Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың түрi: Аралас Сабақтың әдiсi: Ауызша, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс

жүктеу 54.7 Kb.



жүктеу 54.7 Kb.
Дата05.04.2017
өлшемі54.7 Kb.

Сабақтың түрi: Аралас Сабақтың әдiсi: Ауызша, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс



Сабақтың тақырыбы:  Аналық тақшаның ішкі және сыртқы интерфейсі
Сабақтың мақсаты:
а) бiлiмдiлік: Оқушыларға жүйелік блоктың құрылысы және олардың атқаратын қызметтері жөнінде түсінік беру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттері мен компьютерлік сауаттылықтарын жан-жақты дамыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
б) тәрбиелiк: Жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениеттерінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасау.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Сабақтың түрi: Аралас

Сабақтың әдiсi: Ауызша, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс.

Сабақтың материалдық-техникалық құрал-жабдықтары, көрнекiлiгi: Интерактивный тақта, ДЭЕМ,  жүйелік блок және оның бөліктері мен тетікбөлшектері.


Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:  5   минут
•    Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу.
•     Сабаққа кірісу.
2. Кіріспе нұсқау:     20     мин
  а)  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.


б) Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру

3. Видеоролик көрсету 7 мин

4. Жүйелік блокты құрастыру 5 мин

5. Жаңа тақырып бойынша сұраққа жауап беру 6 мин

6. Қорытындылау. 2 мин

Жаңа сабақ.
Дербес компьютер – әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, пернетақта) қажетінше өзгертуге болады.
Жүйелік блок негізгі құрылғы болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады.
Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары:

o    Аналық тақша


o    Процессор немесе микропроцессор
o    Жедел жады (ОЗУ)
o    Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыш o    Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі
o    СD және DVD дискі жетектері
o    Бейнесызбалық бейімдеуіш
o    Дыбыстық тақша
o    Желілік тақша
o    Енгізу-шығару порттары
o    Қоректендіру блогы

Аналық тақша – Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық малімет аналық  тақша арқылы өңделеді.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер- жолдар желісімен қапталған. Олардын бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотка қосыла алады.

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады.

Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. (2-сурет)

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш орнатылады.


Жедел жады (ОЗУ) – немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер, Hard disk Drive (HDD)) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютердің көпшілігі құрамдас тұрақты жадымен жабдықталған. Оларға қосымша программалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады. Винчестердің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен, гигабайтпен және терабайтпен өлшенеді.

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo - желдету) - өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы.

Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.

Қазіргі кездегілерінің сыйымдылығы 80-500 Гб, 2 Тб және одан да үлкен болады.

Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі – 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.

Алынбалы дискі (ағылш. floppy disk - иілгіш дискі) - бұл деректердің шағын көлемі сиятын тасымалы дискі.

(6-сурет) Сыйымдылығының аз мөлшерлігіне байланысты қазіргі кезде пайдаланылмайды деуге болады.

СD және DVD дискі жетектері – мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге», прожиг) және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыйяды.


Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады.

Бейнесызбалық бейімдеуіш (видеокарта) – кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар.

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.

«Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Дыбыстық тақша – компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Ойын (Игра; game) - 1) ойын теориясында - тайталасушы екі жақтың мінез-құлық моделі. Антагонистік және антагонистік емес ойындарды, сонымен қатар табиғатқа қарсы екінші жақтағы ойындарды айрықшалайды; 2) есептеу техникасында - белгілі бір ойын алгоритмі бойынша үйрету, жаттықтыру, жағдайды ұқсаттыру (компьютерлік іскерлік ойындар) мақсатында, сонымен қатар көңіл көтеру мақсатында (компьютерлік ойындар) адамның компьютермен әрекеттестігі.


(9-сурет)

Желілік тақша – компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар. Ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер. (10-сурет)

Енгізу-шығару порттары – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.

Қоректендіру блогы –220-230 вольтті айнымалы токты төменгі кернеулі тұрақты токқа айналдырады.

Порт (француз тілінде port, латын тілінде portus - гавань, айлақ) - 1) су толқындарынан табиғи не жасанды тосқауылдармен қорғалған, кемелердің аялдауына, оларға әр түрлі қызмет көрсетуге, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етуге арналып салынған теңіз, өзен, көл не су бөгені жағалауының сумен шектескен бөлігі.

Айнымалы ток, кең мағынасында - бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі.

Түрлі-түсті сымдар (проводтар) кернеу мөлшерлерін айқындайды: сарыға 12В, қызылға 5В, қараға 0.


Ә) Кіріспе нұсқауды пысықтау
Өткен сабақтардың тақырыптарына жалпылама түсіндірме жасап, оны қайталап пысықтау. Берілген сұрақтарға толықтай жауап беру.

    Оқушыларға қойылатын сұрақтар:


1     Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларына қандай құрылғылар жатады?
2    Аналық тақша дегеніміз не?

3 Аналық тақшаға қандай құрылғылар жалғанады?  


4   Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының бірі

5 Дербес компьютердің қосымша құрылғыларының бірі


6  Процессор немесе Микропроцессор дегеніміз?

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

7 Винчестор және оның сыйымдылығы?

8 СD және DVD дискі жетектері?

9 Бейнесызбалық бейімдеуіш жадының атақаратын қызметі?

10 Дыбыстық тақша – дегеніміз?

11 Желілік тақша?

12 Жүйелік блоктың енгізу-шығару порттарына қандай құрылғылар жалғанады?

13 Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас?

 ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 2 мин.

1. Құрал – жабдықтарды пайдалану, жұмыс орындарын дайындау


2.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Жүйелік блокты құрастыру тәсілдерінің дайындығына назар аудару және өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдарын түсіндіру
3. Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

V. Қорытынды нұсқау: 5  мин


А) Сабақты  қорытындылау
Нені білетін едік: Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын, атап айтқанда негізгі құрылғыларға монитор, жүйелік блок, пернетақта, ал қосымша құрылғыларына тышқан, принтер, сканер, колонкалар, джойстик, веб камера және т.б.
Осы сабақта не түсіндік: Жүйелік блоктың құрылысын танып білдік.
Келесіде нені білуіміз қажет: Жүйелік блоктың ішкі тқұрылғыларын ауыстырып жалғауды.
Ассоциация әдісі арқылы жүйелік блок құрылғыларының атын жазу.

    Оқушылардың жұмыстарын қорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырған жеке оқушыларды атап өту.


    Жіберілген қателіктерге тоқталып, қажетті нұсқаулар беру.
    Оқушылар сұрақтарына жауап беру.
    Оқушыларды бағалап, бағаларын журналға түсіру.

Ә) Үй тапсырмасы



1. Жаңа сабақты қайталау
2. Аналық тақшаның құрылғыларын құрастыру
3. Кесте толтыру және қысқаша жазылған конспект мен оқулық бойынша дайындалулары қажет.

Оқушыларға «Сабаққа қатысты сұрақтарың бар ма?» –деп пысықтап, сұрақтар бар болса – жауап беремін.

  • Жауапкершілікке
  • Оқушыларға қойылатын сұрақтар
  • Дербес компьютердің

  • жүктеу 54.7 Kb.