Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Кесте құру. Word -тың графикалық мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты

жүктеу 56.61 Kb.



жүктеу 56.61 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі56.61 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Кесте құру. Word -тың графикалық мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты



Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Кесте құру. Word –тың графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға Word –та кесте құруды, сурет қоюды меңгерту.

Кестеге жол, баған қосуды, ұяшықтарды біріктіруді, суреттердің

өлшемін өзгертуді үйрету.

дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.


тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай білуге, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге баулу. Ой –пікір көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.


Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер.

Сабақта қолданылатын стратегиялар: венн диаграмасы, топтастыру, INSERT жүйесі.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

а) ой қорыту ( венн диаграмасы)

ә) сергіту сәті

3. Жаңа сабақ

б) INSERT жүйесі

4. Қорытындылау

5. Бағалау.

6. Үйге тапсырма.
1) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын тексеріп, сабаққа зейінін аудару.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

2) Үй тапсырмасын сұрау:





  1. Пішімдеу дегеніміз не?

  2. Қаріптің сызылымын қалай таңдаймыз?

  3. Қаріптің өлшемін қалай өзгертеміз?

  4. Абзацты форматтау қалай орындалады?

  5. Бет нөмірлерін қалай қоюға болады?

  6. Құжатты баспаға жіберу үшін қандай амалдарды орындаймыз?


1) Ой қорыту: Үлестірмелі қағаз арқылы венн диаграммасын, бес жол өлеңді, топтастыруды толтыру.

1. Венн диаграммасы

MS Word WordPad


2. Бес жол өлең: Мәтіндік процессор

1.
Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) - мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.
Мәтін


2. қызықты, графикті.

3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.


4. Мәтін кестеден құралған

5. MS Word мәтіндік процессор.
Сергіту сәті (Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді)

3. Жаңа сабақ

Кестелерді жасау әдістері. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер орналасу мүмкін.

Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.

Құжатта кесте құрудың екі әдісі бар:

1- әдіс:

Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте (Таблица) менюіндегі Қою →Кесте (Вставить →Таблица) командасын таңдаймыз. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз.



Кестені қою диалогтік терезесі.
Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезе ішінде көрсетілген пішінде Автоформат терезесінде таңдауға болады. Терезенің төменгі жағындағы қосымша батырмалар таңдалынған стандартты типтегі кестеге қосымша рәсімдер жасауға мүмкіндік береді.



Автоформат кестелері диалогтік терезесі.
2- әдіс:

Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.

Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен немесе мынадай пернелер көмегімен: ↑, ↓, ←, →, Таb (бір ұяшық оңға), Shift Tab (бір ұяшық солға орындалады).
Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу.

Кестенің жоғарғы жағына оның тақырыбын жазу кезінде бір жолдың бірнеше ұяшықтарын бір ұяшыққа біріктіру қажет болуы мүмкін, осы кезде ұяшықтың мазмұнын Формат менюінің көмегімен форматтауға болады. Олардың ішіндегі мәліметтер де бір ұяшықтың немесе бірнеше ұяшықтың ішіне орналасуы мүмкін.

Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара (Таблицы и границы) тақтасындағы

батырмасын шертеміз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки) бөлімін таңдаймыз немесе батырмасын шертеміз.

Ұяшықтарды бөлу командасы экранға Бағандар саны (Число столбцов) және Жолдар саны (Число строк) мәндерін енгізетін диалогтік терезесін шақырады.



Ұяшықтарды жолға және бағандарға бөлу.

Кесте құрылымын өзгерту.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Кесте құрылымын өзгерту бастапқы кестенің жолдар мен бағандар санын өзгерту болып табылады.


Кестеге элементтер қою үшін (жол, баған, ұяшық) олардың орнына жаңадан қойылатын элементтерді белгілеп, Кесте менюіндегі Қосу (Добавить) командасын таңдап, берілген, яғни Бағанның сол жағы, Бағанның оң жағы, Бір жол жоғары, Бір жол төмен ұяшықтар (Столбцы слева, Столбцы справа, Строки выше, Строки ниже, Ячейки) пункттерінің керегін таңдау қажет.

Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Кесте менюіндегі Өшіру (Кесте, Баған, Жол, Ұяшық) Удалить (Таблица, Столбцы, Строки Ячейки) бөлімін таңдаймыз.



Таблицаға жол немесе баған қосу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі.



Ұяшық қосу диалогтік терезесі.

Суреттермен жұмыс істеу.

Microsoft Word құжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады. Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Басқа программада жасалынған сызба құрылымдарды орналастыру үшін:

1) объект қойылатын жерге курсорды әкелу;

2) Қою →Сурет →Файлдан (Вставка →Рисунок→Из файла) командаларын таңдау;

3) Пайда болған терезедегі Бума өрісінен дискіні, ал төменгі өрістен сурет орналасқан файлды таңдау керек.

Егер сурет орналасқан файлды шертсеңіз, қоршаудың сол жағында сурет шығып тұрады;

4) ОК батырмасын басамыз, таңдалынған сурет құжатқа орналасады.



Арқылы қойылатын суреттердің

Microsoft Word арқылы қойылатын суреттерді орналастыру үшін:

1) сурет қойылатын жерге курсорды орналастыру қажет;

2) Қою →Сурет →Картина (Вставка →Рисунок→Картина) командаларын таңдау;

3) Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады;
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,


4)суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК батырмасын басу керек;

5) Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.

Суреттермен жұмыс. Сурет қойылған соң оны біз басқаша орналастыруға, өлшемін өзгертуге, суретке қоршау жасауға мүмкіндігіңіз болады.

Суреттерді стандартты әдіспен көшіруге болады. Ол әдісті қолдану үшін суретті ерекшелеу, яғни оны тышқанмен шерту керек.

Сурет өлшемін өзгерту үшін оны тышқанмен шерту керек. Сол сәтте ол жан –жағынан сегіз қара тік төртбұрышпен қоршалады. Бұрыштарын созу арқылы суреттің өлшемін өзгертеміз. Ал тіктөртбұрыштың қабырғаларын созу арқылы ені мен биіктігін өзгерте аламыз.

Егер суретте тышқанды шертсек, үнсіз келісім бойынша суреттің параметрлерін өзгертетін Көрінісін баптау (Настройка изображения) батырмалары бар тақта пайда болады. Бұл тақтаны қосымша меню арқылы да шақырып алуға болады.

Суретті өшіру үшін оны белгілеп Delete (Өшіру) пернесін басу керек.
INSERT жүйесі(оқушылар толтырады)

Білемін.

Не үйрендім?

Не білгім келеді?










4) Қорытындылау

  1. MS Word - та кестені құру әдістерін атаңыз?

  2. Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа қалай бөлуге болады?

  3. Кестедегі қандай қозғалыс әдістерін білесіз?

  4. Бірнеше ұяшықты бір ұяшыққа біріктіру үшін қандай амалдарды орындаймыз ?

  5. MS Word суреті қалай қойылады?

  6. Суреттің өлшемін қалай өзгертеміз?

  7. MS Word құжатында сурет қалай өшіріледі?

5. Бағалау.

6. Үйге тапсырма.

  • Сабақтың типі
  • Сабақтың көрнекілігі
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Кесте (Таблица)
  • Кестені қою
  • Автоформат кестелері
  • Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу.
  • Ұяшықтарды бөлу командасы
  • Ұяшықтарды жолға және бағандарға бөлу
  • Ұяшық қосу
  • 2) Қою →Сурет →Файлдан (Вставка →Рисунок→Из файла)
  • Арқылы қойылатын суреттердің
  • 2) Қою →Сурет →Картина (Вставка →Рисунок→Картина)
  • Суреттермен жұмыс.

  • жүктеу 56.61 Kb.