Главная страница
Контакты

    Басты бет


Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар

жүктеу 392.34 Kb.



жүктеу 392.34 Kb.
бет2/10
Дата09.03.2017
өлшемі392.34 Kb.

Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

NASA ілгерінді ғарыштық иондық қозғалтқыштарды әзірлеу үшін жекеменшік компанияны жалдады





aeps-contract-1

NASA аэроғарыштық агенттігі қиыр ғарыштық кеңістіктерді бағындыру бойынша жобаларды дамыту аясында 67 миллион доллар бөлді және Редмонд американдық қаласында (Вашингтон штаты) орналасқан, Aerojet Rocketdyne жекеменшік аэроғарыштық компаниясымен Ілгерінді электрлік күш қондырғысын (Advanced Electric Propulsion System, AEPS) (Advanced Electric Propulsion System, AEPS) әзірлеуге және салуға 36 айлық келісімшартқа қол қойды


Осы зерттеме аясында NEXT және Dawn ғарыштық миссияларында пайдаланылатын, иондық жылдамдату жүйелерінің алдыңғы түпнұсқаларының арқауымен анағұрлым заманауи күш қондырғысы жасалады, ол бір күні Марсқа басқарылатын миссияларда пайдаланылуы ықтимал.

Қол қойылған келісімшартқа сәйкес, Aerojet Rocketdyne Джон Гленн атындағы Зерттеу орталығының, Реактивті қозғалыс зертханасының NASA инженерлерімен бірлескен жұмысты жүргізеді және жаңа күш қондырғысын әзірлейді, ол иондық жылдамдатқыштан, басқару жүйесінен, шағын тығыздықты газ ағымын басқару жүйесін бақылаушыдан, сонымен бірге әр түрлі аспалы электрондық құрал-жабдықтан құралады.

Реактив, реагент (ре… және лат. agentіs - әсер етуші) - химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды.
Қозғалтқыш үшін қажетті энергия күн батареяларының жоғары технологиялық желісі есебінен түрленіп отырады.

NASA-да осы келісімнің Solar Electric Propulsion (SEP) жобаның басталуына ғарыштық агенттік жолында соңғы қадам болып табылатынын атап өтеді. Химиялық реактивті қозғалтқыштарды ксенон газының молекулаларын иондау үшін және қозғалтқыш күшті құру үшін ішінен тұйықталған электронның магниттік жолдары пайдаланылатын иондық жылдамдатқыштармен ауыстыра отырып, NASA қазіргі электрлік қозғалтқыш жүйелерінің тиімділігін 100 есе арттыруға үміттенеді.

Егер бағдарлама сәтті болса, NASA жылдамдатудың ілгерінді жүйелері 2020-жылдардың ортасында пайдалануға енгізілетініне және қиыр ғарышты бағындыру бойынша коммерциялық та, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларда да қолданылатынына, сондай-ақ Asteroid Redirect Mission (ARM) секілді бағдарламаларда қосымша жүйелер ретінде және Марсқа ұшуларда пайдаланылатынына үміт артады.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Aerojet Rocketdyne міндеті пайдалануға дайын иондық жылдамдатқыштарды салудан, сынаудан және кейінгі жетілдіруден тұрады, олардың алғашқы төртеуін қол қойылған келісім аясында компанияның өзі салады.

«Келісімшартқа сәйкес, NASA бастапқы ғарыштық миссиялар үшін электр күш қондырғыларына арналған жоғары технологиялық элементтерді әзірлеумен айналысады. Онжылдықтың соңында нақты ғарыштық жағдайларда осы технологияны көрсету жоспарланған», — дейді NASA ғарыштық технологияларды дамыту жобалары директоратының басшысы Стив Зесчук.

«Осы технологияларды әзірлеу NASA үшін қиыр ғарышқа басқарылатын және роботтандырылған миссияларды жүргізуге есігін ашып, келешекте ғарыштық тасымалдаудың кең мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ жекеменшік ғарыш секторын дамытуға зор үлесін қосады».


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/nasa-nanyalo-chastnuyu-kompaniyu-dlya-razrabotki-prodvinutyx-kosmicheskix-ionnyx-dvigatelej.html

Швеция өзінің телефон нөмірі бар алғашқы елге айналды





швеция стала первой страной, у которой есть собственный телефонный номер

Швецияға әрбір қалаған адам қоңырау шала алады, ал Швецияның өзіне қоңырау шалу –басқа мәселе. Ендеше қазір мұны ешбір қиындықсыз жасауға мүмкін болады, өйткені осы елде өзінің ресми телефон нөмірі пайда болды

46 771 793 336 нөміріне қоңырау шала отырып, сіз Швецияның кездейсоқ таңдаған тұрғынымен кез келген тақырыпта әңгімелесе аласыз.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Швеция, Швеция Kорольдігі (швед. Sverige, швед. Konungariket Sverige) - Eуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі - Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет.
Осылайша сіз жергілікті табиғат, тағам, дәстүр туралы көбірек білесіз, сондай-ақ саясат, спорт, сән немесе ғылым туралы да сөйлесу мүмкін болады.

Осы бастаманы шведтік Туризм кеңесінің мүшелері ойлап тапқан еді, ал аталған телефон нөмірінің іске қосылуының басталуын Швеция цензураның күшін жойған алғашқы елге айналған сәттен бастап, оның 250-жылдығын тойлаумен ұштастырды. Шын мәнінде, Швеция туралы көбірек білгісі келетін, әуесқой бейтаныстарға өз телефон желілерін ашу үшін едәуір батылдыққа ие болу керек. Дегенмен, абсолютті түрде кез келген шведке қоңырау шала алмайсыз.

Қоңырауға тек өз смартфонына тиісті ұялы қосымшаны орнатқан ел тұрғындары ғана жауап бере алады. Өз елінің ресми тұлғасына айналу үшін бағдарламаға қатысушылар сервисте тіркелуі және оны пайдаланудың кез келген шарттарымен келісуі тиіс. Швецияның ресми телефон нөмірі – бұл саяхатшылар мен туристер үшін осы керемет ел туралы көптеген жаңалықтар білудің тамаша мүмкіндігі. Ең бастысы – халықаралық қоңыраулар үшін төлемді әлі ешкім алып тастамағанын ұмытпау, ал шведтермен әңгіме құру үшін сізге не швед тілін, не болмаса ағылшын тілін білу қажет.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.


Дереккөз: http://hi-news.ru/eto-interesno/shveciya-stala-pervoj-stranoj-u-kotoroj-est-sobstvennyj-telefonnyj-nomer.html


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Швеция өзінің телефон нөмірі бар алғашқы елге айналды

  • жүктеу 392.34 Kb.