Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі. Сабақтың мақсаты

жүктеу 48.01 Kb.



жүктеу 48.01 Kb.
Дата26.03.2017
өлшемі48.01 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі. Сабақтың мақсаты



Информатика 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.


Сабақтың мақсаты:

  • Дұрыс ойлай білуге, жауапкершілікке және адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
    Құндылықтар - бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады.
    Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.


  • Дербес компьютер архитектурасын сипаттай білуге үйрету, теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білуге бейімдеу.

  • Ақпараттық мәдениетін дамыту және логикалық терең ойлай білуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың өткізілу әдісі:  түсіндіру, көрсете баяндау, өзіндік жұмыстар орындату

Сабақтың өткізілу формасы: ұжымдық, жеке

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта және оның құралы, компьютер құрылғылары, тақырыпқа байланысты презентация, үлестірмелер.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.


Негізгі дереккөзі: 8-сыныпқа арналған оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сабаққа қатысуын түгендеу.

- Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру

(Қысқаметражды қызықты бейнефильм көрсету).
ІІ. Жаңа сабаққа әзірлік.

Оқушыларға ДК қолданылу сипаттамалары туралы баяндау.

Дербес компьютерлердің кең таралуына және қолданылуына мынандай сипаттамалар ерекше әсер етті:

1) адамның компьютермен қарым-қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы;

2) құнының арзандығы;

3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы (кез келген жерге орнатуға болады);

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

4) құрылымының «ашықтығы» нәтижесінде қолданушылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және қомпьютер қуатын жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңейте алады;

5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің программалық және құрылғылық үйлесімділігі;

6) әр түрлі қолдану салаларына арналған программалық құралдарының мол болуы;

7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі.


IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.


Ақпаратпен қамтылуы

Программамен қамтылуы

Компьютердің конфигурациясы

Аппараттық бөліктер (компоненттер) арасындағы байланыс принциптері компьютердің архитектурасымен анықталады.

Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Компьютердің архитектурасы – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Егер компьютердің аппараттық бөліктері арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның архитектурасын стандарттық деп атайды. Архитектурасы стандарттық емес компьютерлер де бар, бірақ олар көбінесе басқа құрылғылардың құрамында қолданылады. Мысалы, ұшақтардың борттық компьютерлері мен тұрмыстық техниканы басқару жүйелері.

Ұшақ (ағылш. airplane, plane, орыс. самолёт) - күштік қондырғы (қозғалтқыш) көмегімен атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.

Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейман принципіне негізделген және құрастырудың модульдік принципін пайдаланады.

1946 жылы Артур Бёркс, Герман Голдстайн және Джон фон Нейман «Электрондық есептеу құрылғысын және логикалық құруды алдын ала қарастыру» атты мақала жариялады. Мақалада ЭЕМ-де деректерді бейнелеу үшін екілік санау жүйесін пайдалану негізделді, программа мен деректер үшін ортақ жадты қолдану идеясы ұсынылды. Джон фон Нейманның аты сол кезде ғылым кеңістігінде кеңінен танымал болатын. Сондықтан, онымен бірігіп жазған авторлар екінші қатарға ығыстырылып, бұл идеялар «фон Нейман принциптері» деген атауға ие болды.

Дербес компьютер архитектурасы – процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.



Дербес компьютердің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол үш түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Адрестік шинаның көмегімен процессор байланыстырылатын жады ұяшықтарын таңдайды. Басқару шинасы бойымен жедел жадтан процессорға бұйрықтар, ал деректер шинасы арқылы деректер жеткізіледі. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы. Мысалы, Pentium процессорларының адрестік шинасы – 32 разрядтық, яғни процессор 232 жады ұяшықтарын ажыратуға қабілетті.

Ең артық жүктелетін шина – ол видеодеректер тасымалданатын шина. Мұндай ағындар үшін жеке шина бөлінеді. Басқа барлық компоненттерге құрылғылар шинасы бөлінеді. Қазіргі компьютерлерде күнделікті пайдалану үшін USB (Universal Serial Bus) шинасы қолданылады.

Аналық тақша – қазіргі дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросхемадан тұрады:

1) Солтүстік көпір (North Bridge) – орталық процессордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы.

2) Оңтүстік көпір (South Bridge) – ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының жұмысын және сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы-концентраторы.
ІV. Білімді бекіту, пысықтау

1) «Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі

- Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын атап бер.

- ДК архитектурасы деп нені айтады?

- Жадтың қызметі қандай?

- Аналық тақша дегеніміз не?

- Жүйелік шинаның құрамы қандай?

- Ортақ жадты қолдану идеясы неліктен «фон Нейман принципі» деп аталады?

2) Сөзжұмбақ шешу және блиц-сұрақтарға жазбаша жауап беру:


3) «Көкпар» (ортақ сұрақтарды талдау).

Тұрақты жад пен сыртқы ақпарат тасымалдаушыларды салыстыра отырып, кестені толтыру жұмыстарын жүргізу.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.






4) «Ой қозғау» әдісі (суреттер бейнеленген кестені сәйкестендіріп толтыру).

Оқушылар әр құрылғының тұсына оның қандай құрылғы екенін жазады және сол туралы мәліметтер айтады.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.


5) «Артығын тап»

Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларынан артығын тауып, әр түрлі түске бояйды. Боялмаған ұяшықтарда орналасқан атауларға түсініктеме береді.


V. Сабақты қорытындылау, бағалау

- Тақырып бойынша түйін.



- Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау және мадақтау.
VІ. Үйге тапсырма

§7, §8 қайталау

  • Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. - Оқушылармен сәлемдесу. - Сабаққа қатысуын түгендеу. - Сыныптың психологиялық
  • Компьютердің конфигурациясы

  • жүктеу 48.01 Kb.