Главная страница
Контакты

    Басты бет


Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар

жүктеу 392.34 Kb.



жүктеу 392.34 Kb.
бет7/10
Дата09.03.2017
өлшемі392.34 Kb.

Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Иттер фотосуреттерді әлеуметтік желілерге өздері жариялай алатын болады





собаки смогут самостоятельно публиковать фотографии в социальных сетях

Адамдар өз фотосуреттерін әлеуметтік желілерге жариялауды және басқа фотоларды қарауды өте ұнатады. Осылайша, бізді бөліп тұрған қашықтыққа қарамастан, біз өз таныстарымыздың, достарымыз бен туыстарымыздың немен айналысып жатқандығын көре аламыз. Ал егер біздің төрт аяқты достарымыз, иттер де өз фотосуреттерін Facebook секілді әлеуметтік желілерге жариялай алатын болса не болар еді?

Дүние жүзіне белгілі Pedigree компаниясы айрықша жобаны іске асырды, ол иттердің өз иелерімен бірдей әлеуметтік желілерді пайдалануына мүмкіндік береді.

The Posting Tail – Pedigree инженерлері өздерінің өнертабысын дәл осылай атады. Гаджет иттерге арналған ерекше жилетті білдіреді, оған фотокамера, Raspberry Pi миниатюралы компьютері, ит құйрығының қозғалысын қадағалайтын қадаға, GPS-сенсор және 3G-модем кірістірілген. Ит бір нәрсеге өте қатты қуана бастаған кезде, ол құйрығымен шапшаң бұлғақтата бастайды. Қадаға бұлғақтау жиілігін есептейді және компьютер қорытынды шығарады: осы сәтте ит бақытты мен немесе жоқ па? Егер ит бақытты болса, камера түсірілім жасайды, ол дереу әлеуметтік желіге басылады. Барлығы өте қарапайым.

Әлеуметтік желіге жариялаудан басқа, жилет сондай-ақ жануардың карта бойынша алмасуын қадағалайды, иттің қуанышы күшейген жерлерде белгі жасап отырады. Осылайша, иесі оның асырандысы нақты қай жерде бақытты, ал қай жерлер тек келеңсіз сезім тудыратынын анықтай алады. The Posting Tail жилетін дүкенде сатып алу мүмкіндігі әзірге түсініксіз, алайда компанияның испандық сайтында сәуір айының аяғында өз асырандысының үздік фотосуретіне конкурсқа қатысушылар арасында осындай үш құрылғыны ойнатады.


Дереккөз:http://hi-news.ru/entertainment/sobaki-smogut-samostoyatelno-publikovat-fotografii-v-socialnyx-setyax.html


Колин Фёрз ұшатын байк ойлап тапты





колин фёрз изобрёл летающий байк

Гараждық өнертапқыш Колин Фёрз кең жұртшылыққа өзінің біртұтас қолдан жасалған бұйымдарымен белгілі: Россомаха тырнағы, оған төбеге ілінген металдық шпал бойымен басымен төмен қарай жүруге мүмкіндік беретін магнитті аяқ киім, скутер-от атқыш және басқа да қызықты, сондай-ақ естен тандыратын туындыларының орасан зор көлемі


Оның жаңа қолдан жасалған бұйымы – ұшатын байк, мұны ол Ford автомобиль құрылысы компаниясының қолдауымен жасап шығарды да, дереу мақтанып, Интернетке бейнесін шығарды және өз сайтында шағын пост жазды.
Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Өнертабысты басқару алғашқы кезде айтарлықтай оңай: дененің салмағын сауатты бөлу жеткілікті және шабандоз дене салмағын бөле отыра, қайда бүгілгеніне байланысты, алға немесе артқа ұшуға болады. Солға және оңға бұрылу секілді – шамалы көтерілу, аяғын түсіру немесе бір жағына қарай біршама бүгілу жеткілікті.

Колин мәселені реттеген соң, мынаны түсінді: басқару қиынға соғады, барлығына қоса машинаны жан-жағына айналдыра бастайды, ал кейде, егер моторлар әр түрлі жылдамдықта жұмыс істесе, тіпті іс жүзінде бұрандаға кіреді. Бірнеше күн бойы ол ахуалды дұрыстауға әрекет жасаған, алайда қозғалтқыштардың соны арттырған кезде синхронды жұмыс істеуін тоқтататын қуат шегі болады.

Синхрондау (Синхронизация; synchronization, timing) - 1) процестерді іске қосу сәтінің жүйедегі белгілі бір оқиғалармен үйлесімділігін анықтау, параллель процестер әрекеттерінің уақытша реттілігін жасақтау; 2) теңестіру.
Соған қарамастан, ол бірде-бір рет өзінің ұшатын затынан құлаған жоқ, сонымен осы тәрізді оқиғалардың аяқталуын жорамалдайтын кеңесшілер мен талдаушыларды абыржытып тастады.

Өнертапқыш байкқа артқы ілмекті бұраманы орнатуды жоспарлады, ол ұшатын аппаратты тұрақтандыруға көмегін тигізер еді, алайда жеткізу қызметі оның тапсырыс берген моторын жоғалтып алды, сондықтан Колинге сынақты моторсыз бастауға тура келді. Бірнеше сағат бұрын ол алғашқы дала тестілері оны қуантатынын мәлімдеді, алайда өнертабысты ол сындырып алды. Артқы ілмек бұрамасын жеткізуді және эксперименттің жалғасуын күтеміз.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/kolin-fyorz-izobryol-letayushhij-bajk.html



Catterbox – мысық тілінен адам тіліне аударушы қарғы





catterbox – ошейник-переводчик с кошачьего языка на человеческий

Мультфильмдерде жануарлар жиі сөйлеп, өздерін адамдар сияқты ұстайды. Бірақ біздің төрт аяқты достарымыз бізге не айтып жатқанын шынында да түсінетін болсақ, не болады?


The Temptations Lab компаниясының әзірлеушілері ең ірі мысық тамағын өндіруші Mars қолдауымен, мысықтың мияулауын талдайтын және бұл дыбыстарды адамға түсінікті тілге аударатын, мысықтарға арналған арнайы қарғы шығара отырып, оларға дауыс сыйламақшы болды. Аударушы қарғы Catterbox атауына ие болды.

«Біз егер адамдар мысықтарды жақсы түсіне бастаса, олар бұл жануарлардың шын мәнінде қаншалықты жақсы екенін түсіне алатынына сенімдіміз.

Мысық немесе үй мысығы (лат. Felis catus) - Мысықтәрізділердің биологиялық түрі, типен бірдей кең таралған үй жануары.
Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Қазіргі заманғы зерттеулер мысықтар адамдарға жүгінген кезде ғана мияулайтынын дәлелдеді. Бір-бірімен олар басқа тәсілмен араласады. Біз мысықтар шығаратын мыңдаған дыбыстарды талдап, жануарлар тілін адамға түсінікті сөздерге айналдыратын бағдарламалық қамтамасыз ету өнімін жасадық. Осыдан кейін біз өзіміздің технологиямызды 3D-принтерде басып шығарылған қарғыныңішінде орналастырдық. Осылайша Catterbox пайда болды», — деп айтады The Temptations Lab қызметкерлері.

Мысық бірдеңе айтқаннан кейін, қарғыдыбысты сіздің ұялы құрылғыңызға жібереді, ондағы арнайы қосымша алынған деректерді адам тіліне аударып, қалыптастырылған фразаны қарғының динамигіне жібереді. Әзірше қосымша ағылшын тіліне ғана аударады, бірақ әзірлеушілер болашақта қолжетімді тілдер тізімі едәуір кеңеюі мүмкін деп сендіреді. Сондай-ақ, қосымшада бірнеше әр түрлі дауыс – ерлердің, әйелдердің, тіпті балалардың да дауыстары бар, пайдаланушы олардың ішінен құлаққа анағұрлым жағымды және өзінің жануарына лайықты дауысты таңдай алады.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Мұндай қарғыны қашан сатып алуға болатыны, сондай-ақ оның қанша тұратыны әлі белгісіз. Бірақ ол ақпарат ресми сайтта жақын уақытта пайда болады деп санауға болады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/entertainment/catterbox-oshejnik-perevodchik-s-koshachego-yazyka-na-chelovecheskij.html


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Колин Фёрз ұшатын байк ойлап тапты
  • Catterbox – мысық тілінен адам тіліне аударушы қарғы

  • жүктеу 392.34 Kb.