Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискіжетек. Cd-rom

жүктеу 198.96 Kb.



жүктеу 198.96 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі198.96 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискіжетек. Cd-rom



Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



Иілгіш және компакт-дискілер. Дискіжетек. CD-ROM.

Бағдарламалық – ОЕТС, Иілгіш және компакт дискілер.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру. Дискіжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру.

2. Оқушылардың дискіжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын,

ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін, ақпарат

тасуыштардың негізгі параметрлерін білу қабілеттерін дамыту.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Көрсете-түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - иілгіш және компакт дискілер не екенін;

- дискіжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын;

- ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;

- қандай жағдайларда қандай ақпарат тасуыш қолдану керек екенін;

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

- ақпарат тасуыштардың негізгі параметрлерін;

- иілгіш және компакт- дскілермен жұмыс істеу ережелерін;

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.



Оқушылар үйренуі тиіс:

- иілгіш және компакт-дискілерді қолдануды;

- ақпаратты бір тасуыштан басқасына ауыстыруды;

- иілгіш дискілерді пішімдеуді;

- иілгіш және компакт-дискілердегі ақпаратты қарауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
СЫРТҚЫ ЖАД

Компьютердегі жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады.

Біздің білетініміздей, файл–бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад - бұл, бірншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады.Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принціпі бойынша –магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық болады. Соңғы уақытта IBM типті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады.

Винчестер, винчестерлік диск (Винчестерский диск, винчестер; Winchester disk) - қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы.

Магнит (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos - Магнесия тасы; Магнесия - Кіші Азиядағы көне қала) - магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене.

Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард - диск) кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.



Сыртқы жад - бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.

2.2.16. Тапсырма . Схеманы толтыр.

Тапсырма оқулықтың қарастырылып отырған параграфаныың конспекті болып табылады, ол мұғалімнің түсіндіруімен қатар толтырылады.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.


КОМПЬЮТЕР

ЖАДЫ



Ішкі жад



Сыртқы жад

Магнитті таспалар



Магнитті дискілер

Лазерлік дискілер

Қатқыл диск



Иілгіш диск

Иілгіш дискілер( дискеттер, флоппи- дискілер).

Флоппи–диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагниттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған(дискеттің қабы).
2.2.17. Тапсырма(Ү).

«Адамның ішкі және сыртқы жады» деген тақырып бойынша өз ойыңды жаз.

Қойылатын сұрақтар:

  • Адамның ішкі жадында не сақталады?

  • Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?

  • Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?


Шығармашылық тапсырма.

Оны орындаудың алдында оқушылармен адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары жайлы сұхбаттасу керек. Қажетті деректерді адам ішкі жадында, ал аса қажет емес ақпараттарды түрлі ақпарат тасуыштарында – құжаттарда, дәптерлерде, кинотаспаларда және т.б. сақтайды.

2.2.18, 2.2.19, 2.2.20, 2.2.21 тапсырмаларды берілген тақырыпты оқулықтан оқу немесе мұғалімнің шешуіне қарай оны меңгеруін тексеру үшін орындау ұсынылады.
2.2.18. Тапсырма. Дискеттің құрылымын қарастыр

МЫНАУ НЕ?

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

ЖӘНЕ БҰЛ НЕ ҮШІН КЕРЕК? деген сұрақтарға жауап бер


Тығыздығы жоғары

идентификатор



Жазудан қорғау терезесі, ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған.

Дискет таңбашасы дискеттің мазмұнын жазып қою үшін керек



Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғауға араналған

Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер – бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу-жазу механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір еммес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі (контакті) мүмкін емес. Әрбір бастиек диск бетінің үстінде 0,5-0,3 микрон қашықтықта «жүзеді». Жинақтауыштың электромеханикалық бөлігі механизмге шаң тимеуі үшін, герметикалы корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.


2.2.19. Тапсырма.

Қатқыл дискінің схеммасын қара. Шығарылған төртбұрыштарды толтыр.






2.2.20. Тапсырма.

Дискінің магнитті бетінің құрлысыныңсхемасыныың суретін аяқтап салу және төртбұрыштарды толтыру керек.

Магниттік дискіде ақпарат қалай орналасады?










Жаз және суретін сал



Компакт-диск - бұл металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады
2

.2.21. Тапсырма Лазерлік дискіні құрайтын қабаттарды атап жаз





  1. Көркем сурет

  2. Түссіз пластик

  3. Желімді қабат

  4. Шағылдырушы қабат


Түссіз пластик

Иілгіш және компакт-дискілерде сақталған ақпараттармен жұмыс істеу үшін тиісті жинақтауыштарды қолданады. Жинақтауыш – бұл жадтайтын құрылғы, ол ақпараттың үлкен көлемін ұзақ уақыт сақтауға (электр қоректендіруінен тәуелсіз) арналған. Жинақтауышты тасуыш пен (дискілер) тиісті жетектің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ауыстырмалы және ауыстырмалы емес тасуыштары бар жинақтауыштар болады. Иілгіш дискілер (дискжетек) мен компакт-дскілерде (CD-ROM) арналған жинақтауыштар – ауыстырмалы тасуыштарға арналған жинақтауыштар , ал винчестер – ауыстырмалы емес жинақтауышқа арналған. Жетек бұл оқу-жазу механизмі мен электрондық басқару схемасының үйлесуі болып табылады.


Дискіжетек – бұл дискідегі деректерді оқуға арналған құрылғы.

Дискіжетек – бұл иілгіш магнитті дискілерден ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьтерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады Ақпарат иілгіш магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискіжетектер екі өлшемді болады - бесдюймді (ол 1995 жылдан бері шығарылмайды) және үшдюймді болады. Үшдюймді дискіжетектер 1,44/2,88 Мб жазуға мүмкіндік береді. Қатты пластикалық корпус пен металл ысырма дискеттің бетін сыртқы зақымданудан қорғайды. Дискетте арнайы айырып – қосқыш- ысырма бар, ол дискетке жазуға рұқсат етеді немесе тыйым салады. Дискетті бірінші рет қолдану алдында арнайы өдіспен оны инициализациялау ( пішімдеу ) қажет. Бұл арнайы бағдарламалардың көмегімен орындалады. Пішімдеу кезінде әдетте дискеттің беті тексеріледі. Жаңылыстар байқалған учаскілері дефектілі деп белгіленеді де, ол бөліктерге ары қарай жазу жүргізілмейді.

Кейбір өндірушілер дискілерді пішімдеп шығарады. Стандартты компьютердің бір үшдюмдық дискіжетегі – 1,44 Мб болады. Сыйымдылығы жоғары (120 Mб), оқу – жазу бастиегін лазерлі позициялайтын үшдюймді дискіжетектер бар, олар пайдаланушыларды дискеттердің аз сыйымдылығы мен дискіжетектердің төмен жылдамдығымен байланысты мәселелерден құтылуға көмектеседі.

Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.

Мұндай дискіжетектер әдеттегі дискіжетектермен үйлесімді.
CD-ROM

Компакт-дискілерге арналған дискіжетектердің көмегімен компьютерлер арнайы компьютерлік компакт-дискіледі оқи алады және дыбыс картасы болса, аудиокомпакт-дискілерді ойнатады.

Компакт-дискілерге арналған дискіжетектер ішкі және сыртқы болады. Дискіжетектің жылдамдығын белгілеу үшін, әдетте дискіжетек дискіні аудиокомпакт дискілерге арналған дискіжетектен қанша есе жылдам айналдыратынын нұсқайды. Мысалы, дара жылдамдықты дискіжетектер 150Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискіжетек-300Кб/с, төрт еселік жылдамдықты-600Кб/с жуық жылдамдықты қамтамасыз етеді. Компак-дискідегі ақпаратқа қатынау уақыты 0.6-0,1с.дейін, әдетте ол 0,2-0,3с.болады.

CD-ROM компакт-дискілерінде қолданылатын ақпаратты цифрлық жазу әдісі оларға жазуға және бір-ақ тасымалдауыштан мүлде әр түрлі ақпаратты - әріпті-цифрлы, дыбыс (музыка мен сөз), графикалық, сондай-ақ түсті қозғалмайтын және қозғалатын кескіндерді шығаруға мүмкіндік береді.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.


Лазерлік дискілерді қолдану – ол ең алдымен ақпаратты берудің жаңа жолын табу, әсіресе бұл әр түрлі анықтамаларға, сөздіктерге энциклопедияларға қатысты. Компакт-дискідегі энциклопедия-гипермедиа құжат болып келеді. CD-ROM ортасы энциклопедианы интерактивті оқытатын мультимедиа орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.

Қызығушылық тудырған ақпаратты іздеу жылдам және автоматты түрде жүзеге асырылады: секундтың үлестерінен бірнеше минутқа дейін.

Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.

Мультимедиа жүйесінің ерекше артықшылығы шектелген уақыт аралығында бір типті деректердің ішінен арнайы ақпаратты іздеу мүмкіндігінде.
2.22.22 және 2.2.23 тапсырмаларын «сыртқы жад» тақырыбын бекіту үшін және талқылау барысында сыныпта орындалады немасе оқушылардың тақырыпты меңгеруін тексеру үшін ұсынылады.
3.2.22 Тапсырма

Кестені толтыр.



Жад

Қатқыл магнитті дискілер

Иілгіш

магнитті дискілер



Лазерлік

дискілер


Қызметі

Ақпаратың көп мөлшерін сақтау үшін

Ақпаратың аз ғана мөлшерін сақтау және оны бір компьютерден екіншіге тасымалдау үшін

Ақпараттың өте үлкен мөлшерін ұзақ уақыт сақтау үшін




Көлемі

3 (20Гбайтқа дейін одан жоғары)

1 (1.44Мб)

2 (640Мб)

Шапшаң әрекеттілігі (жоғары/төмен)

3

1

2

Cенімділігі (жоғары/төмен)

3

1

2

Ақпаратты өзгерту мүмкіндігі (бар/жоқ)

Бар

Бар

Жоқ




Жад құрылғысы

Компьютерде қолданылуы мүмкін

Жазу үшін

Оқу үшін

Ақпаратты компьютерден-компьютерге тасымалдау үшін

Жел жад








Қатқыл диск








Дискет







ТЖҚ-ның микросхемасы









Компакт-диск









Сабақтың екінші бөлігінде 2-бөлім бойынша оқушылардың білім тексеру тестін өткізу ұсынылады.

СКАНЕР
Сканер- бұл қағаздағы кескінді түсіріп алып, оны дисплей экранына шығаратын құрылғы.
2.2.24.Тапсырма. Сканерлерді жіктеу.

Тапсырма оқулықтағы берілген тақырыпты оқумен қатар немесе мұғалімнің қалауы бойынша оқушылардың тақырыпты меңгеруін тексеру үшін ұсынылады.
Сканерлерді бөледі:

Түптекпен жұмыс істеу Құрылғының типі бойынша

түсі бойынша







2.2.25 Тапсырма Сөзжұмбақ.

Тігінен:

1.Қатқыл диск.

3.Ақпаратты сақтайтын құрылғы.

4.Бір шеңберде орналасқан және байттарды сақтауға арналған диск бетінің бөлігі.

6.Компьютердің бөлек құрылғыларының арасында деректерді беруді бақылайтын микросхема.

9.Басылым құрылғысы.

10.Қол манипуляторы.

12.Әр түрлі жолшықтардағы бірдей нөмірлері бар деректер жиыны.

13.Монитор экранындағы бір нүкте.


Көлденеңінен:

2.Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы.

5.Иілгіш диск.

7.Сегіз биттен тұратын топ.

8.Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кеңарна (магистраль).

9 Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы.

11.Компьютердің “миы”.

12 .Компьютердің жадына графикалық ақпарат енгізу құрылғысы.



15.Иілгіш дискілермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.



























































































1
















































































































3




2


















































































4






























































































5






















6







































































































7






















8











































9























































11

10



























































































13






















14
















12




































































































16





































15
















































































































































































































































































































































































































IV. Жаңа тақырыпты бекіту

2.2.16, 2.2.18, 2.2.19, 2.2.20, 2.2.21, 2.2.22, 2.2.23, 2.2.24– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискіжетек.

CD-ROM.

Оқу:( дискіжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын; иілгіш және компакт- дскілермен жұмыс істеу

ережелерін; иілгіш және компакт-дискілерді қолдануды)

2.2.17, 2.2.25(Сөзжұмбақ) - тапсырмалар



2)Оқушыларды бағалау


  • Иілгіш және компакт-дискілер. Дискіжетек. CD-ROM. Бағдарламалық
  • Сабақтың мақсаты
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру СЫРТҚЫ ЖАД
  • Сыртқы жад - бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад. 2.2.16. Тапсырма .
  • Иілгіш дискілер( дискеттер, флоппи- дискілер). Флоппи–диск
  • 2.2.17. Тапсырма(Ү). «Адамның ішкі және сыртқы жады»
  • 2.2.18. Тапсырма.
  • 2 .2.21. Тапсырма Лазерлік дискіні құрайтын қабаттарды атап жаз
  • Дискіжетек – бұл дискідегі деректерді оқуға арналған құрылғы.
  • СКАНЕР Сканер- бұл қағаздағы кескінді түсіріп алып, оны дисплей экранына шығаратын құрылғы. 2.2.24.Тапсырма.
  • 2.2.25 Тапсырма
  • IV. Жаңа тақырыпты бекіту 2.2.16, 2.2.18, 2.2.19, 2.2.20, 2.2.21, 2.2.22, 2.2.23, 2.2.24

  • жүктеу 198.96 Kb.