Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың жоспары: Информатика 10 сынып Сабақтың тақырыбы: тақырып. Мәтін процессорлары туралы жалпы мәліметтер

жүктеу 133.57 Kb.



жүктеу 133.57 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі133.57 Kb.

Сабақтың жоспары: Информатика 10 сынып Сабақтың тақырыбы: тақырып. Мәтін процессорлары туралы жалпы мәліметтер



Күні:

Сабақтың жоспары: Информатика 10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

4.1.- тақырып. Мәтін процессорлары туралы жалпы мәліметтер



Сабақтың мақсаты:

а) Мәтін процессорлары туралы жалпы мәлімет беру және мәтіндік құжаттар жасауға арналған программалық өнімдермен танысу.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

ә) Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, топта өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстай білуге тәрбиелеу;

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

б) Оқушыларды практикалық жұмыс арқылы, компьютермен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру.



Көрнекі, техникалық құралдар: Кітап: Информатика 10 сынып. Н.Т. Ермеков, В.А. Криворучко, С.Ж. Ноғайбаланова.

Реферат, интернеттен алынған қосымша мәліметтер, суреттер, таратпа қағаздар, слайд, компьютер,экран,проектор.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Кітап (араб.: ‎ – жазба) - мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.


Сабақ барысы:

Уақыты

Сабақ кезеңдері

Жұмыс түрлерінің мазмұны

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

11.45

5 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сергіту сәті: «Құралдар» Оқушыларды екі түспен бөліп алу. 1-топқа домбыраның суретін, 2-топқа принтердің суретін көрсету. Топ осы құралдардың дыбысын, ол туралы мәлімет келтіру.

1-қосымша

Мұғалім оқушыларды түгендеп, оқушылардың көңіл –күйін жақсарту, сабаққа ынтасын арттыру мақсатында сергіту сәтін өткізеді.

Оқушылар таратылған түс арқылы топқа бөлінеді. Көрсетілген құралдардың дыбысын келтіріп, олар туралы мәлімет келтіреді.

11.50

7 мин


2.Үй тапсырмасын тексеру:

Бақылау сұрақтары арқылы



2-қосымша

Мұғалім бақылау сұрақтарын слайд арқылы көрсетіп, жауаптарымен тексереді.

Оқушылар сұрақты оқып, сұраққа ауызша жауап береді.

11.57

3 мин


3.Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпқа

Power Point редакторында презентациямен кіріспе беру.

3-қосымша


Мұғалім мәтіндік құжаттар, оларды жасайтын программалар туралы кіріспе сөз сөйлейді және слайд арқылы осы тақырыпты ашу мақсатында суреттер көрсетеді.

Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдай отырып, олар слайдта көрсетілген суреттер арқылы және жетелеу сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

12.00

15 мин


4.Топтық жұмыс:

Жаңа тақырып бойынша топтарға берілетін сұрақтар:

1-топ:

«Мәтіндік редакторларының



түрлері, қызметі қандай?»

2-топ:


«Құжаттар редакторларының түрлері, қызметі қандай?»

4-қосымша

Мұғалім слайд арқылы оқушыларға топтық жұмысқа тапсырма беріп, топтық жұмыс кезінде тақырып бойынша бағыт-бағдар беріп тұрады.



Оқушылар топ болып жұмыс жасайды, яғни жаңа сабақты өздері ашып, өз ойларын флипчартқа түсіріп, оны қорғап шығады.

12.15

5 мин


Сабақты бекіту:

1.Таратпа

қағаз арқылы

компьютерде

практикалық жұмыстар орындату.


Мұғалім слайд арқылы тапсырманы көрсетіп, қалай орындау керектігін түсіндіріп өтеді.

5-қосымша

Оқушылар компьютерде жұмыс жасайды.

Көркемдеу жағын өз еріктері бойынша орындайды.

Әр топ өзарасында ең үздік деп тапқан жұмысты мұғалімге ұсынады.


12.20

5мин


Сабақты қорытындылау:

Мұғалімнің сөзі, сұрақ –жауап арқылы, топтастыру



Мұғалім баспа редакторлары туралы мәлімет береді. Сұрақ – жауап арқылы.

6-қосымша

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп отырады, мәтіндік құжаттарды өңдейтін өнімдерді топтастырады

12.25

5мин


Бағалау:

Өзін өзі бағалау.

Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну, сол бойынша әр оқушы өзін -өзі бағалайды.

7-қосымша


Мұғалім оқушыларға бағалау парағына өздерін бағалау керек екендігін айтып, өз тарапынан бағалау болатынын ескертеді. Әрі бағалайды.

Оқушылар бағалау парағындағы критерийлер

арқылы өзін өзі бағалайды



12.30

3 мин


Үйге берілетін тапсырма:

Слайд арқылы көрсетіліп тұрады



4.1.- тақырып. Мәтін процессорлары туралы жалпы мәліметтер – тақырыбын оқу және шығармашылық жұмыс.

1-топқа - «Астана баспаханалары»

2-топқа – «Мектеп тынысы» тақырыбында газет шығару.


Күнделіктеріне жазып алады.

12.30

2 мин



Рефлексия



Оқушыларға стикерлер таратып, бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамады, сұрақтарын, өз ойларын жазуға береді.

Сабақтан алған әсерлерін, ойларын стикерге жазып, «Бүгінгі сабақта» тақташасына іледі.

Оқыту нәтижелері:

1.Оқушылар топ болып жұмыс істейді, топтық белсенділкке қол жеткізеді.

2.Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі.

3. Оқушылар мәтін процессорлары туралы жалпы мәлімет алады және мәтіндік құжаттар жасауға арналған программалық өнімдермен танысып, толық мағлұмат алады.

4.Компьютерде практикалық жұмыс жасай отырып, мәтіндік редакторда сертификат, мақтау қағазын жасаудыүйренеді.

Мәтіндік құжаттардың – хаттарды, мақалаларды, есептерді, баға –парақтарын, жарнама материалдарын және т.б. дайындау кеңсе (офис) пакетін пайдалана отырып шешілетін кеңінен тарлаған міндеттердің бірі.

Мәтіндік құжаттарды дайындау үшін компьютерлерді қолданудың ыңғайлылығы мен тиімділігі көптеген тиісті программаалар өнімдерін жасауға әкеледі. Бұл өнімдердің қызмет атқару мүмкіндіктері қарапайым редакторлардың мүмкіндіктерінен (құрылымы қарапайым мәтіндіер жасауға арналған) күрделі баспа жүйелерінің мүмкіндіктеріне дейін (баспаханалық басылымға арналған құжаттарды жасау) түрлендіріліеді.

Мәтіндік құжаттар жасауға және олармен жұмыс істеуге арналған программалық өнімдер мына топтарға бөлінеді:


Мәтіндік құжаттар жасауға арналған программалар



Мәтіндік редакторлар құжаттар редакторлары баспа жүйелері

Мәтіндік редакторлары қарапайым мәтіндерді өңдеуге бағдарланған. Бұл программалық өнімдерге, біріншідіен, программалау жүйесіне кірістірілген программалар редакторлары: С , Delphi программалау жүйелерінің редакторлары, екіншіден, операциялық қоршамға енгізілетін редакторлар: NcEdit NortonComander NotePad қоршамдары және Windows 9x/NT-нің NotePad қабаттары.

Бұл өнімдер, әдетте, мынадай:


  • Жаңа мәтіндік құжат жасау, бұрыннан бар құжатты ашу және жабу, құжатты жаңа немесе бұрынғы атауымен дискіде сақтау;

  • Мәтін үзінділерін бір орыннан екінші орынға (бірқітар жағдайда бір файлдан екніші файлға) ауыстыру немесе мультипликациялау;
    Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.


  • Құжатқа мәтін қосу, алып тастау немесе түрлендіру;

  • Мәтіннің бөліктерін мәніне қарай іздеу, ал кейбір редакторларда автоматты түрде ауыстыру;

  • Бүкіл құжатты немесе оның бір бөлігін басу қызметтерін атқарады.

Программалық мәтіндердің редакторлары программалар мәтіндерінің автоматтыверсификациясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және программаларды жөндеушілермен жиі бірігеді.

Программалық өнімдердің бұл тобы программалар мен ең қарапайым мәтіндерді жасау мен түзетуге бағдарланған. Егер әр түрлі безендіру стилі құжат дайындау керек болса, құжаттар редакторларын пайдаланады.

Құжаттар редакторы, мәтіндер редакторлары қызметтерінен басқа, құжаттарды неғұрлым күрделі түрлендіруді қамтамасыз етеді:


  • Әр түрлі қаріптерді (мөлшерлері мен кескіндерін), символдыры және оларды ерекшелеу тәсілдерін (түсін, қалыңдығын, курсивін, астын сызуды және басқаларын) пайдалану мүмкіндігін;
    Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.


  • Ерікті жол аралық қашықтарды беруді және абзац шектерін теңестіруді;

  • Құжатты басылатын түрінде қарап шығуды;

  • Басу жұмысында қағаз тасушының мөлшерін және шегіністерді орнатуды;

  • Пайдаланушының бұдан бұрынғы әрекеттерін болдырмау және қайталауды;

  • Беттердің жоғарағы және төменгі тақырыптарын (колонтитулдарын,) басуды және беттерді өздігінен нөмірлеуді;

  • Тақырыптар мен индекстер және т.т. құруды;

  • Мәтінді бірнеше бағанға теруді;

  • Ең қарапайым кестелерді құруды;

  • Қолайлы интерфейсті және басқа редакторларда жасалған құжаттар импортының құралдарын;

  • Құжатқа әр түрлі обьектілерді (графикалық файлдарды, суреттерді, формулаларды, диаграммаларды және басқаларын) енгізуді;

  • Сөздерді жаңа жолға автоматты түрде көшіруді қолдауды;

  • VВА құрамдас программалау тіліндет макро-командалар мен модельдер құруды;

  • НТМL пішімді құжаттармен жұмыс істеуді және гипер-мәтіндік сілтемелерді орнатуды қамтамасыз етеді.

Құжаттардың әр алуан редакторлары болады. Қазақстан Мен Ресейде Microsoft Word елеулі орын алады. АҚШ пен Батыс Еуропада, сондай-ақ, Word Perfect және LATEX редакторлары кеңінен тараған.
Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.
Microsoft Office Word (күнделікті - MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі.
Еуропаның батысында орналасқан аймақ. Аумағы - 3,7 млн км². Халқы - шамамен 390 млн адам.

Microsoft Word мәтіндік редакторы мәтіндерді редакциялауды қамтамасыз етеді және өзінің ұсынатын мүмкіндіктері бойынша баспа жүйелері жақын. Редакторы WYSI-WYG принципі бойынша жүзеге асырылған. Қызмет атқару мүмкіндіктерінің көп болуына қарамастан, MS Word-тың қабілеті күрделі көп бағаналы терімдегі газет пен өзге де құжаттарды безендіруге аса бейімделген, күрделі формулаларды теруге, құжатты бірнеше беттерге бөлуге (кейіннен жапсырмалай отырып тролық пішімді плакаттарды басу үшін), берілген шек бойынша бетте мәтіннің төменгі шегін теңестіруге және басқаларына мүмкіндік бермейді.

Word Perfect –тің де шамамен MS Word сияқты мүмкіндіктері бар, бірақ оның интерфейсі анағұрлым күрделі, ал орысшаланған нұсқалары бірқатар принтерлермен жүйелі жұмыс істеуді қамтамасыз етпейді.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.

LATEX-те құжаттар пішімдеудің құрамдас команларымен жасалады. Бұл командалар арнайы тілді құрайды, оларды көмегімен құжаттың стилі, пішімдеу түрлері, формулалар мен кестелер сипатталады. Құжатты дайындау процесі Word редакторынан гөрі көрнекілеу емес, бірақ көп формулалары бар құжаттарды дайындау уақыты қысқартылған.

Баспа жүйелері жарнама буклеттерін дайындауға, газеттерді. Журналдар мен кітаптарды безендіруге бағдарланған. Бұл жүйелер жоғары сапалы күрделі құжаттар дайындауға және оларды фототерімді автоматтарға немесе қағаз тасушылараға шығаруға мүмкіндіктер береді. Әдетте, баспа жүйелерінің жоғарғы сапалы түрлі түсті басылымдар дайындау үшін түске бөлу мүмкіндіктер бар.

Бастапқы мәтінді теру мен редакциялау үшін баспа жүйелерін пайдалану бірқатар жағдайларда өзін ақтай қоймайды. Мысалы,Ventura Publisher, Aldus Page Maker және Microsoft Publisher жүйелері онша қолайлы емес, баяуырақ жұмыс істейді және мәтінді редакциялау мүмкіндіктері бойынша құжаттар редакторларына едәуір жол береді. Сондықтан құжаттың мәтінін Word редакторында дайындау, содан соң түбегейлі беттеу үшін оны баспа жүйесіне орналастыру тиімді болады.

Баспа жүйесі пайдаланатын негізгі операция – құжатты түбегейлі беттеу (мәтінді бетте орналастыру, суреттерді кірістіру, әр түрлі қаріптерді пайдалану және т.б)

Принтер (Printer) - 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде — баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс.

Принтер (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар.

1-қосымша. Сергіту сәті

«Құралдар» Оқушыларды екі түспен топқа бөліп алу. 1-топқа домбыраның суретін, 2-топқа принтердің суретін көрсету.

Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.
Топ осы құралдардың дыбысын, ол туралы мәлімет келтіру.


2-қосымша. Үй тапсырмасын тексеру:Бақылау сұрақтары арқылы

1. 1. MS Office 2003-тің қызметі қандай?



  • Жауабы:

  • Қазіргі заманғы жұмыс орындарында көптеген мәселелерді шешуді MS Office 2003 қолданбалы программалар дестесі қолданылады, оларды жүзеге асыруда бірқатар құралдарын ұсынады. Және оның қызметі құжаттар дайындау,интернетпен, ақпаратпен жұмыс жасау

2. MS Office 2003 дестесінің құрамына не кіреді?



  • Жауабы:

  • Word мәтіндік редкторы, Excel электронды кестесі, Power Point тұсаукесерлерді жүргізу программасы, Outlook дербес электронды хатшы, Acces деректер базалары, Publisher деректер жариялануының құралы (шағын баспа құралы), FrontPage құралы Web беттерін жасауға арналған(интернеттегі жарияланым).

3. MS Office дестесіне интернет қызметі қай жылы қосылды?

4. Office 2003 бойынша Көмекшінің анимациясы бізге не үшін қажет?

  • Жауабы:

  • Егер біз жұмыстан шаршаған кезде, көмекшіні өзімізге шағын көрініс көрсетуге шақыруға болады, ол бір-екі секунд ішінде шаршағанды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

  • Мұны жасау үшін:

  • 1.Тышқанның оң жақ батырмасын Office бойынша Көмекшінің кейіпкеріне шертіп

  • 2.Мотор командасын таңдаңдар.


3-қосымша.

3.Жаңа сабақ.Жаңа тақырыпқа Power Point редакторында презентациямен кіріспе беру.

Мәтіндік құжаттардың – хаттарды, мақалаларды, есептерді, баға –парақтарын, жарнама материалдарын және т.б. дайындау кеңсе (офис) пакетін пайдалана отырып шешілетін кеңінен тарлаған міндеттердің бірі.

Мәтіндік құжаттарды дайындау үшін компьютерлерді қолданудың ыңғайлылығы мен тиімділігі көптеген тиісті программаалар өнімдерін жасауға әкеледі. Бұл өнімдердің қызмет атқару мүмкіндіктері қарапайым редакторлардың мүмкіндіктерінен (құрылымы қарапайым мәтіндіер жасауға арналған) күрделі баспа жүйелерінің мүмкіндіктеріне дейін (баспаханалық басылымға арналған құжаттарды жасау) түрлендіріліеді.

Мәтіндік құжаттар жасауға және олармен жұмыс істеуге арналған программалық өнімдер мына топтарға бөлінеді:


Мәтіндік құжаттар жасауға арналған программалар



Мәтіндік редакторлар құжаттар редакторлары баспа жүйелері

4-қосымша

Жаңа тақырып бойынша топтарға берілетін сұрақтар:

1-топ:

«Мәтіндік редакторларының



түрлері, қызметі қандай?»

2-топ:


«Құжаттар редакторларының түрлері, қызметі қандай?»
5-қосымша.

Жеке тапсырма: (оқушыларды компьютерге отырғызу)

  • 1-топтың оқушыларына:

  • Мектепішілік олимпиадаға қатысып жүлделі орын алған оқушыларға арналған «Мақтау қағазын» жасау

  • 2-топтың оқушыларына:

  • Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдерге арналған «Сертификат» жасау.

  • Тапсырма /Өзің орында/

  • а) Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.

  • ә) Мәтінді теріңіз және пішімдеңіз.

  • б) І сөйлемдердің қаріп өлшемі – 16.

  • в) мектеп гербін өзің білетін тәсілмен орналастыр.

  • г) ІІ сөйлемдерің қаріп өлшемі – 20.

  • е) ІІІ сөйлемдердің қаріп өлшемдері -16

Түстер беру, әсемдеу оқушылардың өз еріктерінде
6-қосымша.

Қорытындылау



  • Баспа жүйелері жарнама буклеттерін дайындауға, газеттерді. Журналдар мен кітаптарды безендіруге бағдарланған. Бұл жүйелер жоғары сапалы күрделі құжаттар дайындауға және оларды фототерімді автоматтарға немесе қағаз тасушылараға шығаруға мүмкіндіктер береді. Әдетте, баспа жүйелерінің жоғарғы сапалы түрлі түсті басылымдар дайындау үшін түске бөлу мүмкіндіктер бар.

  • Бастапқы мәтінді теру мен редакциялау үшін баспа жүйелерін пайдалану бірқатар жағдайларда өзін ақтай қоймайды. Мысалы,Ventura Publisher, Aldus Page Maker және Microsoft Publisher жүйелері онша қолайлы емес, баяуырақ жұмыс істейді және мәтінді редакциялау мүмкіндіктері бойынша құжаттар редакторларына едәуір жол береді. Сондықтан құжаттың мәтінін Word редакторында дайындау, содан соң түбегейлі беттеу үшін оны баспа жүйесіне орналастыру тиімді болады.

  • Баспа жүйесі пайдаланатын негізгі операция – құжатты түбегейлі беттеу (мәтінді бетте орналастыру, суреттерді кірістіру, әр түрлі қаріптерді пайдалану және т.б)


7-қосымша

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

___________________________________

Оқушының аты–жөні, тегі, сыныбы



Бағалау өлшемдері

Мүмкін

баллдар

Сабақта алған баллдар

оқушы

мұғалім

1.Мен үй тапсырмасын орындадым

1 – жоқ

2 – жартылай

3 – толық








2. Жаңа сабақ бойынша топтық жұмыста ой қостым. Сұрақтар қойдым, сұрақтарға жауап бердім

1 – жоқ

2 – жартылай

3 – толық








3.Берілген жұптық тапсырмаларды орындадым

1 – жоқ

2 – жартылай

3 – толық








4.Берілген тақырыптық тапсырмаларды орындауда басқа оқушыларға көмектестім

1 – жоқ

2 – жартылай

3 – толық








5.Тест тапсырмасын орындадым

1 – жоқ

2 – жартылай

3 – толық








6.Басқа оқушылардың айтқан ойын толықтырып, өз ойымды айттым

1 – жоқ

2 – жартылай

3 – толық








7. Практикалық жұмысты орындадым

1 – жоқ

2 – жартылай

3 – толық








8.Қосымша мәліметтер алып келдім (реферат, эссе, сөзжұмбақ)

1 – жоқ

2 – жартылай



3 – толық







Жалпы балл











Рахмет! Білім алуда сәттілік тілеймін!

  • Сабақтың мақсаты
  • Оқушыларға
  • Сабақ барысы: Уақыты
  • 1.Ұйымдастыру кезеңі
  • 2.Үй тапсырмасын тексеру
  • Үйге берілетін тапсырма
  • Microsoft Word
  • 1-қосымша.
  • 2-қосымша. Үй тапсырмасын тексеру
  • 3-қосымша. 3.Жаңа сабақ.
  • 5-қосымша. Жеке тапсырма
  • Мысалы,Ventura Publisher, Aldus Page Maker және Microsoft Publisher жүйелері
  • 7-қосымша БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ ___________________________________ Оқушының аты–жөні, тегі, сыныбы
  • Бағалау өлшемдері Мүмкін баллдар
  • Рахмет!

  • жүктеу 133.57 Kb.