Главная страница
Контакты

    Басты бет


Шекербекова Ш. Т. Компьютерлік оқУ-Әдістемелік кешен жасау және оны оқУ Үдерісінде қолдану ерекшеліктері

жүктеу 65.42 Kb.



жүктеу 65.42 Kb.
Дата22.04.2017
өлшемі65.42 Kb.

Шекербекова Ш. Т. Компьютерлік оқУ-Әдістемелік кешен жасау және оны оқУ Үдерісінде қолдану ерекшеліктері



ӘОК 372.800.4.02

Шекербекова Ш.Т.
КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)
Мақалада компьютерлік оқу-әдістемелік кешенді жасау мен оны оқу үдерісінде қолданудың ерекшеліктері қарастырылады. Оқыту үдерісін дидактикалық тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын, қазіргі уақыттағы оқыту құралдарының бірі компьютерлік оқу-әдістемелік кешен болып табылады. Мәліметтер қоры бойынша оқу-әдістемелік кешен жасау мен оның жұмыс істеуіне қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың артықшылықтарын пайдаланумен қамтамасыз етілген дидактикалық және әдістемелік талаптар келтірілген.
Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

В данной статье рассмотрены вопросы разработки и применения в учебном процессе компьютерного учебно-методического комплекса по базе данных. Одним из современных средств обучения, способствующих обеспечению максимальной дидактической эффективности процесса обучения, являются компьютерные учебно-методические комплексы. Приведены дидактические и методические требовании, обусловленные использованием преимуществ современных информационных и телекоммуникационных технологий в создании и функционировании учебно-методического комплекса по базе данных.

In this article questions of development and application in educational process of a computer educational and methodical complex on a database are considered. One of the modern tutorials promoting ensuring the maximum didactic efficiency of process of training are computer educational and methodical complexes. Are provided didactic and methodical the requirement, caused by use of advantages of modern information and telecommunication technologies in creation and functioning of an educational and methodical complex on a database.
Кілттік сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технология, оқу-әдістемелік кешен, компьютерлік оқу-әдістемелік кешен.

Ключевые слово: информационно-коммуникационные технология, учебно-методические пособие, компьютерные учебно-методические комплексы.

Key word: information and communication technology, educational and methodical grant, computer educational and methodical complexes.
Білім беру саласының ақпараттық қызметтер индустриясын дамыту, соның ішінде компьютерлік оқыту программалар мен программалық-әдістемелік қамтамасыз ету, сонымен қатар жекелеген білім беру мекемелері мен тұтастай саланың телекоммуникациялық құрылымдарын, білім беру сапасының жүйелерін құру мен дамытумен қатар білім беруді ақпараттандыруды қалыптастырудың негізін құрайды.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Қазіргі білім беруді ақпараттандырудың кезеңінің тағы бір негізгі бақыты оқу үрдісіне электрондық анықтамалықтар, энциклопедиялар, оқыту программалары, оқушылардың білімдерін автоматтандырылған түрде бақылау, компьютерлік оқулықтар және жаттықтыру құралдары тәрізді түрлі электронды құралдарды жаңа буындағы электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) деп аталатын бірыңғай программалық-әдістемелік кешендер жатады.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Орта, жоғары кәсіби және қосымша білім беру жүйелеріне арнап компьютерлік оқу-әдістемелік кешендерді құру Қазақстан Республикасындағы білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде белгіленген.

Қазіргі кезде компьютерлік ОӘК-ны қазақстандық білім беру жүйесінде қолдану практикасына жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, мұндай кешендерді дәрістік сабақтарда, зертханалық-практикалық сабақтарды өткізу саласына барынша кеңінен ендірілуде.

Компьютерлік ОӘК-лар оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдары тәрізді дәстүрлі оқу құралдарына қойылатын стандарттық дидактикалық талаптарға сай болуы тиіс. Дидактикалық талаптар оқытудың ерекше заңдылықтарына және соған сәйкес, оқытудың дидактикалық принциптеріне сай келеді [1].

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

ОӘК-да дидактикалық талаптармен әдістемелік талаптар тығыз байланысты болып келеді. ОӘК-ға қатысты әдістемелік талаптар ОӘК өзіне арналған нақты оқу пәнінің ерекшелігі мен даралығын, тиісті ғылымның, соның ұғымдық аппаратының ерекшелігін, соның заңдылықтарын зерттеу әдістерінің ерекшелігін;

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
ақпаратты өңдеудің замануи әдістерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ескеруді көздейді. ОӘК-лар төменде көрсетілген әдістемелік талаптарды қанағаттандырып отыруы тиіс:

• нақты техникалық жүйелер мен құрылғылардың сан-алуан түрлі болуы мен олардың қызмет ету күрделілігіне орай ОӘК-да оқу материалын ұсыну ұғымдық, бейнелік және оңтайлы ойлау компоненттерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуіне негізделумен құрылуы;

• ОӘК оқу пәнінің ғылыми ұғымдарының жүйесін әрбір деңгейі белгілі бір пән ішіндегі абстракциялау деңгейіне сай келетін жоғары тәртіптегі сатылық дәрежелік құрылым түрінде көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ сол ұғымдардың бір деңгейлік, сондай-ақ деңгей аралық логикалық өзара байланыстарының ескерілуін қамтамасыз етілуі;

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

ОӘК оқушыға оқушылар білімінің пән ішіндегі абстракциялау деңгейін алгоритмдік және эвристикалық қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті болатындай деңгейде кезең-кезең бойынша арттыру мақсатында сан алуан түрлі бақыланатын жаттықтыру әрекеттерін орындап отыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

ОӘК-ны әзірлеу мен қолдануға қатысты дидактикалық талаптарды ескерумен қатар ОӘК-ны құрудың сәттілігі мен сапасына әсер ететін бірқатар психологиялық, техника-технологиялық, эстетикалық және эргономикалық талаптардың жүйесіне сай келуі тиіс.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Ары қарай оқу сабақтарының жекелеген түрлерінде қолданылатын ОӘК-ларға қатысты ерекше сипаттағы талаптарды қарастырайық. ОӘК дәрістік сабақтарды, зертханалық-практикалық сабақтарды өткізу саласына барынша кеңінен ендірілуде. Сонымен қатар, студенттердің білім деңгейін бақылау мен тестілеуде де компьютерлік ОӘК-лар пайдаланылады.

Дәрістерде қолданылатын ОӘК-лар түсіндіріліп отырған материалды бейне суретпен, дыбыстық сүйемелдеуі бар анимациялық роликтермен көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс, ұстазға күрделі құбылыстар мен процестерді көрсету, дәрісте құрылып отырған мәтінді, графиканы, дыбысты визуалдандыру құралдарын ұсынып керек.

Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.

Зертханалық сабақтарда қолданылатын ОӘК-ларда оқушыны жұмысқа даярлауды автоматтандыру, жұмысқа кірісуге рұқсат ету, экспериментті орындау, сонымен қатар – қашықтан оқыту, экспериментальді деректерді өңдеу, зертханалық жұмыс нәтижелерін ресімдеу, жұмысты қорғау құралдары болуы керек. ОӘК оқушының өз бетінше жұмысының қарқынын өзгертіп отыруға мүмкіндік беруі тиіс. Мұндай ОӘК-лардың түрлі құбылыстарды не процестерді жеделдетілген не баяулатылған уақыт ауқымында зерттеп отыруға мүмкіндік беретін виртуалды зертханаларды құратын үлгілеуші компоненттері болуы тиіс.

Ауқым (Диапазон; ағылш. band) - берілген шектерде жатқан спектрдің бір болігі. L-, S, С-, Кu және Кa әріптерімен "band" терминінің үйлесімділігі жер үстілік және ғарыштық телекоммуниканиялық қызметтерді атқаратын, қысқа жиілік жолағын корсету мақсатында қолданылады.
Зертханалық жұмыстарда қолданылатын ОӘК-ларда сонымен қатар оқушылардың білімін, біліктілігі мен дағдыларын бақылауды автоматтандырудың қоса ендірілген құралдары болуы тиіс.

Практикалық сабақтарда қолданылатын ОӘК-лар оқушыға өткізіліп отырған сабақтың тақырыбы, мақсаты және оны өткізу тәртібі туралы мәліметтер беріп, әр оқушының білімін бақылап отыруға, оқушыға жауабының дұрыстығы жайлы ақпаратты беріп отыруға, қажетті теориялық материалды немесе міндеттерді шешу әдістемесін ұсынып отыруға, оқушылардың білімін бағалап отыруға, «оқытушы - ОӘК - оқушы» режимінде кері байланысты жүзеге асырып отыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Студенттердің өзіндік жұмыс жүргізуі барысында қолданылатын ОӘК-лардың мазмұны мен құрылымы бір мезгілде теорияны тереңдеп оқуға бағытталумен, оқып отырған пәннің оқу бағдарламасына сай болуы тиіс. Мұндай ОӘК-лар контекстілік-тәуелді анықтамалардың, түсіндірмелер мен көмекші құралдардың анағұрлым толық жүйесінен тұруы тиіс.

Информатика мамандығында оқитын студенттерге арналған «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» пәнінен жоғарыда келтірілген дидактикалық, әдістемелік талаптар негізінде компьютерлік оқу-әдістемелік кешен дайындалды.

Оқу-әдістемелік кешен мәліметтер қорының теориялық негіздерінен, зертханалық сабақтарға арналған тапсырмалардан, мәліметтерді құруға арналаған үйретуші мағлұматтардан, ағымдық және қорытынды тест тапсырмаларынан тұрады. Мәліметтер қоры ақпаратық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады.

Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры мен білім қорының жүйесі кең көлемде таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы қолданылады. Есептеу желілерінің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін арттырып отыр. Клиент/сервер технологиясы мәліметтерге орталықтандырылған қол жеткізу және басқарумен үлестірілген мәліметтерді өңдеуді білдіреді [2].

Осыған байланысты мәліметтер қорының теориясына деген қызығушылық, оқу орындарында мәліметтер қорларын жүйлендірілген, жан-жақты үйренудің, мектептер мен жоғары оқу орындары үшін мәліметтер қорын оқытатын болашақ информатика мұғалімдерін, оқытушыларды дайындаудың қажеттілігі артады.

Мұғалім Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Ұсынылып отырған компьютерлік оқу-әдістемелік кешен қарапайым ұғынықты түрде, көпшілікке арналған мәліметтер қоры теориясының негізгі ұстанымдары, оның жасалуы мен іс жүзінде қолданылуы келтіріледі.

Қорыта келгенде, қазіргі компьютерлік ОӘК-лар білім алушыларға өзіне ыңғайлы болатындай жеке қарқынмен теорияны оқып, экспериментальді зерттеулер жүргізіп, жаттықтыру әрекеттері арқылы практикалық дағдылар мен біліктіліктерді меңгеріп, өзін-өзі бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.
ОӘК-ның бір ғана түрін дәріс оқу кезінде, зертханалық-практикалық сабақтарда, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде, өз бетінше оқуды ұйымдастыруда, сонымен қатар ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізу кезінде қолдануға болады.




  1. Д.И.Абдраимов, Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2005. – 146с.

3. Шекербекова Ш.T. Разработка и применение в учебном процессе компьютерного учебно-методического комплекса по базе данных// Bulletin d'EUROTALENT-FIDJIP, 2014, N 5, p. 21-23.


жүктеу 65.42 Kb.