Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Ондық Сабақтың мақсаты: Бірліктерден ондықтардың құралатындығын түсіндіру,ондық терминін енгізу

жүктеу 54.54 Kb.



жүктеу 54.54 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі54.54 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Ондық Сабақтың мақсаты: Бірліктерден ондықтардың құралатындығын түсіндіру,ондық терминін енгізу



Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы

Жаңашаруа қазақ орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мұратова Кенжегүл Жалғасқызы

Сабақтың тақырыбы: Ондық

Сабақтың мақсаты:

1.Бірліктерден ондықтардың құралатындығын түсіндіру,ондық терминін енгізу.

2.Шапшаң есептеу, тез ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Ізденгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Әдісі: ойын,көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру, аукцион.

Құрал-жабдықтары: Компьютер тақта.

Түрі: Ойын.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (психологиялық сәт)

Қайырлы күн, достар!

Бүгінгі күн, міне

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!



тақырыбын сабағымызды ойын ойнау арқылы

өтеміз.Сендер ойын ойнауды жақсы

көресіңдерме?

1– слайд.Ойын түрлері

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және бекіту

2-слайд. “Балық аулау” ойынын ойнау арқылы үй жұмысын тексереміз .

3-слайд.

Теңсіздіктерді Теңдіктерді Теңдеулерді

бірінші бағанға екінші бағанға үшінші бағанға

7<9 9=9 7+а=9 а-7=9

7>2 2=2 9-а=7 а-7=2

2<9 7=7


Неге теңсіздік? Неге теңдік? Неге теңдеу?

2. Үй тапсырмасын бекіту.

Сурет арқылы теңдеу құрастыру



4 – слайд.

5-слайд.

5+х=10


х=10-5

х=5


5+5=10

10=10


6-слайд. 3-қатарға тапсырма.

а+3=7 5+а=9 10-а=3



1.Өткенді пысықтау: 7-слайд

2. Геометриялық фигураларды ата.

3. 5 санының көшірмелерін атап бер.

4. Қосудың компоненттерін ата.

5. 7 санының құрамын атап бер.\

6. Қосу амалының қасиетін айт.

7. Азайтудың компоненттерін ата.

8. Ұзындықты өлшейтін құрал.

9. Заттарды бір-біріне біріктіруге қандай амал қолданамыз?

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Көркем жазу

1,3,6,8, 1,3,6,8, 1,3,6,8.



8-слайд. 2. «Моншақ тізу» ойынын ұйымдастыру

-Моншақ деген не?

-Моншақты кімдер тағады?

-Ол қандай бұйым?

1-1-ден санай отырып, моншақ тіземіз.

1+1=2 5+1=6

2+1=3 6+1=7

3+1=4 7+1=8

4+1=5 8+1=9

1 2 3 4 5 6 7 8 9 бұлар-натурал сандар.



3.9-ға 1-ді қосып 10 моншақ болады,яғни 1 ондықты құрау,ол үшін 10 бірлік керек екен.

10 бірлік=1 ондыққа



4.Проблемалық тапсырма.

Таяқшалардан 1 ондық құрастыру,2 ондық құрастыру,3 ондық құрастыру.



Сергіту сәті: 1,2,3 қарлығаш боп ұш,

4,5,6 қарлығаш боп қалқы,

7,8,9,10 өз ұяңа қон.

ІV.Оқулықпен жұмыс: 142-бетті ашамыз.

1.Кітаппен жұмыс. 9-10-слайд

2.сағатты көрсету,сызғышты көрсету түсіндіру.

3. Таяқшамен жұмыс.

11слайд 4.тақтамен жұмыс №3

9<10 7<10 5<10 3<10 1<10

8<10 6<10 4<10 2<10

5. «Көршісін тап» ойынын ойнату.

12-слайд.

* 7 * * 2 * * 9 *

* 5 * * 4 * * 6 *

* 8 * * 3 * * 10 *

6. Арифметикалық диктант.

- 8-дің 6-дан нешеуі артық? (2)

- 2-нің 7-ден нешеуі кем? (5)

- 7-нің 3-тен нешеуі артық? (4)

- 10-ның 1-ден нешеуі артық? (9)

- 6-ның 9-дан нешеуі кем? (3)

13-слайд. 7. Логикалық тапсырма.



Табақта – 4 алма

Қалтамда – 2 алма

Үстелде – 3 алма

Барлығын қосқанда болады неше алма? (9 алма)

Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі?

Кане,кім тез шешеді? (5 қаз)

1-қатар. Тауық екі аяқпен тұрғанда 3 кг,ал бір аяқпен тұрғанда неше кг?

2-қатар. Бір жұмыртқа пісу үшін 5 мин қажет,2 жұмыртқа пісу үшін неше мин

қажет?

3-қатар. 1 кг мақта ауырма,жоқ 1 кг темір ауырма?

9. Мәселе есеп:

Ешкі 2 л сүт береді,сиыр 7 л сүт береді.Екеуі барлығы неше литр сүт береді?

Ешкі – 2 л

Сиыр – 7 л

Барлығы - ?

Ш: 7+2=9

Ж: 9 л сүт

14-слайд. 10. Есте сақтау: 10,30,50,70,80,90.

V.Сабақты бекіту. Аукцион ойынын ойнату.

1. 1 және 10 ұқсастығы неде?

2. Айырмашылығы неде?

3. 10 санында 1 ондық бар екенін қай цифр білдіреді?

4. 0 цифры нені білдіреді?

5. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 –қандай сандар?

6. 1 ондықты неше бірлік құрайды?

7.10 см неше дм тең?

8.Ағаш басынада 7 құс отыр еді.Оларға тағы 3 құс ұшып келді. Барлығы неше құс

болды?

9.Ертай мен Дулат ыдыстағы жаңғақты 5-тен бөліп алайын десе 1 жаңғақ

жетпейді.Ыдыста неше жаңғақ болды?

10. 10 асықтың 3-еуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

11. Табақта 5 алма

Қолымда 3 алма

Інімде 2 алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

12. Бір алма атама

Бір алма әжеме

Бір алма әкеме

Нешеуі алады?

Нешеуі қалады?

VІ. Сабақты қорыту. 15-слайд.



Үш қатарға жеке-жеке тапсырма беремін.

Бірінші қатарға салыстыру,екінші қатарға өрнектің мәнін табу,үшінші қатарға

кесінді сызу.

Тексереміз: 16-слайд.



5 < 4 10-9=1 10-5=5

3=3 10-8=2 7+3=10

6 < 10 10-7=3

7>2 10-6=4

VІІ. Бағалау: Өзін-өзі бағалау мониторингі арқылы жүргізіледі.



VIІI. Үйге тапсырма беріледі.

  • Сабақтың тақырыбы: Ондық Сабақтың мақсаты
  • Әдісі
  • 1– слайд.Ойын түрлері ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және бекіту 2-слайд. “Балық аулау”
  • 2. Үй тапсырмасын бекіту.
  • ІІІ.Жаңа сабақ. 1.Көркем жазу
  • Сергіту сәті
  • 5. «Көршісін тап» ойынын ойнату. 12-слайд.

  • жүктеу 54.54 Kb.