Главная страница
Контакты

    Басты бет


Шет тілдерін үйренуде мобильді құралдарды қолдану: тәжірибе және пікірлер

жүктеу 61.45 Kb.



жүктеу 61.45 Kb.
Дата27.09.2018
өлшемі61.45 Kb.

Шет тілдерін үйренуде мобильді құралдарды қолдану: тәжірибе және пікірлер


Шет тілдерін үйренуде мобильді құралдарды қолдану: тәжірибе және пікірлер. Меруерт Акимбекова Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы meruyert877@yahoo.com Ұлттық білім беру жүйесін жалпы бұқараға қолжетімді, көпқырлы және жасампаз ету мақсаты қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлемдік экономикаға табысты интеграция-лануы үшін жүргізіліп отырған мемлекетіміздің стратегиялық бағытынан туындайды.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Соңғы онжылдықта әлемдік білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану күрт өсті. Бүкіләлемдік ғаламтор желісінде көптеген қазақстандық ғылыми веб-сайттар ашылды, мысалы:www.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.
science.kz, www.gylymkaz.kz (2008 жылы). Білім алу мүмкіндіктері жыл сайын кеңеюде: қашықтан білім алу, виртуалды кеңістіктегі түрлі тренингтер, онлайн-курстар, дыбыстық таспалар, электрондық кітаптар, бейнедәрістер, сандық фильмдер қай мамандыққа болсын үйрену мүмкіндігін береді. Ал енді осынша түрлі оқыту құралдары мен әдіс-тәсілдер тұрғанда, тағы да бір мобильді білім алу тәсілі қажет пе деген сауал туындайды. Ұялы телефон арқылы шет тілін үйрену бағдарламасын сыннан өткізген Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары бұл сұраққа «ия,қажет» деп жауап береді.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Американдық «Video Arts» компаниясының өкілі Мартин Эддисонның айтуынша қазіргі таңдағы жеті үрдіс білім алуда мобильді коммуникация құралдарын пайдалануға итермелейді.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Дәлдеп айтса, олар төмендегідей: 1-ші үрдіс. Білім алудың шағын форматына сұраныс болуы. 2-ші үрдіс. Мобильді құралдардың қолжетімділігі және көп таралғандығы. Нетбуктер, смартфондар, сенсорлық дисплейі бар планшетті компьютерлер білім алудың жаңа үдемелі түрімен қамтамасыз етеді. 3-ші үрдіс. Студенттерге бейнематериалдар арқылы білім алу ұнайды. Бейнематериалдар үйренушілердің ойын қозғап қана қоймай, оларға эмоциялық, сезімдік деңгейде әсер етіп, көрініс түрінде есінде қалады, көңілін көтеріп, жаңа қадам жасауға, жаңаша ойлауға жетелейді.
Планшет (фр. planchette тақтайша) - топографиялық суретке , түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы; Далалық топографиялық суретке түсіру кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы; Графикалық сызбалар мен олар бойынша есептеулер жүргізуге арналған тендес көрсеткішпен қосылатын сызық торлары бар географиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. Бұлар артиллериялық атыс, гидрографикалық жұмыстар жүргізуде және басқа жағдайларда қолданылады; Әуедегі және теңіздегі жағдайларды суреттеуге, маневр жасау міндеттерін орындауға, нысананы көрсетіп беруге және т.б. арналған әскери-теңіз флоты (ӘТФ) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) авиацияларындағы басшылық пункттерінің жауынгерлік-ақпараттық постарындағы арнайы құрылғы. Координаттың тік бұрышты немесе полярлы жүйесінде орындалған ашық (мөлдір) негізді координаталық тор оның құрама бөлігі болып табылады. Бұл құрылғылар механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Бейнематериалдар аз ғана уақыт ішінде үйренушіге аса күрделі түсінімдерді, идеяларды, мысалы, қоғамдық дағдыларды жеткізеді. 4-ші үрдіс. Онлайн-видеоның дамуы. Бұрынғы VHS видеокассеталар, компакт-дискілер, DVD-лер қолданыс аясынан ығыстырылып, сандық ағымдық видео заманы туды. Әртүрлі YouTube, Vimeo сияқты желілерінің арқасында ғаламторда видео көру күнделікті әдетке айналды. Бұл бейнематериалды кез келген адам кез келген жерден кез келген уақытта көре алу мүмкіндігін туғызды. 5-ші үрдіс. Жеке контент. Білімнің мазмұны ерекше әрі есте қаларлық болуына сұраныс туып отыр. Сандық ақпарат ағымы шексіз әрі реттелуі қиын тасқынға ұқсас болғандықтан, көзге түсіп, тұтынушының таңдауына ілігу үшін, өнімнің мазмұны, яғни контенті, басқалардан ерекше, жаңа болуы қажет. 6-шы үрдіс. Білім беруде қызығушылықты арттыруға сұраныс. Білім мазмұны тым күрделі, ұзақ, бірсарынды болса, үйренушінің тез жалығып, қызығушылығын жоғалтуы мүмкін. 7-ші үрдіс. Әртүрлі электрондық қосымша құралдардың пайда болуы. Android, Symbian, Windows Mobile платформаларына қосымша құралдар және ноутбукке, планшетті компьютерге, смартфонға қосымша құралдар қолданыла бастады. Олардың шағын көлемділігі, көпфункциялылығы және салыстырмалы түрде арзан болуы қолданушылардың қызығушылығын арттыруда. Осы аталып өткен жеті үрдіс мобильді білім берудің қазіргі заманның табиғи талабы екенін көрсетеді. Келесі кезекте тіл үйренуде қолдануға болатын мобильді курстар жайында айта кетсек.Тіл үйренудің күрделі үдіріс екенін әркім де мойындайды. Он бір жыл мектепте шет тілін оқып, жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін де, студенттердің «Шет тілі» пәнін бастауыш деңгейден бастап оқуы соған дәлел. Неге соншама жыл оқып, үйренсе де, шет тілінде еркін сөйлеу дәрежесіне жету мүмкін емес Батыс тіл мамандары тілді тек оқып, жазып қана үйренбей, өте көп тыңдағанда ғана дұрыс сөйлеп үйренуге болады деген тұжырымға келген. Швед ғалымы Карл Хофсо мырза шет тілін үйрету әдістерін зерттеуде көп еңбек етіп, соңғы жылдары ұялы телефон арқылы үйренуге арналған тіл курстарын құрастырған. Бұл курстар үйренушінің деңгейіне байланысты сатыланып құрылған. Деңгейлер «бастауыш», «орташа», «жоғарғы» деп бөлінеді. Бастауыш деңгейге арналған курс үш сатылы. Бірінші сатысында үйренуші ұялы телефон арқылы 100-ден аса сөйлемді тыңдап, қайталап, өзінің тыңдап ұғу және дыбыстарды бір-бірінен бөлмей сөйлем түрінде дұрыс айту дағдысын дамытады. Бұл сатыда үйренуші сөйлемнің мағынасын білмесе де, аудармасын іздемей, тек қана тыңдауды үйренеді.
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.
Себебі, сөйлеуді бастамас бұрын түсініксіз болса да, тыңдап үйрену қажет. Екінші сатысында сол сөйлемдерді жазба түрін есте сақтап, ұялы телефонның клавиатурасын пайдаланып, жазып машықтанады. Бұл сатыда үйренуші әрбір әріпке жеке көңіл бөлмей, тұтас сөздерді қамтып тез оқуды, дұрыс әрі тез теріп жазу дағдыларын дамытады. Ал курстың үшінші сатысында естігенін ұялы телефонның микрофонына қайталап айтып жазып, өзін-өзі тыңдап, қаншалықты ағылшынша мүлтіксіз сөйлейтінін тексереді. Бұл курс бағдарламасын игеруге 2 айдан 3-4 айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Ең бастысы мұндай білім алу түрі арнайы дәрісхананы, арнайы уақыт белгілеуді қажет етпейді. Үйренуші қолы босаған кез келген уақытта, кез келген жерде, мысалы, автобуста келе жатып та, не саябақта отырып та үйрене береді. Бірінші бағдарламаға іріктеліп алынған сөйлемдер бастауыш деңгейге арналған грамматиканың барлық конструкцияларын қамтиды. Мағыналары жеңіл, көп қолданылатын және күнделікті өмірге қатысты қажет ұғымдар. Мысал ретінде 5 сөйлем келтірейік: 1. Can you make apple pie 2. Every day brings new opportunities. 3. Betting on horses is big business. 4. Some people say yeah instead of yes. 5. An early start can be a good thing. Сөйлемдер мағыналық тұрғыдан қарағанда ретсіз, бір-біріне байланыссыз қойылғанымен, дыбыстарды ажыратып үйрену және оларды айтып үйрену үшін, яғни фонетикалық тұрғыдан қарағанда, өте қолайлы орналастырылған. Грамматика түсіндірілмесе де, топтамада барлық шақ түрін, сөйлем түрін, eтіс түрін,рай түрін кездестіруге болады. Мысалы: Present Simple-“A lot depends on the weather”(Statement).”Do you see what I mean”(General Question).”Which one do you prefer”(Special Question). “Here’s what it boils down to.” (Complex Sentence). “Could you do me a favor”(Request) Past Simple- “The magician conjured a rabbit out of a hat.” Future Simple-“I’ll buy you an ice cream.” Present Continuous- “Bamboo is replacing oak in floors.” Present Perfect- “Have you invested in a fund” Passive Voice- “Collusion was uncovered by the police.” Imperative Mood-“Make yourself at home.” Subjunctive Mood- “I wouldn’t do it for all the tea in China.” Тағы да бір жақсы ойластырылған нәрсе - дикторлардың екеу болуы: біреуі әйел адам, екіншісі – ер адам. Екеуі кезек айтқан кезде үйренушіге қай дауыс көбірек ұнаса, соны таңдауына болады. Әрі олар екі түрлі акцентпен (шығыс американдық және батыс американдық акцентпен) сөйлейді. Мобильді білім алудың тағы да бір ұтымдылығы – әр адам өз қабілетіне қарай өзіне ыңғайлы жылдамдықпен үйрене алады. Үстіміздегі оқу жылында Карл Хофсо мырзамен бірлесе отырып, “So To Speak AB” және “Nokia” компанияларының демеушілігімен Қазақ Ұлттық университетінің он ағылшын тілі оқытушысы жүз студентпен осы ұялы телефон арқылы шет тілін үйрену бағдарламасын сыннан өткізіп, төрт ай бойы халықаралық ғылыми-тәжірибелік жоба жұмысын жүргізді.
Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Тәжірибеміздің нәтижелеріне келетін болсақ, жоба барысында әр оқытушы өз қол астындағы он студенттің жұмысын қадағалап, күнделік жүргізіп отырды. Олардың бағдарламаны сатылап үйренуі, күніне кем дегенде 20 минут тыңдауы және барлық тапсырмаларды орындауы маңызды болатын. Төрт айдың ішінде екі рет емтихан қабылданды және олардың нәтижелері талданып, қорытынды шығарылды. Студенттердің деңгейлері әртүрлі болғандықтан, олардың жеткен жетістіктері де бірі озық, бірі орташа қалыпта болып шықты. Бәріне ортақ нәтиже - олардың тыңдап-түсіну дағдылары тез дамыды және ағылшын тілі дыбыстарын мултіксіз айта бастады. Және де өздерінің айтуынша, шет тілінде сөйлегенде еркіндік пен сенімділік пайда болды. Қорыта айтқанда,жиырма бірінші ғасырдың жаңа технологияларын білім беру саласында белсенді қолдану студент жастардың еркін, әрі қиындықсыз білімдерін ұштауына көмегін тигізеді. Ұялы телефон қазіргі заманда күнделікті қолданатын міндетті құралдың біріне айналғандықтан, оның мүмкіншіліктерін білім алу саласында пайдалану оқу үдірісін жеделдете алады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары мен перспективалары.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Ұлттық баяндама. ҚазҰУ «Қазақ университеті» баспасы, 2010 ж. 2.www.ictcenter.org. The Future of Mobile Teaching and Learning. Mike Quaissaunee, Gordon F.Snyder 3.www.trainingzone.co.uk.The Seven Trends of Mobile Learning. Martin Eddison. Резюме В статье автор затрагивает вопрос важности использования новых видов мобильного обучения в сфере образования. В том числе автор подчеркивает особенности обучения иностранным языкам при помощи сотовых телефонов. Summary In the article the author focuses on the importance of using the new ways of mobile teaching in the academic process. Particularly the author underscores the peculiarities of mobile foreign languages teaching via cellular phones.

  • Ұялы телефон

  • жүктеу 61.45 Kb.