Главная страница
Контакты

    Басты бет


Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар

жүктеу 392.34 Kb.



жүктеу 392.34 Kb.
бет3/10
Дата09.03.2017
өлшемі392.34 Kb.

Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қытай 2036 жылға дейін тайконавтарды айға ұшырады





китайский луноход

2036 жылға дейін қытайлық ғарышкерлер Айға сапар жасайды. Осы туралы Қытайдың Халықтық-азаттық әскерінің генерал-лейтенанты және Қытайдың басқарылатын ғарыштық бағдарламасы басшысының орынбасары Чжан Юйлинь мәлімдеді

Айға алғашқы басқарылатын ұшуға арналған дайындыққа 15-20 жыл кетеді. Сол үшін Қытайға аса ауыр тасығыш-зымыран, басқарылатын аппарат және арнайы скафандр қажет, деп Қытайдың Ғарыштық технологиялар академиясының ғылыми қызметкері Пан Чжихао баяндады.
Академия - ғылыми қоғамдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы. "Академия" сөзі гректің Akademos деген мифтік батырының атынан шыққан. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда Афины маңындағы "қасиетті бақ" сол батырдың атымен аталып, онда Платон өз шәкірттеріне лекция оқыған.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Әзірге Айда тек американдық ғарышкерлер ғана болды: 1969 жылы шілдеде Нил Армстронг және Базз Олдрин «Аполлон-11»-мен Тыныштық Теңізі ауданында Жер серігіне алғаш рет отырды.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.

Автоматты стансалардың күштерімен Айды зерттеу жөніндегі қытайлық бағдарлама үш кезеңмен өтеді: Айды аралап ұшып шығу, үстіңгі қабатына отыру және ғаламшарға оралу үшін топырақ сынамасын тартып алу. Бағдарламаның басталуы 2017 жылға көзделген және 2036 жылға қарай тайконавтар Айда болады.

Таяуда SpaceX американдық компаниясы 2018 жылға қарай Марсқа бару жоспарлары туралы (әзірге ғарышкерлерсіз) мәлімдеді. Red Dragon капсуланың саяхаты Элон Маск жоспары бойынша Қызыл ғаламшарды ауқымды игеруде дайындық кезеңіне айналады.

Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.


Дереккөз: http: http://hi-news.ru/space/kitaj-otpravit-tajkonavtov-na-lunu-do-2036-goda.html


ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



Дубайдың жағалауында таңғажайып жүзбелі виллалар пайда болады





у побережья дубая появятся удивительные плавучие виллы

Біріккен Араб Әмірлігі өз қиялының шексіздігін және нағыз патшалық мансаптарын бүкіл әлемге тағы да паш етті. Бұл жолы Дубай қаласының басшылығы аса таңқаларлық жобаны мақұлдаған еді, оны жасау біршама күш пен салымды қажет етеді

Kleindienst Group — Еуропадағы құрылыспен және жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатын, ең ірі компаниялардың бірі, су астындағы қабаты бар жүзбелі виллалардың тұтас кешенін жасайды, ол Дубай жағалауынан төрт шақырым жерде орналасады.
Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.

Дубай бұрын да басқа қалалардан өзінің таңғажайып сәулетімен ерекшеленген, тым болмаса әлемдегі ең биік Бурдж Халифа зеңгір үйін немесе Бурдж аль-Араб салтанатты қонақ үйін еске алыңызшы. Бұдан басқа, дәл осы қалада сіз алып аквариумдар мен фонтандарды, жабық тау-шаңғы курортын, сонымен бірге қала жағалауында ғаламшардың континенттері нысанында салынып жатқан архипелагтарды көруге болады. осында бұрынырақ та тамашалайтын нәрсе жетерлік еді, алайда Парсы шығанағында жылжымалы, тұтас жүзбелі қоныс –бұл әлдебір жаңа нәрсе.

42 үйден тұратын қоныс Floating Seashore деп аталады. Жүзбелі виллалардың тұрғын ауданы 157-ден 370 шаршы метрге дейін өзгеріп отырады, бұл ретте, әрбір ғимаратта бір су астындағысын қоса алғанда, үш қабат болады.

Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Шаршы метр (белгіленуі: m² - халықарылық, м² - қазақша) - SI жүйесіндегі қабырғалары бір метрге тең болатын шаршының көлемі.
Үстіңгі қабат шағын бардан, джакузиден, шағын ас үйден, душтан және шыны еденнен тұрады. Ортаңғы қабат – бұл үлкен қонақ үй, ашық терраса, демалыс және релаксация аймағы, сондай-ақ түскі ас аймағы.
Релаксация (лат. relaxatіo - әлсіреу, азаю) - макроскопиялық физ. жүйелердегі (газдардағы, сұйықтықтардағы, қатты денелердегі) термодинамикалық тепе-теңдіктің орнығу процесі. Макроскоп. жүйе күйі параметрлердің көп санымен анықталады және осы параметрлердің әрбірі бойынша тепе-теңдіктің орнығуы әр түрлі өтуі мүмкін.
Ал су астындағы деңгей жатын бөлмені, сондай-ақ шомылғыны қамтитын болады, сонда демала отыра, сіз өзіңізді керемет алып аквариумның ішінде отырғандай сезінесіз. Және бұл тегін емес, өйткені вилланың төменгі қабаты сырт жағынан нағыз маржандармен және өзге де су асты әлемінің сұлулықтарымен безендіріледі.

Барлық 42 вилланы 2016 жылдың соңына қарай тапсыру жоспарланған және жан-жағынан алып қарағанда, көптеген инвесторлар осы таңғажайып жобаға әжептәуір ақша салуға дайын. Осы құрылыстардың бағалары әлі хабарланған жоқ, бірақ осындай тұрғын үйдің сомасы шағын болуы екіталай. Мәселен, Dubai’s Atlantis қонақ үйінің су асты нөмірінде түнеген бір түніңіз сізге 450 доллар және одан астам соманы құрайтынын еске алыңыз.


Дереккөз: http://hi-news.ru/eto-interesno/u-poberezhya-dubaya-poyavyatsya-udivitelnye-plavuchie-villy.html


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Дубайдың жағалауында таңғажайып жүзбелі виллалар пайда болады

  • жүктеу 392.34 Kb.