Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: «информатикалық саяхат»

жүктеу 48.49 Kb.



жүктеу 48.49 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі48.49 Kb.

Сабақтың тақырыбы: «информатикалық саяхат»



Жунусова Альбина Бахытовна

"Атбасар ауданы білім бөлімінің кешкі орта мектебі"ММ

информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «ИНФОРМАТИКАЛЫҚ САЯХАТ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру. Дамытушылық: компьютерде тест тапсырмаларымен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Құрал-жабдықтар: компьютер, презентация, тапсырмалары бар карточка, таратпа материал СИН бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмалар, Excel-де жасалған сөзжұмбақтар, электронды оқулық.

Сабақ түрі: қайталау, жалпылау сабақ

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау. Сабақ кіріспесі

3. Бекеттер бойынша жұмыстар

Билетке тапсырыс беру – «Тест тапсырмалары»

1. Бекет– «Программалық жабдықтама»

2. Бекет – «Компьютер құрылғылары»

3. Бекет – «Сөзжұмбақ»

4. Бекет - «Windows операциялық жүйесі» электронды оқулығымен жұмыс



4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Бағалау.
Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушы Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Сабақ басталмастан бұрын, үй жұмысын тексеріп алу.

2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.

Кіріспе

Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстыру. Сабақ соңында әр оқушының «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескерту. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: оқушылар компьютерде Easy Qizzy бағдарламасымен құрылған тест тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.



«5» деген баға алған оқушы купе вагонымен;

«4» деген баға алған оқушы плацкарт вагонымен;

«3» деген баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,

ал «2» деген баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.


Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады.
Вагон(франц. wagon, ағылш. waggon - арба) - релiсті жолмен қозғалатын көліктің құрамдас бөлігі. Әдетте, локомотивке тіркеледі. Сондай-ақ, өзіндік жетегі бар вагондар да (моторлы вагон, трамвай вагоны, т.б.)
Мысалы деңгейлік тапсырма дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге ауыса алады; ал дұрыс орындамаса өз вагонында қалады.
Бекеттер_бойынша_тапсырмалар_орындау__Бекет–_«Программалық_жабдықтама»'>3. Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау

  • Бекет– «Программалық жабдықтама»

Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады:

Операциялық жүйе. Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.

Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.

Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Драйвер - (ағылш. drіver - жүргізуші) - компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.)
Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Қолданбалы программалық жабдықтама

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

Программалау жүйелері

Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгей- жалпы вагондағы оқушыларға

Оқулықта 290 бет бар, әр бетте 37 жол бар, әр жолда 65 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша байтты құрайды?



В деңгей- Плацкарттағы оқушыларға

Оқулықта 310 бет бар, әр бетте 41 жол бар, әр жолда 72 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Кбайт?



С деңгей- Купедегі оқушыларға

Оқулықта 250 бет бар, әр бетте 38 жол бар, әр жолда 55 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Мбайт? Оны көлемі 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?



  • Бекет – «Компьютер құрылғылары»

а) Топтастыру. Компьютер құрылғыларын енгізу және шығару құрылғылары бойынша топтастыру(флипчарт)

ә) Компьютерде жұмыс істеу. Мәтіндік редакторда төмендегі мәтінді теру:



Сергіту сәті. Жаттығулар жасау (музыканың сүйемелдеуімен)


  • Бекет – «Сөзжұмбақтар»

Excel программасында деңгейлік сөзжұмбақтар шешу

  • Бекет«Windows операциялық жүйесі» электронды оқулықпен жұмыс.

SinKaz электронды оқулығының 2 модулі бойынша жұмыс істеу



Сабақты қорытындылау.

Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не?

Операциялық жүйе жүктеуі қашан болады?

Программалық драйвер не үшін қажет?

Программалық утилитаға мысал келтір.

Сапар соңында «Білім» қаласына оқушылар қандай вагонмен келді, соған байланысты білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма.

Егер «Білім» қаласына:

Купе вагонымен келсеңіз:

«Қазіргі кездегі операциялық жүйе түрлері» тақырыбына баяндама дайындау



Плацкарт вагонымен келсеңіз:

Сөзжұмбақ құрастыру



Жалпы вагонымен келсеңіз:

«Windows операциялық жүйесі. Windows объектілері. Терезелер» тақырыбын қайталау



Рефлексия. Оқушылар шам жағу арқылы өз көңіл-күйлерін көрсетеді

Оқушыларды бағалау.

  • «ИНФОРМАТИКАЛЫҚ САЯХАТ» Сабақтың мақсаты: Білімділік
  • Дамытушылық: компьютерде
  • Тәрбиелік
  • Сабақ түрі
  • 4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Бағалау. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
  • 2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау. Кіріспе
  • 3. Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау Бекет– «Программалық жабдықтама»
  • Деңгейлік тапсырмалар: А деңгей- жалпы вагондағы
  • В деңгей- Плацкарттағы
  • Бекет – «Компьютер құрылғылары»
  • Сергіту сәті. Жаттығулар жасау
  • Бекет – « Windows операциялық жүйесі»
  • Сабақты қорытындылау.
  • Үйге тапсырма. Егер «Білім» қаласына: Купе
  • Плацкарт вагонымен
  • Рефлексия.

  • жүктеу 48.49 Kb.