Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер

жүктеу 130.17 Kb.



жүктеу 130.17 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі130.17 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер




Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Бағдарламалық – ОЕТС, пернетақталық тренажер, WordPad мәтіндік редакторы

дидактикалық (алфавитті-цифрлық пернелердің қызметін көрсету үшін).

қамсыздандыру: Оқулық.

Жұмыс дәптері.


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру. Енгізу-шығару құрылғыларын жалпы шолу. ДК-нің негізгі шығару құрылғысы – монитормен таныстыру. Пернетақтаның арналуы және таратылуымен таныстыру. Әр түрлі алфавитті цифрлық-ақпаратты енгізуді көрсету, пернетақтамен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру.

2. Оқушылардың компьютердің ішкі құрылғыларына қандай

құрылғылар жататынын, енгізу-шығару құрылғыларын,

мониторлардың сипаттамаларын, арналуын, құрамдас

бөліктерін, пернетақтаның міндетін білу қабілеттерін дамыту.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.


Сабақтың типі: Баяндау,көрсету, практикум
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - компьютердің ішкі құрылғыларына қандай құрылғылар жататынын;

  • енгізу-шығару құрылғыларын;

  • мониторлардың сипаттамаларын, арналуын, құрамдас бөліктерін;

  • пернетақтаның міндетін;

  • пернелердің негізгі топтарын;

  • алфавитті-цифрлық символдарды енгізу тәсілдерін;

  • арнайы пернелердің негізгі функцияларынˆ

  • пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелерін;
    Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
    Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.


  • меңзердің анықтауы мен міндетін;

  • пернетақтаның схемасын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • пернелердің негізгі топтарын пайдалануды,

  • арнайы пернелерді пайдалануыды;

  • пернетақтамен дұрыс жұмыс істеуді;

  • меңзердің орнын анықтауды және оны басқаруды;

  • пернетақтада қолды дұрыс орналастыруды;

  • он саусақпен теруді;

  • пернелерге дұрыс механикалық басуды;

  • теру жылдамдығын асыруды.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың басында ЭЕМ-нің жалпы схемасын, оның ішкі құрылғыларын оқушылардың есіне түсіру керек. Содан кейін жаңа тақырыпты түсіндіруге ауысу керек.
СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Дербес компьтердің сыртқы құрылғыларды оның интерфейстеріне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арнаулы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей бөлуге болады:
-деректерді енгізу құрылғылары

-деректерді шығару құрылғылары

-деректерді сақтау құрылғылары

-деректерді алмасу құрылғылары



ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
2.2.6.Тапсырма. Қораптың ішінен табылған құрылғыларды орналастыруға көмектес.

Ұсынылған құрылғыларды екі топқа бөлу керек.


Е нгізу құрылғылары Шығару құрылғылары

Маус Принтер

Тәрте(джойстик) График салғыштар

Жарық қаламұшы Дисплей

Сканер Плоттер

Пернетақта

Өлшеу аспаптары

Трекбол
МОНИТОР (ДИСПЛЕЙ)


Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы.

2.2.7.Тапсырма. Мониторларды жіктеу.

Мониторларды екі белгілері бойынша жіктеу керек.


Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градациясы сұр)

Символдық (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді.)


2.2.8.Тапсырма(Ү). Сұрақтарға жауап бер.

Сұрақтарға жауап беруді оқулықпен өз бетімен жұмыс істеу үшін де, тақырыпты меңгеруін тексеру үшін де қолдануға болады.


Монитордың АЙЫРУ ҚАБІЛЕТІ деп нені айтамыз?

Тік және көлбеу орналасқан пиксельдер саны

ПИКСЕЛЬ дегеніміз не?

Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер

Экранда түстер палитрасы қандай түстерден түзіледі?

Қызыл, жасыл және көк

Монохромды экранда жарықтанған пиксель қалай жарқырайды?

Ақ түспен

Дисплейдің ең БАСТЫ бөлігі не болып табылады?

Электронды-сәулелі түтікше


2.2.9.Тапсырма. Монитордың сипаттамасын кестеге жаз.

Тапсырма мұғалімнің көмегімен орындалады.
Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.



Толық аты

Қысқартылған аты

Айыруы

Color grapfic adapter

Түрлі түсті графикалық адаптер



GGA

320*200

Enhanced grapfic adapter

Жетілдірілген графикалық адаптер



EGA

640*350

Video grapfic adapter

Графикалық бейне адаптер



VGA

640*480

Super video grapfic adapter

Графикалық супер бейне адаптер



SVGA

800*600

1248*1024





Бақылау сұрақ:

Неге экранның

алдында ұзақ отыруға

болмайды?


Жауабы: Көз талады, электромагнитті және ультрадыбыс сәуле әсерін тигізеді.


ПЕРНЕТАҚТА
Пернетақта – компьютерді пернелік басқару құрылғысы.

Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.

Пернетақтаның әрекеттерінің принципі:


  1. Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жібереді.

  2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.

  3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалтырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

  4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

  5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады. Егер символдар буферге алуынан жиірек түссе, буфердің толып кету әсері болады. Мұндай жағдайда жаңа символдарды енгізуді уақытша тоқтату керек.
    Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Арнайы пернетақталар деректерді енгізу процесінің тиімділігін арттыруға арналған. Бұл пернетақтаның пішінін,с пернелерінің таратылуын, жүйелік блокқа қосу әдісін өзгерту арқылы іске асырылады.

Арнайы пішіні бар пернетақтаны эргономикалық пернетақта деп атайды. Оларды таңбалық ақпараттың өте көп мөлшерін енгізуге арналған жұмыс орнында пайдалану тиімді. Олар терушінің жұмысының өнімділігін арттырады және бүкіл жұмыс күні бойы аса қажытпайды.

Стандарды пернетақталардың пернелерінің таратылуы аса тиімді емес. Олар баспа машиналарының бұрынғы үлгілері бойынша жасалған. Қазіргі кезде пернелердің таратылуы дұрыс үйлестірілген(жетілдірілген) пернетақталарды шығарудың техникалық мүмкіндігі бар. Мұндай құрылғылардың үлгілері де шығарылды. Бірақ бұл стандартты емес таратылуы бар пернетақталарды іс жүзінде енгізу әлі шешілген жоқ, өйткені онда жұмыс істеу үшін арнайы оқу қажет.

Жүйелік блокқа қосу әдісі бойынша пернетақталарды өткізгіш сымды, өткізгыш сымсыз деп екіге бөледі.

Қосу әдісі - кеннен (әркүйде қозғалмай жатқан) сынама алу әдісі. Сынама алынатын орындар белгіленіп, сол жерлердің бет қабатынан қосу арқылы бөлшекті сынама алынады. Алынған сынамаларды қосып олардан орташа сынама жасалады.
Өткізгіш сымсыз пернетақталарда ақпарат инфрақызыл сәуле арқылы беріледі.

Пернетақтаның көмегімен алфавитті-цифрлық деректерді енгізеді және компьютердің жұмысын басқарады. Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады.



  • басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кирилица символдары, тыныс белгілері, « », «-», «/», арнайы символдар және т.б.);

  • функционал пернелер: F1, F2, ....., F12;

  • арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, BackSpace;

  • меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы. Бұған мына пернелер жатады: Left, Up, Dawn, Right, Pg Up, Pg Dn, Home, End, Insert, Delete;

  • сандық пернетақта.

Мұндай жіктеуді қолдана отырып, мынаны ойға тұтады: пернелердің бірінші тобының көмегімен мәтін мен сандарды енгізеді, F1-F10 көмегімен бағдарламаларға белгілі бір функцияларды орындатады, ал үшінші топтың көмегімен машинаға қандай да бір тұтас басқару әсерін тигізеді (меңзер мен кадрларды жылжыту, бағдарлама жұмысын аяқтау және т,б,). NumLock қосылып тұрған кезде сандық пернетақтаның көмегімен цифрлар мен арифметикалық амалдардың белгілерін теруге болады, ал NumLock өшіріліп тұрғанда меңзерді басқаруға және редакциялауға болады.
Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.
Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).

Дегенмен, бұл жіктеу шартты, өйткені нақты жағдайда орындалатын бағдарламаға байланысты ке-келген перне дерлік функционалды да, арнайы да қызметтерді орындай алады, сонымен қатар бұлар бағдарламамен бұғатталуы мүмкін.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Сондықтан әрбір бағдарламаның сипатталуында пернетақтаның функцияларын түсіндіретін бөлім міндетті түрде болады.

Кейбір пернелер екілік ауыстырп-қосқыштың міндетін атқарады, бұл мыналар білдіреді: пернені басу әлдебір функцияны қосады, қайталап басу – оны өшіреді. Caps Lock пернесі әдетте жоғарғы және төменгі регистрлардың пернетақтасын ауыстырып-қосу қызметін атқарады.

Драйверіне байланысты пернетақтаның пернелерінің біреуі немесе екеуі (мысалы, Shift Shift) орыс және латын алфавиттерінің ауыстырып –қосқышы болып хабарланады.

Алфавитті-цифрлық символдың бейнесі бар пернені басқанда экранға меңзердің орнына сәйкес символ шығады және меңзер бір орынға оңға қарай жылжиды. Символ кіші әріп (Caps Lock өшірілген) немесе үлкен әріп (Caps Lock қосылған), латын немесе орыс әрпі (алфавитті ауыстырып қосқыштың жағдайына байланысты) болуы мүмкін. Егер Shift пернесін басып, оны жібермей отырып алфавитті-цифрлық символдарды тергенде регистр уақытша ауыстырылады. 0-9 дейінгі сандар алфавитті ауыстырып қосқышқа байланыссыз төменгі регистрден шығарылады.

Кейбір пернелердің белгілеулері оң жақ пернетақтада (сандық немесе қосалқы) пернетақтада қайталанады. Олар сандық ақпаратты теруге арналған. Num Lock ауыстырып-қосқышымен бұл пернетақтаны 0-9 цифрларын, арифметикалық амалдардың негізгі белгілерін, ондық бөлшектердің бүтін және бөлшек бөліктерінің бөлгішін енгізу режиміне ауыстыруға болады. Бұдан басқа, мұнда кейбір басқару пернелері қайталанған.

Кейбір арнайы пернелердің неғұрлым типтік функциялары.

Enter – Енгізуді аяқтау сигналы. Меню пунктін таңдау. ОК батырмасын басу.

Esc – Бағдарламаны аяқтау. Операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне кері қайту. Cancel батырмасын басу.

Fl – Экранға көмек сөз шығару (анықтама).

Left – Меңзерді солға жылжыту (меңзер жақтауын).

Up – Меңзерді (меңзер жақтауын) жоғары жылжыту.

Down – Меңзерді (меңзер жақтауын) төмен жылжыту.

Right – Меңзерді (меңзер жақтауын) оңға жылжыту.

Home – Меңзерді жолдың басына ауыстыру.

End – меңзерді жолдың соңына ауыстыру.

PgUp – Бір «бетке» жоғары жылжыту.

PgDn – Бір «бетке» төмен жылжыту.

Ins – Редакторларда ақпарат енгізгенде кірістіру және орнын басу режимін ауыстырып қосу.

Del – Меңзердің оң жағында орналасқан символды жою.

Backspase – меңзердің сол жағындағы символды жою.

Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстыру.


ДК-де жұмыс істеу алғашқы сабағынан бастап есте сақтау керек:


  1. Командаларды, жолдарды және т.б.
    Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
    енгізіп болғаннан кейін ENTER-ді басыңдар. Жаңадан бастаған пайдаланушылар ол туралы ұмытып кетеді.

  2. Егер сендер бір нәрсені дұрыс істемесеңдер, ESC-ті басыңдар.

Бұл перне көбінесе операцияны болдырмайды.

  1. Егер сендер қиындыққа кездессеңдер, F1 пернесін басыңдар. Әдетте бұл жағдайда экранға көмек сөз шығады.


Пернетақтамен жұмыс істеу техникасы.
Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай ғана басу керек.

Егер сендер жеке пернені басып ұстаңдар, машина сендер оны көп рет бастыңдар деп түсінеді де, бірнеше бірдей белгі шығарады. Көптеген операцияларды орындау үшін екі (немесе үш) пернелерді қатар басып, мысалы, CTRL L, бұл сендерге алдымен CTRL пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басып және жіберу керек екенін білдіреді. Содан кейін Ctrl-ды да жіберуге болады.


Меңзер.

Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті-цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда пайда болуының мәні – алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады.


Пернетақтаны көрсету


  • пернетақтаның жіктелуін оның пернелерінің әрбір тобының негізгі элементтерін атай отырып, баяндау және конспекті жазғызу (2.2.10.тапсырма).

  • Экран терезесінде пернелерді басу нәтижелерін байқау және көрсету үшін, маустың көмегімен WordPad мәтіндік редакторын іске қосу (Пуск – Программы – Стандартные - WordPad)

  • Екілік ауыстырып-қосқыштарды көрсету. Индикаторлар бойынша байқау.
    Индикаторлар (латынша: indico – нұсқаймын, анықтаймын) - белгілі бір геологиялық, топырақтық, гидрологиялық, климаттық жағдайларға тән әр-текті табиғи объектілер (өсімдіктер, қазба организмдер, кейбір минералдар және т.б.).
    Алфавитті-цифрлық пернелерді басу. Әрекеттерді түсіндіру. Таңбаларды жоғарғы және төменгі регистрлерден экранға шығару. Жоғарғы регистр индикаторы.

  • Цифрлық пернетақтамен жұмыс істеу. Цифрлық пернетақтаның индикатары. Кейбір арнайы пернелердің неғұрлым типтік функциялары.

  • Enter, Esc, F1 пернелеріне ерекше көңіл бөлу оқушыларға қиын жағдайда бағытталуға көмектеседі.


Пернетақта – бұл компьютерге символдық ақпаратты енгізу құрылғысы.
2.2.10.Тапсырма. Пернетақтаның негізгі блоктарының аты мен міндетін жаз.
1. Функционал пернелер күрделі операцияларды орындауға арналған;

2. Символдық пернелер алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге арналған;

3. Цифрлық пернелер цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған;

4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған.


Тапсырма тақырыпты талқылау барысында орындалады және оның конспектісі болып табылады.
2.2.11.Тапсырма. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр.


Перне аты

Перненің қызметі

Enter

Енгізу

Baskspace

Алдыңғы символды өшіру

Бос орын

Символдарды бір-бірінен бөлу

Shift

Үлкен / кіші әріптерді ауыстырып қосу (1 рет)

Caps Lock

Үлкен / кіші әріптерді ауыстырып қосу (ұзақ уақытқа)

Delete

Меңзердің оң жағындағы символды жою

Alt

Арнайы әрекеттер үшін

Ctrl

Арнайы әрекеттер үшін

Num Losk

Сандық пернетақтаны жұмысқа қосады

Esc

Болдырмау


2.2.12.Тапсырма(Ү). Сен пернелердің орналасуын есіңде сақтадың ба (қарамай жаз).

Тапсырма оқушылардың өз бетімен орындауына арналған және білімін тексеру үшін ұсынылады.


1.Esc

2.Fl

3.Baskspace

4.Delete

5.?

6.Num Losk

7.Ctrl

8.Shift

9.Caps Lock

10.Пробел

11.Alt

12.Ctrl

13.Shift

14Enter

15.Enter



Пернетақта тренажері:


  • оқушыларға он саусақтық жазу әдісінде қолданылатын пернетақтаның схемасын көрсетеді;

  • символдарды енгізу техникасымен – пернетақтаға саусақтарды орналастыру және соғу техникасымен таныстырады;

  • бірқатар әріптерді, сөздер мен мәтіндерді енгізу жаттығуларын орындау арқылы пернелердің орналасуы бойынша білімін бекіту;

  • жазу техникасын жетілдіруге және символдарды теру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.


Қағидағыдай тренажер бағдарламасы бес құрауыштан тұрады:


  • пернетақтаның негізгі қатары;

  • пернетақтаның жоғарғы қатары;

  • пернетақтаның төменгі қатары;

  • бас әріптер мен тыныс белгілері;

  • жазу техникасы мен жылдамдығын дамыту.


Есепке алынады:


  • жаттығудың орындалу уақыты;

  • енгізілген символдар саны;

  • символдарды терудің орта жылдамдығы.


Мәтін енгізу жаттығуларының екі түрі болады:


  • Ерікті мәтінді енгізу. Енгізудің орта жылдамдығы есептеледі.

  • Мәтінді үлгі бойынша енгізу. Жаттығу мақсаты – мәтіндегі барлық символдарды, бос орындарды қоса, дұрыс теру. Енгізу кезінде жіберілген қателер саны мен жазу жылдамдығы бағаланады.

  • Тренажер бағдарламасын жүктеу ретін, оқушылар болашақта өз бетімен кез-келген уақытта жаттығуы үшін конспектеуі керек.

  • Жүктеуден кейінгі тренажер режимдерін орнатуды конспекттеу.

Әр оқушыға көмектесу және бақылау.

  • Баға қойғанда бағдарламаның статистикалық мәліметін қолдану.

  • Пернетақта тренажерінің негізгі сипаттамаларымен таныстыру.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

2.2.6, 2.2.7, 2.2.9, 2.2.10, 2.2.11, – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.



2.2.8, 2.2.12 - тапсырма

2)Оқушыларды бағалау

  • Бағдарламалық
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру
  • ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ 2.2.6.Тапсырма.
  • Е нгізу құрылғылары Шығару құрылғылары
  • МОНИТОР (ДИСПЛЕЙ) Монитор – ақпаратты
  • Бейнелеу түсі бойынша Шығаратын ақпараты бойынша
  • 2.2.9.Тапсырма.
  • ДК-де жұмыс істеу алғашқы сабағынан бастап есте сақтау керек
  • Пернетақтамен жұмыс істеу техникасы.
  • Қағидағыдай тренажер бағдарламасы бес құрауыштан тұрады
  • Мәтін енгізу жаттығуларының екі түрі болады
  • IV. Жаңа тақырыпты бекіту 2.2.6, 2.2.7, 2.2.9, 2.2.10, 2.2.11
  • 2.2.8, 2.2.12 - тапсырма 2)Оқушыларды бағалау

  • жүктеу 130.17 Kb.