Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы : Сабақтың мақсаты

жүктеу 39.01 Kb.



жүктеу 39.01 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі39.01 Kb.

Сабақтың тақырыбы : Сабақтың мақсаты



Атырау облысы, Атырау қаласы

33 Жалпы білім беретін орта мектеп



Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі

Сагинаева Бибигул
Сабақтың тақырыбы:


Сабақтың мақсаты:

Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.Дидактикалық материлдарды пайдалана отырып,балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,қиялын дамыту.

Ғ дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табу,сөздік қорына мән беру,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Жазуға қолдарын жаттықтыру.


Әдіс –тәсілдері:

Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,слайд көрсету.


Көрнекіліктер:

Кеспе әріптер,суреттер,әліппе-дәптерлері.


Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастырушылық: «Бүгінгі күнгі ізгі тілек» .

Күн бейнесі .


-Табиғатқа жан бітіріп,жерге сәуле төгіп,айналаға шуақты нұрын шашатын

не?


- Күн.
Олай болса , күнмен сәлемдесіп алайық.
Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!




2.«Күн тапсырмасы»

Күн бейнесінің астына өтілген дыбыстардың және Ғ дыбысының әріп таңбалары салынған. Балалар өтілген әріптерді танып айтады.

Балалар әріптердің ішінде бізге таныс емес бір әріп бар екен. Бұл біздің бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз Ғ дыбысының әріп таңбасы.

-Ғ дыбысы туралы білгілерің келе ме?

-Иә.
3.Мағынаны ашу.

Ғ дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.

-Мынау не балалар?

- Компьютер.



- Компьютер деген кезде сендердің естеріңе қандай сөз түседі?

-Интернет.

Интернет арқылы біздер бүкіл жер шарындағы жаңалықтармен хабардар боламыз.Ал интернеттің қазақша атауы «ғаламтор» деп аталады.

Кәне, ғаламтор деп айтайық.-

Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?



-Ғ дыбысы.

Ғ дыбысын дыбыстату.
Ғ дыбысы кедергімен айтылып тұр.
- Ғ дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

- Дауыссыз дыбыс.

-Қандай түсті текшемен белгілейміз?

-Көк.


Берілген ұғым: Ғ дауыссыз дыбыс , көк текшемен белгілейміз.
4.«Ғажайып арман» ертегісі арқылы «Ғ» дыбысы бар сөздермен таныстыру.

(Ертегі желісі бойынша тақтаға Ғани, балға, таға, шалғы, торғай, қарға, ғарышкер,ғарыш суреттері ілнеді.)


Ертегі мазмұны: Ерте,ерте ертеде бір атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың Ғани деген баласы болыпты. Атай шебер ұста екен. Ол темірден балға, таға, шалғы жасаумен айналысыпты. Ғани үнемі атасына көмектеседі екен. Бірде атасымен шөп шабуға барады. Ғани ағаштардың үстінде қонып тұрған торғай мен қарғаларды көреді де,менің де қанатым болса ғой армандап түрса аспанда ұшақ ұшып бара жатады.Оны көрген Ғани ғарышкер болсам, ғарышқа ұшсам деп ойлап,атасына өз арманын айтуға жүгіре жөнеледі.Атасы оны өскенде жақсы азамат бол деп батасын береді.
-Ертегі ұнады ма?

-Иә.


-Баланың аты кім?

- Ғани.


-Ғани дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

- Ғ дыбысы.

Олай болса ,Күн тапсырмасындағы жаңа әріп Ғғ дыбысы екен.

Тақтаға Ғ әріпі қойылады.

Берілетін ұғым : Ғ әрпінің таңбысымен танысу.Ғ дыбысы кездесетін сөздерді анықтау.
5.Сергіту сәті.

Бала,бала,балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай,былай ойнат.

Топ,топ басайық ,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса,жаса жарқын күн,

Жаса,жаса алтын күн.

6.Дәптермен жұмыс.

1) Берілген суретте Ғ дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айту.

2) Ғ әрпінің баспа түрін жаздыру.

3)Сөздерді оқыту,сөйлем құрату.



7. «Буынға-буын қос» ойыны:

Ға-ни,ға-рыш-кер,ға-рыш,

Бал-ға,та-ға,шал-ғы,

тор-ғай,қар-ға.

Ертегі желісі бойынша берілген сурет аттарын буынға бөліп айтқызу арқылы Ғ дыбысының сөздегі орнына талдау жасалады.Ғ дыбысы сөздің басында,ортасында,аяғында келетінін үйренеді.




Нәтижесі:
1.«Күн тапсырмасы» арқылы балаларда сабаққа деген қызығушылығын туады.
2.«Ғажайып арман» ертегісі арқылы балаларда армандау,қиялдау сезімдері оянады. Ғ дыбысы бар сөздермен танысып,сөздік қорлары дамиды.

3.Жаңа Ғ дыбысының ерекшеліктерімен толық танысып,Ғ әрпін таниды.

«Таға» сөзін текшемен жаздыру.


Қорытынды.
-Қандай дыбыспен таныстық ?

-Ғ дыбысымен

дыбысына сөз ойлаңдар
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


№33 орта мектеп



Сабақтың тақырыбы:Ғ дыбысы және әрпі

Атырау қаласы

№33 орта мектеп

Мектепалды дайындық тобының

тәрбиешісі:Сағынаева Б.



2014 жыл

  • Сабақтың тақырыбы : Сабақтың мақсаты
  • Әдіс –тәсілдері
  • 4.«Ғажайып арман» ертегісі
  • 7. «Буынға-буын қос» ойыны: Ға-ни,ға-рыш-кер,ға-рыш

  • жүктеу 39.01 Kb.