Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс. Сабақтың мақсаты

жүктеу 55.56 Kb.



жүктеу 55.56 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі55.56 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс. Сабақтың мақсаты



ОБЛЫС: ОҚО

АУДАН/ҚАЛА: Арыс қаласы

АУЫЛ: Қожатоғай ауылы

МЕКТЕП: Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

ПӘНІҢІЗ: Информатика

ФИО: Жұман Шекерхан Қожамұратұлы

Сабақтың тақырыбы: Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс.



Сабақтың мақсаты: Ерекшелеу құралдарын пайдалану арқылы бейненің аймақтарын ерекшелеуді,  ерекшеленген аймақтарға қолданылатын құралдар амалдарымен таныстыру, қолдануға үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: ерекшелеу аймақтарының қызметін, кескіндеріндің ерекшеленген аймақтарымен амалдар орындауды, ерекшелеу құралдарының қызметін және қолдану ерекшеліктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: «сиқырлы таяқша» ерекшелеу құралын қолдануды, лассо, тікбұрышты, сопақ ерекшелеуді, «ақылды» қайшыларды, түстер бойынша ерекшелеуді, ерекшеленген пішімді түрлендіруді орындауды.

Сабақтың түрі: ашық

Сабақтың көрнекілігі: бағалау парақтары, компьютерлер, тест, интербелсенді тақта, компьютермен жұмыс жасау барысындағы нұсқау қағаздары (инструкции).
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


Сабақтың әдіс-тәсілдері:  тест, түсіндірмелі

Оқыту түрі: жеке, ұжымдық

Пәнаралық байланыс: сурет

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Шаттық шеңбері

Оқушылар бір-біріне сабаққа сәттілік тілейді

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Easy Quizy программасында құрылған «Өзіңді тексер!» тест тапсырмаларын оқушылар компьютерде орындайды.

Оқушы Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Шыққан бағаны бағалау параққа қояды.

Тест

1.Графикалық болмайтын файл пішімін көрсетіңдер:



  1. .png

  2. .xef

  3. .tiff

  4. .xсl

2.  Gimp  программасындағы соңғы орындалған іс-әрекетті қандай бұйрықтың көмегімен көруге болады?

  1. Түзету-Іс әрекеттер тарихы

  2. Кескін-Соңғы іс-әрекет

  3. Файл-Тарихы

  4. Файл-Болдырмау

3. Айна құралының қызметі:

  1.   кескіннің шағылысуы

  2. кескінді бұру

  3. кескін аймағын ерекшелеу

  4. кескіннің көшірмесін алу

4. Кескінді  шағылыстыру және бұру бұйрықтары қай мәзірде орналасқан?

  1. түр

  2. ерекшелеу

  3. кескін

  4. құралдар

5. Қандай бұйрық кескіннің түс мөлшерін азайта алады?
Шағылыстыру - күйлеген аналық малды аталық малмен табиғи және қолдан ұрықтандыру әдістері. Мал организмі толысқан кезде айғыр мен бие 3 жасында, бұқа мен қашар 15 - 18 айлығында, қошқар мен тұсақ 12 - 18 айлығында, қабан мен мегежін 10 - 12 айлығында тұңғыш рет шағылысқа қосылады.
Кескін Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.


  1. меже

  2. постеризациялау

  3. қисықтар

  4. реңдеу

6. Құралдар панеліндегі кез келген құралға қай мәзірден қол жеткізуге болады?

  1. түр

  2. ерекшелеу

  3. кескін

  4. құралдар

7. Кадрлау дегеніміз не:

  1. кескінді кесу

  2. кескінді бұру

  3. кескін аймағын ерекшелеу

  4. кескіннің көшірмесін алу

8. Суреттің өлшемін көрсете алмайтын өлшем бірлік:

  1. растрлық нүкте

  2. пункт

  3. миллиметр

  4. байт

9. Осы бұйрықтың әрекетінен фотосурет бір түске реңделеді:

  1. реңдеу

  2. кадрлау

  3. кескін

  4. бұру

10. Программаның біртерезелік режимін қай терезеден таңдауға болады?

  1. Файл

  2. Сурет

  3. Терезелер

  4. Құралдар

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сендер дайын кескіндерді өзгертуді білесіңдер. Кескіндерді өзгертудің қандай амалдарды білесіңдер? (бұру, кадрлау, түстік гамма).

Кескіннің бөлігін ғана өзгертуге бола ма?

Кескіннің бір бөлігімен ғана жұмыс істеу үшін оның осы бөлігін негізгіден бөліп алу керек. Дизайнерге ерекшелеу құралы көмектеседі. Бүгін біз кескінді ерекшелеу аймағы құралдарының қызметімен танысамыз.



Gimp  редакторында бірнеше ерекшелеу құралы пайдаланылады:

Тікбұрышты аймақты ерекшелеу – дұрыс пішіндегі  аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады.

Сопақша аймақты ерекшелеу -  дұрыс пішіндегі  аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады.

Лассо  - еркін аймақты ерекшелейді.

«Сиқырлы таяқша» құралы – аралас аймақтарды түс ұқсастығына байланысты ерекшелейді.

Түс бойынша ерекшелеу – тек бір-біріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу.

«Ақылды» қайшылар – өздерің берген нүктелер бойынша ғана аймақты ерекшелейді.

Бір бірден жақындап, құпия жәшіктен тапсырма тартасыңдар. Ұқсас суреттер бойынша жұпқа бөліесіңдер. Суреттің артқы жағында тапсырмалар бөліп жазылған. Сендер тапсырманың ретін нақтылап, тапсырманы орындайсыңдар. Содан кейін, ерекшелеу құралдармен жұмыс жасаудың алгоритмін тақтадан көрсетіп, қалай орындағандарын түсіндіресіңдер.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
(Кітапта 155-156 бетт)



Ерекшеленген аймақтармен жұмыс.

Ерекшелеу (Выделение) – Алып тастау (Снять) бұйрығы кескіннен ерекшелеуді алып тастауға арналған.

Ерекшеленген аймақты жылжыту Сtrl Alt

Ерекшелеуді терістеу (инвертировать) Ctrl I

Түрлену

Түрленуді ерекшелеу құралдары – айналу, масштабтау, қисайту, келешекті өзгерту.



ІҮ. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Оқушылар жеке-жеке отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



А деңгейі

  1. Gimp программасын ашыңдар.
    ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,


  2. «А деңгей» суретін ашыңдар.

  3. Дұрыс пішінде, еркін пішінде аймақты ерекшелеу құралдарымен ерекшеленген аймақпен жұмыс жасап көріңдер.

  4. Ерекшеленген аймаққа түрлендіру құралының көмегімен ерекшеленген аймақтың пішінін өзгертіңдер.

  5. Жұмысты мұғалімге көрсетіңдер.

В деңгейі

  1. Gimp програмамсын ашыңдар.

  2. «В деңгей» суретін ашыңдар.

  1. Лассо ерекшелеу құралы арқылы ерекшелеңдер.

  2. Ерекшеленген аймақтың көшірмесін алып, жаңа суретке кірістіріңдер.

  3. Жұмысты мұғалімге көрсетіңдер.

С деңгейі

  1. Gimp програмамсын ашыңдар.

  2. «С деңгей 1 сурет» суретін ашыңдар.

  3. Қыздың бейнесін Лассо ерекшелеу құралы арқылы ерекшелеңдер.

  4. Ерекшеленген аймақтың көшірмесін алыңдар

  5. «С деңгей 2 сурет» суретін ашыңдар

  6. Түзету-Кірістіру амалдарын орындандар

  7. Пайда болған суретті сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.

Әр деңгейдің тапсырмасын орындағаннан кейін бағалау параққа бағаны қою керек.

Сергіту сәтіМузыка әуенімен сергіту сәтін орындату.

Ү. Бекіту.  Ерекшелеу құралдарының атын жазу.

Құрал


Атауы

Міндеті
ҮІ. Үйге тапсырма.

«Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс» 29 тақырып, Өзіңді тексер тестін орындау

ҮІІ. Бағалау. Бағалау парағы.

Сабақ барысында сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға бағалау парақшасына баға қойылады.



VIII. Рефлексия

Стикерге өз ойын жазып, алмалардың түсіне байланысты үстіңе жабыстыру.

Қызыл – сабақ өте ұнады, бәрі түсінікті болды

Сары – жақсы болды



Жасыл – сабақ ұнамады, түсінбедім

  • Сабақтың түрі
  • Сабақтың әдіс-тәсілдері
  • І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық тренинг
  • Түзету-Іс әрекеттер тарихы
  • Терезелер Құралдар ІІІ. Жаңа сабақ.
  • Gimp редакторында бірнеше ерекшелеу құралы пайдаланылады: Тікбұрышты аймақты ерекшелеу
  • Сопақша аймақты ерекшелеу
  • Түс бойынша ерекшелеу
  • Ерекшеленген аймақтармен жұмыс. Ерекшелеу (Выделение) – Алып тастау (Снять)
  • Ctrl I Түрлену
  • Сергіту сәті .
  • ҮІ. Үйге тапсырма.

  • жүктеу 55.56 Kb.