Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер

жүктеу 42.01 Kb.



жүктеу 42.01 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі42.01 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер


Пәні: Информатика Сынып: 7 «а» Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер Сабақтың білімділік мақсаты: операциялық жүйенің қызметі, құрылымы мен жүктелу тәсілі туралы түсінік беру, ОЖ – нің міндеті мен қызметтерін, бұйрықтық жолы бар интерфэйс пен графикалық ОЖ – нің ұғымдарын , қазіргі ОЖ – ге қойылатын талаптарды, ОЖ – нің қызметтерін анықтауды, бірнеше ОЖ – ні атауды, сипаттамаларын беруді үйрету Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға операциялық жүйе тақырыбын ұғындырумен қатар, компьютер алдында жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамытумен қатар, сабаққа деген қызығушылығын оятып, сабақта түрлі әдістер қолдану арқылы сана – сезімін арттыру Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: көрсетіп-түсіндірмелі баяндау, практикалық Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, планшет, стикерлер, «Операциялық жүйе» элементі, АКТ Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. (Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру, сабаққа зейінін аудару) ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Қар үйіндісі» ойыны. Оқушылар парақшаға өткен тақырып бойынша сұрақ жазады. Қарсы топтағы оқушыларға сұрақтарын лақтырады. Әр оқушы өзіне берілген парақшадағы сұраққа жауап береді. Кейін сұрақ қоюшы толықтырып, екі жауап бір жауап болады. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі. (Екі топ бір – бірін бағалау) ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. (Алдымен оқушыларға ОЖ жөнінде видеоролик ұсынылады) Оқушылардан видеороликтен түсінік сұралады. Операциялық жүйе – бұл программалық жабдықтама мен қолданушының , программалық жабдықтама мен қолданушының , программалық жабдықтама мен компьютердің аппаратурасының араларында өзара іс – әрекетті қамтамасыз ететін программа. ОЖ – нің қызметтері: Мәліметтердің енгізілу – шығарылуын жабдықтау, оларды басқару; Қолданушымен сұхбат жүргізу; Программаларды өңдеу үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыру; Компьютерлік жадтың ресурстарын жұмыс істейтін программа арасында үлестіру;
Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.
Қолданбалы программаларды орындап және олардың жұмыс істеуін жабдықтау; Компьютерге жұмыс жасау; Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары арасында делдал болу Компьютер қосылған соң ОЖ жедел жадқа жазылады және ЖЖҚ – да орналасады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады. ІV. Постер қорғау. (Оқушыларды конфет таңдай арқылы, екі топқа бөлеміз. Конфет сыртында топ атауы жазылған) Windows тобы және Lunix тобы. Екі топ оқушылары топ атаулары бойынша постер қорғайды. (Екі топ қорғаған жұмыстарын бағалайды.) V. Полиглот. Сергіту сәті Оқушылар берілген сұраққа қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жауап беруі тиіс. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз (ақпарат, информация, information) Терезені жабу батырмасының аты (жабу, закрыть, exit) Windows дегеніміз не (ОЖ, ОС, operation system) Құжатты сақтау батырмасының аты (сақтау, сохранить как, Save as) Қажет емес пернені алып тастау пернесі (алып тастау, удалить, Delete) Желіге кіру үшін жасырып бүркеме (пароль, құпиясөз, Password) Жұмыс істеу алаңы.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
(терезе, окно, Window) Программадағы немесе құрылғыдағы ақау (қате, ошибка, Error) Енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, Keyboard) Компьютерді басқару құрылғысы (тышқан, мышь, mouse) VІ. Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасау. Жұмыс үстеліндегі белгілердің орналасу ретін өзгертіңдер. Ол үшін экранның бос орнында тінтуірдің оң жақ батырмасымен контекстік мәзірді шақырып, Түр – Белгілерді автоматты түрде реттеу бұйрықтарын таңдаңдар. (12 – сурет) Жұмыс үстелінен белгілерді жасырыңдар. Белгілерді бейнелеңдер. Пайлануға болатын гаджеттерді көріңдер. Күнтізбе гаджетін қосыңдар. 12 – сурет. Түр бұйрық бөлімі В деңгейі Өз компьютерлеріңде орнатылған операциялық жүйе нұсқасын қарап шығыңдар. (Компьютер – Жүйе қасиеттері) (13 - сурет) А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
13 – сурет. Жүйе туралы мәліметтерді қарап шығу. С деңгейі Өз компьютерлеріңнің жүйесі туралы мәліметті қарап шығыңдар. Іске қосу – Программалар – Стандартты – Қызметтік – Жүйе туралы мәлімет (14 – сурет) Жекелеу бұйрығының көмегімен Жұмыс үстеліндегі белгілерді және тінтуірдің сілтемесін өзгертіңдер. Тапсырма орындалып болған соң «Көршіңді бағалау». Оқушылар жанында отырған оқушыны бағалайды. «Көршіңді бағалау». Оқушы жанындағы оқушы жұмысын бағалайды. VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау. «Уақыт шеңбері» ойыны. Оқушылар шеңбер құрып, мұғалім бастап жанындағы оқушыға сұрақ қояды. Оқушылар бір – біріне сұрақ қою арқылы шеңбер бойынша жалғасады. VІІІ. Рефлексия. Алдымызда көріп отырғандай, себеттің, ет тартқыштың, чемоданның суреттері жатыр. Бүгінгі біздің көрген-білгендерімізді суретке қарап қорытындылайық. Егер көрген-білгендеріміз сендер үшін таныс деп ойлап , керек етпесеңіз, онда себетті таңдап, қағазды себетке тастаңдар. Ал, жаңа сабаққа қосымша деректер іздеп, жалғастырамын дегендерің ет тартқыштың суретін таңдап, ет тартқышқа салыңдар. Тек осы білгендеріммен шектелемін дегендерің, чемодан суретін таңдап чемоданға салыңдар. Оқушылармен таңдаған суреттерін талдаймыз да не үшін сол суретті таңдағанын талқылау. ІХ. Бағалау. Х. Үйге тапсырма. Интернеттен Windows операциялық жүйесі жаңа версиялары жөнінде ақпарат іздеп, жазып келу


жүктеу 42.01 Kb.