Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Микропроцессор түсінігі және оның даму тарихы Сабақтың мақсаты

жүктеу 0.54 Mb.



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/5
Дата06.12.2019
өлшемі0.54 Mb.

Сабақтың тақырыбы: Микропроцессор түсінігі және оның даму тарихы Сабақтың мақсаты


  1   2   3   4   5

Тараз политехникалық колледжінің

Арнайы пәндер оқытушысы

Марасулов Оралбек Мухитович

Тараз қаласы.

Сабақтың тақырыбы: Микропроцессор түсінігі және оның даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Білімгерлерге ЭЕМ-нің қазіргі ішкі құрылғылары мен оларды қолдануды және баптауды меңгерту.

2.Дамытушылық: Білімгерлердің ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік : Білімгерлерді компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибелік жұмыс, бейне әдіс, ойын элементтерін табу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралы, лекция, сөз жұмбақ, мультимедиялық тақта, компьютер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру



Б) білімгерлерді түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасы: Компьютердің негізгі интерфейсі

  • 1. МСА шинасы.

  • 2. РСІ шинасы.

  • 3. VLB локальді шинасы.

  • 4. USB шинасы.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: Сөз жұмбақтағы жасырылған сөздерді табу.

Сөзжұмбақтың шешімі: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, шина, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус.

ІV. Жаңа тақырып

Жоспары:




  1. Микропроцессор түсінігі

Микропроцессор бір криталда дайындалған интегралдық схемалар , олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Микропроцессор немесе орталық процессор СPU (Сentral Proseccing Unit) дербес компьютердің – негізгі миы болып табылады. Микропроцессор мәліметтерді есептеуді және өңдеуді орындайды, сонымен қатар компьютердің ең қымбат микросхемасы болып табылады (1 - сурет). IBM PC типті компьютерлер Intel фирмасының микропроцессорларын қолданады, және қосымша басқа AMD, CYRIX фирмаларының микропроцессорларын қолданады. Қазіргі кезде процессорлар рыногында Intel басым болып тұр.

1-сурет. Микропроцессор

Алайда 70 –жылдардың соңында процессорлар рыногына Zilog (Z80 моделі) және MOS Technology (6502 моделі) фирмалары алда болды. Z80 процессоры Intel 8080 процессорының жақсартылған әрі арзан көшірмесі болды. 1981 жылы IBM фирмасы Intel 8088 процессоры (4,77 МГц) және 1.0 версиялы Microsoft Disk Operating System (DOS) операциялық жүйесі орнатылған өзінің алғашқы IBM РС дербес компьютерін шығарған кезде Intel және Microsoft фирмаларының бағы жанды. Осы кезден бастап барлық дербес компьютерлерге Intel фирмасының процессоры және Microsoft фирмасының операциялық жүйесі орнатылды.

Микропроцессорды әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактылық жиілігінде жатыр.

2. Микропроцессордың даму тарихы

1969 жылы жазда жаңа калькулятор өңдеуші жапон компаниясы “Busicom”, “Intel” компаниясынан көмек сұрады. Сол уақытта Intel фирмасының құрылғанына бір жылдай болатын, бiрақ сол уақыт ішінде ең шағын микросхема жадын жасап шығарып, өзін танымал еткен еді. «Busicom» фирмасына бiрнеше мың транзисторлардан құралған микросхема жасап шығару керек болды. Бiрлескен жобаны iске асыру үшiн Intel фирмасының инженерi М.Хофф жобаға тартылды. Ол «Busicom»-нiң өңдеулерiмен танысып әмбебап – микропроцессор жасайтын талғаулы идеяны ұсынды. М.Хофф жобасы жеңдi және «Intel» фирмасы әлемдегі бiрiншi микропроцессорды (МП) өндiрiп, шығару мүмкіндігіне ие болды.



Ең алғаш 1971 жылдың 15- қарашасында «Intel 4004» деп аталатын жаңа процессор қоғамға таныстырылды (2-сурет). Бұл процессордың жұмыс жиілігі 108 кГЦ (0,108 МГц) құрады. Процессор 2300 транзистордан тұрып, 10 – микрондық техногогиямен шығарылады. Мәліметтердің шинасының ені 4 разряд болды, ол 640 байт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды

2- сурет.

  1   2   3   4   5

  • Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік
  • 3.Тәрбиелік
  • Сабақтың көрнекілігі

  • жүктеу 0.54 Mb.