Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы:Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Сабақтың мақсаты: 1/ Білімділік

жүктеу 89.83 Kb.



жүктеу 89.83 Kb.
Дата15.03.2019
өлшемі89.83 Kb.

Сабақтың тақырыбы:Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Сабақтың мақсаты: 1/ Білімділік



Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Базартөбе орта жалпы білім беретін мектебі

Жұмиева Жанна Құбашқызы


Сабақтың тақырыбы:Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

Сабақтың мақсаты: 1/ Білімділік.

Оқушылардың Paint графиктік редакторы тарауындағы

үзінділермен жүргізілетін әрекеттер тақырыбы бойынша

алған білімдерін нығайту, тиянақтау,бір жүйеге келтіріп

қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

2/ Дамытушылық.

Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін

қалыптастыру,шығармашылыққа баулу, өз ойын

тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген

қызығушылығын арттыру.

3/ Тәрбиелік.

Өз елін, тілін сүюге, шыншыл болуға,бірін-бірі сыйлауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сот сабағы.

типі:қорытындылау сабағы.

әдісі: деңгейлеп саралап оқыту,кубизм стратегиясы,топтастыру, тест.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,компьютер, жеке карточкалар, тест

Пән аралық байланыс: құқық негіздері,әдебиет.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.



  • амандасу, түгендеу

  • құрал – жабдықтарын түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

Төреші: / класс жетекші/.

Айыпталушылар: оқушылар.

Қорғаушы: /тақырыпты жақсы меңгерген оқушы сайланады/.

Сот хатшысы: /оқушылардан сайланады/.

Сот хатшысы: Тұрыңдар! Сот келе жатыр! Отырыңдар!

Төреші: Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған білім беру кодексі бойынша қаңтар айының 19-нан бастап ақпанның 9- на дейінгі аралықта қабылданған Paint графиктік редакторы заңының үзінділермен жүргізілетін әрекеттер бөлімі бойынша 7а класс оқушыларының осы бөлімді толық қабылдап, игергендері бойынша ақталады. Сот ашық!



ІІ. Жазасына байланысты айыпталушыларды үш деңгейге бөлемін.

І . Жазасы жеңіл ІІ .Жазасы орта ІІІ.Жазасы ауыр

деңгейде деңгейде деңгейде

Төреші: Айыпталушылар! Жазаларыңыздан құтылу үшін Paint графиктік редакторының әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын еске түсіру үшін барлығымыз бірге жұмыстанып аламыз.



Кубизм стратегиясын қолдану.

Куб фигурасының қабырғаларына графикалық редактордың құралдары салынған.Фигураны лақтыру арқылы ,түскен құралға сипаттама беру.



ІІІ. Жазасы жеңіл деңгейдегі оқушыларға сөзжұмбақ беру .

Төреші: Айыпталушылар!... Сіздер шындықты, тек шындықты айтуға уәде бересіздер ме ? Сот барысында қаншалықты шындықты айтатындарыңыз мына сөзжұмбақты шешулеріңе байланысты болмақ.








7






1

с

у

Р

е

т










2

н

A

д

п

и

с

ь




3

s

h

I

f

t







6




4

e

N

t

e

r







5

п

а

л

и

T

р

а










е







ч







а







т







ь



Сұрақтары:

1/ Paint қызметі ... салу.

2/ Суретке мәтін ендіру құралы.

3/ Жазба әріптерді үлкен әріпке өзгертетін перне.

4/ Енгізу пернесі.

5/ Paint терезесінің төменгі сол жағында түстер таңдайтын көрсеткіш.

6/ Баспаға шығару үшін Файл - ... командасын орындаймыз.

Нәтижесінде “PAINT” сөзі шығу керек.



Жазасы орта деңгейдегі оқушыларға

тапсырмалар жазылған карточкалар беру

Төреші: Айыптылар ... Сіздер, Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған № 1 - №4 баптары бойынша жазаланасыздар.

Қазақстан Республикасының парламентімен қабылданған Paint графиктік редакторы заңының №1 бабы бойынша жазаланамын:

Телефон үзіндісін көшіру және бұру арқылы толықтырып сал.

Қалған оқушыларға балық, кілт, саңырауқұлақ суреттері берілді.

Жазасы ауыр деңгейдегі оқушыларға тапсырмалар жазылған карточкалар беру

Төреші: Айыптылар... кінәсіз екендіктеріңді дәлелдеуге ортаға шақырыласыз. Кінәсіз екендігіңізді дәлелдеңіз. Айыпты тақтаға шығып қолындағы карточкасындағы жазылған тексті оқуды былай бастайды:



Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған №1 бап 4 тармағы бойынша жазаланамын:Жұмбақтың шешімін тап. Оны үш рет көшір .Соңғы көшірілген үш суретіңді тағы да 2 рет көшір. Ортадағы суреттің көлемін кішірейт.

Ішінде су,Үстінде бу.

Тоймай жұпар иісіне,Ішесің сүйсіне. Бұл не ? /тасқұман/


Қалған оқушыларға да осыған ұқсас тапсырмалар берілді.

ІV.Төреші: Айыптылар ... кінәсіз екендіктеріңді дәлелдеуге уақыт таяды.

Тапсырмаларды болған оқушылармен электрондық оқулықтан 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындау.

1. Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз ?

1) Пуск – программы – стандартные- игры- Paint

2) Пуск – программы – стандартные- Paint*

3) Пуск – программы – Paint

4) Пуск – программы –Wordpad – Paint

2. Фонның түсін таңдау үшін

1) қажетті түске маустың оң батырмасын басамыз.*

2) қажетті түске маустың сол батырмасын басамыз.

3) қажетті түске маустың сол және оң батырмасын басамыз

4) Дұрыс жауап жоқ.

3. Paint графиктік редакторында ақырғы қанша әрекетті орындамауға болады ?

1) 2 2) 3* 3) 4 4) 1

4. Paint графиктік редакторын іске қосқанда үнсіз келісім бойынша кескін түсі қандай болады?

1) ақ 2) қара* 3) қара сұр 4) түссіз

5. Палитра не үшін қолданылады ?

1) графикалық редактор терезесінде салынған суреттерді негізгі және

фондық түстерге бояу үшін*

2) салынған суреттерді тек негізгі түспен бояу үшін

3) салынған суреттерді тек фондық түспен бояу үшін

6. Paint программасы қандай редактор ?

1) мәтіндік

2) графиктік*

3) электрондық кесте

7. Paint программасының бірінші терезе элементтері ?

1) Жұмыс аймағы

2) меню

3) тақырып*



4) құралдар тақтасы

8. Суреттің бөлінген бөлігі қалай аталады ?

1) палитра

2) түс


3) меню

4) құралдар 5) үзінді*

9. Үзіндіні жылжыту үшін қандай командалар орындалады ?

1) правка – копировать

2) правка – вырезать*

3) правка – вставить

10. Суреттің ең бірінші рет сақтағанда қандай команданы пайдаланамыз ?

1) файл – сохранить

2) файл – сохранить как*

3) файл – создать 4) файл - открыть

Тапсырмаларды орындау барысында төреші тапсырмалар бойынша сұрақтар қойып отырады, ал қорғаушы айыптаушыны қатесіз орындағаны туралы айтып өз бағасын ұсынуы керек. Орнына отырарда айыпты соттың әділ шешілуіне әбден сенетінін айтады немесе төрешінің әділ болуын өтінеді.

V. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Төреші: Айыптылар ... ! Сіз шындықты айтуға уәде бересіз бе ? Сіздің қаншалықты шындықты айтатыныңыз мына тапсырманы орындауыңыздан анықталады.

І-ші топқа


Саңырауқұлақтың жартысы үзіндісін сал.Үзіндімен әр түрлі әрекеттерді орындай отырып (көшіру,жылжыту, созу, еңкейту,бейнелеу айналдыру), саңырауқұлақ тобын жаса. Қарындаш құралының көмегімен дұрыс келмеген жерлерін түзе. Егер қажет болса, суреттің масштабын үлкейтіп қарап шық. Шөпті сал.

ІІ-ші топқа


Бөгде планеталықтар. Геометриялық фигуралардан (шеңбер,тік төртбұрыш,

үшбұрыш,шаршы,эллипс,радиусы кішкене шеңбер) композиция құр. Фигураларды бұруға және еңкейтуге болады.




ІІІ-ші топқа

Қуыршақтар(матрешкалар).Сызық,Қисық сызық, дөңгеленген тік төртбұрыш құралдарының көмегімен ең үлкен матрешканың жартысын сал.

Оны көшір де, солдан оңға бейнесін түсір. Матрешканың жартыларын қос.Бірінші матрешканы 4 рет көшір.Созу/Еңкейту командаларының көмегімен әрбір көшірменің өлшемін өзгерт.Үзінділерді жылжыта отырып,матрешкаларды бойына қарай бір қатарға орналастыр.




VI.Топтастыру арқылы қорытындылау. Төреші: Айыптылар... сіздер осы бөлімді толық қабылдап, игергендерің ,жазадан толығымен құтылғандарың мына тапсырманы орындауларыңнан көрінеді.



VІІ. Оқушыларды бағалау: Қазақстан Республикасының парламентімен қабылданған білім кодексі бойынша айыптылар ... кінәсіз екендіктері толық дәлелденді.Кінәсіз кінәлағаны үшін мемлекет қаржысынан аз мерзімде 5 мың тг. көлемінде компенсация төленсін.

  • Қазақстан Республикасының парламентімен қабылданған білім кодексі бойынша айыптылар .... кінәсіз екендіктері

дәлелденді!Кінәсіз кінәлағаны үшін мемлекет қаржысынан аз

мерзімде 4 мың тг. көлемінде компенсация төленсін.



  • Қазақстан Республикасының парламентімен қабылданған білім кодексі бойынша айыптылар ......

бос уақыттарынан 3 сағат конфискацияланып кінәсін толық жойғанша ИЕТ кабинетіне қамалсын.

Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылданған білім беру кодексі бойынша қаңтар айының 19-нан бастап ақпанның 9- на дейінгі аралықта қабылданған Paint графиктік редакторы заңының үзінділермен жүргізілетін әрекеттер бөлімі бойынша 7а класс оқушыларын кінәсіз деп жариялаймын!



VІ. Үй жұмысы.

Келесі отырыста осы мәселе бойынша жеке практикалық жұмыс болады. Дайындалып келіңдер! Сот аяқталды! Боссыздар!





  • ІІ. Жазасына байланысты айыпталушыларды үш деңгейге бөлемін.
  • Кубизм стратегиясын қолдану .
  • ІІІ. Жазасы жеңіл деңгейдегі оқушыларға сөзжұмбақ беру .
  • Жазасы орта деңгейдегі оқушыларға тапсырмалар жазылған карточкалар беру
  • Жазасы ауыр деңгейдегі оқушыларға тапсырмалар жазылған карточкалар беру
  • ІV.Төреші: Айыптылар ... кінәсіз екендіктеріңді дәлелдеуге уақыт таяды. Тапсырмаларды болған оқушылармен электрондық оқулықтан 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындау.
  • V. Деңгейлік тапсырмалар беру. Төреші: Айыптылар ... ! Сіз шындықты айтуға уәде бересіз бе Сіздің қаншалықты шындықты айтатыныңыз мына тапсырманы орындауыңыздан анықталады.
  • VI.Топтастыру арқылы қорытындылау.
  • VІІ. Оқушыларды бағалау
  • VІ. Үй жұмысы. Келесі отырыста осы мәселе бойынша жеке практикалық жұмыс болады. Дайындалып келіңдер! Сот аяқталды! Боссыздар!

  • жүктеу 89.83 Kb.