Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы Компьютерлік техниканың даму үрдісі Жалпы мақсаты

жүктеу 44.76 Kb.



жүктеу 44.76 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі44.76 Kb.

Сабақтың тақырыбы Компьютерлік техниканың даму үрдісі Жалпы мақсаты



Информатика пәнінен жасаған ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар)

Күні, сыныбы

6 сынып

уақыты

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік техниканың даму үрдісі




Жалпы мақсаты

Компьютерлік технниканың даму үрдісі арқылы зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру.




Күтілген нәтиже

Оқушылар компьютерлік техниканың даму үрдісі тақырыбын топпен талқылай отырып түсінеді. бірін-бірі үйренуге жетелейді. Өзінің пікірін дәлелдеп үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы қабілеттері артып, шығармашылығы қалыптасады. Бағалау жұмыстарын жүргізеді.




Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы. СТО стратегиялары: миға шабуыл әдістемелік тәсілі, ыстық орындық, серпілген сауал, «Б-Б-Б» кестесі, постер.




Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Сергіту сәті

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне жақсы көңіл-күй, тілек тілейді.

3 мин

Топқа бөлу

Топқа бөлуді ұйымдастырады.

Оқушылар топқа бөлінеді. Геометриялық фигуралар арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер болып үш топқа бөлінеді. Үш фигураның артында дөңгелек белгі болады сол фигура кимге түссе сол оқушы топ басшысы.




«Білу» 1-тапсырма

«Бас бармақ» арқылы бағаланады.



«Миға шабуыл»

  1. Электр механикалық құралдардың даму кезеңін атап бер?

  2. Электрондық құралдардың даму кезеңін ата?

  3. ЭЕМ-нің бірінші буынына талдау жаса?

  4. ЭЕМ-нің екінші буынына талдау жаса?

  5. ЭЕМ-нің үшінші буынына талдау жаса?

  6. ЭЕМ-нің төртінші буынына талдау жаса?

  7. Дербес компьютерлердің даму үрдісіне тоқтал?

Сұрақтарға жауап береді. Жай сұрақтардан проблемалық сұрақ қояды.

  1. 1887ж., Г.Холлерит, У.Бэббидж бен Г.Джоккардтың идеяларын қолданып, алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешенін құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890), Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.

  2. 1941ж., Коннард Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.

  3. 1944ж. Айкен IBM фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен электромеханикалық реледегі «МАРК-1» аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.

  4. 1957ж. – ССРО-да (PBM-1) релелік есептеуіш машина жасады. Бұл релелік ЕТ-нің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде механикаландырылған санау кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.




5мин

«Түсіну» 2- тапсырма

«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаланады.



Постер қорғау. 3 топқа 3 тақырып беріледі.

  1. Жасыл түстің тақырыбы «Механикалық санауыш құрылғылар»

  2. Сары түстің тақырыбы «Есептеуші автоматтар»

  3. Қызыл түстің тақырыбы «Электрондық-есептеуіш машиналар».




Бағдаршамның түстері арқылы топтарға бөлінеді. Бірінші топ жасыл түс, екінші топ сары түс, үшінші топ қызыл түс. Әр топ өз түсінде берілген тапсырманы орындайды.

Постер жасаудағы мақсатымыз: Компьютерлік техниканың құралдарына нелер жататынын, қайда қолданылатынын, қашаннан бастап қолданылып жүргенін постерге түсіру.

Постерді мына критерийлер бойынша қорғайды:

1. Тақырыптың ашылуы,

2. Безендірілуі,

3. Қорғау шеберлігі.



15мин

«Қолдану» 3-тапсырма

«Эмоциялық символдық» арқылы бағаланады.



Кубизм стратегиясы. Кубиктер тасталады.4 топқа 4 кубик түстері әр түрлі болады.

Сұрақтар ЭЕМ-нің буындары бойынша қойылады.



Жұлдызнама белгілері бойынша топқа бөлінеді. 1 топ-(Оқушылар кубиктің әр қырындағы сұрақтарға жауап береді. Әр топқа әртүрлі сұрақтар қойылады. Сұрақтар қайталанбайды.

5мин

«Талдау» 4-тапсырма

«Мадақтау сендвичі» арқылы бағаланады.



Блум таксономиясы сұрақтар стратегиясы.

Әр топқа 2жіңішке, 2жалпақ сұрақтан беріледі. Сұрақтар бойынша өз ойларын жеткізеді.



Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - Электр механикалық құралдардың даму кезеңі қай жылы басталды? 1887ж

5мин

«Жинақтау» 5-тапсырма

«Екі шындық, бір өтірік»

Бүгінгі сабақ бойынша балалар екі түсінген, бір түсінбеген нәрсесін қағазға жазып көрсетеді.

5мин

«Бағалау»

«Б-Б-Б» кестесі.

Топтарға бағалау парағы беріліп қоядытоп басшысы әр тапсырманың бағасын енгізіп отырады.

Қорытынды бағалау. Топтарды «Бағдаршам» арқылы бағалау.


білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.

Білемін. Білдім. Білгім келеді.





7мин


жүктеу 44.76 Kb.