Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сыныбы: 7 ПӘНІ: информатика пән мұҒалімі

жүктеу 51.23 Kb.



жүктеу 51.23 Kb.
Дата15.09.2018
өлшемі51.23 Kb.

Сыныбы: 7 ПӘНІ: информатика пән мұҒалімі



КҮНІ: 4.02.2016 ЖЫЛ

СЫНЫБЫ: 7

ПӘНІ: ИНФОРМАТИКА

ПӘН МҰҒАЛІМІ: МЫРЗАБЕКОВА НҰРГҮЛ РЫСБЕКҚЫЗЫ

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты ойлауға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке, топпен бірлесіп, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: зерттеу, іздену, миға шабуыл, триз технологиясы

Сабақтың формасы: топтық, жұптық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздар, бағалау парағы, практикалық тапсырмалар,

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  • Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу

  • Топқа бөлу

  • ООМ - орынға отырғызу матрицасы.































































  • Психологиялық сергіту.

Топпен жұмыс ережелері: (тақтада)

Достарыңның пікірін құрметте;

Бір-біріңді тыңда, есті;

Ренжітпе және ренжіме;

Зейін қой;

Барлық нәрсеге қатысуға тырыс;

Белсенді бол.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)

«Миға шабуыл» сұрақ жауап арқылы

  1. Ақпараттық модельдеуді сипаттау әдістері

  2. Модельдердің қасиеттерітәжірибелі үлгілерде сынақтар жүргізіледі. Оның басты мақсаты не?

  3. Граф дегеніміз?

  4. Материалдық модельдерге мысалдар келтір.



ІІІ Жаңа сабақ (10-12 мин)

Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі

Оқушыларға кітаптан §19 §20 тақырыптарды бөліп кеспе қағаздар таратылады

  • 2 минут уақытберіледі оқуға

  • 2 өзара пікірлесу (ой бөлісу), топта қанша бала болса барлығыда қорғайды. Егер бір оқушы айтпаса онда сол топ тақырыпты қорғамаған деп есеплеінеді. Басқа топ тыңдайды және оларға сұрақтар қойылады.

1. Компьютерлік графика түрлері

2. Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар

3. Компьютерлік графика тарихы, графикалық файлдардаң пішіні

7. Тірек сөз 30 с. уакыт көріп , есте сақтау.45 с. жазу ретімен (3 мин)

  1. Растрлық

  2. Векторлық

  3. Факталдық

  4. Сығымдау

  5. Пиксельдер

  6. Джейпег

  7. Пішімдер

ІҮ сабақты бекіту

  • Компьютермен практикалық жұмыс. (5 мин)

Paint графикалық редакторын қосып

41-43 сурет үлгісін салыңдар.

  • Тест тапсырма (3 мин)



  1. Графикалық ақпараттың нүктелер түрінде ұсынылуын көрсетіңіз
    А) Векторлық түрде
    Б) Фракталды түрде
    В) Растрлық түрде
    С) Сызық түрде



  1. Растрлық кескіндеудің кемшілігін көрсетіңіз
    А) Геометриялық кескіндерді өзгерте алмайтындығы
    Б) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
    В) Растрлық бейнелердің өңделмеуі
    Г) Объектілердің растрленбеуі
    Д) Барлық жауап дұрыс



  1. Векторлық кескіндермен жұмыс жасаудағы кемшілікті көрсетіңіз
    А) Кескінді жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы
    Б) Берілгендер көлемінің аздығы
    В) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
    С) Растрлеу әдістерін қолданбау
    Д) Дұрыс жауап берілмеген



  1. Фракталдық графиканың базалық элементі
    А) Математикалық формула
    Б) Нүкте
    В) Сызық
    С) Кесінді
    Д) Қисық



  1. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары
    А) іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік, web
    Б) ғылыми, инженерлік, web
    В) ) іскерлік, ғылыми, тұрмыстық
    С көркемдік және жарнамалық, инженерлік, нүктелік
    Д) тұрмыстық, инженерлік, іскерлік

Мұғалімнің сөзі. . Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік, web

  • Кесте толтыру (2 мин)

Белгілі

Арнайы

Жаңа












  • Мазмұндама (5 мин+1) 63 сөз норма

Бүгінгі тақырып бойынша дәптерлеріңе мазмұндама жазу.

ҮІ. Қорытындылау ( 5-7 мин)

Рефлексия немесе кері байланыс

Қызық болды

Белсенді болдым

Жұмысқа қатыстым, бірақ аз

Зеріктім

Уақыт арлыған жағдайда



Оқушыларға бір сұрақ бір – бірлерін қайталамай жауап береді

  1. Компьютерлік графика түсінігінің анықтамасын беріңдер?

  • Бағалау

өзін-өзі бағалау, мұалім іс –әрекетін бақылайды, салыстырма талдау жасау

  • Үйге тапсырма

§19 §20 оқу. тест тапсырмасы

  • Мақсаты
  • Сабақтың типі
  • Техникалық құралдар
  • Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
  • Топпен жұмыс ережелері
  • Белсенді бол.
  • ІІІ Жаңа сабақ (10-12 мин)
  • Оқушыларға кітаптан
  • 7. Тірек сөз 30 с. уакыт көріп , есте сақтау.45 с. жазу ретімен (3 мин)
  • ІҮ сабақты бекіту
  • Тест тапсырма (3 мин)
  • Кесте толтыру (2 мин)
  • ҮІ. Қорытындылау ( 5-7 мин) Рефлексия немесе кері байланыс
  • Жұмысқа қатыстым, бірақ аз Зеріктім

  • жүктеу 51.23 Kb.