Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру

жүктеу 90.47 Kb.



жүктеу 90.47 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі90.47 Kb.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру



абақтың тақырыбыАлгоритм командалары. Алгоритм құрылымы.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)

Сызықтық алгоритм, тармақталған алгоритм, қайталау алгоритімі

Сабақтың  мақсаты:  

 Білімділігі:Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында

білімдерін арттыру.

 Тәрбиелігі:Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа,

ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:    

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа  сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

 

Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.



  • Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?

  • Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?

  • Компьютермен жұмыс істер алдындығы қойлатын талаптарды ата.

  • Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?

  • Компьютермен жүмыс аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар.

  • Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?

  • Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм, программа ұғымдары

           «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.

Хорезм Хорезм - Әмударияның төменгі ағысында орналасқан тарихи өлке. Хорезм жөніндегі алғашқы деректер Дарий Қ-нің Бехистун сына жазуы мен Авестада кездеседі. Көптеген зерттеушілер Хорезмді бірінші зороастризмдік ел-авесталық Арьянам-войчахпен де байланыстырады.

ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді.

Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).

Математика Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.



Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал;

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.



Алгоритмнің орындалу

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:

1.Мектепті тәмамдау.

2.Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

3.Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі

бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

4.Конкурстан өту.

5.Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды.

Пункт - (лат. punctum - нүкте) - биржадағы бағаның ең аз ауытқуын көрсететін өлшем бірлігі. Әдетте, сыйлықақыны есептеу және биржа белгілеген бағадан шегеру үшін пайдаланылады. бір нәрсеге қатысты, бірдеңемен өзгешеленетін маңызды нақты орын; қандай да бір арнайы жұмыс өтетін ғимарат.

Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.

Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

Алгоритм қасиеттері

Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.


  1. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.

  2. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.

  3. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.

  4. Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.

Алгоритм жазу жолдары

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған

1) табиғи тілдегі жазылуы;

2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;

3) графиктік жолмен жазу;

4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

               Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдерідеп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, олардытранслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.

Компилятор (compiler; compiling programm - компиляциялаушы программа) - 1) жоғарғы деңгейлі программалау тілінде жазылған алғашқы программаны машиналық тілге (алгоритмдік тілдер, түсіндіргіш, аударғыш) түрлендіруді орындайтын компьютердің жалпы математикалық жасақтамасының құрамды бөлігі.

Ассемблерлеу тілі (орыс. Язык ассемблирования; ағылш. assembly language) - адрестер мен операцияларға символдық атау қою мумкіндігі бар, нақты бір компьютердің командалар жиынымен тығыз байланысқан бағдарламалау тілі; әдетте, ассемблер коды машиналық бір кодқа ауыстырылады.

Интерпретатор - (Interpreter (лат. Interpretatio) - түсіндіру, түсінікті тілге аудару) - деңгейі жоғары программалау тілінде (алгоритмдік тілде) жазылған программаның алғашқы нұсқасын машина тіліне аударып орындай алатын арнайы программа; программаның бастапқы мәтініне талдау жасайтын және программаны (жүктемелеулік модульге алдын ала түрлендірмей) жеке-жеке оператор бойынша орындайтын аудармалауыш; есептеу процесі кезінде бастапқы программаны жеке-жеке оператор бойынша аудармалайтын және орындайтын қызмет көрсеткіш программа (аудармалауыш-орындауыш). Компьютер жадына енгізілген программа мәтінін интерпретатор жолма- жол қалыпта машиналық кодқа аударады. Программаның алғашқы нұсқасының кезекті бөлігі машиналық тілге аударылғаннан кейін дереу орындалады. Содан кейін келесі бөлігі аударылып, одан әрі процесс қайталанады. Бейсик, Java тіліндегі программалар интерпретатор көмегімен аударылып атқарылады.

              Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.

Алгоритм құрылымы

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.



  1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

2                              2                                     2



Z = ax   b cos (ax   b) – tg (ax b)  

алг   Z функциясын есептеу

  (нақ  a, b, x, z )



арг  a, b, x

нәт  z

басы

a, b, x  енгізу

t : = ax 2 b

z : = t cost tgt

x, z  шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық  алгоритмнің мысалы ьолып табылады. Мұндағы 2-блок — a, b, x  мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t — ның,



ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді.

Перне (Клавиша; key) - 1) пернетақтадағы бір перне; оны басқанда таңбаға сәйкес код қалыптасады да, ол экранға шығады немесе белгілі бір әрекет іске асады; 2) криптографиялық кілт - ақпаратты шифрлау және кері шифрлау үшін пайдаланылатын құпия код (символдар жинағы); 3) кілт - мәліметтер файлындағы жазбаны немесе жазбалар тобын ұқсастырғыш.

5-блок х  айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

  1. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті

түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

  1. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Тапсырма:  (20 бет 1-3 жаттығу)

  1. Күрделі тармақталу

  2. Күрделі шарттарды пайдалану

  3. Арифметикалық циклдер

  4. Итерациялық (қадамдық) цикл.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің

айырмашылығы қандай?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?

Үйге  тапсырма:Оқу.  Y=(AX-B)(CX D)  өрнегінің алгоритмін құрып келу

  • Сабақтың мақсаты: Білімділігі
  • Дамытушылығы
  • Сабақтың өту әдісі
  • Қауіпсіздік ережелерін
  • Жаңа сабақты түсіндіру Алгоритм, программа ұғымдары
  • Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми
  • Команда
  • Алгоритм қасиеттері Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.
  • Алгоритмнің үзіктілік қасиеті.
  • Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.
  • Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.
  • Алгоритмнің формальды орындалуы.
  • Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы
  • Интерпретатор
  • Алгоритм құрылымы
  • Сызықтық немесе тізбекті алгоритм.
  • Тармақталу алгоритмдері.
  • Күрделі шарттарды пайдалану Арифметикалық циклдер Итерациялық (қадамдық) цикл. Сабақты бекіту сұрақтары

  • жүктеу 90.47 Kb.