Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету. Орталық процессор сипаттамалары

жүктеу 64.51 Kb.



жүктеу 64.51 Kb.
Дата21.04.2017
өлшемі64.51 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету. Орталық процессор сипаттамалары





Пәні:


Компьютерлік техникаға қызмет корсету және пайдалану



Сабақтың тақырыбы:



Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету. Орталық процессор сипаттамалары.

Сабақтың мақсаттары:




Білімділік:

Білім алушыларға өрнектердің математикалық жазылуы программалау тілінде жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, берілген өрнекті программалау тілінде жазуды үйрету;


Дамытушылық:

Белсендiлiк, қызығушылық, мақсатқа жете бiлушiлiк, өзiне, қоршаған ортаға, қоғамдық пайдалы еңбекке қарым-қатынастың дамыту;


Тәрбиелік:

Білім алушыларды бағдарламаларға мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі

Аралас сабақ









Сабақтың түрі

Теориялық







САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ


Сабаққа қолданылатын әдебиеттер:

1.Е.Қ.Балапанов, А.Б.Даулетқұлов, Б.Б.Бөрібаев «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ», Г.Ә.Жапаров. «Информатика негіздері».

2. Б.А.Бельгибаев «TurboPascal», 47-48 бб

3. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал.


Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар:

Компьютер, интербелсенді тақта, проектор.

Сабақты жүргізу кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

а) Білім алушылармен сәлемдесу;

ә) Білім алушыларды түгендеу;

б) Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Білім алушылардың назарын сабаққа аудару




  1. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

1. Аналық тақша дегеніміз не?

2. Аналық тақшаның қызметі неде?

3. Аналық тақшаның компенеттерін атап беру, мысалы келтіру..


  1. Тақырыпты баяндау (40 мин)


Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету.

Орталық процессор сипаттамалары.

Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғылараның арасында информацияны жіберу болып табылады.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады:




Жүйелік шина




Басқару шинасы

Адрес шинасы




Дерек шинасы

Шиналар бойынша басқару сигналдарын, деректерді (сан, символдар), жадтың ұяшық адресін (адреса ячеек памяти) және еңгізу-шығару құрылғысының номерін айналдырады. Дербес компьютер шиналары. Шина дегеніміз - бұл сым-жолдарының жиынтығы,кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттері біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым –жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.



Мультиплекстелген шина. Кейбір кезде бір өткізгіш арқылы әр уақытта адрес және мәліметтер беріледі. Бұндай шинаны - мультиплекстелген деп аталады. Шинаға қосылған құрылғылар 2 негізгі типке бөлінеді – басқарушы (master) және бағынушы (slave).

Адрестік шина. Осы шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды. Қазіргі заманғы процессорда адрестік шина 32- разрядты, яғни ол 32 паралельді өткізгіштерден құралады.

Мәліметтер шинасы. Бұл шина арқылы оперативті жарыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді. Intel Pentium негізіндегі процессорларда мәліметтер шинасы 64-разрядты.

Командалық шина. Процессорда орындалған командалар осы шиналар мен оперативтік жадыдан келеді. Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады. Қазіргі заманғы процессорлардың көп бөлігінде 32-разрядты командалар шинасы бар,сонымен қатар 64-разрядты командалық шинасы бар процессорлар да кездеседі.

Аналық тақшадағы шиналар тек процессормен байланыс орнату үшін ғана қолданылмайды. Аналық тақшадағы ішкі құрылғылар және де оған тікелей қосылатын құрылғылар бір-бірімен шиналар арқылы байланысады, әрекеттеседі.



Процессор немесе микропроцессорлар.
Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Есептеу техникасының дамуы орталық процессорлардың жетілдірілуімен бірге жүзеге асады. Процессорлардың жаңа модульдері тек өнімділіктің өте жоғарылығымен ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерімен де ерекшелінеді (жаңа регисторлар,архитектурадағыжаңа компьютерлік жинақтар және жаңа өзгертулер). Процессорлардың жаңа модульдерін жасаушылар қайтарымды сыйымдылық принципіне негізделеді,яғни процессорлардың жаңа моделі қолданыста бар архитектура негізінде жасалады. Дербес компьютерлердің орталық процессорлар нарығында қазіргі уақытта басты орынды Intel фирмасының х86 түрлегі моделі иеленуде.

1993 жылы Pentium процессоры пайда болды. Ол х86 архитектурасының процессорларының көптеген қасиеттерін игерумен тығыз байланысты. Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелері қабылдаушыларды көрсетіп береді.

Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Дербес компьютермен алғаш танысқанда процессордың төрт құрылғыдан тұратынын байқаймыз: арифметикалы-логикалы құрылғы (АЛҚ, басқару құрылғысы (БҚ), жалпы тағайындалуының регистрлері (ЖТР) және бүркеме жад (кэш – память) Алқ деректеріндегі арифметикалы логикалы операцияны орындайды. Аралық нәтижелер ЖТР-да сақталады. Бүркеме – жад (кэш память) жұмыссыз бос тұрып қалудың уақытын қысқарту жолымен процессордың жылдам әрекет етуін арттыруға қызмет етеді. БҚ кезекті команда адресінің қалыптасуына, яғни программадан тұратын команданың орындалу тәртібіне жауап береді.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.




  1. Жаңа тақырыпты бекіту (30 мин)

Тапсырма 1 - Мынаның қайсысы процессор
http://uznaytut48.ru/wp-content/uploads/2014/04/kak-vybrat-cpu04.jpg http://www.pocketmagic.net/wp-content/uploads/2014/10/single_chip_computer_2.jpg

Тапсырма 2 - Мына суреттерде нені байқап отырсындар?
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

http://www.bestreferat.ru/images/paper/07/82/7588207.jpeg

http://igshestopalov.narod.ru/seti/seti/image004.gif http://igshestopalov.narod.ru/seti/seti/image006.gif

Сергіту сәті;


Тапсырма 3 - Топты екіге бөлу:


I топ

II топ

1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)

1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? (Enter)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)



Тапсырма 4 - “ Жұмбақтарды тап” бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар.



1 - топ

2 - топ

1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек

(монитор - монитор)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.

(бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені

(кактус - cactus - тікенекгүл)

1. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың

(тышқан - мышка - maus)
2. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз

(пернетақта - клавиатура - keyboard)
3. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.

(терезе, окно, windows)



V. Сабақты қорытындылау (8 мин)

  • Өткен тақырыпқа сараптама жасау

1.
Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Шинаның қандай түрлері болады?

2. Мәліметтер шинасына анықтама беру.

3. Командалық шина қандай қызмет атқарады?

4. Адрестік шина дегеніміз не?

5. Процессор немесе микропроцессорлар мағынасы неде? Қандай жұмыс атқарады.


  • Жеткен жетістіктерін айту;

  • Жіберген кемшіліктерін көрсету;

  • Белсенді Білім алушыларді бағалау.


VI. Үй тапсырмасы (1 мин)

Конспектіні оқу.



Оқытушы ________________А.С.Ишмухамедова

  • Сабақтың мақсаттары: Білімділік
  • САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ Сабаққа қолданылатын әдебиеттер
  • Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
  • Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
  • Тақырыпты баяндау (40 мин) Жүйелік шиналарды схема түрінде көрсету. Орталық процессор сипаттамалары.
  • Жүйелік шина Басқару шинасы Адрес шинасы
  • Процессор немесе микропроцессорлар
  • Жаңа тақырыпты
  • Тапсырма 3
  • 1
  • (монитор - монитор)
  • (бос орын пернесі - пробел - blank)
  • (тышқан - мышка - maus)
  • (
  • VI. Үй тапсырмасы (1 мин)

  • жүктеу 64.51 Kb.