Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: «Вирусқа қарсы программалар. Ақпараттарды қорғау.»

жүктеу 34.65 Kb.



жүктеу 34.65 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі34.65 Kb.

Сабақтың тақырыбы: «Вирусқа қарсы программалар. Ақпараттарды қорғау.»



 

Сабақтың тақырыбы: «Вирусқа қарсы программалар. Ақпараттарды қорғау.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

»

6 сынып


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «компьютерлік вирус» түсінігі туралы, вирустың пайда болудың негізгі белгілері, вирусқа қарсы бағдарламаларды тағайындау, вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлерін айыра білуін қалыптастыру, компьютердегі вирустың бар - жоғын тексеру, ақпараттың қорғалу тәсілі туралы білімдерін меңгерту.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.


Дамытушылық: елестете алуын, ынтасын, басты, маңызды ерекшелігін көрсете алуын, ой өрiсiн дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, коммуникативтік дағдысын, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу
Бағдарламалық - дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор, Windows ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар.

Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.


Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту; жаттығу жасату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы бекіту
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны:
1. Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200 - ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады).

Вирус - басқа программалар мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды «бүлдіретін» компьютерлік шағын бағдарлама (1-2 Кб) немесе макрос. Зақымданған мәліметтерді жедел жадқа жүктеуде онда орналасқан басқа файлдарға өтіп, оларға да зақым келтіре алады.

Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады
2. Компьютерлік вирустың 3 қағидасы:
Біріншіден, вирустар өз - өзінен пайда болмайды.- оларды компьютерлік хакерлер құрады да мәліметтерді желі бойынша жібереді немесе таныстарының компьютерлеріне салады.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.


Екіншіден: вирустар өз - өзінен сіздің компьютеріңізде пайда болмайды - ол не болмаса сыртқы тасымалдаушы (флэшь - тасымалдаушы, сыртқа қатты диск, компакт - диск...) арқылы немесе оны компьютерлік желіден кездейсоқ жүктеп алған.
Үшіншіден: компьютерлік вирустар тек компьютерді ғана зақымдайды одан басқа ешнәрсе емес, сондықтан да одан қорқудың қажеті жоқ - пернетақта, тінтуір және басқа да құрылғылар арқылы берілмейді (жұқпайды).
3. Вирустардың әрекеті 3 кезеңнен тұрады:
1. Зақымдану (компьютерге түсу);
2. Көбею (вирусты код басқа бағдарламалармен көбеюі мүмкін);
3. Вирусты шабуыл (жеткілікті түрде бағдарламалық вирус көшірмесі пайда болған кезде бұзылу жүзеге аса бастайды: бағдарлама жұмысы мен ОЖ, қатты дискіден ақпараттардың жойылып кетуі

1. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандардан басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.

Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.


2. Вирустардың компьютерге кіру жолдары:
• Internet ғаламдық желі
• Электрондық пошта
• Жергілікті желі
• «Жалпы тағайындалған» компьютерлер
• Бағдарламалық жабдықтау қарақшысы
• Жөндеу қызмет көрсетулері
• Зақымданған файлы бар алмалы - салмалы жинағыш
• Вирусы бар қатты диск
• Алдыңғы пайдаланып кеткендерден қалған вирус

3. Компьютердің зақымдалу белгілері бар болып жатқандағы әрекет


• Компьютерді егер ол жергілікті желі мен интернетте қосылған болса өшіру;
• Егер зақымдану белгілері салдарынан компьютердің қатты дискісін жүктеу мүмкін болмай жатса, (компьютерді қосқан кезде, қате деп танылып жатса), істен шығудан қорғаныс режимінде жүктеп көріңіз немесе Windows апатты дисктен жүктеңіз;
• Вирусқа қарсы бағдарламаны жүктеу.

1. Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программисттер: Д. Лозинский, Д. Мостовой, И. А. Данилов, Н. Безруков және т. б.


2. Вирустан қалай қорғануға болады?
• Өзіңіздің ДК - ге вирусқа қарсы бағдарламаны орнатыңыз.
• Басқа компьютерден келген тасымалдаушы құралдан вирусын тексеріңіз;
Ақпаратты көрмей тұрып, архивтелген архивтік файлдан кейін вирусын тексеріңіз (вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы бірдей зиян тарататын кодты іздемеуі мүмкін немесе оны дұрыс емес жасауы мүмкін);
• жүйелі түрде компьютердің вирусын тексеріп тұрыңыз (егер Интернетті белсенді қолдансаңыз - аптасына бір рет, болмаса одан да жиі жүктеңіз);
• маңызды ақпараттың резервті көшірмесін жиі жасап тұрыңыз (backup);
• егер компьютер Интернетке қосылған болса, вирустан қорғау файервол (firewall) бағдарламамен бірігіп қолданыңыз;
• html - бетінің ішіндегі белсенділігі бар іске қосуға тыйым салу үшін (Интернет бетін көру бағдарламасы) браузерді жүктеңіз
3. Вирустық программалар компьютердегі вирустарды табуға, жоюға және одан қорғануға мүмкіндік береді. Ондай программалардың бірнеше түрлері бар, атап айтқанда:
детектор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін табуға негізделген);
доктор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін тауып қана қоймай, оны «емдеуге» арналған);
фильтр−программа (компьютермен жұмыс жасау барысында вирустың бар болуын алдын ала хабарлауға негізделген);
ревизор−программа (вирустан белсенді, әрі сенімді түрде қорғауға арналған).

ІV. Компьютермен жұмыс


Практикалық жұмыс «Вирустан қорғау бағдарламамен жұмыс»
1. Вирустан қорғау бағдарламаны іске қосыңыз.
2. Базаны жаңартуды орындаңыз
3. Программаның қосымша бет терезелерімен танысыңыз
4. Менің құжаттарым папкасына тексеріс орнатыңыз
5. Сканерлеуді іске қосыңыз
6. Сканерлеу аяқталған соң қорытындысын сараптаңыз

V. Сабақтың қорытындылау кезеңі


Сұрақтар:
• Компьютерлік вирус деген не?
• Вирустың пайда болу белгілері
• Компьютерлік вируспен күрес бағдарламасы
• Компьютерлік вирустан қорғану әдісі
• Компьютерлік вирус түрлері мен негіздері қандай?

VI. Бағалау кезеңі


Сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына баға беру.

  • Компьютерлік вирус

  • жүктеу 34.65 Kb.