақтары мен, пайдасын айту. Компьютер пайдалану қауіпсіздігімен таныстыру. Өмірде қолдануды қалыптастыру. Еркін сөйлеп, өз ойын басқаға жеткізуге дағдыландыру. Шығармашылыққа баулу. Компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Түрі: өнеге сағат Көрнекілігі: ДК, суреттер, кітаптар Пәндермен байланысы: информатика Жүру барысы. Кіріспе сөз Қазіргі өмірде адам баласын информатика ғылымына елестеу қиын. Өйткені, информатиканың ұдайы дамуы кез алдымызда тізіліп өткен поезд вагондары секілді. Мұндай өзгеріске тез үйреніп кеттік. Бірақ күнделікті қолданып жүрген қарапайым дербес компьютерді, бәріміз жақсы үйреніп алдық. Енді осының зияны мен пайдасын білеміз бе Қауіпсіздік ережесін жетік меңгердік пе Балаларды баурап алаған компьютерлік ойындар несімен пайдалы деген сұрақтан санамызға маза бермейтіні рас.
Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.
Міне, осы сұрақтарға бүгінгі ұйымдастырып отырған «Компьютер және балалар» атты пікір сайысымыздан жауап таба аламыз деген үміттеміз. Қош келдіңіздер. Бұл тәрбие сағатында қозғалатын мәселе. Қазіргі ХХІ - ғасыр техниканың даму ғасыры болып саналады. Өмірімізге тез енген компьютердің пайдасын, осыған қоса зиянын білеміз бе Деген сауалға жауап іздейміз. Компьютердің жетістіктерін бізге Бекенова Аружан айтып береді. Бәріне белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми - техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды.
Микрокомпьютер (microcomputer) - микропроцессор базасында жасалған мөлшері шағын компьютер (микропроцессорлық компьютер). Микрокомпьютерлер құрамдас, дербес, шағын (столға қоятын), ықшам (портативтік), кәсіптік және түрмыстық деп бөлінеді.
Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Олар барлық жерде қолданылады. Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, және т. б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет. Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп - қисапты жасауға болады. Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.
Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды.
Кітап (араб.: ‎ – жазба) - мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Компьютермен күнде жұмыс істейтін адамдар, басқа адамдармен аз уақыт қарым - қатынаста болады. Сондықтан зердемізге келетін алғашқы сұрақтардың бірі ол адамдар машинаға ұқсап кетпей ме Социологтар бір топ программисттерге зерттеу жүргізе отырып, олардың көбі көңілді, мейрімді, өнер және әдебиеттермен әуестенетіндерін анықтаған. Осындай адамдардың техникамен жұмыс жасағаны жақсы екенінде анықтап айтқан. Программисттердің айтуынша, әрбір компьютер өзінің мінезімен ерекшеленеді. Олар машиналық ақылды және ақымақ, еңбексүйгіш және жалқау болады деп есептейді. Адам ешуақытта машинаға ұқсамайды. Керісінше, адам өзіне ұқсайтын машинаны жаратты. Бұл робот ұшқыштың тіпті шахтердің де жұмысын атқара алады. Сондай - ақ роботтар авто мобилдер, тракторлар, станоктар, сағаттар жасап шығарады, пайдалы қазбаларды өндіреді.
Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.
Ай, Венера, Марс және т. б планеталарды зерттеді.
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Бірақ ең маңыздысы олар адамға жұмыс жасау қиын жерлерде ғарышты игеруде, шахтада, мұхит түбін зерттеуде маңызды роль атқарады. Робот ешқашан қателік жасамайды, шаршамайды. Ол 24 сағат, тәулік, бойы жұмыс жасай береді. Адам роботпен барлық жағынан санаса алмайды. Бірақ есте сақтайтын нәрсе, роботтың миы - компьютерде адам санасымен жасалған. Мұғалім. Аружанның айтқан мәселелеріне қоса кететіндеріңіз бар ма Олай болса, келесі кезекті сауалнамаға берелік. Бұл сауалнама сіздердің компьютердің пайдалану ережесін, қауіпсіздігін, әкелетін зияны туралы білімдеріңізді тексереді. Аты - жөндеріңізді көрсетпей өз ойларыңызды еркін жазуға тырысыңыздар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырыпта болғандықтан сабағымызды жалғастыруға көмектеседі. Тест таратылады: Тест сұрақтарына иә немесе жоқ деп жауап берулеріңіз керек. Егер екі ойда болған жағдайда дымда деп жазбаңыздар.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Компьютер туралы не білеміз сауалнамасы (иә немесе жоқ деп жауап бересіз) рс. Сұрақтар. Жауабы. 1. Сізде дербес компьютер (ДК) бар ма 2. Дербес компьютердің пайдалану ережесін білесіз бе 3. Адам өмірінде алатын орыны бөлек деген тұжырымға келісесіз бе 4. Техникалық қауіпсіздік ережесін үнемі пайдаланып отырасыз ба 5. Кітаптан көрі компьютерді пайдаланған тиімді ме Барлығы:................ Иә жауабы:.............. Жоқ жауабы:............. Мұғалім: Сауалнаманы толтырып болсаңыздар менің көмекшілерім сіздердің сауалнамаларыңызға сараптама жасайды.
Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Оған дейін біз, компьютердің келтірер зияны мен оны алдын алу жолдарымен таныстыралық. Әкелетін зияны: «Дені саудың, жаны сау» дегендей денсаулығымызды дұрыс күтуге тырысайық. Компьютерді көп пайдаланған адам әлсіз, салмағы өз салмағынан төмен, әр түрлі аурулармен аурады. Әр қайсысына тоқталып кететін болсақ, компьютер мониторының дисплейінен бөлінетін ультра күлгін сәуле адамның жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, адамның шаршауына әкеліп соқтырады. Көздің көруі нашарлай береді, ақыр аяғында соқырлыққа әкеліп соқтырады. Әр түрлі аурулардың қоздырғышына күш береді мысалы сіз грипп бола тұрып компьютерді пайдалансаңыз сіздің ауруыңыз асқынып кетеді. Яғни вирустардың қоздырғышы.  Геморрой ауруына шалдығуы мүмкін. Компьютерлік ойындар адам санасының улануына әкеліп соқтырады. Себебі, қазіргі кезде көп тараған соғыс ойындарына кішкене балалар емес ересектер де құмарта ойнайды. Пайдалы іс жасаудың орнына, ұзақ уақыт бойы сол ойынды ойнаумен болды. Интернет – адам өзіне керекті жаңалықтар, әр түрлі материалдар алуға, алмасуға пайдаланады, қазіргі кезде кең тараған Агент бағдарламасы балардың көп уақыт компьютер алдына отыруының бір себебі. Ойлау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады, оған дәлел ретінде адам баласы қарапайым есептерді, амалдарды өзі ойлап есептеуге ерініп, машинадан көмек сұрайтындығын алуға болады. Бұл адамның ойлауының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Дүкеншілер сауда жасағанда калькуляторды пайдаланады, кейбір заттардың құнын балалардың алдына ауызша есептесе балар соған еліктеуі мүмкін. Еріншектікке әкеледі. Компьютермен кезкелген мәтінді жазып үйренген адам, қаламмен жазуға ерінеді, қолы үйренбейді. Осындай кемшіліктерді жою үшін төмендегі келтірілген кеңестерге, ережелерге көңіл бөлейік. Бірінші кезекте Техникалық қауіпсіздікті білеміз бе деген сұраққа жауап беру керекпіз. (Слайд көрсетіледі) Техникалық қауіпсіздік ережесі: 1. Компьютерді пайдаланушының көз мен монитор дисплейінің арақашықтығы 60 - 70 см болуы қажет. 2. компьютерді пайдалану кезінде оқыс қозғалмаңыз, айналаңыздағы құралдарды бүлдіруіңіз мүмкін. Оның нәтижесі өртке әкеліп соқтыруы мүмкін. 3. тоқ кезінде ДК пайдаланудан аулақ болуыңыз. 4. Компьютер құрылғыларың аптасына екі рет тазартып тұрыңыз. Компьютер орналасқан бөлмені желдетуді ұмытпаңыз. 5. Компьютер кабинетінде ДК - нің алдында отырып Тыстан келген адамға тұрып амандаспаңыз. 6. Компьютер тұрған кабинетке (оқу ғимараттарында) мұғалімнің рұқсатынсыз кірмеңіз. 7.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Жүйелік блок қосылып тұрғанда ішін ашып көруге болмайды. Ток соғуы мүмкін! 8. Жас ерекшеліктеріне қарай дербес компьютердің алдына отыру ұзақтығына көңіл бөлу керек. 7 - 10 жас арасы – 10 минутқа дейін 11 - 25 жас арасы – 15 - 20 минут 26 дан жоғары – күніне 5 сағат отыру керек, бірақ арасына үзіліс жасау міндетті. 9. Компьютер алдына отырғанда Денеңізді тік ұстап, еркін отырыңыз. Және мониторға жоғарыдан төмен қараңыз. Пайдалы кеңестер: 1. Егер өзіңізде компьютер болса, онда оның алдына ұзақ уақыт отырмауға тырысыңыз. Ұзақ уақыт отырсаңыз, монитор дисплейінен бөлінетін ультра күлгін сәулесі сіздің денсаулығыңызға зақым келтіруі мүмкін. Мысалы: көз ауруларына, жүйке жүйесіне т. б. органдарға 2. Компьютердің алдында ұзақ отырып қалсаңыз, 5 - 10 минут таза ауада демалыңыз.(серуендеп, дене жаттығуларымен шұғылданыңыз) 3. Компьютерде ұзақ уақыт отырып, желкеңіз, көзіңіз талса, арнайы жасалатын жаттығуларды жасаңыз. 4. монитор дисплейіне үңілуден сақтаныңыз, дисплейдегі объекті кіші болып көрінбесе, бағдарламадағы арнайы үлкейтетін батырмаларды пайдаланыңыз. 5. Дербес компьютермен жұмысыңызды аяқтасаңыз, 5 минуттан кейін дәрумендерді бар тағамдарды пайдаланыңыз. Сіздің жіберген энергияңызды толықтыруға көмектеседі. Көз және желке шаршағанда жасалатын жаттығулар: 1. көзіңізді 5 рет қатты жұмып ашыңыз. 2. Көзіңіздің қарашығын сағат тілінің бағытымен 10 рет, сағат тілінің бағытына қарсы 10 рет айналдырыңыз. 3. Оң қолыңыздың сұқ саусағын екі көздің ортасына қойып барынша қолыңызды созыңыз, сұқ саусағыңыздың басына қарай отырып, саусағыңызды екі көздің ортасына апарыңыз. Бұл жаттығуды 10 рет қайталаңыз. 4. басыңызды сағат тілінің бағытымен 10 рет, сағат тілінің бағытына қарсы 10 рет айналдырыңыз. 5. басыңызды оңға бір, солға бір бұрыңыз. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. 6. Басыңызды оңға бір, солға бір қисайтыңыз, 10 рет қайталаңыз. 7. екі аяғыңызды иығыңызбен бірдей қойыңыз. Екі қолыңызды иығыңызға қойып, артқа 5 рет, алға 5 рет айналдырыңыз. Осындай жаттығулардан кейін сіздің шаршағаныңыз басылып компьютер алдында отыруды жалғастырасыз. Іске сәт! Мұғалім: Қазіргі кезде дәрігерлік сараптауларға сүйенсек компьютерден көзі көрмеу, жүйкесінің жұқару деген аурулар көбейіп келеді. Бұның басты себебі, ол компьютерді дұрыс пайдаланбау, техникалық қауіпсіздікті көбіміз аңғармай қаламыз. Біреуіміздің ініміз, қарындастарымыз, сіңліміз бар, соларды көбіне компьютерді тез меңгерсін деп ата - аналарыңыз компьютер алдына көп отырғызады бұл дегеніңіз қате. Оған тосқауыл қоюдың қажеті жоқ. Тек жоғарыда айтылған ережелерді, пайдалы кеңестерді, жаттығуларды орындап тұрса айтылған ауруларға төтеп бере аламыз. Сондықтан әр уақытта техникалық қауіпсіздікті дұрыс пайдалансақ, деніміз сау болады. Сіздердің тапсырған сауалнамаларыңыздың қорытындысын тыңдап көрелік. Келесі сөз көмекшілерімде. Жақсы ендігі кезекті оқушылардың өздері дайындаған көрініске берелік. Көрініс Орындайтындар: Кітап – Әділет Компьютер – Омар Білім – Ермахан Баяндамашы – Аружан Кітап пен компьютер дос болыпты. Компьютер оған бір күні былай дейді: Компьютер: - Кітап мені қарашы, менімен барлық адам жұмыс істейді! Тұрмыста, білім алуда, медицинада, музыкада, айта берсем көп қой.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Сені қазір кім оқиды. Сен босқа жүрсің ғой.(менсінбей). Кітап: - Әй достым, сен олай деме. Сенімен көп шаруа бітіруге болады, бірақ сенен көп зиян келеді ғой, соны ескердің бе - Зиян!.. ол сенде, себебі сені ешкім оқымайды. Сол себепті сен шаң - шаң болып тұрсың да, адам деген құдіретке микроб таратасың. Сондай - ақ сенен мол информация алып ешкімді де қарық болмайды да. Ол жағынан мен тиімдімін. Менің интернет деген бауырымды білесін бе Ол кез - келген ақпаратты тез тауып береді. Көрдің бе, Интернет бауырымнан басқа менде, Электронды оқулық, Компьютерлік ойындар деген бауырларым бар. Олар балалармен тез тіл табысады. Кітап: - Достым, компьютер, сен ештеңе түсінбейді екенсің. Саған айт не, айтпа не бәрібір. Біз бұлай дауласып тура бергенше білім деген бабамызға барып қайтайық. Біздің қайысымыз адамға көбірек пайда әкелетінімізді сол бабамыз айтсын. Қане, кеттік. Екеуі күн жүріп, айда өткізіп ұлы ғұлама ақылшы Білімге де жетеді. Білім бұларды төрге отырғызып жағдайларын сұрай бастайды. Білім: - Қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар! Адам баласына қажет уақытта бұлай жүргендерің жайдан - жай болмас. Иә, сіздерді маған қандай шаруа әкелді, айта беріңдер. Компьютер: - Құрметті білім баба біздің сізге келген себебіміз мынадай түсінбеушіліктен болды. Біз сіздің арқаңызда өмірге келіп бүкіл адамзаттың пайдасына жарап жүрміз. Енді кітап достым екеумізден қайсымыздың адамға пайдамыз көп тиеді соны біле алмай дал болуымыз да. Менің ойымша адамзатқа мен болсам болды кітаптың қажеті жоқ сияқты. Кітап: Жоқ, жоқ мен оның мұнысына келіспеймін. Мен адамдарды бауырмалдыққа, үлкендерді сыйлауға және де басқа жақсылықтарға үйретем емес пе. Бұл сонда қалай болғаны. Білім: - Екеулеріңіздің де сөздеріңіздің жаны бар. Дегенменде қазіргі заманда компьютер адамдар арасында өте маңызды роль атқарады. Ол адамға көп пайда әкеледі, бірақ зияны да жеткілікті. Егерде адамдар компьютерден бөлінетін ультракүлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережесін сақтаса ештеңе де болмайды. Осындай жағдайда компьютер адамға ең жақын көмекші болды. Бірақ, кітапты да, компьютердің адам өмірінде алатын орыны ерекше. Оларды бір - бірімен салыстыруға болмайды. Ақырында компьютермен кітап татуласып, ұзақ өмір сүріпті. Мұғалім: Бұл көріністен біздер нені байқадық Білімнің айтқан сөздері дұрыс па Өз пікірлеріңізді айтуларыңызға болады. Міне, оқушылар кітап оқыған әр уақытта пайдалы, Білім бабамыз айтқандай кітапты оқымай компьютерді меңгеру қиын. Бәрімізде кітапты ұмытуымызға болмайды. әр уақытта кітап оқып өз санамызды дұрыстауға тырысайық. Әдеби кітаптармен қоса ғылыми кітаптарды оқып өз білімдеріңізді көтеріп жүріңіздер Рахмет бүгінгі топ сағатында қандай материал алғандарыңыз туралы білу үшін сіздерге тағыда сауалнама таратамыз. Бұл сауалнама бірінші сауалнамаға ұқсас, бірақ өздеріңіздің ойларыңызды жазыңыздар. Қауіпсіздік ережесіне тоқталу. Мұғалім: Міне, оқушылардың дайындаған шығармашылығын, компьютердің пайдасы мен зияны туралы айтқан өз ойларын тамашаладыңыздар. Компьютердің пайдасынан зияны, денсаулыққа әкелер кесірі көп, бірақ жоғарыда айтқандай компьютерді тиімді пайдалана білген адамға көп зияны болмайтыны белгілі.


жүктеу 87.28 Kb.