Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың тақырыбы: : Микропроцессор буындары және олардың мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты

жүктеу 101.08 Kb.



жүктеу 101.08 Kb.
Дата06.12.2019
өлшемі101.08 Kb.

Сабақтың тақырыбы: : Микропроцессор буындары және олардың мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тараз политехникалық колледжі

«Бекітемін» «Бекітемін»

Әдіскер_______Батырбаева А.К. Директордың оқу-ісі жөніндегі

«___»_______2016ж орынбасары_______Бакирова А.Т.

«____»_______2016ж



Ашық сабақ

Тақырыбы: Микропроцессор буындары және олардың мүмкіндіктері

Пәні: Микропроцессор техникасы негіздері

Топ: 3ПВТ-1

Орындаған: Марасулов О.М.

Тараз 2016ж



Пәні : Микропроцессор техникасы негіздері

Тобы: 3РТР-1

Сабақтың тақырыбы: : Микропроцессор буындары және олардың мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Білімгерлерге ЭЕМ-нің қазіргі ішкі құрылғылары мен оларды қолдануды және баптауды меңгерту.

2.Дамытушылық: Білімгерлердің ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік : Білімгерлерді компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибелік жұмыс, бейне әдіс, ойын элементтерін табу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралы, лекция, сөз жұмбақ, мультимедиялық тақта, компьютер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру

Б) білімгерлерді түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасы: Компьютердің негізгі интерфейсі


  • 1. МСА шинасы.

  • 2. РСІ шинасы.

  • 3. VLB локальді шинасы.

  • 4. USB шинасы.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: Сөз жұмбақтағы жасырылған сөздерді табу.

Сөзжұмбақтың шешімі: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, шина, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус.

ІV. Жаңа тақырып

Жоспары:

  1. Микропроцессор түсінігі

Микропроцессор бір криталда дайындалған интегралдық схемалар , олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Микропроцессор немесе орталық процессор СPU (Сentral Proseccing Unit) дербес компьютердің – негізгі миы болып табылады. Микропроцессор мәліметтерді есептеуді және өңдеуді орындайды, сонымен қатар компьютердің ең қымбат микросхемасы болып табылады. IBM PC типті компьютерлер Intel фирмасының микропроцессорларын қолданады, және қосымша басқа AMD, CYRIX фирмаларының микропроцессорларын қолданады. Қазіргі кезде процессорлар рыногында Intel басым болып тұр. Алайда 70 –жылдардың соңында процессорлар рыногына Zilog (Z80 моделі) және MOS Technology (6502 моделі) фирмалары алда болды. Z80 процессоры Intel 8080 процессорының жақсартылған әрі арзан көшірмесі болды.1981 жылы IBM фирмасы Intel 8088 процессоры (4,77 МГц) және 1.0 версиялы Microsoft Disk Operating System (DOS) операциялық жүйесі орнатылған өзінің алғашқы IBM РС дербес компьютерін шығарған кезде Intel және Microsoft фирмаларының бағы жанды. Осы кезден бастап барлық дербес компьютерерге Intel фирмасының процессоры және Microsoft фирмасының операциялық жүйесі орнатылды.

Микропроцессорды әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактылық жиілігінде жатыр.

2. Микропроцессордың даму тарихы




1969 жылы жазда жаңа калькулятор өңдеуші жапон компаниясы “Busicom”, “Intel” компаниясынан көмек сұрады. Сол уақытта Intel фирмасының құрылғанына бір жылдай болатын, бiрақ сол уақыт ішінде ең шағын микросхема жадын жасап шығарып, өзін танымал еткен еді. «Busicom» фирмасына бiрнеше мың транзисторлардан құралған микросхема жасап шығару керек болды. Бiрлескен жобаны iске асыру үшiн Intel фирмасының инженерi М.Хофф жобаға тартылды. Ол «Busicom»-нiң өңдеулерiмен танысып әмбебап – микропроцессор жасайтын талғаулы идеяны ұсынды. М.Хофф жобасы жеңдi және «Intel» фирмасы әлемдегі бiрiншi микропроцессорды (МП) өндiрiп, шығару мүмкіндігіне ие болды.

Ең алғаш 1971 жылдың 15- қарашасында «Intel 4004» деп аталатын жаңа процессор қоғамға таныстырылды. Бұл процессордың жұмыс жиілігі 108 кГЦ (0,108 МГц) құрады. Процессор 2300 транзистордан тұрып, 10 – микрондық техногогиямен шығарылады. Мәліметтердің шинасының ені 4 разряд болды, ол 640 байт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды.

1972 жылдың сәуір айында Intel 200 кГЦ жиілігінде жұмыс жасаған 8008 процессорын шығарды. Ол 3500 транзистордан тұрып, сол бұрынғы 10 –микрондық технологиямен шығарылды. Мәліметтердің шинасының ені 8 разряд болды, ол 16 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор терминалдар мен бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды. Бірақ кейбір құрастырушылар оны компьютер құрастыруға пайдалануға тырысты, сонымен бұл микропроцессор микрокомпьютерлік төңкерістің бастамасы саналды.

Процессордың келесі модулі 8080 Intel фирмасымен 1974 жылдың сәуір айында шығарылды. Бұл процессор 6000 танзистордан тұрып , 64 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндігі болды. Бұл жағдай бағдарламашылар үшін қол жеткізбейтін табыс еді. Алғашқы дербес компьютер осы процессормен жиналды. Бұл компьютерде СР/М операциялық жүйесі қолданылды. Бұл мыңдаған бағдарлама жазылған компьютердің алғашқы моделі болды. Intel 8080 прцессорының әйгілігінің арқасында кейбір фирмалар оның көшірмесін шығара бастады.

Осылай, 1976 жылдың шілде айында 2,5 МГц жиілікмен жұмыс істеген Z80 процессоры (Zilog фирмасы) пайда болды.

Intel өзінің жетістігімен тоқталып қалған жоқ, ол 1976 жылдың наурыз айында 5 МГц жиілікте жұмыс істейтін 8086 процессорын шығарды.8086 процессоры біршама қымбат тұрғандықтан, 1979 жылы Intel осы процессордың 8088 атты ―арзан версиясын шығарды. Нақ осы процессорды алғашқы IBM PC компьютерлеріне орната бастады. 8088 процессоры 30000 транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс істеді.

1993 жылы Motorola фирмасы IBM және Apple фирмасы бірігіп «Power PC» атты жаңа процессорын жасады. IBM және Apple компьютерлері осы процессормен қамтамасыз етілді.

1995 жылы Pentium Pro атты процессорлары дүниеге келді. Intel компаниясы Р6 архитектурасын қайта қарастырып, 1997 жылдың мамырында Pentium 2 -ні ұсынды.

1998 жылы сәуірде Pentium 2 отбасылы Celeron атты арзан процессормен шығарды

1999 жылы Intel Pentium ІІІ процессорын шығарды, ол Pentium 2-нің жалғасын тапты. Pentium компаниясы қарқынды түрде дамып келе жатқан кезде, AMD компаниясы AMD К5 атты процессорын шығарды.Осы процессор толық Pentium-нің жұмысын атқарды.

AMD компаниясы 1999 жылы Athlon процессорын шығарды. Ол Intel-дің Pentium 3-мне тең дәрежеде пайдаланыла алды. Осы процессор Intel-ге бәсекелестік көрсете алды. 2000 жылы бұл компаниялар көптеген жаңа процессорлар шығара бастады

Intel компаниясы 2000-жылы Pentium 4-ті ұсынды.

2000-жылы тағы да бір ерекше оқиға болып өтті. Intel және AMD компанияларының жолдары бірікті. Олар 1 Ггц тосқауылын өтті, оған дейін ол мүмкін болмаған.

2001-жылы Intel компаниясы жаңа жетістікке жетті.Олар жиілігі 2 Ггц-ке жететін Pentium 4-ті ұсынды. 2001-жылы Intel және AMD компаниялары көптеген жетістіктерге жетті.

2002-жылы алғаш рет Intel компаниясы Pentium 4-ті ұсынды, оның жиілігі 3,06 Ггц-ге жетті. Бұдан кейін жаңа техналогиялар пайда болды.

2003 жылы AMD өзінің алғашқы 64-разрядты процессорын ұсынды .Ол өзіне ұқсас Intel компаниясының Pentium 4-тінен озып шықты. Intel компаниясы микропроцессорларды жасауда осы уақытқа дейін өзінің көшбасшылық позициясын сақтап келеді.Процессорлардың соңғы үлгілерінің ерекше белгісі- қазіргі ЭЕМ-дердің көп есепті деңгейінде жұмыс жасауы.



3.Микропроцессордың жұмыс істеу принципі


Микропроцессор – Бұл дербес компьютердің барлық операцияларын жасайтын, ЭЕМ-нің барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық – логикалық операциялар орындауға арналған.



Арифметикалық – логикалық құрылғы – сандық және символдық ақпараттарға арифметикалық – логикалық операциялар орындауды жүзеге асырады.

Басқару құрылғысы барлық компьютердің жұмысын реттейді, яғни белгілі басқару сигналдарын құрастырады және дер кезінде беріп тұрады, ұяшықтары адресін ұйымдастырады және осы адресті ЭЕМ-нің блоктарына беріп тұрады.



Процессордың сипаттамасы



Тактілік жиілік

Разрядтылық


Такт – Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.

Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі жоғары болса, ақпаратты өңдеу соғұрлым жылдам болатыны анық.Процессордың тактілік жиілігі мегагерцпен (МГЦ) өлшенеді. 1Мгц тактілік жиілік процессордың секундына бір миллион қарапайым операция орындауына парапар.

Раздядтылық - ЭЕМ бір уақытта бірлік ақпаратты терумен шектеле алады. Бірлік ақпараттың ең кішісін екілік разряд дейді, яғни микропроцессор 0 және 1 деген мәндерді ғана өзінің жадына қабылдайды.

Микропроцесор бір секунд ішінде жүздеген әртүрлі операциялардың милиондаған операцияларын істейді. Микропроцессерге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. Жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде яғни бір уақыт аралығында тактте (оқу,жазу, екі санды қосу сияқты) белгілі операцияларды орындайды.



Бой сергіту

Мақал – сөз мәйегі”



  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке кірмес

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да.

(Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса)

  1. Антивирусы күштіні , Вирус ала алмайды

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

V. Жаңа тақырыпты пысықтау: Білімгерлер екіге бөлініп, тәжірибе жүзінде жұмыс істеп тұрған компьютердің ішкі құрылысын ашып, ондағы микропроцессордың бетіндегі кулерді алып, астындағы микропроцессордың қайсы фирмаға тиесілі екенін, моделін біліп, оны қайта орнына салып, үстіне термопаста жағып, кулерді орнына қайта салып, компьютердің қайта жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізуі керек.

VI. Білімгердің білімін бағалау.

VII. Үй тапсырмасы: Жаңа сабақты оқып келу.

  • Ашық сабақ Тақырыбы
  • Орындаған
  • Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік
  • 3.Тәрбиелік
  • Сабақтың көрнекілігі
  • 3.Микропроцессордың жұмыс істеу принципі
  • Арифметикалық – логикалық құрылғы
  • Процессордың сипаттамасы Тактілік жиілік Разрядтылық
  • Бой сергіту
  • Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
  • Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да. (Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса) Антивирусы күштіні
  • (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады) V. Жаңа тақырыпты пысықтау
  • VI. Білімгердің білімін бағалау. VII. Үй тапсырмасы

  • жүктеу 101.08 Kb.