Главная страница
Контакты

    Басты бет


Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер Күтілетін нәтиже

жүктеу 121.33 Kb.



жүктеу 121.33 Kb.
Дата10.03.2017
өлшемі121.33 Kb.

Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер Күтілетін нәтиже



Тақырыбы:

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер

Күтілетін нәтиже:




Білім

•Операциялық жүйе ұғымын біледі.

•Операциялық жүйенің функцияларын атап

шығады.


Түсінік

•Операциялық жүйенің төрт негізгі түрін айырып таниды.

•Операциялық жүйенің жіктелуінің мағынасын түсіндіреді.






Қолданыс

• Файл және оның типіне байланысты қажетті бағдарламаны қолданады.

Анализ

•Операциялық жүйелердің аттарын жазып, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын бейнелеп айтады.

Синтез

•Қазіргі ОЖ-ларды артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты категорияларға бөледі.




Баға

• Дербес компьютерде жұмыс істеу үшін операциялық жүйенің маңыздылығын бағалайды.

•Транслятор, компилятор, интерпретаторды бір-біріне қарсы қойып салыстырады.



Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:




• Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі:




• Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Жаңа терминологиямен таныстыру

• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды

көрсету

• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік



беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда,

нұсқаулар беру



Негізгі ұғымдар мен терминдер:




•Операциялық жүйе, драйверлер, MS DOS Операциялық Жүйесі, бағдарлама-қабықшалар, Windows, Unix, Linux, транслятор, компилятор, интерпретатор.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау


Ақпарат көздері:




1. В. Э. Фигурнов «IBMPC для пользователя» 156-160 беттер

2. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Босова Л.Л.

3. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Угринович Н.Д.

Қосымша материалдар:

1. Флэш карталар. Cілтеме: http://www.redorbit.com/

2. Файлдар. Сілтеме: http://2.bp.blogspot.com/

3. Windows. Cілтеме: http://dimadr.me/

4. Linux. Сілтеме: http://2.bp.blogspot.com/


Оқушы жетістігін бағалау:




• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:




• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Анықтамаларды жаттау, операциялық жүйелердің функцияларын және негізгі түрлерін талдау.






• Бонус-балл тапсырмасы

Ең көп қолданылатын драйверлер туралы ақпарат табу.






САБАҚ БЛОКТАРЫ 







і. аҚПАРАТ алмасу





Тақырып жоспары:

  1. Операциялық жүйенің анықтамасы, оған байланысты терминдер

2. Драйверлер.
Драйвер - (ағылш. drіver - жүргізуші) - компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.)

3. Операциялық жүйенің файлдық жүйесі

4. Бағдарлама-қабықшалар

5. Операциялық жүйелердің түрлері



Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд

Сабақтың мақсаты






3-слайд

Тақырып жоспары






4-слайд

1-тақырыпша Операциялық жүйенің анықтамасы, оған байланысты терминдер




5-слайд Операциялық жүйе

  • Операциялық жүйе - компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе.
    Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


  • Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиын компьютердің қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС-да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.




6-слайд Операциялық жүйенің функциялары (1)

  • Қолданушымен сұхбатты жүзеге асыру

  • Бағдарламаларды орындалуға еңгізу

  • Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру

7-слайд Операциялық жүйенің функциялары (2)

  • Енгізу-шығару және деректермен басқару

  • Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары

  • Ресурстарды орналастыру




8-слайд Операциялық жүйенің түрлері (1)

ОЖ төрт негізгі түрі бар:



  • Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;

  • Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті енгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді;




9-слайд Операциялық жүйенің түрлері (2)

  • Бір пайдаланушылық көп есептік,бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өңдей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әрқайсысы өз жұмысын атқарады;

  • Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер енгізе алады.Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.




10-слайд Дербес компьютер және ОЖ

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттерден тұру керек:



  • Енгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;

  • Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратын бағдарламалар;

  • Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған командаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.




11-слайд Пайдаланушы мүмкіндіктері

Әрбір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады



  • Сыртқы жетек таңбаларды орындау

  • Басқа әрекеттер

  • Бағдарламаларды енгізу

  • Каталогтарды қарау




12-слайд 2-тақырыпша Драйверлер




13-слайд Драйверлерc:\documents and settings\admin\рабочий стол\informatika rabota\usb_modem31 (1).jpg

  • Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады -драйверлер.

  • Стандарттық құрылғы драйверлер енгізу-шығару базалық жүйе жиынын құрайды.







14-слайд 3-тақырыпша Операциялық жүйенің файлдық жүйесі




15-слайд Операциялық жүйенің файлдық жүйесі дегеніміз не?

  • Файл (file – бума, десте) - белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны.

  • ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүрлі типтегі файлдар атқарады.

  • Файл бағдарламадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін.

  • Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек.c:\documents and settings\admin\рабочий стол\informatika rabota\images (3).jpg




16-слайд Файлдың аты

  • Файлдың толық атауы екі бөліктен тұрады: аты және типі.

  • Файлдың аты – 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі деп те айтылады.

  • Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін.

  • Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді.




17-слайд MS DOS Операциялық Жүйелердің құрылымы

  • MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық
    жүйесі - 16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ.

  • Ол келесі негізгі модульдерден тұрады:

    • Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS);

    • Алғашқы қосылу блогі (Boot Record);

    • Енгізу/шығару базалық жүйенің кеңейту модулі (IO.SYS);

    • Өңдеуді тоқтату модулі (MSDOS.SYS);

    • Командалық процессор (COMMAND.COM);

    • MS DOS утилиттары.




18-слайд 4-тақырыпша Бағдарлама-қабықшалар




19-слайд Бағдарлама – қабықшалар

  • Қабықшалар/Оболочки - бұл күрделі бағдарламалау жүйелерімен мысалы DOS – пен жұмыс істеу кезінде жұмысты жеңілдету үшін құралған бағдарламалар.

  • Олар қолайсыз командалық қолданушы интерфейсін, графикалық интерфейсін немесе «мәзір» типті интерфейсін өзгертеді.

  • Қазіргі дербес компьютердің көп таралған қабықшалардың бірі - Norton Commander пакет бағдарламасы.




20-слайд 5-тақырыпша Операциялық жүйелердің түрлері




21-слайд Windows операциялық жүйелері

  • Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды. c:\documents and settings\admin\рабочий стол\informatika rabota\images (4).jpg

Оның версиялары

  • Windows NT

  • Windows 95

  • Windows 98

  • Windows 2000 Professional

  • Windows CE




22-слайд Unix операциялық жүйесі

  • Unixоперациялық жүйесі Bell Telephone Laboratories-та құрылған. Unix - өте көп қолданушылардың жұмыстарын бір мезгілде қамтамасыз ете алатын көп міндетті операциялық жүйе.c:\documents and settings\admin\рабочий стол\informatika rabota\unixlinux.jpg

  • UNIX атақтылық себебі:

  • Код жүйесі биік деңгейдегі С тілінде жазылған, өте түсінікті және тиімді.

  • UNIX - көп міндеттік көп қолданушылық жүйе.

  • Стандарты бар.




23-слайд Linux операциялық жүйесі

  • Linuxжүйесінің бастапқы құрылуы 1991 ж. фин студенті Линус Торвальдс (Linus Torvalds) бастаған.

  • 1991 жылдың қыркүйек айында ол e-mail арқылы өзінің операциялық жүйесінің бірінші қадамын таратты және оның жұмысына көніл аударған адамдарға артықшылығымен кемшілігін көрсетуге көмек сұрады.

  • Осы уақыттан бастап көптеген программистер Linux-ті қолдай бастады.

  • Қазіргі ауқытта Linux — өте алымды жүйе, және тегін (free).




24-слайд Транслятор. Компилятор. Интерпретатор

  1. Транслятор (англ. translator - переводчик) - бұл аударма-бағдарлама.
    Ол белгілі бір жоғарғы деңгейде жазылған тілді бағдарламаға, машиналық командалардан тұратын бағдарламаны құрайды. Компилятор/құрастырылған (англ. compiler - құрушы, жинаушы) тұтас бағдарламаны оқиды, оны аударады және машиналық тілде бағдарламаның аяқтау вариантын құрады, сосын ол орындалады.
    Компилятор (compiler; compiling programm - компиляциялаушы программа) - 1) жоғарғы деңгейлі программалау тілінде жазылған алғашқы программаны машиналық тілге (алгоритмдік тілдер, түсіндіргіш, аударғыш) түрлендіруді орындайтын компьютердің жалпы математикалық жасақтамасының құрамды бөлігі.
    Машиналық тіл (Машинный язык; Machine language; computer language) - 1) есеп шығаруды бейнелейтін және мазмұны мен ережелері нақты компьютердің аппараттық құралдары арқылы жүзеге асырылатын формальды тіл.
    Интерпретатор /түсіндіріп беру (англ. interpreter - жорушы, ауысша аудармашы) аударады және бағдарламаны қатар қатарымен орындайды.
    Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.








іі. алғашқы бекіту



Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.



Операциялық жүйе

ОЖ –гі файлдық жүйе

Операциялық жүйенің түрлері

Операциялық жүйе - компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе.

Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиын компьютердің қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды

қамтамасыз етеді.

Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС-да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.



Файл (file – бума, десте) - белгілі бір атпен

магниттік дискіде

жазылған біртектес ақпараттар жиыны.

ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әр түрлі типтегі файлдар атқарады.

Файл бағдарламадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін.

Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек.



Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды.

Unixоперациялықжүйесі Bell Telephone Laboratories-тақұрылған. Unix — өтекөпқолданушылардыңжұмыстарынбірмезгілдеқамтамасызетеалатынкөпміндеттіоперациялықжүйе.

Linuxоперациялық

жүйесінің бастапқықұрылуы

1991 ж. финстудентіЛинусТорвальдс (Linus Torvalds) бастаған.


Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру





Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

______________________________________________________

2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

______________________________________________________

3. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?

_______________________________________________________

4. Файл объектісінің қасиеттеріне сипаттама бер.

______________________________________________________

5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің

айырмашылығы қандай?

______________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары

Файл және оның типін көрсете отырып, ол үшін қандай бағдарламаны қолдану керек екендігін кестеге толтыру.



Файлдың аты

Файлдың типі

Қажет бағдарламаның аты






































ІІІ деңгей тапсырмалары

Төмендегі кестеге операциялық жүйелердің аттарын жазып, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсету.



Операциялық жүйенің аты

Артықшылықтары

Кемшіліктері











































іV.шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Сынып келесі топтарға бөлініп, әрбір топ өз тапсырмасына сай жауабын дайындайды:

1-топ: ОЖ-нің файлдық жүйесі

2-топ: Бағдарлама-қабықшалар

3-топ: Транслятор. Компилятор. Интерпретатор





V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

Интерпретатор - (Interpreter (лат. Interpretatio) - түсіндіру, түсінікті тілге аудару) - деңгейі жоғары программалау тілінде (алгоритмдік тілде) жазылған программаның алғашқы нұсқасын машина тіліне аударып орындай алатын арнайы программа; программаның бастапқы мәтініне талдау жасайтын және программаны (жүктемелеулік модульге алдын ала түрлендірмей) жеке-жеке оператор бойынша орындайтын аудармалауыш; есептеу процесі кезінде бастапқы программаны жеке-жеке оператор бойынша аудармалайтын және орындайтын қызмет көрсеткіш программа (аудармалауыш-орындауыш). Компьютер жадына енгізілген программа мәтінін интерпретатор жолма- жол қалыпта машиналық кодқа аударады. Программаның алғашқы нұсқасының кезекті бөлігі машиналық тілге аударылғаннан кейін дереу орындалады. Содан кейін келесі бөлігі аударылып, одан әрі процесс қайталанады. Бейсик, Java тіліндегі программалар интерпретатор көмегімен аударылып атқарылады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

______________________________________________________

______________________________________________________



______________________________________________________


жүктеу 121.33 Kb.