Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. Ascii коды. Бағдарламалық Оқулық

жүктеу 96.23 Kb.



жүктеу 96.23 Kb.
Дата17.03.2017
өлшемі96.23 Kb.

Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. Ascii коды. Бағдарламалық Оқулық



Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай алады.

Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Бағдарламалық – Оқулық.

дидактикалық Жұмыс дәптері.

қамсыздандыру:

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік, он алтылық санау жүйелері мен ASCII кодтарымен таныстыру.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

2. Оқушылардың ақпаратты ұсыну, беру және сақтау тәсілдерін,

техникалық ақпарат беру, сақтау құралдарын, екілік, он алтылық санау

жүйелері мен ASCІІ кодтары арқылы кодтау тәсілдерін, аналогтық пен

дискреттік сигналдардың айырмашылығын білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - ақпаратты ұсыну, беру және сақтау тәсілдерін;

  • техникалық ақпарат беру құралдарын;

  • техникалық ақпарат сақтау құралдарын;

  • компьютер ақпараттың қандай түрлерін өңдейтінін;

  • екілік, он алтылық санау жүйелері мен ASCІІ кодтары арқылы кодтау тәсілдерін;

  • бит пен байт деген не екенін;

  • аналогтық пен дискреттік сигналдардың айырмашылығын.

Оқушылар үйрені тиіс:

  • дербес компьютердің көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және жіберу мысалдарын келтіруді;

  • ақпаратты , беру мен сақтау техникалық құралдарының мысалдарын келтіруді;

  • қарапайым хабарларды кодтау мен кері кодтауды;

  • әр түрлі ақпараттық процестердегі сигналдар табиғатын анықтауды;
    Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
    Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.


  • ақпарат тасымалдауға жауапты ақпараттық процестің параметрлерін анықтауды.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты үйге берілген тапсырманы тексеруден бастау керек.

Қорытынды: Ақпаратты ұсыну (көрсету) тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады: барлық мүмкін символдарды, тілдер мен кодтарды (орыс, ағылшын тілдерін, Морзе әліппесін, ым тілі мен ишарат тілін ) сызуларды, суреттерді, музыкалық шығармаларды, кино мен бейнефилбмдерді, компьютерлік ойындарды т.б.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.


Ақпаратты кодтау
Әр түрлі ақпарат тасуыштарда әр түрлі ұсыну (көрсету) тәсілдері қолданылады.

Ақпараттарды келесі түрде сақтауға болады:



  1. Қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, перфолентада, таспа, ағашта, матада, кілт бедерінде т.б.

  2. Элекромагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада, кинопленкада т.б.

  3. Құрылымдық комбинациялар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде.

Ақпарат беру мына түрлерде жүргізіледі:

  1. Сигналдар түрінде. Техникалық құрылымдарда да, адамдар қарым-қатынасында да, телекоммуникацияларда, қоғам өмірінде, тірі жәндіктерде.

  2. Адамдар қарым-қатынасында, техникалық құрылғыларда.

Механикалық жолмен.

Ақпаратты сақтау, беру және өңдеу техникалық құрылғыларына мыналар жатады: түрлі дискілер, дискеттер, аудио және бейне кассеталар, перфокарталар, перфоленталар, кинопленкалар, телекоммуникация объектілері (радио, теледидар, телефон, телеграф, ДК мен компьютерлік желілер т.б.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
)

ЭЕМ көптеген техникалық құралдарының арасында ақпарат сақтау, беру және өңдеу елеулі орын алады.

ЭЕМ – бұл ақ электр сигналдарын қолданып, ақпаратты өңдейтін әмбебап есептеуіш машина.

Компьютерлер шықпай тұрып та ақпаратты беретін, өңдейтін және сақтайтын аспаптар болған.

Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Мұндай аспаптарды қолдану үшін ақпарат кодталған түрде болуы керек. Бұған ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау мысал бола алады.
1.2.1.Тапсырма. Морзе әліппесімен «HAPPY END» хабарын кодта.


H

A

P

P

Y




E

N

D

....

._

._ _.

._ _.

_._ _




.

_ .

_ ..


Оқулықта ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау кестесі келтірілген. Тапсырма өз бетімен орындауға ұсынылады.
Компьютер «Есептеуіш» деп аударылады. Бірақ қазіргі дербес компьютер тек есептеулер жүргізу машинасы емес. Оның көмегімен музыкалық шығармалар жазуға және ойнатуға, графикалық бейнелерді көрсетуге және өзгертуге, бейне клиптерді көрсетуге және өзгертуге, бүкіл әлемнің дербес компьютерді пайдаланушыларымен ақпарат алмасуға, қажет ақпаратты табуға, мәтіндік ақпарат жасап өңдеуге болады.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Мәтіндік ақпарат (текстовая информация; text information) - алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.
Бсқаша айтқанда дербес компьютер кез-келген ақпаратты өңдей алады.

Барлық ақпаратты дербес компьютер сигналдар түрінде қабылдай алады. Олар екі күйде болады: сигнал бар немесе сигнал жоқ. Бұл сигналдарға тек екі түрлі мән: 0 немесе 1 қабылдай алатын сәйкес код разряды қойылған. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды.

Бит – бұл ақпараттың ең кіші бірлігі. Басқа сөзбен айтқанда, тек екі түрде ғана болатын (сигнал бар немес сигнал жоқ) сигнал, БИТ ақпаратын береді.
Оқушыларды ойын түрінде ең аз ақпарат өлшеу бірлігі түсінігімен таныстыру.
1-ші ойын жағдайы.

Оқытушы сыныптан оқушыны жұмбақтайды. Оқушылардың мақсаты: «Иә» немесе «Жоқ» жауап беретін сұрақтар қою арқылы жұмбақталған оқушыны анықтау.

Сұрақтар мынадай болуы мүмкін:


  • Ол қыз ба?

  • Иә

  • Оның екі бұрымы бар ма?

  • Жоқ және т.с.с.


2-ші ойын жағдайы.

Оқушылардың бірі белгілі бір пәнді жұмбақтайды. Қалған оқушылар оның қандай пән екенін анықтайды.


3-ші ойын жағдайы.

1-ден 100-ге дейінгі сандар жұмбақталады. Тақтаға сандар осі салынады. Сұрақ қоя отырып, оқушылар жұмбақталған санды анықтауы керек. Сұраққа «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап болуы керек. Мысалы:

- Бұл сан елуден көп пе?

- Иә (осіндегі 0-ден 50-ге дейінгі аралық сызылады, өйткені оған ойлаған сан кірмейді) және т.с.с.

Оқушыларға талқылау үшін жол-жөнекей сұрақтар қойылады:

«Ойлаған санды ең аз әрекетпен қалай анықтауға болады?»


1.2.2.Тапсырма. Бір битпен нені кодтауға болады?

Тапсырма талқылау барысында орындалады. Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Шам-шырақ қосылған ба, өшірілген бе?

  • Қол көтерілген бе, түсірілген бе№

  • «Иә» немесе «Жоқ» жауабы.

  • Дүкен ашық па, жабық па?

  • Машина алдыға қозғала ма, немесе артқа?

  • Және т.с.с.


Бақылау сұрақтары:

  1. Бір байтпен нені кодтауға болады? 256 символдардың бірін.

  2. Неге техникалық жүйелерде екілік алфавитті көбірек бағалайды?

Бұл сұраққа жауап техникалық құрылғыларда қосылған (ажыратылған(немесе қосылған/өшірілген), өткізгіш сымдар арқылы электр тогы жүреді/жүрмейді, кернеу жоғары/төмен болуы мүмкін деген екі жағдайы бар ауыстырып қосқыштар жиі қолданылатынын қарастырғаннан кейін беріледі. Бұл екі жағдайды айыру біз дағдыланған ашық санау жүйесінде санаудағы онға қарағанда, әлдеқайда оңайырақ.
ASCII КОДЫ
1.2.3.Тапсырма.

ASCII кодтарымен «БОРАН» хабарын кодта.



Б

О

Р

А

Н

1

8

Е

8

0

9

0

8

Д

8

«БОРАН» хабарын екілік кодпен кодта.

Б

О

Р

О

Н

0

0

0

1

1

0

0

0

1

1

1

0

1

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

1

0

0

0

0

1

0

0

0

1

1

0

1

1

0

0

0

Тапсырманы орындау үшін, оқулықта келтірілген ASCII кодтар кестесі мен ондық, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесін қолдану керек.
1.2.4.Тапсырма(Ү).

Қонжықтың «Уайымы» неде?



Тапсырма бастапқы мәтінді оның екілік коды бойынша табуды ұйғарады.

  • екілік цифрлардың тетрадалары кестеге солдан оңға қарай енгізіледі;

  • әрбір тетраданы кесте бойынша оның он алтылық көрсетілуімен ауыстыру керек;

  • ASCII кодтарының кестесінен сәйкес символдарды табу керек;

  • Декодталған сөздер «бос» жолдарға жазылады.

Сөздердің арасындағы бос орындардың кодын ескеру керек екенін оқушылардың есіне салу керек.

Қонжық не деді?

Апа бал берші.

Апасы не деп жауап берді?



Жарты жыл жат.
1.2.5.Тапсырма (Ү). Хабар құрып, оны кодта.

Алған дағдыларын бекіту үшін, оқушылар өздерінің хабарларын әр түрлі тәсілдермен кодтауы керек. Тапсырма өз бетімен орындауға арналған.
АДАМ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ.

1.2.6.Тапсырма.

Сигналдардың шығу тегі әр түрлі болуы мүмкін. Аспаптармен немесе суретте бейнеленген ақпараттық процестер арқылы берілетін сигналдардың жаратылысы (табиғаты) қандай?

Осы процестің қандай параметрлері ақпаратты тасымалдай алады?

Жауаптар ұсынылғандардан өзгеше болуы мүмкін.

Тапсырманың бір бөлігін сыныпта орындап, қалғанын үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
Егер сигнал уақыт аралығында үздіксіз болса, онда оны АНАЛОГТЫ және мұндай сигналдарды пайдаланатын машиналарды АНАЛОГТЫҚ деп атайды. Егер сигнал үзілісті(дискретті) түрде болса, оны және оған сәйкес машинаны ЦИФРЛЫҚ (дискретті) деп атайды. Қазіргі ДК ЦЕМ-ге жатады.

1.2.7.Тапсырма.

Кез-келген аналогтық ақпаратты белгілі бір дәлдік дәрежесімен дискретті түрде көрсетуге болады.


Аналогтық процесті дискретті түрде көрсетіңдер.





Аналогтық процестің графигі өтетін және одан төмен орналасқан шаршылар (клеткалар) боялады. Басқа тәсіл, мысалы, көп бөлігі графиктен төмен орналасқан шаршыларды бояуды ұсынуға да болады.

Дискретті процесті аналогтық түрде көрсетіңдер.





Жоғарғы шаршылардың орталарын қосып, аналогтық сигналдың үздіксіз сызығын жүргізуге болады, және дискретті сигналды аналогтық түрде көрсетудің басқа тәсілін таңдауға болады.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

1.2.1, 1.2.2, 1.2.3, 1.2.6, 1.2.7– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.



1.2.4, 1.2.5-тапсырма

2)Оқушыларды бағалау



  • Оқушылардың
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру III. Жаңа сабақты түсіндіру
  • ASCII КОДЫ 1.2.3.Тапсырма.
  • АДАМ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ. 1.2.6.Тапсырма.
  • IV. Жаңа тақырыпты бекіту 1.2.1, 1.2.2, 1.2.3, 1.2.6, 1.2.7
  • 1.2.4, 1.2.5-тапсырма 2)Оқушыларды бағалау

  • жүктеу 96.23 Kb.