Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сұңқар” әскери- ойын байқауы

жүктеу 106.55 Kb.



жүктеу 106.55 Kb.
Дата14.09.2018
өлшемі106.55 Kb.

Сұңқар” әскери- ойын байқауы


Қарасу жалпы орта мектебі «Бекітемін»__________ Мектеп директоры: Рай М. 5-6 класс сайыс Бесқауға ауылы 15.03.2013 жыл “Сұңқар” әскери- ойын байқауы І. Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы суреттермен көркем безендірілген.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған) Композитор Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әні баяу ғана естіліп тұрады. Оқу залының ортасында ойын жүретін мөлтек алаң әзірленген (үш ойын жолы, жүргізушінің орны) залдың аяқ жағында оқырмандарға, қонақтарға арналған орындар әзірленген, сахнада төралқа орны әзірленген. Оқырмандар мен қонақтар орындарына отырған соң белгілі дайындалған балалардың орындауында патриоттық ән айтылады. Ән біткен соң жүргізуші ойынды бастайды. Жүргізуші: Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым, Аспандағы байрақтым, Қанша жұлдыз жайнаттың, Қанша бұлбұл сайраттың Қазақстан ардақтым! Армысыздар, құрметті қонақтар және бүгінгі ойынға қатысушы жас достар, ұландар! Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сондықтан болар, халқымыздан өткен Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек сияқты хас батырлар шешен де, би де, ақыл-парасаты биік адамдар ретінде ел ішінде үлкен абыройға ие болған. Біз де бүгінгі байқауымызды жігіттер мен қыздарымыздың білек күшін емес, ақылы мен тапқырлығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып баршаңызды осында жинадық. Ендеше бүгінгі “Сұңқар” деп аталатын әскери теория білгірлерінің ойын-сайысына қош келдіңіздер!..
Әскери теория (Военная теория) - соғыс пен әскери істің жағдайлары туралы немесе олардың даму зандылығы және ерекшелігі жайлы жүйеленген жалпылама білім. Ол әскери практика негізінде қалыптасып, оның мақсаттарына қызмет етеді.
Енді, қымбатты қонақтар, бүгінгі ойынның ережелерімен таныстырып өтейін. Ойынымыздың бірінші сатысы “Қанша білсең, ізден тағы жас сұңқар!
Сұңқарлар (лат. Falconidae) - сұңқартәрізділер отрядының (Falconiformes) жыртқыш құстар тұқымдасы.
” деп аталады. Бұл саты барысында ойынға қатысушы барша оқушылар қауымына бастауыш әскери дайындық пәні бойынша 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушы бір орденмен марапатталады. Сұрақтарға жауап беру тек қана қол көтеру арқылы жүргізіледі. Кім бірінші қол көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығын алады. Кім бірінші қол көтергенін және берілген жауаптардың дұрыс немесе бұрыстығын әскери төрешілер алқасы айтып отырады. Бірінші сатының қорытындылары бойынша ең көп орден жинаған үш оқушы ойынның финалына шығып, бас жүлде үшін жарысты жалғастырады. Егер бірінші сатының қорытындылары бойынша финалға шығу құқығына үш адамнан көбірек оқырмандардың ордендерінің саны бірдей болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтыларын қосымша сұрақтар арқылы іріктейміз. Бүгінгі ойынға қатысушыларға орден тағушы деген абыройлы қызметті үлгілі өнегесі және белсенділігімен танылған оқырман атқарады. Әділдікпен бұл сайысты байқайтын, Туралықтан ешқашанда қайтпайтын -төрешілер алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер (Төрешілер алқасын таныстырып өтеді. Алқа құрамына ардагерлер, қатардағы әскерилер, мектеп әкімшілігі т.б.
Ардагер - құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады.
кіргізілсе іс-шараның оқырмандар үшін беделді болуына қолайлы әсер тигізеді). Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымыздың бірінші сатысын бастайық! (Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды, төрешілерден кім бірінші болып қол көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады. Егер жауап дұрыс болмаса, төрешілерден кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден төрелік етіп шешуді сұрайды. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға орден тағушы (қыз немесе ұл бала) орденін мойнына тағып тұрады). Сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясында “Қазақстан Республикасы егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері іске асырады” деп қай бапта көрсетілген (124 бап) 2.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысы жөнінен Қазақстан азаматтары қандай сатыларға бөлінеді (Шақыруға дейінгілер, шақырылушылар, әскери міндеттілер, әскери міндетті еместер) 3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары. (Жауынгерлік дәстүрлер) 4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды (97) 5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.
Жауынгер - Қарулы Күштер қатарында қызмет ететін адам. Әскери терминологияда “қатардағы жауынгер” деп те аталады. Ағылшын тіліне “militant” деп аударылады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Жарлық - мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді.
Әскери қызмет- мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елінің , отанының алдындағы қасиетті парызы саналады.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.
Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
(Әскери ант) 6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі) 7. Қазақстан Қарулы Күштері құрамындағы құрамы жөнінен дивизиядан кіші тактикалық құрама. (Бригада) 8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады (Тактикалық дайындық) 9. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жаяу әскер құрамындағы бастауыш тактикалық бөлімше.
Дивизия (лат. divisio - бөлу. бөліну) - көптегeн мемлекеттердің қарулы күштері түрлерінің негізгі тактикалық бірлестігі. Дивизия Ресейде және Францияда 18 ғасырдың басында пайда болыл, 19 ғасырда көптеген мемлекеттерде түпкілікті орнады.
Тактика (грекше taktiks - әскерді сапқа түрғызу өнері tasso - сапқа түрғызамын, қатарластырамын) - экономикалық (мысалы, несие-қаржылық, бәсекелік), әлеуметгік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер; іс-қимыл желісі.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Жаяу Әскер - байырғы әскер түрлерінің бірі. Ежелгі заманнан бері ол құрлықтағы әскерлердің ең көп санды және негізгі түрі болып саналып келді. Қазіргі кезде Жаяу Әскерлер броньді әскер және механикаландырылған әскерлердің құрамына кіреді.
(Мотоатқыш бөлімше) 10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. (Маневр) 11. Автоматикалық ату қаруында патронды оқшантайға жеткізу үшін, ұңғы каналын жабу үшін, капсюлді бұзу және гильзаны алу үшін қызмет ететін механизм. (Бекітпе) 12. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар) 13. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді (Аға офицерлер) 14.
Подполковник - әскери атақ. Подполковниктің атқаратын қызметтері: полк командирінің орынбасары, полк штабының бастығы, жеке батальон командирі, әскери-теңіз күштерінде подполковник атағына сәйкес атақтар: 2-рангілі капитан, 2-рангілі инженер-капитан, инженер-подполковник.
Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик) 15. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады (Рота бойынша кезекшіге) 16. Шабуылда сарбаз ненің құрамында қимылдайды (Бөлімшенің) 17.
Сарбаз (парс. сәр - бас, басшы; “баз” жұрнағы қосылып басшыға еруші деген мағына береді) - қатардағы әскер, жасақты қол.
Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылындағы бұл әдіс қарсыластың атысы астында ұрыс алаңында оқ-дәрі мен жүктерді тасымалдауға көбірек қолданылады. (Қырынан жер бауырлап жорғалау) 18. “ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді (Танкке қарсы мина) 19. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады (БТР) 20. АКМ автоматының ұңғы калибрі қандай (7, 62 мм) Қосымша сұрақтар: 1. МОН – 50 деп қандай қару-жарақ түрі аталады (Жаяу әскерге қарсы жарықшақты мина) 2. АҚШ мотожаяу әскери бөлімшесінде қанша адам болады (11) 3. ЗУРО “Ред Ай” қай елдің әскерінің қаруы (АҚШ) 4. “Мардер” қандай және қай елдің әскери қаруы (ГДР – БТР НS-30) Жүргізуші: Қымбатты ұландар! Осымен ойынымыздың бірінші сатысы аяқталды. Енді ордендерімізді санап көрелік. (Сергіту сәтін үзіліс кезінде пайдаланып, төмендегідей сұрақтарға жауап берейік) Жігіттің тоғыз жауы 1.Ұл бала. 1. Басты жауың жалқаулық, Сорлататын жаныңды. 2.
Жалқаулық- адам бойындағы жағымсыз сипат. Жұмысқа мойны жар бермейтін еріншек, бойкүйез, кежірлікті білдіретін мінездегі ұнамсыз сипат. Жалқаулық кежегесі кейін тартқан кежірлік, жайбасарлық. Жалқаулық шабан қозғалысымен, бойкүйездік еріншектігімен, кертартпа кежірлісімен айқындалатын адам мінезіндегі ерекшелік.
Осалдығың аңқаулық, Соқтыратын саныңды. 3. Жасқаншақ болсаң ұры алар, Қоралап қойған малыңды. 4. Жалатқызбас жасықтық, Аузыңдағы балыңды. 5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп, Жоғалтасың арыңды. 6. Өсек терсең телмеңдеп, Жоғалтасың арыңды. 7. Көпірме босқа мақтан қып Түкке тұрмас барыңды. 8. Көрінгенге жалтақтап, Бола алмайсың жағымды. 9. Біреуді алдап арбаумен, Аша алмайсың бағыңды. Жүргізуші: Ержігіттің үш асыл мінезі 2.Ұл бала. 1. Туған елі мен дос-жаранына адал болу. 2. Қара қылды қақ жарған әділетті болу. 3. Қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу. Жүргізуші: Жігіттерге тән алты асыл қасиет: 3.Ұл бала. 1. Зерде-зейіні болсын 2. Өнер өрісі болсын 3. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын 4. Жігер-күші болсын 5. Қайрат қаруы болсын 6. Білімі болсын. Жүргізуші: Бәрекелді, сұңқарлар, ер жүрек азаматтар көп нәрсені біледі екенсіңдер! Қуаныштымыз! Ал, енді, үш немесе үштен көп орден жинаған ұландарымызды ортаға шақырамыз. Финалға шыққан үш оқушыны таныстырады. Егер ордендер саны бойынша үштен артық оқушы шықса, онда жүргізуші қосымша сұрақтар арқылы артық болған ойыншыларды іріктеп шығарады. Құрметті төрешілер және ұландар, финалға шыққан жас білгірлерге екінші сатының, яғни финалдың ережесін түсіндірейік. Финал “Сұңқарлар сайысы” деп аталады. Қазір финалға шыққан әрбір ұлан жинаған ұпайына сәйкес өз қалауы бойынша мына жолдың бірін таңдауға тиіс. Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған ұлан таңдайды. Ал ордендері ең аз болған финалист қалған жолға түседі. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әрбір финалист өзінің жолымен бір сатыға алға жылжиды. Қызыл жол екі сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға екі сұрақ қойылады, оларға дұрыс жауап беру арқылы ол келесі сатыға өтеді. Дұрыс жауап бермесе, ойыннан шығады. Яғни оның қателесуге құқығы жоқ. Сары жолды таңдаған оқушының жолы үш сатыдан тұрады, оған үш сұрақ қойылады. Ол бір рет қателесіп, екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңіске жетеді. Бірақ екі рет қателессе ойыннан шығады. Жасыл жол төрт сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға төрт сұрақ қойылады. Ол екі рет қателессе де келесі сатыға өтеді. Екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңімпаз аталады, ал үшінші рет қателессе ойынмен және бас жүлдемен қоштасады. Егер финалға шыққан оқушыға қойылатын сұраққа ол жауап бере алмаса, онда ол сұраққа жауапты тек қана көрермендер береді. Ал, енді, қырандай қанат қағып қияға ұмтылған ұландар, финалға қош келіпсіздер! Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған қайратты да, зерделі ұлан таңдайды. Қай жолды таңдайсыз Бірінші финалист жолды таңдаған соң оған рахмет айтып, келесі ойыншыларға ретімен жол таңдатады. Финалдық сатымызды бастаймыз да, бірінші сұрағымызды жасыл жолды таңдағанға ұсынамыз. Мұқият тыңдаңыз. 1-сұрақ: Сіз әскери антты қабылдап үлгермеген әскери қызметшісіз делік. Белгілі бір себептермен өрескел теріс іс жасап қойдыңыз. Сізге қандай жаза қолдануға болады және қандай жазаны қолдануға болмайды Жауап: Сөгіс, кезекті сейілдемеден айыру, жұмысқа нарядқа тағайындау болады, гаупвахтаға қамауға бомайды. Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады. Ендігі кезек сары жолға түскен ұланға. Мұқият тыңдаңыз, ұмытпаңыз: сіз бір-ақ рет қателесе аласыз. 2-сұрақ. Сіз ұрыс жағдайында әскери қимыл жүргізіп жатқан бөлімше командирісіз делік.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Сізде штабпен, взвод, рота командирімен байланыс мүмкіндігі бар. Қарсылас кенеттен шабуыл жасады, жағдай туралы кімге баяндауға міндеттісіз Жауап: Аға командирге, яғни взвод командиріне.
Командир - әскери құрамаларда, бөлімдерде немесе әскери мекемелерде әкімшілік қызмет атқаратын ресми атағы бар адамдар - генералдар, офицерлер, прапорщиктер, сержанттар. Командир бейбіт уақытта және соғыс кезінде әскери құрамаларға, бөлімдерге, кемелерге, батальонға, ротаға, взводқа басшылық етеді.
Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады. Ал ендігі сұрақтың кезегі ешбір қателеспей жауап беруге міндетті болған ұланға келіп жетті. 3-сұрақ: Сіз окопта танктерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан сарбазсыз делік.
Танк (ағылш. tank ) - түгелдей сауытты, шынжыр табанды соғыс машинасы. Танк снарядымен әртүрлі нысаналарды қиратады; сенімді сауыты мен арнаулы қорғаныш қалқандары қирату құралдарынан сақтайды және өзінің оралымдылығы арқылы бөгет-кедергілерден еркін өтеді.
Егер окопқа, не гранат лақтырмақ болып тұрған жерге танк жақындап келе жатса, гранат лақтыру үшін танктің қанша метр қашықтыққа жақындап келуін тосуыңыз қажет. Егер гранатыңыз танкті тоқтатпаса сіздің әрекетіңіз қалай болуы керек Жауап: 25-30 метр, окоптың түбіне жата қалу, не бір жағына қарай жалт береді. Танк жүріп өткен соң, тез қарғып тұрып оның осал тұсына гранат лақтырады. Қираған танктің экипажы одан түсуге ұмтылғанда, оны автоматпен атып жояды. Жауап дұрыс болса, келесі сатыға қошеметтеп өткізеді, бұрыс болса ойын алаңын қалдырып кетуді жұбатып ұсынады. Осындай ретпен жүргізуші келесі айналымды бастайды. Сөйтіп ойынның жеңімпазы анықталады. 2-айналымның сұрақтары: 1-сұрақ: Ұшу жылдамдығы 150 мс шамадан асатын нысандарға қолданылатын ату әдісі қалай аталады Жауап: Бөгей ату. 2-сұрақ: Бұл әскери нысандар мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас болып сараланады, танкке қарсы жаяу әскерге қарсы, кемелерге қарсы болуы мүмкін.
Кеме - мұхитта немесе теңізде не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да істерге арналған су көлігі.
Жауап: Инженерлік бөгеттер 3-сұрақ: КМТ-SТ техниканың түрі ме немесе жабдық па Ол не үшін қолданылады Жауап: Табанжолдық миналық трал жабдығы. 3-айналымның сұрақтары: 1-сұрақ. Сіз кімсіз Бөлімше құрамында мынадай іс-қимыл жасайсыз: қару-жарақты, оқ-дәріні, көздеу аспаптарын, оқтау мен бағыттау тетіктерін қарайсыз;
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Аспап - адамның күнделікті тіршілігінде қолданылатын құрал немесе машинаның белгілі бір жұмыс атқаратын тетігі. Аспаптың кесетін (кескіш, бұрама тескіш, кергі, фреза т.б.), жағатын (штамп, дөңгелетпе т.б.)
ақауларын жөндейсіз; көздеу аспаптарын және қосарланған пулеметтің мұқият тексерілуін қарайсыз, бақылау аспаптарының жөндемділігін, құрал-сайман мен қару-жарақтың запас бөлшектерінің болуын тексересіз.
Пулемет - жердегі және әуедегі нысаналарды оқпен жоюға арналған автоматты шапшаң атылатын қару.
Жауап: Көздеуші-оператор. 2-сұрақ. Бұл қандай әскери ұйым Бейбіт уақытта басқа әскерлер мен әскер жасақтамалары штабтарымен бірге бірлескен іс-қимылдың нұсқаларын жоспарлайды және іс-қимылды ұйымдастырады. Жауап: ҚР Қарулы Күштерінің Бас Штабы 3-сұрақ. Бұл қандай әскер Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнбе-күнгі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған әскер бөлімдері мен бөлімшелері. Жауап: Арнайы әскер. Жүргізуші: Қымбатты көрермендер және ұландар! Бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетті. Сіздердің барлығыңызға үлкен-үлкен табыстар, егемен елімізге тыныштық пен береке тілей отырып, бүгінгі ойын-байқауымызды Ұлықбек Есдәулеттің мынандай керемет сөздерімен аяқтағым келеді: Шаңырағың – шырағым, Топырағың – тұмарым, Ғаламда жоқ сыңарың, Ғажайыбым, жұмағым, Басы таза бұлағым, Басылмайтын құмарым, Қазақстан – қыраным! Соңында патриоттық әндер мен Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясында
  • Кеңес Одағы

  • жүктеу 106.55 Kb.