Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы Сабақтың мақсаты

жүктеу 42.87 Kb.



жүктеу 42.87 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі42.87 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы Сабақтың мақсаты



Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №2 орта мектептің физика пәні мұғалімі. Избасарова Акджагуль

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

ә)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Есеп шығару тәсілдерін үйрету, практикалық білім беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Табиғат Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық проектор, динамометр, білеуше

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ.Жаңа сабақ;

IV.Бекіту;

V. Үйге тапсырма;

VI. Сабақты қорытындылау (бағалау).

І.Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау Сурет арқылы салмақсыздықты еске түсіру. (Проекциялық аппарат, компьютер арқылы)

ІІІ.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Жаңа сабақ


Сабақтың барысы:

1)Оқушыларға өздерінің өмірімен байланысты, күнделікті тұрмыстағы кездесіп жүрген заңдылықтарға байланысты бірнеше сұрақтар қою.

2)Сұрақтарды проекциялық аппарат арқылы экранға шығарып, жеке-жеке қысқаша жауап қайтару.
Проекция (лат. projectio - алға лақтыру) - бұйымның бетке, көбінесе жазықтыққа белгілі бір әдіспен тұрғызылған кескіні.
Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк. әрпімен белгіленеді.


Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояйық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылтыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен.

Конькидің жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конькидің астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады?
Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.
Сұйық қабаттары жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырлық деп аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады. Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді.


Өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық үйкелісінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді. Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі жасайды. Демонстрациялық лабораториялық жұмыс. (Проекциялық аппарат, компьютер, экран арқылы көрсетіледі). Білеушені бірдей күшпен тартайық. Бетке қай жағынан жанасқанын ескермейік. Үйкеліс күшінің жанасушы беттердің ауданына тәуелсіз екенін көреміз.

Білеушені басқа кедір-бұдырлы бетке орналастырайық. Енді оны орнынан қозғалту үшін бұрынғыдан да көп күш жұмсау қажет екенін көреміз. Бұл үйкеліс күшінің өзара әсер етуші беттерге тәуелді екенін көрсетеді.

Беттердің кедір-бұдырлығына байланысты болады.

Динамометрге бекітілген білеушені тарту арқылы берілген уақыт моментіндегі денеге әсер ететін күшті анықтауға болады. Әсер етуші күш белгілі бір шамадан асқанда білеушенің қозғалатынына назар аударыңдар. Сонымен бірге білеушені қозғалысқа келтіріп тұрған күштің әсер етуші күштен аз екенін байқаймыз. Салмағы алғашқыдай тағы бір білеушені қойып, бетке әсер ететін күшті екі есе арттырайық. Динамометр үйкеліс күшінің артқанын көрсетеді.

IV.Бекіту.

Тапсырмалар:

1.Үш түрлі үйкеліс күшіне оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма. 2.Техникада үйкеліс коэффициентін ескеру тақырыбына үш түрлі жағдайға байланысты тапсырма.

1)Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің құрғақ асфальт пен ылғал асфальтта үйкеліс коэффициентінің мәндері 1=0,6 және 2=0,4.
Автомобиль Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?


2) Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің құрғақ бетон мен ылғал бетонда үйкеліс коэффициентінің мәндері 1=0,95 және 2=0,85. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?

3) Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің қара жолда және құм төселген жолда үйкеліс коэффициентінің мәндері 1=0,5 және 2=0,7. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?

Сабақты қорытындылау

Оқушылар біз бұл себептерде қандай күш туралы айтып отырмыз? Әрине үйкеліс күші туралы. Сонымен біз бүгін үйкеліс күшінің маңызымен таныса келе мынадай қорытынды жасаймыз.

Қорытынды: Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN

Тәжірибелер үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады. Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық артқан сайын үйкеліс жылдамдыққа тәуелді артады. Домалау үйкеліс күші де сол сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға шартты түрде бағынады.

V. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу.

VI. Оқушыларды бағалау 


жүктеу 42.87 Kb.