Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерге сенсорлық құрылғы туралы түсіндіру; Дамытушылық

жүктеу 48.55 Kb.



жүктеу 48.55 Kb.
Дата27.03.2017
өлшемі48.55 Kb.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерге сенсорлық құрылғы туралы түсіндіру; Дамытушылық




Сабақтың тақырыбы: Қатқыл диск.
Қатқыл диск Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) - дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге сенсорлық құрылғы туралы түсіндіру ;

Дамытушылық: Студенттердің шапшаңдықтарын арттырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.
Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.


Сабақ түрі: өндірістік сабақ

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, баяндау.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: Компьютерлік желілер

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Сәлемдесу;

2. Сабаққа қатыспаған студенттерді анықтау;

3. Студенттердің сырт бейнесін тексеру (студенттердің киімінің өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болуы).



ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың қауіпсіздік техникасы білімін тексеру. Өткен тақырыптар бойынша қысқаша талдау жасау.



  1. Жаңа сабақ.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы

өңделеді.

Санитария (лат. sanіtas - денсаулық) - санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі-

қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін \

нақты сол басқарады. Микропроцессор

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы командаларды орындайды.

Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.


Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo - желдету) - өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы.
Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны шина деп атайды.



Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалалар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ді жасауға керекті элемент болып та­былады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жыл­дамдығының көрсеткіші - мегагерц -МГц бірлігімен берілген тактілік жиілігінде жатыр.

Кең тараған модельдерге Іntel - 8088 (5МГц), 80286 (20МГц), 80386SX (25МГц), 80386DX (40МГц), 808486 (100МГц-ке дейін), Pentuіm (75МГц-тен жоғарғы) және Pentuіm - Pro ( 200МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конс­трукциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жыл­дамдығы да өсе түседі.

Іntel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлар­дың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математи­калық сопроцессорлармен жабдықталады. Математикалық сопроцессорлар өзінің командалар жүйесі бар және ол негізгі процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді.

Математика Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Операциялар ондаған есе жылдамдатылады.




Жедел жад

Компьютердің жеделесте сақтау құрылғысы оперативті жадысы(ОЗУ), немесе RAM – мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадтың негізгі мінздемесі оның сыйымдылығы және жылдамдығы.

Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.



Тұрғылықты диск

(тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердің негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан үлкен болады



Иілгіш дисктерге диск жетегі

Иілгіш дисктерге диск жетегі 3,5 –дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дисктер ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламада (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе иілгіш дисктерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде иілгіш дискілерге арналған диск жетегі «А» әрпі белгіленеді.



CD және DVD диск жетектері

CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дисктерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVDдисктер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискке 400Мб, DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды.

Дискілер бір рет жазылатын (CD – R және DVD - R) және қайталап жазылатын (CD – RW және DVD - RW) болады.

Бейнекарта

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Бейнекарта (Видеокарта; video card) - бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.
Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.



Дыбыстық тақша

Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдардамаларда талап етіледі.

Ойын (Игра; game) - 1) ойын теориясында - тайталасушы екі жақтың мінез-құлық моделі. Антагонистік және антагонистік емес ойындарды, сонымен қатар табиғатқа қарсы екінші жақтағы ойындарды айрықшалайды; 2) есептеу техникасында - белгілі бір ойын алгоритмі бойынша үйрету, жаттықтыру, жағдайды ұқсаттыру (компьютерлік іскерлік ойындар) мақсатында, сонымен қатар көңіл көтеру мақсатында (компьютерлік ойындар) адамның компьютермен әрекеттестігі.



Желілік тақша

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар – ең танымдары Ethernet және сымсыз желілер.



Порттар

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.

Порт (француз тілінде port, латын тілінде portus - гавань, айлақ) - 1) су толқындарынан табиғи не жасанды тосқауылдармен қорғалған, кемелердің аялдауына, оларға әр түрлі қызмет көрсетуге, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етуге арналып салынған теңіз, өзен, көл не су бөгені жағалауының сумен шектескен бөлігі.





  1. Білім алушының өздігінше жұмысы

Тапсырма бойынша білім алушылардың өз бетінше жұмыстарын орындауы.



ІІІ. Ағымдағы нұсқау

  • Білім алушылардың жұмыс орнын аралау;

  • Тапсырмалардың дұрыс орындалуын, техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын тексеру;

  • Орындалған тапсырманы қабылдау.

ІV. Қорытынды нұсқау

  • Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау;

  • Ерекше қателіктерді талдау;

  • Білім алушылардан теория түрінде сұрау;

  • Сабаққа белсенді қатысқан білім алушыларды бағалау;

  • Жұмыс орындарын ретке келтіру.

Үйге тапсырма: Тапсырма орындау

  • Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерге
  • Сабақ көрнекілігі : дербес компьютер
  • Сабақ түрі
  • І. Ұйымдастыру бөлімі
  • ІІ. Кіріспе нұсқау
  • Микропроцессор
  • мегагерцпен (
  • Жедел жад
  • Иілгіш дисктерге диск жетегі
  • CD және DVD диск жетектері
  • Бейнекарта
  • Білім алушының өздігінше жұмысы Тапсырма бойынша білім алушылардың өз бетінше жұмыстарын орындауы. ІІІ. Ағымдағы нұсқау

  • жүктеу 48.55 Kb.