Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтын тақырыбы : Компьютер әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің құрылғылары, міндеттері мен мүмкіндіктері

жүктеу 23.32 Kb.



жүктеу 23.32 Kb.
Дата09.04.2018
өлшемі23.32 Kb.

Сабақтын тақырыбы : Компьютер әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің құрылғылары, міндеттері мен мүмкіндіктері


Алматы облысы Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі ШОНКИНА ГУЛЬСАРА НУРМУХАМБЕТОВНА Сабақтын тақырыбы: Компьютер - әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің құрылғылары, міндеттері мен мүмкіндіктері Сабақтын мақсаты: Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктары және қосымша құрылғыларының міндеттерімен, ЭЕМ-нің мүмкіндіктерімен таныстыру Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат болуға бейімдеу Дамытушылық: Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу, оқу материалынан ең бастысын, мазмұнын ажырата білу қабілетін дамыту.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті.тақта, электронды оқулық. Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3. Үй тапсырмасын пысықтау 4. Жаңа тақырып 5. Жаңа тақырыпты бекіту 6. Қорыту, бағалау 7. Үйге тапсырма І. Ұйымдастыру А) Оқушылармен сәлемдесу Ә) Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру Б) Сыныптың тазалығына назар аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сиқырлы лупа. Лупаның көмегімен жасырылып тұрған құрылғыларды көрсетіп, сол құрылғы туралы ақпарат алу. Не Қайда Қашан Интерактивті тактаға шығып, активқаламмен кестені баяндай отырып, толтыру ЭЕМ-нің буындары. Алдын ала берілген сөздерді кестеге тиісті буынның қатарына апарып орналастыру. ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау Активойт құрылғысының көмегімен тест алу ІV. Жаңа сабаққа кіріспе Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыптың атын ашу V. Жаңа тақырып. Компьютердің негізгі блоктарымен, яғни компьютердің бірнеше электр құрылғыларынан тұратынын, ДК-дің мүмкіндіктерін атап өту. Озық оқушыларға интернеттен әр құрылғының міндеттері туралы алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындап келген баяндамаларын тындау.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Оқушылардың жұмысын толықтыра отырып, компьютерлдің қосымша құрылғылары туралы ақпарат беру. VI. Жаңа тақырыпты тақырып бойынша тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Құрылғылардың атқару міндеттеріне байланысты тиісті бөлігіне орналастыру. Себеттің ішіндегі бөлшектерден пернетақта құрастырып, бөліктерінің аттарын дұрыс орналастыр SinKaz электрондық оқулықтан құрылғылардың міндетін оқып шығып, тест бөлігінде тест тапсыр. VII. Қорыту. Бағалау VIII. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, дайындалу. Альбомға құрылғылардың суретін салып, атқаратын міндеттерін сол бойынша баяндау.

  • Әдептілік ережелерін

  • жүктеу 23.32 Kb.