Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың мақсаты: Білімділігі

жүктеу 52.62 Kb.



жүктеу 52.62 Kb.
Дата01.06.2018
өлшемі52.62 Kb.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі




Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту

(Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)


Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың көбейту мен бөлу кестесін көбейтудің қасиетттерін есептеуде, есеп шығаруда пайдалана білуге, ауызша көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылығы: оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелігі: оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, карта, семантикалық карта.

Түрі: жарыс сабақ

Типі: өтілген білімді қайталау.

Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, өзіндік жұмыс.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) психологиялық дайындық.


Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізсін сендей өренді.


ә) үй тапсырмасын оқыту, тексеру.

б) топтарға бөлу, топ басшыларын сайлау.


Жарыс басталмай тұрып өткенді пысықтап алайық.

«Ауызша есептеу»

І. 1. Көбейту амалының компоненттерін ата.

2. 42 мен 7-нің бөліндісі нешеге тең?

3. Ұзындық бірліктерін ата.

ІІ. 1. Бөлу амалының компоненттерін ата.

2. 6 мен 8-дің көбейтіндісі нешеге тең?

3. Масса бірліктерін ата.
ІІІ 1. Көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

2. 7 мен 5-тің көбейтіндісі.

3. Уақыт бірліктерін ата.

Кіріспе:
Бүгінгі математика сабағымыз бәрімізге таныс ойынның бір түрі «Брейн -ринг» түрінде болмақ. Яғни жарыс түрінде өтеді.

Брейн-ринг ойыны 1989 жыдан бастап өткізіліп келеді. Бұл ойынды оқушылар бірнеше топқа бөлініп ойнайды. Бізде бүгін 3 топ бар. Әр топтың топ басшысы бар. Қазір әр топ өздерін таныстырады. Бұл ойын бірнеше рингтен тұрады. Әр тапсырмадан кейін орындау деңгейіне байланысты әр топқа ұпай әперетін геометриялық фигуралар таратылып отырады. Қай топ көп фигура жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Ең соңында ұпай сандарын қосып, алға шыққан топты анықтаймыз. Ендеше таныстыруды бастайық.

I топ «Алғырлар». Ұраны: Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
ІІ топ «Тапқырлар». Ұраны: Елін сүйген, ер болар.
ІІІ топ «Ойшылдар». Ұраны: Егемен елдің, еңсесі биік.
І ринг. «Ой қозғау» Картаны көрсету.

Жаңа сабақ

- Балалар, бүгін сендермен «Менің Қазақстаным» поезына мініп Қазақстанның біраз қалаларына саяхатқа шығамыз. Саяхатқа кімдер шығады?(туристер, саяхатшылар, оқушылар)



Есепті тез есептеп шығарсақ қала аты шығады.

Тапсырма.


560: 8



70


Бәйтерек

1 Ауызша



4 есе арттыр

5

6

8

9

1



4 есе кеміт

4

8

12

16

32


ІІ ринг. «Тездет, бірақ қателеспе»

Тапсырма.


650 - 90

560

2 Қолайлы тәсілмен есепте:
(6 + 4) * 9 (7 + 3) *8 (3 + 7) *8

(3 + 8) * 6 (8 + 2) *5 (6 + 4) *4


ІІІ ринг. «Топтық жұмыс»

Тапсырма.


800 - 150

650


Жұмбақ тас
5 Амалдарды орында:
(506 - 127)600:10 50 * 6 + 30 *6 5 *(127 + 73): 100

800: 400 *10 + 670 (800 - 238)7 *20 (76 + 24) *4 – 216



Сергіту сәті:

- Енді қызықты логикалық есептер шығарайық:


1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?

2. Екі ешкінің мүйізі нешеу?

3. Екі артқы аяғымен тұрған күшіктің салмағы 3 кг, ал ол күшік төрт аяғымен тұрса неше кг болады?

4. 1 жұмыртқа 3 минут піседі. 2 жұмыртқа пісіру үшін қанша уақыт кетеді?

Күн көзіне қарайық

Құсша қанат қағайық.

Ұшақ болып ұшайық

Көбелек боп қонайық.
ІV ринг. «Білім шыңы»

«ЭКСПО – 17» қай қалада өтпекші?

Сендер қандай үлес қоспақшысыңдар?
Тапсырма.

200*4

\


800
Өскемен

7 Сөзді есеп.

Турист 14 күн поезбен жүрді, автобуспен одан 2 есе аз жүрді және қанша күн поезбен және автобуспен жүрсе, сонша күн жаяу жүрді. Турист жолда неше күн болды?
Есептің шарты қысқаша белгіленіп, тақтада орындалады:

П-14 күн Шешуі: 1) 14: 2 = 7

А-? 2 есе кем ? 2) 14+7 =21

Жаяу-? Сонша 3) 14+7+21 =42

Жауабы: 42 күн.
V ринг. «Кім жылдам?»

Теңдеулерді шешу арқылы кеменің артындағы мақалды табамыз? Ол мақал қалай аталады?


«Мектеп- кеме, білім-теңіз»
6 Теңдеулерді шеш:
3 * х=180 х: 2=300 160: х =8 х * 4=120
VI ринг «Аспан әлемі»
Ұшақпен саяхат жасаймыз:

600 : 3

\

200


9 Сөзді есеп. Топ жарыс.

Есептің шартын түсініп оқу, талдау. Қысқаша белгілеу.

1) 4 оқушы-3 рет Ш:4 * 3+6 *3=30



6 оқушы-3 рет ? Ж: 30 оқушы ұшты.
2) I- 245 м Ш: (245+255) * 2=1000

ІІ-255 м ? Ж: 1000 метр.


VII ринг. «Бәрімізге бір өрнек». Қалдықпен бөлуді орында, оны тексер.

10



І. 73: 10= 7(қ. 3) ІІ. 401: 10= 40(қ. 1) ІІІ. 52: 10= 5(қ. 2)

91: 10= 9(қ. 1) 901: 10= 90(қ. 1) 64: 10= 6(қ. 4)

41: 10= 4(қ. 1) 85: 10= 8(қ. 5) 604: 10= 60(қ.4)

VIII ринг. «Сиқырлы сандар сыры». Шығармашылық тапсырма.

11

Ұзындығы 3 м және ені 2 м дастарқанның жиектеріне әжей шашақ тікті. Неше метр шашақ қажет болды?

Шешуі: Р= (3+ 2)*2= 10 м

Жауабы:10 метр.
IX ринг. «Қорытынды»
Әр топ өздерінің ұпай сандарын есептеп шығарады. Осы кезде топ басшыларымен сайыс өткізіледі. «Математикалық жекпе-жек».

Оқушылар білімдерін бағалау, мадақтау. Топтардың ұпайларын шығарып, жеңген топты 3 «в» сыныбының жас математиктері деп, «Ғылымдар патшалығының эмблемасын тарту етеміз». Білімнің тұңғиығына терең бойлап, жалықпай ізденуге және жетістіктерге жете берулеріне тілектеспін.


Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы

Академик О.А.Жаутыков атындағы

№1 қазақ орта мектебінің



бастауыш сынып мұғалімі

А.Б.Бақтиярова

  • Дамытушылығы
  • Көрнекілігі
  • Пәнаралық байланыс
  • «Ауызша есептеу» І.
  • I топ «Алғырлар». Ұраны: Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. ІІ топ «Тапқырлар». Ұраны: Елін сүйген, ер болар.
  • ІІ ринг. «Тездет, бірақ қателеспе» Тапсырма.
  • Жұмбақ тас №5 Амалдарды орында: (506 - 127)
  • ІV ринг. «Білім шыңы»
  • «Мектеп- кеме, білім-теңіз» № 6 Теңдеулерді шеш: 3 * х=180 х: 2=300 160: х =8 х * 4=120 VI ринг «Аспан әлемі»
  • 9 Сөзді есеп. Топ жарыс .
  • VII ринг. «Бәрімізге бір өрнек». Қалдықпен бөлуді орында, оны тексер.
  • VIII ринг. «Сиқырлы сандар сыры». Шығармашылық тапсырма.

  • жүктеу 52.62 Kb.