Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың әдісі: пікір талас Көрнекіліктер

жүктеу 73.06 Kb.



жүктеу 73.06 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі73.06 Kb.

Сабақтың әдісі: пікір талас Көрнекіліктер


« Бекітемін » Әдістемелік бірлестік төрайымы Малбасова Ш.А _____________ Тақырыбы: Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажеттілік пе(«Айтуға оңай» бағдарламасының желісімен) Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту Білімділігі: Оқушының білімін пысықтау, жинақтау, қорыту.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

  Тәрбиелігі: Оқушылардың интабаттылыққа, кішіпейілдікке, құрметтеуге тәрбиелеу.  Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ізденімпаздығын дамыту.  Сабақтың әдісі: пікір - талас   Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, компьютер, арнайы дайындалған презентация, видеобаян Сабақтың жүру барысы: Жүргізуші: Қалта телефонсыз өмір сәнсіз, интернетсіз өмір мәнсіз! Әлеуметтік желіге күніне бір рет кіріп шықпасақ, ауа жетпей демі тарылған адамның күйін кешеміз. Бұл дерт пе, әлде қажеттілік пе Армысыз ағайын! Ұлттық арнада «Айтуға оңай » бағдарламасы және оның жүргізушісі Тоқтағазы Жалғас. Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Соның ішінде Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және әлеуметтік желі арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді ортаға салмас бұрын бейне сюжетке көз салайық. Назар аударыңыздар! Жаңа бейнесюжетте көрсетіп өткендей, әлеуметтік желіде отырмайтын адам кем де екен. Ғалымдардың зерттеулері бойынша әр секунд сайын 8 адам әлеуметтік желіге тіркеледі екен. Бұның ішінде басым көпшілігі жастар қауымы. Енді жастардың ой пікірін білу мақсатында ортаға әлеуметтік желінің тұтқыны болып жүрген кейіпкерімізді шақырамыз.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

(Нұрбол шығады) Жүргізуші:  Бізге әуелі өзіңді таныстырып кетсең Нұрбол:  Менің есімім Нұрбол, мен АТжФК 2 курс студентімін, ЭЕМ операторы мамандығында оқимын. Жүргізуші:  Жақсы, Нұрбол күніне қанша уақытыңды әлеуметтік желіде өткізесің Нұрбол:  Мен күннің көп уақытын әлеуметтік желіде өткіземін.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

Жүргізуші:  Жастар қауымы Әлеуметтік желінің пайдасы өте зор деп жатасындар, оның зиянды жақтарын да ойлап көрдіңдер ме Нұрбол:  Мен үшін әлеуметтік желі пайдалы. Барлық жұмысымды интернет арқылы бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың.

Мәдениеттілік – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы - мәдениеттіліктің белгісі.

Мен өзімді әлеуметтік желісіз елестете алмаймын. Жүргізуші:  Қазіргі уақытта жастар арасында әлеуметтік желіде отырушылардың қатары қарқындап артуда. Бүгінде интернет Нұрбол секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Оның денсаулыққа каншалықты зиянды жақтары бар Бұл жөнінде бүгінгі біздің қонағымыз дәрігер Байжуманов Райымбек мырза келіп отыр екен, содан сұрап көрейік. Райымбек мырза осы әлеуметтік желінің қоғамға қаншалықты зиянды жақтары бар. Дәрігер(Райымбек):  Компьютердің алдыңда көп отыру адамның көзіне әсер етеді көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтады экраннан тарайтын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиянды.

Толқын - ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.

Үздіксіз пайдалану жүйке жүйесі мен қоса қол буындарының ауруын туғызады Францияда жылына 80 адамға буындардың ортасындағы жүйкенің қыстырылуына ота жасалады екен. Жүргізуші:  Әлеуметтік желі жастардың «індеті» ма немесе уақыт талабы ма Осы туралы ой пікірді тыңдап көрсек. Бұл сұраққа жауапты келесі біздің кейіпкерімізден сұрап көрейік ! Мұғалім(Айжан):  Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар интернет және әлеуметтік желі арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді. Көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетін мына Нұрбол секілді оқушылардың оқу үлгерімі төмендейді. видеороликкті тамашалаңыздар! Жүргізуші:  Қазіргі жастар «Агенті бардың күні – жарық, агенті жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай әлеуметтік желіге тәуелді болып қалғандар да бар.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Тәуелділік (Зависимость; dependence) функция мен оның аргументгері арасындағы қатынас; мәліметгер базасындағы мәліметтер ассоциациясы. Мәліметтер тәуелділігі (Зависимость данных (по данным); data dependence) - мәліметтер мен программаның өзара өсер етуі.

Жақында ақпаратық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда «Инстаграмм» желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар.осы жайында анығырақ бағдарламамызға қонақ болып келіп отырған психолог Анар ханымнан сұрап көрейік! Сіз қалай ойлайсыз! Ғалымдарымыздың зерттеулері дұрыс нәтиже берді деп ойлайсыз ба Психолог(Анар):  Психолог Төреғали Батырханұлы жастар әлеуметтік желіге әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді.

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.

әлеуметтік желі – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, агнетке құл болмау жолын ойлау керек. Агентоманияға ем сол агентке жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Агентке тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру. Жасөспірімдер үшін сағат отырмау. Көбінесе Әлеуметтік желіге ата-аналар тарапынан наразылық туындап отырады екен.

Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.

Осы жөнінде ортаға анамызды шақырайық Ата - ана(Марина):  Мен ата ана оқушылардың агентте ертеңнен кешке дейін отыруына қарсымын ол балалардың денсаулығын бұзады, сабақ үлгерімін төмендетеді, өйткені тамақты уақытында ішпейді уақытымен демалмайды. Агентте үнемі отыру олардың мінезінде өзгертеді. әлеуметтік желігеден кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды. Жүргізуші: Әлеуметтік желігеден кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайды деп жатырсыз. Соның салдарынан жасөспірімдер арасында қылмыстық істерге де бой алдырып жатқандар бар. Бұл жөнінде жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор Нұрбек мырзадан анығырақ біле отырайық. Бұған не себеп деп ойлайсыз Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор (Нұрбек):  Көшеде ұялы телефон пайдалану көптеген орны толмас қателіктерге соқтырады, қылмыстық істерге бой алдырады.

Инспектор - өздеріне бағынышты органдардың, жеке тұлғалардың іс-әрекетінің дұрыстығын бақылайтын не қайсыбір арнаулы салада заңдардың орындалуын қадағалайтын лауазымды тұлға; мысалы, қаржы инспекторы.

Қылмыс- қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Жолда жүру ережелері бұзылады, соның салдарынан оқушылар арасында жол апатына ұшырау көп.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.

Нұрболдың, сол интернетке таңылғанша көзбе - көз қызу әңгіме өткізетін арнауы клубтарға жазылғаның дұрыс болар деп есептеймін. Жүргізуші:  Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар. Сондықтан Әлеуметтік желіге қосылыңыз, әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық.  Әлеуметтік желінің қандай пайдасы бар  (Нұрбол) Әлеуметтік желіге кіру мәдениеттілік. Агент алыс жақын адамдардың бір - бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден бір жаңа технология  (Райымбек) Уақытың босқа кетеді. Көп отыру көздің нашарлауына мойныңа тұз жиналуға соқтырады  (Мұғалім) Агент – сауатсыз жазу мен сауатсыз сөйлеу. Кейбіреулер осы өмірді ұмытады, жүйкесін жұқартады. Жүргізуші: ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай деп мен бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасының межесіне жеттім. Сау саламатта болыңыздар.

  • Ғалымдардың

  • жүктеу 73.06 Kb.