Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың мақсаты: Білімділік: : Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру

жүктеу 87.73 Kb.



жүктеу 87.73 Kb.
Дата13.10.2018
өлшемі87.73 Kb.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: : Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру





Сабақтың тақырыбы:

Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: : Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету,

Тәрбиелік: символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.

Күтелетін нәтиже:

Қаріптермен жұмыс

Абзацтар мен жұмыс жасап үйрену

Шегіністердің көмегімен пайдалана білу

Аралықтар арқылы жұмыстар жасау

Сілтеме

Компьютер, электрондық оқулық, әдістеме 6 сынып, интернет сайттарWWW. Coogle ашық сабақтар сайты. Ұстаз кз. http://bilimdiler.kz/informatika/6

Сабақта қолданылатын материалдар:

А-з, стикер, үлістерме материалдар, интерактивті тақта, дербес компьютер, топқа бөлу:монитор, процессор,

Оқыту әдістері:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс,диалог).

2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Мәтіндік суреттер).

4-модуль АКТ-ны пайдалану. (жеке камьпютермен жұмыс,слайдтар).


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезені

Амандасу. Сынып тазалығын тексеру. Сыныпты 3 топқа бөлу (Қаріп, абзацтар, шегіністер)

Сабақта отырайық жылы жүзбен,


Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Постер қорғау



ІІІ. Жаңа сабақ

“Ой қозғау” Сурет бойынша өз ойларын ашық айту

ІҮ. Тапсырма

Практикалық тапсырмалар. Карточкалармен жұмыс.

Ү. Сергіту сәті

Жаттығу

ҮІ. Пысықтау

Жаңа сабақты бекіту

«Ой жинақтау»

ҮІІ. Қорытынды

Оқушыларды бағалау

ҮІІІ. Үй тапсырмасы.

Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар




Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

І. Ұйымдастыру кезені

Амандасу, сыныпты түгендеу, оқушыларды сабаққа әзірлеу

Жоқ оқушыларды мұғалімге ескертеді,берілген суреттермен топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  1. §4.1 Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік

  2. §4.2 Программа интерфейсі

  3. §4.3 Құжатты құру және сақтау

Оқушылар смайликтерді таңдап,берілген сұрақтарға жауап береді

ІІІ. Жаңа сабақ

Сурет бойынша өз ойларын ашық айту

1)https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_56eb9ae48e151/ashyksabakkaripabzatstarshieghinistiermienaralyktar_1.png

2) https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_56eb9ae48e151/ashyksabakkaripabzatstarshieghinistiermienaralyktar_2.png

3) https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_56eb9ae48e151/ashyksabakkaripabzatstarshieghinistiermienaralyktar_3.png



Оқушылар берілген конспекты трек – сызбалар арқылы дәптреге жазып алады

ІҮ. Тапсырма

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Карточкалармен жұмыс жасату



Оқушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.


Ү. Сергіту сәті

жаттығу

Оқушылар жаттығу жасайды

ҮІ. Пысықтау

Жаңа сабақты бекіту



«Ой жинақтау»

Мен сабақ жөнінде не айталамын?
•Нені білдім __________________________
• Немене қызықты болды _________________________
• Неменеге таңғалдым_________________________
• Не і білгін келеді ________________________

Бұрыннан білетінін, білгісі келетінін, бүгінгі сабақта не үйренгенін жазады.

Бағалау


Мұғалім оқушыларды бағалайды.

Сабақтың соңында мұғалімге келіп күнделікке бағаларын қойдырады.

ҮІІІ. Үй тапсырмасы.

Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар

Оқушылар берілген тапсырманы мұқият тыңдап, күнделікке жазып келу.

Сынып: 6 «а». Мерзімі:___________ Пәні:информатика 
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері. Абзацтар, шегіністер және интервалдар. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: MS Word бағдарламасымен жұмыс істеу, оқушыларға мәтін абзацын пішімдеу, туралау, жоларалық интервалдарды үйрету барысында оқушылардың білімін жүйелей, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге, компьютерлік білімділікке үйрету.; 
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; 
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру. 
Сабақта қолданылаты көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер (ноутбук). 
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, интерактивті әдістер, таратпамен жұмыс. 
Сабақтың өту барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Информатикалық диктант 
III. «Кім жүйрік» ойыны. 
IV. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 
VI. Компьютерде практикумды орындау. 
VII. Сабақты бекіту. 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. 
II. Информатикалық диктант 
(Әр оқушыға тапсырма таратылады, бос орынға керек сөзді жазу керек) 
Таратпамен жұмыс. 
Microsoft Word …….. редактор. Мәтінді форматтау дегеніміз мәтінді ………….. қою. Мәтінді пішімдеуге ……………… жатады. 
III. «Кім жүйрік» ойыны. Пернелердің қызметін еске түсіру. 
1. Келесі жолға өту батырмасы 
2. Бірыңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма 
3. Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек? 
4. Мәтіндегі сөздердің арасын ашу батырмасы 
5. Мәтіндегі символдарды өшіру үшін қай батырмаларды қолданады? 
6. Қандай пернелердің көмегімен тілді өзгертуге болады? 

ІV. Үй тапсырмасын сұрау 
1. Сұрақ-жауаптар арқылы үй тапсырмасын сұрау. 
Мәтінді пішімдеу дегеніміз не? (мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою). 
Қаріп параметрлерін қалай өзгертеміз? (қалыпты, курсив, жартылай қарайтылған және т.б.) 
2. Инсерт кестесіндегі «Білемін» бағанын толтырады 
Білемін Білдім Білгім келеді 


Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С.И.Ожеговтың сөздігінде «абзац» мағынасы былай беріледі: 1) қызыл жол, жол басындағы шегініс; 
2) осындай екі шегініс арасындағы мәтін. 
Абзац MS Word –та Enter пернесінің басылуымен аяқталады. 
Абзац параметрлерін қою үшін Пішімдеу менюіндегі Абзац командасы қолданылады. Осы команда таңдап алынған соң, Абзац диалогтік терезесі шығады. Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық (Отступ и интервалы) қосымшаларын таңдау керек. 
Туралау (Выравнивание) өрісінде абзацты туралау әдістері қойылады: 

• По левому краю – абзацты беттің сол жақ шеті бойынша туралау, 
• По центру – абзацты беттің ортасы бойынша туралау; 
• По правому краю – абзацты беттің оң жақ шеті бойынша туралау; 
• По ширине – абзацты беттің оң және сол жақ шеттері бойынша туралау; 
Слева және справа өрісінде абзацтан парақ шеттеріне (сол және оң жақ) дейінгі қашықтықтар қойылады. 


Первая строка (Бірінші жол) өрісінде абзацтың бірінші жолының шегініс түрлері берілген: 

• Нет –шегініс қойылмаған; 
• Отступ – қызыл жол, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі; 
• Выступ – теріс абзацтық шегініс, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі. 
• Перед және после өрісінде абзацтың бірінші жолына дейінгі және соңғы жолынан кейінгі қашықтықтар қойылады. 
• Междустрочный (Жоларалық) өрісінде бзац ішіндегі жоларалық интервалдар белгіленеді: 
• Одинарный – қаріптің типіне сәйкес стандартты интервал; 
• Полуторный – стандарттан 1,5 есе үлкен интервал; 
• Двойной – стандарттан 2 есе үлкен интервал 
• Минимум – мәні (значения) өрісінде көрсетілген интервалдан кіші емес интервал. 
• Точно – Мәні өрісінде көрсетілген интервалға тең интервал. 
• Множитель – Мәні өрісінде көрсетілген мәнге көбейтілген стандартты интервал. 
Абзацты форматтаудың басқа түрлері Абзац сұхбат терезесінде орындалады. 

Пішімдеу тақтасын туралау: 
Сол жақ шеті бойынша; 
Ортасы бойынша; 
Оң жақ шеті бойынша; 
Оң және сол жақ шеттері бойынша (мәтін шеті түп – түзу болады) 


Мәтінді толықтыру және рәсімдеу. Мәтіннің беттерін және абзацтарды рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерт, т.б. әртүрлі әдістер қолданылады. 
Пішім (разметка страницы) Шекралар мен қою (Границы страниц) командасын таңдау керек. 

VI. Компьютерде практикумды орындау. Бет -80. 10 – тапсырманы орындаймыз. 
IV. Сабақты бекіту. Оқушылар жаңа сабақта игерген білімдерін Инсерт кестесіндегі «білдім» бағанына жазады. 

Білемін Білдім Білгім келеді 


1. Абзацты пішімдеу қалай орындалады? 
2. Абзац, жол, сөз қалай белгіленеді? 
3. Мәтінді туралаудың қандай түрлерін білесіз? 
4. Абзацаралық, жоларалық интервалдар қалай қойылады? 
Үйге тапсырма беру: 1. “Мәтіндік құжатты пішімдеу” тақырыбына сөзжұмбақ құрау 
2. Қосымша мәліметтер алып келу. Инсерт кестесінің «Білгім келеді» бағанын толтыру. 
VI. Оқушыларды бағалау.

  • Сабақтың мақсаты: Білімділік
  • Дамытушылық
  • Күтелетін нәтиже: Қаріптермен жұмыс Абзацтар мен жұмыс жасап үйрену
  • Сабақта қолданылатын материалдар
  • Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезені
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
  • Ү. Сергіту сәті Жаттығу ҮІ. Пысықтау
  • «Ой жинақтау» ҮІІ. Қорытынды
  • ҮІІІ. Үй тапсырмасы. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
  • Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
  • ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
  • Ү. Сергіту сәті жаттығу
  • Бағалау Мұғалім оқушыларды бағалайды.

  • жүктеу 87.73 Kb.