Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы Сабақтың мақсаты: Білімділік

жүктеу 74.74 Kb.



жүктеу 74.74 Kb.
Дата15.03.2019
өлшемі74.74 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы Сабақтың мақсаты: Білімділік



Сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы, қазіргі құрылымы және аумақтық айырмашылығы жөнінде түсінік беру.

  2. Дамытушылық: Оқушыларды сандық көрсеткіштермен жұмыс істеуге, тапсырмаларды ұқыпты орындауға, логикалық ойлауға дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларға экономикалық тәрбие бере отырып, өзара достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс -тәсілдері: Сұрақ- жауап, әңгіме, ізденіс.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: Көлік географиясы.



  • Көлік жүйесі дегеніміз не?

  • Кең тараған қандай байланыс құралдарын білесіңдер?

  • Теміржол желілерінің жиілігі нені көрсетеді?

  • Көлік түрлерінің ең ежелгі және ең жаңа түрлерін атаңдар?

Теңіз көлігі және өзен көлігі дүниежүзілік көлік жүйесіндегі ең арзаны болып саналады. Негізгі теңіз жолдары. Атлант. Тынық. Үнді мұхиттары.

Дүниежүзілік ірі порттар ( жүк айналымы бойынша): Сингапур, Роттердам (Нидерланды), Шанхай (Қытай), Нагоя, Йокохама, Тиба, Кобе (Жапония), т.б.



Теміржол көлігі- құрлықтық көліктің ең маңыздысы.


Ең ұзын теміржолдар.

Ұзындығы-1,2млн. км.


АҚШ 240 мың.км. Канада 90 мың. км. Ресей 86 мың. км.

Қазақстанда көлік түрінің маңызды саласының бірі- теміржол көлігі. Алғашқы теміржол елімізде Покров слободасы (Ресей)- Орал қаласы арасында 1894 жылы салынды. 1896 жылы Транссібір магистралінің бір тармағы- Оңтүстік Сібір теміржолы желісі (ұзындығы-190 км)Қазақстан аумағымен өтті. 1906 жылы ұзындығы 1852 км болатын Орынбор- Ташкент теміржол магистралі пайдалануға берілді. Бұл теміржолды І Трансқазақстандық теміржол магистралі деп атайды. Республикадағы теміржолдың ұзындығы-14,0 мың км.

Автомобиль көлігі. Қазіргі кезде дүниежүзінде автомобиль жолы өте тез дамып келеді.

Құбыр көлігі.Дүниежүзінде ең ірі мұнай құбырларына Дружба- Ресей- Батыс Еуропа. Канададағы Редуотер- Порт- Кредит. Елімізде алғашқы құбыр желісі ұзындығы -154 км Доссор- Ракуша- Каспий құбыржолы болды.

Суасты құбыр желілері.Жерорта теңізі түбімен трансжерортатеңіздік газ құбыры тартылған. Мұндай құбырлар Мексика шығанағы мен Солтүстік теңізде де жүргізілген.

Әуе көлігі. Бұл көлік әрі жылдам, әрі қымбат көліктердің бірі. Дүниежүзінде ең ірі әуе паркі АҚШ- та шоғырланған.

Елімізде 2000 жылы 62 әуе компаниясы тіркелген. Олардың ішіндегі ең қуаттысы- «Эйр Астана» әуе компаниясы.



  1. Жаңа сабақ

Оқушылардың білімін жан- жақты тексеру.

1.Географиялық диктант.

Сұрақтар.

Жауабы.

Нақты жауабы.

1.Әлемдегі кеме қатнасындағы алғашқы орынды алады.

2.Қазақстанда теміржолдың ұзындығы қанша км ?

3. «Түрксіб» теміржолы қандай экономикалық аудандар арқылы өтеді?

4.Континентаралық жолаушылар тасымалдауда 1- ші орындағы көлік түрі.

5.Каспий теңізінің порттары.

6.Дүниежүзіндегі автомобиль жолының жалпы ұзындығы.



Атырау, Ақтау.

Әуе көлігі.

24 млн. км.

Оңтүстік, Шығыс.

Атлант.

14,0 мың. км.




Атлант.

14,0 мың. км.

Оңтүстік, Шығыс.

Әуе көлігі.

Атырау, Ақтау.

24 млн. км.




2. Көлік түрі, ең:

1.Ең арзаны (теңіз)

2.Ең жылдам (әуе)

3.Ең тез дамып келе жатқан көлік. (автомобиль)

4.Ең маңыздысы. (теміржол)

5.Ең таза(құбыр)

6.Ең қымбат (әуе)

3.Қосымша деректер:

 Алматы метросы

Алматының метро құрылысы 1988 ж. басталған еді. Алайда Кеңес Одағының ыдырауынан метро құрылысы тоқтатылып, тек тәуелсіздік алғаннан кейін 2003 жылдан бастап метро құрылысына ақша бөле бастайды. 2011 ж. 1 желтоқсанда Алматы метросы салтанатты түрде ашылады. Бұл метрополитен техникалық жағынан ТМД елдері арасынан ең үздік болып саналады. Ұзындығы 8,56 км. құрайтын алғашқы бағыт 7 бекеттен тұрады. Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкентметрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы метрополитен.

Лондондағы Хитроу әуежайы дүниежүзіндегі аса ірі әуежай болып саналады. Одан тәулік сайын 100 мыңға жуық жолаушы өтеді. Ол күн сайын 700 ұшақты қабылдап, жөнелтіп отырады, жөнелту жиілігі сағатына 100 машинаға жетеді.

Кесте «Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар»




Атауы.

Орналасқан жері.

1

Хитроу

Лондон, Ұлыбритания

2

О, Хара

Чикаго, АҚШ

3

Хартсфилд

Атланта, АҚШ

4

Ханеда

Токио, Жапония

5

Лос- Анджелес

АҚШ

6

Даллас- Форт- Уорт

АҚШ

7

Майндағы Франкфурт

Германия

8

Шарль де Голь

Париж, Франция

9

Шифол

Амстердам, Нидерланд

10

Денвер

АҚШ

d:\рабочий стол\коллекция картинок (microsoft)\3a2f58ea.jpg

d:\рабочий стол\коллекция картинок (microsoft)\1a20dda7.jpg d:\рабочий стол\коллекция картинок (microsoft)\1a20dda7.jpg

Сабақты бекіту: Сұрақ- жауап. Тест.

1.Дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен қай ғасырда дами бастады?

А. ХІХ. ғ.

Б. ХҮІІІ ғ.

Г. ХХ ғ.

2.« Жасыл революция» бастамасы алғашында қай елде жүргізілді?

А. Алжир.

Б. Иран.


Г. Мексика.

  1. Өсімдік шаруашылығының негізгісін көрсет.

А. Астық дақылдары.

Б. Техникалық.

Г. Бақшалық


  1. Ауыл шаруашылығының ең тез өсіп келе жатқан саласының бірі.

А. Марал шаруашылығы.

Б. Құс шаруашылығы.

Г. Мүйізді ірі қара.


  1. Қазақстанда балықтардың қанша түрі кездеседі?

А. 170.

Б. 180.


Г. 190.

  1. Сергітпе дақыл.

А. Кофе.

Б.Күнбағыс.

Г.Күріш.


  1. Қандай дақылды экспорттау жөнінде Қазақстан алдыңғы он ел қатарында.

А. Жүгері.

Б.Бидай.


Г. Тары.

1

2

3

4

5

6

7

Г

Г

А

Б

Б

А

Б

2. «Не? Қайда?»

1.Жүгері. 1.Тайланд.

2.Шай. 2. Италия.

3.Кофе. 3. Мексика.

4.Жүзім. 4. Қытай.

5.Күріш. 5.Эфиопия.

Маусымдық көлік түрі. (өзен)

Еліміздің бірнеше аймақтарын қосатын негізгі теміржол- магистраль.

Теңіз тасымалындағы ең маңызды бұғаз(Ла- Манш)

Дүниежүзінің саяси картасымен жұмыстар жүргізу.



  1. Үйге: Ү тарауды қайталау

  2. Бағалау.

Сәуле орта мектебі.



Тақырыбы:

c:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0211949.wmf

Өткізген: география пәнінің мұғалімі

Барболова Әсемгүл Мағауқызы.

  • Дамытушылық
  • Сабақтың көрнекілігі
  • Автомобиль көлігі.
  • Суасты құбыр желілері.
  • Жаңа сабақ Оқушылардың білімін жан- жақты тексеру. 1.
  • Атауы. Орналасқан жері.
  • Сабақты бекіту
  • Үйге

  • жүктеу 74.74 Kb.