Главная страница
Контакты

    Басты бет


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы

жүктеу 160.93 Kb.



жүктеу 160.93 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі160.93 Kb.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы


1 Проект Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы «_____» ___________ № _____ қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы бойынша Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және тұтыну қағидалары 1. Жалпы ереже 1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына, Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына, Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызмет көрсету тәртібін, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету ақысын, сонымен қатар Тұтынушылар мен Өнім берушілердің құқықтары мен міндеттерін белгiлейдi.
Ақпан - қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 2-ші келетін феурал айына сай қазақша атауы.
Газбен жабдықтау, энергиямен және жылумен жабдықтау, қоқысты әкету және лифті бойынша осы Қағидаларда көрсетілмеген коммуналдық қызметтерді ұсыну және тұтынумен байланысты мәселелер қолданыстағы заңнамамен реттеледi. 2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады: 1) коммуналдық қызметтер – тұтынушыларға көрсетілетін және сумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, канализациялауды, қоқысты әкету, лифтпен жүктерді және адамдарды тасымалдау, кондоминиум объектісін басқару органымен азаматтарға ақылы қызмет көрсетуді, телекоммуникацияның барлық түрлерін(телекөрсетілім, радио, интернет, домофон) қамтитын қызметтер; 2) кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ, көпқабатты тұрғын ғимараттардың жекешелендірілмеген аумағын қоспағандағы мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 4) Тұтынушы – Өнім берушілердің тиісті аймақта көрсететін қызметтерін пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
5) Өнім беруші – ақылы түрде қызмет көрсетуші, тауар (қызмет) өткізуші (көрсетуші) жеке немесе заңды тұлға; 6) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр немесе жылу энергиясын, ыстық және суық суды тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым; 7) энергия беруші ұйым – су, электр немесе жылу энергиясын, ыстық және суық суды беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым. 2. Коммуналдық қызмет көрсетудi ұсыну және тұтыну тәртібі және шарттары 3. Коммуналдық қызметтерді көрсету және тұтыну Өнім беруші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарт негізінде, және де энергиямен жабдықтау қызметіне жария шарты негізінде(бұдан әрі – Шарт) жүзеге асырылады. Тұтынушылар кондоминиум объектілерін басқару органына (бұдан әрі- басқару органы) немесе басқа жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөнiндегі өз құқықтарын заңдарда белгiленген тәртiппен табыстауға құқылы. Электр желісіне қол жеткізу үшін оның әр тұтынушысы электр желісі компаниясымен өздерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын электр желісіне қосылу шартын жасасу керек (көп пәтерлі үйлерде тұратын жеке тұлғалардан басқа). Электр желісіне қосылу талаптары белгіленген нормалардың негізінде қосылу шартында айқындалады. Шарт әр жеке қосылу нүктесі бойынша жасалады. Оған қосылатын құжаттар тараптардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде қосылуға арналған техникалық шарттарды айқындайды. Шарт айқын емес мерзiмге жасалған деп есептеледi (егер тараптардың келісімiмен басқаша көзделмесе) және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген негіздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. 4. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк-техникалық құжаттармен белгiленген талаптарға: 1) жылумен жабдықтау бойынша – жылытылатын тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы нормативтік ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға; 2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданылып жүрген стандарттар жөніндегі электр энергиясының параметрлерiне; 3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесіндегі судың есептелген шығынына және нормативті температурасына; 4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн және тазалануын қамтамасыз етуге;
Санитария (лат. sanіtas - денсаулық) - санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен.
Канализация - қабылдап алып, тазартқыш ғимараттарға жеткізетін инженерлік құрылыстар, жабдықтар мен санитариялық шаралар кешені. Ағынды суларды елді мекендер аумағынан әкететін жер асты құбырлар жүйесі канализациялық желі деп аталады.
5) лифтiмен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың шарттары негізiнде лифтінi қауiпсiз пайдалануға; 6) қоқыс шығару жөнiнде - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың жыл бойы үнемі толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс. 5. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi ұсыну және тұтынудың режимi мен Өнім бушімен кепілденген тұтынудың деңгейi Шартпен белгiленедi. 3.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Климат (гр. κλίμα (klimatos) - еңкейіс) - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Тараптардың жауапкершiлiгi 6. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ жалпы үйлік есепке алу құралдарын тиісті техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету кондоминиум объектісін басқару органының немесе қарамағында тұрғын үй тұрған тұтынушылардың немесе ұйымдардың өкiлеттi тұлғаларының міндеті болып табылады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Кондоминиум объектісін басқару органы қызмет көрсетудi дербес (тиісті рұқсат болған жағдайда) және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы (рұқсаты) бар басқа мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады.
Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.
Пәтерлердегi, тұрғын ғимараттардағы, үй-жайлардағы, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi труба құбырларының, энергия өткiзгіштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезіндегі техника қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк Тұтынушыға жүктеледi. 7. Электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары жаңа салынып жатқан немесе қайта құрылатын объектілерде тұтынушының есебінен орнатылады. Электр, жылу энергиясын, суық және ыстық суды тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын тұтынушылардың бұрын қойылған коммерциялық есепке алу құралын ауыстыру осы норма Тұтынушы төлейтін тарифке кіргізілген жағдайда ғана Өнім беруші ұйымның есебінен жүргізіледі. Жылу энергиясын есепке алу құралдары құбыр желісінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында, энергиямен қамту ұйымдарының бас ысырнамаларына ең жақын жерде орналастырылады.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
Жеке есепке алу құралдарының сақталуы және бүтіндігі, жөнделуі, уақтылы тексерілуі және де оған техникалық қызмет көрсету жауапкершілігін кондоминиум объектісін басқару органы өз мойнына алады. 8. Электр энергиясын есепке алу құралдары көппәтерлі үйлерде баспалдақтағы торларға, дәлiздерiнде, жеке үйлердің қасбетінде немесе энергия беруші ұйыммен келісіліп орнатылады. Есепке алу құралдарына өту еркін болуы тиiс. 9. Тұтынушы есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Баспалдақтағы торларға, дәліздерде тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) есепке алу құралдарын орнату кезіндегі олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн басқару органы жауапкершiлiк арқалайды. 10. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда Тұтынушы немесе қарамағына сол үй кiретін басқару органы бiр ай мерзiм iшiнде, егер де тараптардың келісімiнде басқаша көзделмесе, қалпына келтiруi тиiс. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желісіне қосуды талап етуге құқылы. Электр энергияға уақытша қосу үшiн алынатын ақы және жүргізілген есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі. 11.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады: 1) жылумен қамту және ыстық сумен жабдықтау - басқару торабының бірінші ысырмасының бөлу ернемегі бойынша, немесе Тұтынушы мен Өнім берушінің теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігі шекарасы бойынша; 2) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша; 3) канализация - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық; 4) электр энергия - ғимаратқа кiретiн сым ұшында, сонымен қатар тараптардың пайдалану жауапкершілігі бөлігінің шекарасы теңгерімдік тиесілігімен анықталады және тараптардың электр желілерінің теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін шектеу актісінде көрсетіледі. Тараптардың келісуі бойынша шартпен электр қондырғыларын пайдалану ерекшеліктерімен уағдаласқан тараптардың пайдалану жауапкершілігінің басқа шекарасы белгіленеді. 12. Мiндеттемелер орындалмаса немесе орындалуы ойдағыдай болмай шықса, шарт бойынша Өнім беруші мен Тұтынушы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянның орнын толтыруын талап етуге құқылы. 13. Энергиямен жабдықтаушы (энергия беруші ұйым) ұйым Тұтынушының алдында энергия жеткiзушi параметрлерiнiң және форс-мажорлық жағдайлардан туындайтын энергияның жетiспеушiлiгi үшiн тұтынушы алдында материалдық жауапкершiлiк алмайды. 4.
Форс-мажор (фр. force majeure - еңсерілмейтін күш, дүлей күш) - төтенше және болмай қоймайтын жағдайлардың туындауы.
Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртібі 14. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi. 15. Тұтынушы төлемдi есептiк айдан 25 жұлдызынан кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Өнім беруші арасындағы келісім бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс. 16. Төлем мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Тұтынушы шартпен белгiленген айыппұлды төлейдi. 17. Егер Тұтынушы шарттың талаптарын бұзғандығы үшін ажыратылған болса, онда оны бұзушылықты жойғаннан кейін немесе қарыз төлемі және Өнім берушінің аймақтық монополияға қарсы органмен келісілген қосу қызметінің төлемі өтелгеннен кейін қосады. 18. Тұтынылған коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысу Өнім беруші жазып берген шот бойынша жүргізіледі. Жылумен қамту қызметі үшін төлем жылу тасығыштың құнын есепке алып немесе егер қызмет көрсету кезінде шығын болмағанда(жылу және жабық жүйе үшін ыстық сумен қамту) есепке алмай өкілетті органмен белгіленеді. 19. Есепке алу құралдарының көрсеткiшiн алуды Өнім беруші ұйымдардың өкiлдерi жүргiзедi, олар Тұтынушыға қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi. Жалпыүйлік есепке алу құралдарының көрсеткішін шешу кондоминиум объектісі бар, басқару органы түріндегі Тұтынушымен жүзеге асырылады. Тұтынушыда модем байланысы болған жағдайда шешу Өнім берушімен қашықтықтан жүзеге асырылады. Өнім беруші коммерциялық есепке алу құралдарының нақты көрсеткішінің негізінде Өнім беруші мен Тұтынушы арасында бекітілген келісімнің шарттарына сәйкес есеп шот үзіндісін әзірлейді. 20. Тараптардың келiсуi бойынша Тұтынушыға коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткiшiн өз бетімен шешуге және оны Өнім берушіге беруге жол берiледi. Тұтынушының коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткішін жазып алу кезінде жiберген қателерiн Өнім берушімен оның анықталуына қарай талап ету мерзімінің аясында түзетеді. 21. Тұтынушының кiнәсiнсіз коммерциялық есепке алудың бұзылғандығы анықталған кезде (алдыңғы орнату актісінде көрсетілген пломбылардың бүтіндігі мен сәйкестігі болған немесе есептеу құралы аспаппен тексерілген жағдайда) энергия беруші ұйым тұтынуды есептеуді электр энергиясын есептеу құралы мен сұлбасы дұрыс алдыңғы немесе келесі есептік кезеңнің орта тәулiктiк шығыны бойынша жүргізеді. Есептiк кезең бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды қалпына келтіруге дейін, бірақ 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімді құрайды. Коммерциялық есепке алуды тұтынушы бұзылу анықталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде қалпына келтiреді. Егер коммерциялық есепке алу бұзылу анықталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде қалпына келтiрiлмесе есептеу техникалық шартқа сәйкес рұқсат берілген қуат бойынша есептеледі, ал техникалық шарт болмаған жағдайда кірме коммутациялық аппараттың белгіленген тоғы бойынша тәулігіне 24 сағат пайдалану сағатын ескерумен есептеледі. Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу құралы бұзылып, жөндеуге берілген жағдайда, егер есептеу құралының істен шығу уақыты 10(он) тәуліктен аспаған болса, жылу тұтыну және желі суын тұтыну көрсеткіштері есептеу құралы жұмысын тоқтатқаннан кейін әр тәулік үшін есептеу құралы істен шыққан күнге әкелген соңғы үш тәуліктің ішіндегі орташа тәуліктік шығыны бойынша алынады. Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу құралы бұзылып, 10 (он) тәуліктен артық уақытқа жөндеуге берілген жағдайда, әр тәулік үшін жылу тұтыну жылумен қамтылу нормасына немесе есептік жүктемеге сәйкес анықталады. 22. Тұтынушының энергиямен қамту есептеу аспабының сызбасына өзгерiс енгiзгенi, оның бүлiнгенi, пломбасының жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы және басқа бұзылушылықтар ашылған кезде немесе егер Тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткiзгенiн немесе есептеу құралының көрсеткiшiн бұрмалайтын тетiк орнатқанын Өнім берушінің өкiлдерi бұрынғы баруларында табуға мүмкiн болмаған жағдайда Тұтынушыға белгiленген тәртiппен соңғы тексеру өткiзiлген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшiн талаптың ескiру мерзiмiнен аспайтын қайта есептеудi жүргiзедi. Электр энергетика саласында қайта есептеу тәртібі (ереженің осы тармағында көрсетілген бұзушылықтар үшін) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 23. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркеулi туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек, және т.б.
Санаторий (лат. sano - емдеймін, айықтырамын) - науқасты негізінен табиғи шипалы емдермен (минералды су, емдік балшық, климат), физиотерапия, диета, емдік дене шынықтырумен және режиммен емдейтін емдеу-сауықтыру мекемесі.
) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есептеу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi. Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерістер Тұтынушының Өнім берушіге өтiнiш берген сәтiнен бастап, жүгінуге дейінгі соңғы бір жылдан ерте емес уақыттағы растайтын құжаттардың түпнұсқасын ұсынған жағдайда жүзеге асырылады. Егер пәтерде ешкім тіркелмеген болса, суық және ыстық сумен қамту үшін есептеу жүргізілмейді. 24. Коммерциялық есептеу құралдары болмаған жағдайда коммуналдық қызметтер үшін төлем тәртібі белгіленген тәртіппен бекітілген жылу және электр энергиясының шығын нормаларынң негізінде өкілетті органмен белгіленеді. 25. Кондоминиум объектісін басқару органдары Өнім берушімен жалпы үйлерінің мұқтаждарына жұмсалатын коммуналдық қызметтер үшiн белгіленген тәртiппен бекітілген тариф бойынша, пайдалану жауапкершiлiгі шекарасында орнатылған есептеу құралдары бойынша есеп айырысады. 26. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем көпқабатты тұрғын үйде 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады. 27. Жылумен қамтамасыз еткенi үшiн төлем Өнім берушінің Тұтынушымен келiсуi бойынша жыл iшiнде бiрқалыпты не осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi және Шартпен анықталады. 28. Өнім беруші мен Тұтынушы арасындағы төленбеген қарыздарға байланысты барлық даулы мәселелер заңнамамен белгіленген тәртіпте сот органдарында шешiледi. 29. Жылу және ыстық су қызметі үшін төлемді қайта есептеу жыл сайын белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемемен жүргізіледі. 5. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi 30. Тұтынушының: 1) оның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сапада қызмет көрсетудi алуға; 2) қызмет көрсетулерге бағаларды (тарифтердi) бекіту тәртібі туралы осы көрсеткiштердi бақылауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдардан ақпараттар алуға;
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
3) қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірiлген шығындар мен зияндарды толық өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды толық өтеудi Өнім берушіден талап етуге; 4) шартпен бекітілген артық үзiлiстер уақыты үшiн қызмет көрсетуге төлем жасамауға; 5) энергиямен жабдықтаушы ұйымға талап қоюға және белгiленген нормалар мен стандарттарға (нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына) сәйкес келмеген уақыттар кезеңіндегі (Шартта белгiленгеннен артық) қызмет көрсетулерге төлемеуге; 6) бiржақты тәртiппен шартты бұзуға, бұл туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар еткен және пайдаланған энергияға толық өтемақы төлеген жағдайда; 7) энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе БЕО, оператор белгіленген тәртіппен есеп (БТҚ) ұсынбаса, алған қызметі үшін төлем жасамауға құқығы бар. 31. Тұтынушы: 1) Өнім берушімен жеке шарт жасасуға; 2) Өнім берушіні пәтерішілік желілерді, инженерлік жабдықтар мен құрылғыларды өзгерту жоспары туралы ескертуге;
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
3) қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға; 4) аварияларды жою, есептеу және бақылау құралдарын қарау үшін электр, жылу, сумен жабдықтау, канализация қондырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар Өнім берушінің немесе мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдеріне қолжетімділікті, көрсеткіштерді шешуге қажетті мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге; 5) белгіленген мерзімде ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергияға дер кезінде ақы төлеуге; 6) пәтерден, тұрғын ғимараттан кету кезінде пайдаланылған қызметтер үшін кететін күнге дейін есеп айырысуға міндетті. 32. Тұтынушыға: 1) Өнім берушілердің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтау мен құрылғыларды қайта жарақтандыруға; 2) Өнім берушінің келісімінсіз қуаты үйішілік желі мүмкіндіктерінен асып түсетін тұрмыстық электр құралдары мен машиналарды, үш фазалық ток қабылдағыштарды, жылу құралдарының қосымша секцияларын орнатуға, қосуға және пайдалануға, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды қосуға және пайдалануға; 3) энергия есебін жүргізудің қолда бар сызбасын бұзуға; 4) жылу жүйелерінде жылу тасымалдағыштарды тікелей мақсаттан тыс пайдалануға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу) жол берілмейді. 6. Өнім берушінің құқықтары мен міндеттері 33. Өнім берушінің: 1) ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергия үшін дер кезінде және толық көлемде төлем алуға; 2) энергияның жұмсалуы мен төленуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға; 3) біржақты тәртіппен Шартпен белгіленген мерзімдерде ескерту жасаған жағдайда, пайдаланылған энергияға Тұтынушының төлем жасамауына байланысты Шартты тоқтата тұруға; 4) Тұтынушы қызмет көрсетуге алдын ала төлем жасаған жағдайда, белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтен жеңілдіктер жасауға құқығы бар. 34.
Жеңілдіктер - қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі.
Өнім беруші: 1) Тұтынушыға қызметтердің тарифі, төлем жағдайлары, қызмет көрсетуді берудің режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттарының (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) бар- жоғы туралы ақпарат беріп отыруға; 2) Тұтынушымен қызметтер көрсетуді беруге арналған жеке шарт жасасуға; 3) Тұтынушыға нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарына сапасы бойынша тиісті энергия мен қызметтер ұсынуға; 4) жеткізілген энергияның сапасы мен санынан есеп жүргізу және бақылау жасауға, Шартта белгіленген мерзімдерінде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер сапасының бұзылуының алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға; 5) Тұтынушы қызмет көрсетудің сапасының төмендегені туралы арыз берген күннен бастап үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру және қайта есептеуді орындау жөніндегі барлық шараларды қабылдауға; 6) Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен оларға төлем мөлшерінің өзгергені туралы 10 күннен кешіктірмей хабарлауға; 7) Тұтынушыға ай сайын көрсетілген қызмет пен энергия үшін есепті ұсынуға немесе энергиямен жабдықтаушы ұйыммен шартқа сәйкес БТҚ қалыптастыру үшін тұтынушыларға жеткізілген коммуналдық қызметтерге төлемді есептеу үшін БЕО-ға ай сайын ақпарат ұсынуға міндетті. 35. Өнім берушіге: 1) басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге; 2) шарттағыдан жоғарылатылған параметрмен босатылған энергияға Тұтынушыдан қосымша ақы алуға жол берілмейді. 7. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі 36. Коммуналдық қызмет көрсетулерді берудің тоқтатылған уақыты, сондай-ақ олардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі Өнім берушінің диспетчерлік қызмет журналында қажетті (тиісті) сапамен қызмет көрсетуді қалпына келтіру уақыты (күні, сағаты) кейін белгіленуі тиіс. 37. Коммуналдық қызмет көрсетілмеген, коммуналдық қызмет көрсету тиісті сапада немесе толық көлемде болмаған жағдайда Тұтынушы бұл туралы Өнім берушіге Тұтынушының өзі (арызбен) немесе телефонограммамен міндетті түрде оның берілу уақытын, күнін және берген және оны қабылдаған адамның тегін көрсету арқылы хабардар етуі тиіс. Телефонограммада: коммуналдық қызмет көрсетудің нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Өнім беруші өкілінің болу қажеттігі (егер коммуналдық қызмет көрсетудің нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Өнім берушінің журналында тіркелмесе) көрсетіледі. Тұтынушының өзі келген жағдайда өтініш көшірмесі болуы тиіс, онда оның келіп түскендігі тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні және уақыты, оны қабылдаған Өнім беруші өкілінің қолы қойылады. Өнім беруші журналдағы коммуналдық қызмет көрсету сапасының өтініште (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқу (үзілісі) белгілерін салыстырады және келіспеушілік болмаған жағдайда оның нақты тұтылуына сәйкес коммуналдық қызмет көрсетудің құнына қайта есептеуді орындайды. 38. Өнім беруші коммуналдық қызмет көрсетпегені немесе төмен сапалы коммуналдық қызмет көрсеткені туралы фактіні растаудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы: 1) коммуналдық қызмет көрсетуден бас тартуының (ағытып тастау) немесе оның сапасыз жеткізілуінің басталу уақыты; 2) коммуналдық қызмет көрсету сапасының нашарлау сипаты; 3) өтініштің берілу уақыты мен тіркеу нөмірі (Өнім берушінің журналы бойынша); 4) коммуналдық қызмет көрсетудің қалпына келтірілген (оның сапасының қалыпқа келуі) уақыты; 5) коммуналдық қызмет көрсетудің (сапасы нашарлауының) болмау кезеңін көрсете отырып жазбаша өтініш жазуға құқылы. Актіге Тұтынушы, қызмет көрсетуші ұйымның меншік пәтер (үйлер) кооперативінің уәкілетті мүшесі және тәуелсіз екі куәлер қол қояды және Өнім берушіге жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда Тұтынушы 10(он) күндік мерзім ішінде сотқа талап арыз беруге құқылы. 39. Коммуналдық қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзушылықтары Өнім беруші мен Тұтынушы уәкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады. Акт Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан немесе бұзушылықты қарастыру кезінде келмеген (ескертілген соң өзі немесе өкілі келмеген) жағдайда да жарамды деп саналады, бірақ актіні (ескертілген соң өзі немесе өкілі келмеген жағдайда) құрамында 3(үш) адамнан кем емес энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының және (немесе) кондоминиум объектісін басқару органының (жергілікті өзін-өзі басқару органы) комиссиясы ресімдеген жағдайда. 40. Өнім беруші акт негізінде есептелінбеген немесе қажетті түрде жеткізілмеген коммуналдық қызмет көлемін анықтайды және ағымдағы есептік кезеңде қолданыстағы босату тарифі бойынша төлеу үшін Тұтынушыға есебін жібереді. 41. Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарының болмауына байланысты тариф мөлшері өскен жағдайда, тұтынушылардан қосымша өндірілген сома жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралын сатып алуға және орнатуға әр үйге шоғырландырылады. 8. Осы Қағидалардың орындалуын бақылау құқығы 42. Осы Қағидалардың тиісінше орындалуын бақылауды уәкілетті органдар өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады Уәкілетті органдар: - Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті; - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдар.


жүктеу 160.93 Kb.