Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

жүктеу 0.95 Mb.



жүктеу 0.95 Mb.
бет1/6
Дата04.04.2018
өлшемі0.95 Mb.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты


  1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

Ауызша есептеуге №1 тапсырманы қосу қажет - жарыс түрінде ұйымдастыру.

№2 тапсырманы (екі таңбалы санды екі таңбалы санға қалай бөлетінің естеріне түсіру) түсіндіре отырып орындау қажет. Келесі сабақтың тақырыбы «Екі таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілдері» болғандықтан, бөліндіні тиімді таңдау тәсілін еске түсіру қажет.

Өткен материалмен жұмыс

Оқушылар «Амал компоненттері» (№3) атты кестемен жұмыс істеуді біледі. Алайда олар мұндай кестелер бойынша күрделі теңдеулерді тұңғыш рет құрғалы отыр. Сондықтан әр кестеден бір жаттығуды тақтаға түсіндіре отырып орындаңыз. Қалғаның балалар өз бетінше орындасын, кейін тексеріңіз.

Балалар № 4, 5, 7 тапсырмалармен таныс болғандықтан, оларды өзіндік жұмысқа немесе үй жұмысына қосуға болады.

№5 есеп тіктөртбұрыштың периметрін табуды қайталауға көмектеседі. Тіктөртбұрыштан қиып алынған тік бұрышты үшбұрыштың ауданын қалай табуға болатынын талдап қорытындылауды тапсырыңыз. Ол үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып алып, шыққан нәтижені 2-ге бөлу керек екенін оқушылар айта алуы тиіс.

№8 геометриялық конструктор орындалады.

Үй жұмысы. Бұл сабақта екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға бөлуге мысалдар келтіре отырып, мынадай «құпияның» бетін ашуға болады: екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтіп, бөлу амалымен кері мысал жазу.

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілі

Сабақтың мақсаты: балаларды екі таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілімен таныстыру; әртүрлі есептерді шығару қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру.

Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есеп

13 42 23 17

Ауызша жаттығулар барысында балалардың есептеу дағдысын тексеріңіз. Бұл жерде математикалық диктант алып, тексеруге болады: 3500 : 5, 26 • 70,81: 27, 72 : 36, 7 200 : 800, 45 • 8, 9 • 71, 42 : 21, 5 400 : 9, 320 : 16, 72 • 2, 752 369 • 0, 660 : 11, 71 • 4, 310 • 3, 650 : 50.'

Тақтаға екі таңбалы санды көбейтуді түсіндіре отырып орындаңыз.

Көбейту: 56•24. Есептеу барысында көбейтудің қандай заңын пайдаланасыз? (Үлестірімділік заңы). Қалай талдаймыз?

Екінші көбейткішті ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде алып, 56-ны ондықтар мен бірліктерге кезекпен көбейтеміз, шыкқан нәтижені қосамыз: 56 • 20 + 56 • 4 = 1 120 + 224 = 1 344. Мұндай мысалды баған түрінде көбейтуге бола ма? Көбейтуді баған түрінде орындап көруді ұсыныңыз.

Жаңа материалмен жұмыс.

Балалар өздері жазған нұсқаларды көрсеткеннен кейін мұғалім қорытындылайды. Оқулықтағы жазбамен салыстырады. Екі таңбалы санға көбейту үшін:



  1. көбейткіштерді «бағанға» жазамыз (бірліктердің астына бірліктерді, ондықтардың астына ондықтарды);

  2. алдымен бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің бірлігіне көбейтеміз; алынған толымсыз нәтижені бір таңбалы санға көбейткендегідей етіп жазамыз;

  3. бірінші көбейткішті екінші көбейткіштің ондығына көбейтіп, оны екінші көбейткіштің ондықтарының астынан бастап жазамыз;

4) бірінші және екінші нәтижелерді бір-біріне қосамыз.
Оқушылардың назарын №2 оқулықтағы түсіндірмеге аударыңыз. Көбейтуді ауызша орындатыңыз.

Екі таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмін оқушылар естеріне сақтаулары керек.



Назар аудар! Көп таңбалы санға көбейткен кезде екінші көбейткіште қанша цифр болса, дәптердің шетінен (немесе жиек сызыгынан) сонша торкөз алып, оған 1 торкөз қосып қалдырыңыз.

Алғашқы бекіту.

№2 (ә) - оқушылар амалдарды тақтаға шығып кезекпен орындайды, түсіндіреді. Жазудың дұрыс жазылуына мән берген жөн.

Жұптасып жұмыс істеу: оқушылар үйде дайындап келген мысалдарымен алмасып, оны қағазға орындайды. Кейін тағы да алмасады және тексереді. Даулы мәселе туындаған кезде мұғалімнің көмегіне жүгінеді.

Өткен материалмен жұмыс.

№5 есеп ауызша орындалады.

38 + 42 = 80 км - арақашықтық. Теплоходтардың жылдамдығы: 38 : 1 = 38 км/сағ; 42 : 1 = 42 км/сағ.

№6 есеп амалдар бойынша тақтаға және дәптерге орындалады.



  1. 70 + 60 = 130 (км/сағ) - жақындау жылдамдығы.

  2. 260 : 130 = 2 (сағ) - жолдағы уақыт немесе өрнек

түрінде: 260 : (70 + 60) = 2 (сағ)

№3 есепті орындау барысында шама бірліктерін ауыстыру қажеттігін окушылардың назарына салыңыз.







Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Касатка

65 км/сағ

360 мин = 6 сағ

390 км

Дельфин

46 км/сағ = 460 м/36 с

180 мин

138 км

Акула

36 км/сағ = 36 000 : 60 = 600 м/мин

120 мин

72000 м =72 км

Лосось

39 км/сағ

8 сағ

31 312 км

Жылан балық

12 км/сағ

12сағ

144 км

№7 - өзіндік жұмыс.

Соңғы өрнекте «абайла» белгісі бар. Екінші жақшадан нөл шығатындықтан, бірінші жақшаның ішін көбейтудің қажеті жоқ.

Сабақтың бұл кезеңінде №8 тапсырманы орындау қажет. Ол оқушыларды «емес» деген логикалық сөзді пайдалануға машықтандырады.

Үй тапсырмасы: №4 тапсырма бойынша 4 өрнек құрастыру қажет. Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: барынша көп өрнек құрастырып, олардың мәнін табу (16 нұсқа жасауға болады).

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілдерін бекіту; әртүрлі есептерді шығару қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың барысы.

Тірек білімін, білік дагдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеу

Қалдырылған сандарды атап көрсет.



Алдыңғы сан




999 999







79 899

Сан

70 900







40 909




Кейінгі сан







100 000







Математикалық диктант алу үшін тексеруге арналған дәптерді пайдаланыңыз.

Екі таңбалы санға көбейту амалдарының алгоритмін қайталаңыз. Балаларға мысалды жазғанда екі торкөзді бос қалдырып жазу керектігін ескертіңіз.

№1. Көбейтуді түсіндіре отырып орындайды. Есепті шығару жолдарын дауыстап айтудың маңызы зор. Өйткені балалар бұл тәсілді бірінші рет үйреніп отыр. Олар толымсыз нәтижені жазған кезде жиі қате жібереді.

№2 есеп үлгі-сызбаның көмегімен шығарылады. Мұндай есептерде қысқаша жазудың кажеті жоқ, есеп бойынша сызба сызған дұрыс.

№4-есепке тек өрнектер ғана жазады. Бұрын мұндай блиц-тапсырмаларда әріппен берілген 1-2 өрнек кездескен де болатын. Бұл тапсырма әріпті тапсырмалардан тұрады. Балалар жазылған өрнектің мәнін жақсы түсінуі үшін, бір немесе бірнеше есептің сандық мәнін тауып, өрнектің мәнін есептеу туралы тапсырма беріңіз.

Геометриялық мазмұндағы №3 және №7 есептер бірінші жарты жылдықта кездескен тапсырмаларға ұқсас. Балалармен бірге тапсырманы орындау ретін талқылаңыз, содан соң есептеу мен сызуды өз бетінше орындауды тапсырыңыз.

№8 комбинаторлық есепке нұсқау.

Есепті кесте арқылы шығару - ең қолайлы тәсіл. Барлық нұсқаны жазып шығып, оларды санаңыз.






Марал

Рүстем

Шолпан

Серік

Назгүл

Марал

MM

MP

МШ

МС

МН

Рүстем

+













Шолпан
















Серік
















Назгүл
















Өзіндік жұмыс

5 ( бөлінді мен қалдықты табу), №6.



Жаңа тақырыпты тексеруге арналған мысалдар жазылған шағын карточкаларды пайдалануға болады (бір –бір қатардан шығару).

Сакбақтың тақырыбы: Екі таңбалы cанға бөлудің жазбаша тәсілдері

Сабақтың мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмімен таныстыру; есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру; әртүрлі есептерді шығару қабілетін бекіту.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Сендер осы тапсырманы орындағаннан кейін сабақтың тақырыбын білетін боласыңдар. 500-ден берілген сандарды кезекпен азайтыңдар. Айырмаларды табыңдар және оларды кему ретіне қарай орналастырыңдар.




Тақтада:

Ө

392

Л

333

Б

492

У

261


Сабақтың тақырыбы - екі таңбалы санға бөлу.

Тірек білімін, білік дагдыларын жетпілдіру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша тапсырмаға №1, №3 жаттығуларды қосыңыз.

Екі таңбалы санға бөлуге дайындау үшін математикалық диктант алып, артынша тексеріңіз: 630:90, 60:12, 72:12, 45:15, 25•10, 510 : 17, 770 : 110, 36 : 12, 7•14, 37 • 0, 54 : 17, 45 : 3, 24 : 2.

Содан соң тақтаға көп таңбалы санды бір таңбалы санға бөлуге 1-2 мысал шығарып, түсіндіріңіз.

Жаңа материалмен танысу.

Мысалға қараңыз: 624 : 78

- Сендер қандай сандарға бөлуді білесіңдер? (Бір таңбалы сандарға). Сендердің білімдеріңді пайдаланып көрелік. Бөліндіні оңай табу үшін әр санды 10-ға бөлеміз, мысал: 62 : 7. Бөлудің алдында бірінші толымсыз бөлінгіш пен бөліндідегі цифр санын анықтап ал. Бөліндіге қандай сан алдық? (8). Бұл - үлгі ретінде алынған сан, оны бірден бөліндіге жазуға болмайды. Алдымен тексеріп аламыз (78 • 8 = 624). Ендеше бұл цифр сәйкес келеді. Енді оны бөліндіге жазамыз.

- Оқулықтағы жаңа тақырыпқа берілген түсіндірмені қарап шығайық (№2а). Бөлу алгоритмін оқып шығып, есте сақтаңдар.

Алгашқы бекіту.

2 (ә) есеп тақтада жан-жақты түсіндіріле отырып орындалады. Оқушылар бөлуге берілген мысалды шешеді және тексереді.



- Бұл мысалдарды қалай тексереміз? (Көбейтеміз)

Өткен материалмен жұмыс.

5 есептің (екі айырма бойынша белгісіз санды табу) а) бөлімін сынып болып талдау.



  1. 9 600 - 6 400 = 3 200 (кг) - айырма.

  2. 3 200 : 80 = 40 (кг) - 1 қаптың массасы.

  3. 6 400 : 40 = 170 (қап) - картоп.

  4. 9 600 : 40 = 240 (қап) - сәбіз.

(ә) бөлімін өз беттерінше орындайды. Тақтаға қысқартуларды жазып көрсетуге болады - тг/сағ (сағатына неше теңге төленетіні - сағат бойынша төленетін ақы).

8 есепті Шығарғанда (ұзындығы 500 м пойыз сағатына 60 км жылдамдықпең жүріп келе жатса, үзындығы 500 м тоннельден қанша уақытта өтеді? Есепті шығару үшін жылдамдықты м/мин-қа ауыстыру).

Шешуі: 60 км : 60 мин = 1 км/мин немесе 1 000 м/мин. Ендеше 500 метр тоннельді жарты минутта жүріп өтеді.

Өзіндік жұмыс.

6 тапсырма бойынша есеп құрастыруға арналған тапсырма беріңіз. Жұмысты жеке-жеке немесе топқа бөлініп орындауға болады.

7 тапсырма бойынша мысалдар шығарудан жарыс ұйымдастыру.

Үй жұмысы. №6 (екі есеп). Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: «Білім сандығына» есептер дайындау (параққа өзіңің шығармашылық сұрағыңды жаз немесе мысалдар келтір).

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмін игеру, оны бекіту; есептеу қабілеті мен дағдыны жетілдіру; әртүрлі есептерді шешу қабілетін нығайту.

Сабақтың барысы

Тірек білімін, білік дағдыларын жетпілдіру.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Білім сандықшасы» деп аталатын ойын (оқушылар сабаққа дейін өздерінің параққа жазылған сұрақтарын қорапка салады, оларды шығарып, кезекпен оқиды. Қалғандары жауап береді).

  2. Ауызша есепті «Үндемес» немесе «Компьютер» ойындары түрінде өткізуге болады:

800 + 600 - 1 200 • 8 - 900 + 6 • 10 - 60 (7 000)

66 : 22 • 15 - 8 • 5 + 15 • 7 - 20 : 2 (600)

640 :8 + 5 + 2:3 •10+ 6 + 4:2•3 (450)

3. Жалпылама жұмыс.

• Тәуліктің бөлігі неше сағатқа тең?


  • дм неше метрге тең?

  • Ғасырдың бөлігі өтті. Бұл неше жылға тең?

  • Сағаттың бөлігі неше сағатқа тең?

  • Жүзімнің бөлігі канттан тұрады. 90 кг жүзімде қанша қант бар?

  • Адамдар тәуліктің бөлігін ұйқымен өткізеді. Адам қанша сағат ұйықтайды?

№1. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға немесе дөңгелек санға қалдықпен бөлуді баған түрінде орындайды. Оқушылар мүғалімнің жетекшілік етуі мысалдарын бағанға жазып, оларды шешеді. Оқушыларға қалдықтың бөлгіштен кем болатынын ескертеміз.

Жаңа материалмен танысу.

Есептеу тәсілін қарастырып (№2), бұл мысалдарды қалай шешу керектігін түсіндіру.



Алғашқы бекіту.

№2 - тақтада түсіндіру және дәптерде тексеру арқылы орындалады (1-ші және 3-баған).



Өткен материалмен жұмыс.

№3 тапсырма ауызша орындалады.

1) 95 + 66 - жақындау жылдамдығы;

2) 95 - 66 - екінші пойыздың жылдамдығы біріншісінің жылдамдығынан қанша артық;

3) 66 • 6 - бірінші пойыз жүріп өткен қашықтық;

4) 95 • 6 - екінші пойыз жүріп өткен қашықтық;

5) (66 + 95) • 6 - қалалар арасындағы қашықтық.

Бірінші бағандағы (№6) теңдеулерді шешпес бұрын балалар өрнектерді ықшамдайы (барлық амалдарды орындау қажет), содан соң жай теңдеудің түбірін табады. Ал екінші бағандағы теңдеулер күрделірек. Амалдардың белгісіз компонентін (белгісіз компоненті бар амал ең соңынан) анықтап, содан соң, табу ережесін қолдануға болады. Басқаша пайымдауға да болады. Егер өрнектің оң және сол жақ бөлігінен бірдей санды азайтсақ (қоссақ), бірдей санға бөлсек (көбейтсек) теңдік тура болады. Теңдеулерді шешкен кезде осылай пайымдау керек.

№8 есеп «мұны білу пайдалы» шартты белгісімен берілген. Ол 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілерімен таныстырады. Бұл материал бағдарламаға кірмейді, бірақ амалдарды барынша тиімді орындау және бағанмен бөлу барысында бөліндінің байқау цифрын таңдау үшін өте пайдалы.

Өзіндік жұмыс.

№5 тапсырма — мысалдар тізбегі.



Үй тапсырмасы: №2 (2, 4-баған), №4 (есеп).

Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: №5 тапсырмадағыдай мысалдар тізбегін құрастыру.

№7 (а). Алдымен шаршының ауданын тауып, оның қабырғаларының ұзындығын есептейді. Содан соң шеңбер сызады. Оны дәптердің төрт торкөзін пайдалана отырып теңдей төрт бөлікке бөлуге болады. Диаметрі ауданы 16 см2 болатын шаршыға тең шеңбер сыз. Шеңберді бірдей 4 бөлікке бөл. Олардың біреуін боя.

№7 (ә) есепті шешудің бірнеше жолы бар. (Тіктөртбұрыштың ауданы 20 см2. Осы тіктөртбұрыш үшін қабырғаларының ұзындығы 3 см болатын шаршы қиып алуға бола ма? Дәлелде.)

Шешуі = 20см2. Ендеше оның қабырғалары 10 және 2 см, 5 және 4 см, 1 және 20 см-ге тең болады. Шаршыны тіктөртбұрыштың қабырғалары 5 және 4 см болған жағдайда ғана қиып ала аламыз.


Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санға бөлу мен көбейту қабілетін дамыту; әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.

Сабақтың барысы

Өткен материалмен жұмыс.

Ауызша есептеуге №1 тапсырманы қосыңыз (есептеу міндетті емес, тек бөліндідегі цифр санын анықтау қажет).



Алғашқы бекіту.

Екі таңбалы санға бөлу мен көбейту қабілеттерін бекіту үшін төмендегі тапсырманы орындатып, содан соң тексеру қажет:

1-нұсқа:

136 • 24 = 3 264 621 • 58 = 36018

249 • 36 = 8 964 476 • 63 = 29 988


  1. 404 : 52 = 27 7 705 : 67 = 115

  2. 028 : 78 = 26 8 502 : 39 = 218

2-нұсқа:


304 • 72 = 21 888 352 • 42 = 14 784

875 • 49 = 42 875 235 • 93 = 21 855



  1. 364 : 44 = 31 9 711 : 83 = 117

  2. 576 : 28 = 92 20 045 : 95 = 211

  1   2   3   4   5   6


жүктеу 0.95 Mb.