Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: activstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлері мен дыбыстарының ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мақсаты: Білімділік

жүктеу 86.43 Kb.



жүктеу 86.43 Kb.
Дата13.10.2018
өлшемі86.43 Kb.

Сабақтың тақырыбы: activstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлері мен дыбыстарының ерекшеліктерімен танысу. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ Информатика пәні мұғалімі: Тусупханова Айнаш Кенесбековна Сабақ тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлері мен дыбыстарының ерекшеліктерімен танысу.
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
 Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың кітапхана ресурсының мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға, аспаптар туралы білімдерін жетілдіру, аспаптардың дыбыстарын ажырата білуге үйрену. тақырып бойынша алған білімдерін қорыту, бекіту. Дамытушылық:ACTIVpen қаламымен жұмыс істеп, пәнге деген информатика мен музыка пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік:Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу. ACTIVstudio программасын сабақ барысында қолдануға тәрбиелеу.   Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, слайдтар, ашық тест, жабык тест.  Техникалық құрылғылар: интерактивті тақта, музыкалық аппараттар.  Сабақтың түрі: кіріктірілген.   Сабақтың әдісі:  Суретті –түсіндірмелі, сұрақ – жауап. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақ-жауап) Жаңа сабақ. Компьютермен жұмыс. «Компьютердің сиқырлы құрылғылары» ойыны. «ACTIVstudio бағдарламасының қызықты құралдары» ойыны. Жаңа сабақты бекіту. Үйге тапсырма. I. Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлемдесу. - Сабақтың мақсатын, барысын айту. II. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап: Музыка пәні динамикалық белгілер бойынша сұрақтар. · Форте таңбасын айт. · Пиано таңбасын айт. · Меццо-форте таңбасын айт. · Меццо-пиано таңбасын айт. · Крешендо таңбасын айт. · Сфорцандо таңбасын айт. Информатика пәні бойынша сұрақтар. ·  Негізгі құралдар тақтасы.
Құралдар тақтасы - бағдарламаның сызбалық тілдесуіндегі бейнебеттік түймешіктердің немесе белгішелердің қатары, бағаны немесе блогы.
  ·  Арнайы құралдар тақтасы. · Флипчарттың құралдар тақтасы. · Интерактивті тақта –дегеніміз не Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. · Активті қалам – дегеніміз не Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. III. Жаңа сабақ. Музыкалық аспаптардың түрлерін көру және дыбыстарын тыңдау (слайд). Скрипка- ысқылы ішекті музыкалық аспап. Виолончель – ысқымен тартылатын скрипка тектес төрт ішекті аспап. Контрабас – ысқымен тартылатын қыл ішекті музыкалық аспап. Қобыз. Қобыздың атасы Қорқыт. Ішектері ат қылынан тағылады. Астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбінде жыршылар, әншілер және бақсылар ойнайтын болған. Домбыра-XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында кең  тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатан. Үйдің төрінде тұрады. Сыбызғы-үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тесігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады. Сыбызғы негізінен ағаштан және құрайдан жасалады. Бақташылар арасына көп тараған. Сазсырнай. Саздан жасалған үрмелі аспап. Қазба жұмыстары кезінде Отырардан табылған Саксафон- урмелі аспап. Дауылпаз – қазақтың ойналатын көне аспабы. Ертеде бұл құрал соғыс құрал ретінде пайдаланған. Сылдырмақ – сылдырлап ойналатын аспап. Асатаяқ – тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлерін көрсету және музыкаларды есту. Кітапхана ресурсы кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс- әрекеттер, оқу жоспарлары да бар.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу керек.  Кітапхана ресурсын ашу. Флипчарт құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басыңдар. Кітапхана ресурсы терезесі іске қосылады. Кітапхана ресурсы ACTIVstudio бағдарламасында өте маңызды бөлімнің бірі. Көмекші сөздерді қолдану. Егер де меңзер ACTIVstudio батырмасының астында болса, көмекші сөздер шығады. Бұл құрал әрбір батырманың функцияларын еске түсіріп отырады. Жалпы кітапхана ресурсы. ACTIVstudio бағдарламасы орналастырығаннан кейін «Жалпы кітапхана ресурсы» мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
батырмасын іске қосыңдар. Ресурс тірегін қолдану. Кітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңдар. Тақтада бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен таңбасы, мұнда тағы да кіріктірілген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік.  Кітапхана ресурсынан жалпы кескіндерді таңдау. Қазір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Музыка» бумасын табыңдар. Ондағы батырмасын шерт. «Аспаптар» бумасын ашыңдар. Тақтада буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда. Флипчарт бетіне Кітапхана ресурсының объектілерін қосу. Кітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлімінде төрт бөлім бар. «Түссіздендірілген» бөлімі белгіленгенін тексер. Бұл суреттің фонын түссіздендіреді. Енді «Тасымалдау» бөлімі белгіленіп алғанын тексер. Бұл суреттерді флипчарт бетінетасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдаңдар. Кітапхана ресурсын бүктеу. Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы экранда аз ғана орын  алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады. Объектіні редакторлеу құралы тақтасын қолданып суреттердің көшірмесін алу. Бөліп алу құралының көмегімен суреттің ортасына шертіңдер. Объектіні редакторлеу құралы тақтасы іске қосылғанда, «Көшірмелеу» батырмасын үш рет шертіңдер, сонда бір суреттің үш көшірмесі пайда болады. Суреттерді жеке-жеке қойыңдар. Объектінің көлемін өзгертіп және оны айналдыру. Объектіні редакторлеу тақтасының құралын қолданып, суреттердің сыртқы түрін өзгертуге болады. Үш суреттің бірін белгілеп алып, объектіні редакторлеу тақтасының көмегімен «Көлемін үлкейту» батырмасымен суреттің көлемін үлкейтеміз. Келесі суретті «Көлемін кішірейту» батырмасымен кішірейтеміз. Енді үш суреттің көлемі әр түрлі. Ал үшінші суретті «Бөліп алу» батырмасын шертіп көмегімен айналдырамыз. «Өшіру» батырмасын қолдану. Кез келген суретте екі рет шерткенде объектіні редакторлеу тақтасынан «Өшіру» батырмасының көмегімен қажетсіз суреттерді өшіруге болады. Ескерту: Суретті флипчарттағы қоржынға салуға болады. Бірақ та объектіні редакторлеу тақтасындағы құралды пайдалану ыңғайлы және де ол бөліп алынған суреттің  жанында тұрады. ІҮ. Компьютермен жұмыс. ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсы арқылы музыкалық аспаптардың түрлерін жұмыс парағында көрсету. Ү. «Компьютердің сиқырлы құрылғылары» ойыны. Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан берілген суреттердің атауын айтып, артындағы жасырын сұрақтарға жауап беру. 1. Қаланы тышқандардан азат еткен аспап. 2. Флейта аспабын сүйіп тыңдайтын бауырымен жоргалаушы 3. Ең жалақы көп төленетін аспапта ойнайтын музыкант. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторлары: 5.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos - мадақтау ән) - салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.
 Аң аулауға қолданған музыкалық аспап. ҮІ. «ACTIVstudio бағдарламасының қызықты құралдары» ойыны. Ойынның шарты: Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. - құралдар тақтасы және баптау параметрлерін баптауға ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады. - флипчарт батырмасы - жұмыс үстеліне өту. - түстер Палитрасы. Флипчарттың объектілерінің түсін таңдау.   - прожектор құралы. Көрсетілген аймақтың ортасынан басқаның бәрін де бүркемелеп көрсетеді. ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту: · Музыкалық аспаптардың қандай түрлерімен таныстық · Олардың дыбыстары бір-біріне ұқсай ма · Аспаптардың жануарларға қатысы бар ма · ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсының мүмкіндіктері қандай · Кескіндер жиынтығы батырмасының қызметі қандай · ACTIVstudio программасындағы музыкаларды қалай табамыз  VІІІ.
Прожектор (лат. projectus алға лақтырылған) - оптикалық, жүйелер көмегімен жарықты шоғырландыратын, алыс әрекетті жарық бергіш аспап. Іздеуіш прожектор - көлік құралында орнатылған күштеп айналдыратын тіреушетегі үшкір бағытталған, шоғырланған сәулесі бар фара.
Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Үйге тапсырма. ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсының мүмкіндіктері. Аспаптардың дыбыстарын дұрыс ажыратып, аспаптар туралы реферат жазу.  

  • Мемлекеттік әнұранының

  • жүктеу 86.43 Kb.