Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

жүктеу 77.65 Kb.



жүктеу 77.65 Kb.
Дата08.04.2017
өлшемі77.65 Kb.

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар




Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің максималды ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.
Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Қазақстан Республикасы Президентінің судьялардың VI съезінде берген тапсырмасын орындауда азаматтар үшін сот жүйесін жеңілдету және қол жетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында 2014 жылы келесілер іске асырылды:



  1. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жетілдірілген Интернет-ресурстары;
    Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
    Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
    Президент (латын тілінде praesіdens - басшы, алдыңғы қатарда отыратын) - 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.)


  2. Сот процессіне қатысушыларды SMS-хабарлама жолдау және электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі;

  3. «Сот құжаттарымен таныстыру» сервисі;

  4. «Істерді қарау тізімі» сервисі;

  5. «Сот кабинеті» сервисі;

  6. «Сотқа шақыру қағазы» сервисі;

  7. Сот органдарының бірыңғай 1401 нөмірі бар Call-орталығы;

  8. Сот органдарының және «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін біріктіру жүргізілді;

  9. Республиканың барлық жергілікті соттары мен облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» құрамына кіргізілді.

Сот жүйесін аудио және аудио-бейне фиксацияның (бұдан әрі – АБФ) жетілдірілген жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ компьютерлер мен ұйымдастыру техникасымен кезең-кезеңмен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізілді.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

АБФ жаңа жүйелерімен 550 сот залдары жабдықталды және 176-сы (бағдарламалық қамтамасыз ету бөлігінде) жетілдірілді, бұл ретте Астана және Алматы қалаларының соттары 100% жаңа АБФ жүйелерімен жабдықталды.

Облыстық және аудандық соттар үшін 2 524 компьютерлер сатып алынды және таратылды, республика соттарының жабдықталуы 76% құрайды.

Негізгі құралдарды түгендеуді өткізу үшін барлық облыстық соттарға арнайы қондырғылар сатып алынды, бұл – негізгі құралдарды есепке алуын автоматтандыруды қамтамасыз ететін термопринтер және салыстырып оқуға арналған қолмен басқарылатын сканері бар деректерді жинақтау терминалы.

2014 жылы бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында барлық қызметтер (жұмыстар) мен тауарларды сатып алу бір орталықтан өткізілді. Осы шара республика бойынша қондырғыларды бір қалыпқа салуға мүмкіндік берді, бұл бұдан әрі оларға қызмет көрсетуді жеңілдетеді.

Дамыту аясында Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың бірыңғай платформасы, бірыңғайланған интуитивтік-түсінікті құрылымы және орталықтандырылған басқаруы бар Интернет-ресурстары жетілдірілді.

2014 жылы Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсы мемлекеттік органдардың ресми сайттарының рейтингісінде 1-ші орынды иеленді.

Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Сайттың келушілер саны бірнеше есе өсті және тәулігіне 3 мыңнан астам көрумен 3 мыңнан астам келушілерді құрады.

Сот ісін жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық сервистері іске асырылды.

«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған бірыңғай терезе. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің статусын көруге және сот актісін басып шығаруға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген.

2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық түрде 105707 құжат, оның ішінде 85 696 талап арыздар және 19 мыңнан астамы басқа арыздар (өтініштер), шағымдар мен наразылықтар берілді, бұл «электрондық үкімет» порталы арқылы 2013 жылы (17 539) берілгеннен 8,3 есе және 2014 жылы (39 573) берілгеннен 2,7 есе артық.

«Сот құжаттарымен танысу» сервисі сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электрондық сот құжаттарымен танысуға арналған.

Сотқа талап арызбен (шағыммен) жүгінген азамат оның тіркелгені туралы талон алады. Одан кейін электрондық хабарлауға келіскен жағдайда оның ұялы телефонына немесе электрондық поштасына оның арызы бойынша сот құжатының шыққаны және онымен сайт арқылы таныса алатындығы жөнінде логин мен құпия сөз көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындаудың қажеті жоқ.

Қолайлылық және жедел қол жеткізу үшін тіркеу туралы талонда өтінішті тіркеу туралы деректерден басқа азамат мобильдік телефондағы QR кодты тану үшін арналған қосымшаны қолдана отырып, Интернет-ресурстың бетіне тез ауысуға мүмкіндік беретін шифрленген код (QR код) қамтылған.

Сонымен қатар, сот процессіне қатысушыларды жедел хабардар етуден басқа бұл сервис пошталық хабарламаларды жолдаудан бас тартуға мүмкіндік беретінін атап айтқан жөн. Бұл пошталық шығындарға бөлінетін бюджет қаражатын айтарлықтай қысқартады.

Азаматтар мен ұйымдарды сот қарауына шақыру туралы SMS-хабарлау және шақыру, сондай-ақ қабылданған сот құжаттары туралы азаматтарға жедел ақпарат беру сервисі. Осылай, 2014 жылы 780 180 сот қарауына қатысушылары, ұялы байланыс абоненттері үшін 3 млн.

Ұялы байланыс Ұялы байланыс - ☀мобильді радиобайланыстың ұялы желіге негізделген бір түрі☂.
астам (2013 жылы – 235 000) SMS-хабарлама жолданды, бұл ретте бір SMS-тің орташа бағасы 4 теңгені құрады.

Халыққа республика бойынша сот органдарының қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша жүгінуге және кеңес алуға мүмкіндік беретін, тегін қоңырау шалуға болатын 1401 қысқа нөмірі бар сот органдарының бірыңғай байланыс орталығы – Call-орталық жұмыс істейді. Өткен кезеңде 10 973 қоңыраулар келіп түсті.

Телефон байланысына шығындарды қысқарту мақсатында Жоғарғы Сотта және облыстық соттарда корпоративтік телефон байланысын құру бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ Астана қаласының барлық соттарында Қазақстан Республикасы сот органдарының желісінде қоңыраулар тегін болды, ол үшін Автоматтандырылған телефон станциясы (АТС) сатып алынып қосылды.

Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

АБФ шеңберінде шет елдердің мысалы мен тәжірибесінде соттарды бейнеконференцбайланыс жүйелерімен жабдықтау жолымен сот төрелігін қашықтықтан іске асыру мүмкіндігі дамытылатын болады. Осындай жүйені енгізу түзеу жүйесі органына алып жүруді жоюға, сотталушыға қамау орындарынан бейнеконференция арқылы жауап беруге мүмкіндік береді (анықтама үшін: Астана қ. тергеу абақтысында пилоттық режимде Астана және Алматы ққ. соттары арасында жоба іске асырылды).

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Бүгінгі күні залдардың жаңа АБФ жүйесімен жабдықталуы кем дегенде 55%, барлық сот отырысы залдарын одан әрі заманауи АБФ жүйесімен жабдықтау мәселесі қарастырылып жатыр.

Жаңалықтарды енгізу аясында «Қазпошта» АҚ-мен пошталық жөнелтілімдерді жіберу және өңдеу саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді қарастыратын Ақпараттық өзара іс-әрекет схемасы бекітілген бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

«ҚР СО БААТЖ» және «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйесі арасындағы алғашқы біріктіру ақпараттық өзара әрекеттесу деңгейін арттыру, сондай-ақ жұмыстар тиімділігінің артуы, адресаттарға уақтылы жеткізілімдер және жолданған хат-хабардың жеткендігі туралы ақпаратты электрондық түрде алу нәтижесінде эксплуатациялық шығындарды қысқарту мақсатында өткізілді.

Сөйтіп, БААТЖ-да 26.12.2014ж. жасалған мәліметтер бойынша жергілікті соттармен байланыстың пошталық бөлішелеріне 499 мыңнан астам тапсырыспен хат-хабарлар жолданды, 482 мыңнан астам немесе 96,5 % соңғы статустар алынды.

Статус (The status) - объектінің (компьютердің, кұрылғының, арнаның, программаның, мәліметтердің) сипаттамасы. Ол объектінің жұмыс істеу ерекшелігін анықтайды.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

22.09.2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және «Қазпошта» АҚ «Гидридті электрондық поштаны» (бұдан әрі – ГЭП) енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылды.

Тапсырыс бойынша гибридті жөнелтілімдер технологиясын қолдану кезінде жергілікті соттардан жолдауға арналған ақпарат (сотқа шақыру қағазы) пошта байланысы бөлімшесіне электрондық түрде ҚР СО БААТЖ-дың интеграциялық модулі арқылы жолданады, «Қазпошта» АҚ жағында қағазға басылып, пошталық конвертке буып-түйіліп, соңғы адресатқа жеткізіледі.

Пошта байланысы - байланыстың бір түрі. Адресаттарға жазба хат-хабарлардың, пошталық ашық хаттардың, мерзімді басылымдардың, сәлемдемелердің, бандерольдердің, ақша аударымдарының жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте жеткізілу немесе жеткізілудің мүмкін еместігі туралы статустар ҚР СО БААТЖ-ға электрондық түрде жолданады.

18 желтоқсаннан бастап бұдан бұрын өткізілген пилоттық жоба нәтижесінде «ГЭП» қызметі республиканың барлық жергілікті соттарында іске қосылды.

27.12.2014 жылғы жай-күйі бойынша соттармен барлығы 37 141 электрондық шақыру қағаздары жолданды, олардың ішінде соңғы статус 33 721 электрондық шақыру қағаздарында немесе 90,8 %-ында бар.

Бұдан әрі ақпараттық жүйелердің дайын болуына қарай ГЭП арқылы басқа сот құжаттары (хабарламалар, сот актілері және т.б.) да жолданатын болады.

Қазіргі таңда барлық судьялар мен сот кеңселерінің қызметкерлері электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілген, жергілікті соттармен «ЭҚАБЖ» бойынша хат-хабарлар мен азаматтардың «электрондық үкімет» порталынан келіп түскен өтініштерін тіркеу және жолдау іске асырылады (2014 жылдың 12 айында Республиканың жергілікті соттары 4 042 364 сот актілеріне электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойды).

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Мемлекеттік баж салықтары мен әкімшілік айыппұлдарды төлеуге уақыт пен күш салуды қысқарту мақсатында қолма-қол ақшамен төлемдерді қабылдайтын төлем терминалдарын орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылды. «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда төлем терминалдары Астана қ. сотында, Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында, Алматы аудандық сотында, Сарыарқа аудандық сотында, Астана қ. Кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында, Шымкент қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында және Қызылорда облыстық сотында орнатылған және жұмыс істейді.

Осындай терминалдармен Қазақстан Республикасының барлық жергілікті соттарын жабдықтау жоспарланып отыр.

Терминал (Terminal) - өзгертулер немесе операторлардың есептеуіш жүйелермен өзара әрекетін қамтамасыз ететін құрылғы; компьютер желілерінде - мәліметтерді жіберуші немесе қабылдаушы болып табылатын құрылғы; пернетақта мен дисплейден тұратын және компьютер (немесе есептеу жүйесімен) ақпарат алмастыру арнасының шетінде орналасқан, әдетте, көп пайдаланушылар жүйесінде қолданылатын енгізу-шығару құрылғысы. Мәлімет өңдеу жүйелерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде мәлімет енгізу және шығару үшін қолданылады.



Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған жобаларды енгізу және пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу.

  • Президентінің

  • жүктеу 77.65 Kb.