Главная страница
Контакты

    Басты бет


Сабақтың №: Сабақтың тақырыбы: Сырты жад. Сабақтың мақсаты

жүктеу 87.92 Kb.



жүктеу 87.92 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі87.92 Kb.

Сабақтың №: Сабақтың тақырыбы: Сырты жад. Сабақтың мақсаты



Пән: Информатика Күні: Сынып: 5а Сабақтың №:
Сабақтың тақырыбы: Сырты жад.
Сабақтың мақсаты:

- оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру;

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
дискіжетек, USB-порты, CD-ROM мен DVD-ROM жұмыстарымен таныстыру;

- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

- оқушыларды ақпараттық мәдениетке, тәртіпке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту, әңгіме элементтері бар дәріс сабағы
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, проблемалық, практикалық, зерттеу
Көрнекілік: ДК, интерактивті тақта, электрондық оқулық, қатқыл диск, иілгіш және компакт-дискілер, дискіжетек, дәптер

Сабақтың барысы

І.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) - дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.
Ұйымдастыру кезеңі.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Адамның ішкі және сыртқы жады» деген тақырып бойынша өз ойыңды айт.



Қойылатын сұрақтар:

  • Адамның ішкі жадында не сақталады?

  • Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?
    Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.


  • Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?

адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары жайлы сұхбаттасу. Қажетті деректерді адам ішкі жадында, ал аса қажет емес ақпараттарды түрлі ақпарат тасуыштарында – құжаттарда, дәптерлерде, кинотаспаларда және т.б. сақтайды.
Сыртқы жад.

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш, компакт және флеш-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады.

Винчестер, винчестерлік диск (Винчестерский диск, винчестер; Winchester disk) - қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы.
Магнит (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos - Магнесия тасы; Магнесия - Кіші Азиядағы көне қала) - магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене.
Соңғы уақытта IBM типі Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданылады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді, флеш-дискілерді жатқызуға болады.

Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.

Иілгіш диск (дискета)

Иілгіш дискілер (дискеттер, англ. floppy disk - флоппи-дискілер).

Флоппи-диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагниттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған (дискеттің қабы).


Дискеттің құрылымы

Магниттік дискіде ақпарат қалай орналасады?



Дискетті бірінші рет қолдану алдында әдіспен оны форматтау қажет. Бұл арнайы бағдарламалардың көмегімен орындалады. Форматтау кезінде әдетте дискеттің беті тексеріледі.Жаңылыстар байқалған учаскелері дефектілі деп белгіленеді де, ол бөліктерге ары қарай жазу жүргізілмейді. Кейбір өндірушілер дискілерді форматтап шығарады. Стандартты компьютердің бір үшдюймдық дискіжетегі – 1,44 Мб болады.


Қатқыл диск (винчестер, англ. HDD — Hard Disk Drive)

Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер – бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу – жазу механизімінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы. Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір емес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі (котакті) мүмкін емес. Әрбір бастиек диск бетінің үстінде 0,5-0,3 микрон қашықтықта «жүзеді». Жинақтауыштың электромеханикалық бөлігі механизмге шаң тимеуі үшін, герметикалы корпусқа салынған.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.

Қатқыл дискінің схемасы.



Стример

Стример (ағылш. streamer) - үлкен көлемді ақпараттарды резервтті көшіруге арналған құрылғы. Тасымалдаушы ретінде 1-2 Гбайт және одан да жоғары магниттік лентасы мен кассетасы бар. Сыймдылығы 4 Тбайтқа (терабайт) дейін.


Компакт-диск

Компакт-диск – бұл металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 600-700 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.


Лазерлік дискіні құрайтын қабаттар:

Көркем сурет.

Түссіз пластик.

Желімді қабат

Шағылдырушы қабат
Түссіз пластик

Иілгіш және компакт-дискілерде сақталған ақпаратпен жұмыс істеу үшін тиісті жинақтауыштарды қолданады. Жинақтауыш – бұл жадтайтын құрылғы, ол ақпараттың үлкен көлемін ұзақ уақыт сақтауға (электр қоректендіруінен тәуелсіз) арналған. Жинақтаүышты тасуыш пен (дискілер) тиісті жетектің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Иілгіш дискілер (дискіжетек) мен компакт – дискілерге (CD-ROM) арналған жинақтауыштар-ауыстырмалы тасуыштарға арналған жинақтауыштар, ал винчестер – ауыстырмалы емес жинақтауышқа арналған. Жетек бұл оқу-жазу механизімі мен электрондық басқару схемасының үйлесуі болып табылады.


Флеш-жад

Флеш-жад – деректерді жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін тегіс корпусқа енгізілген микросхема. Флеш-жадқа жазылған ақпарат ұзақ уақытқа сақталады. Магниттік және оптикалық дисководтарға қарағанда флеш-жад тұтас және энергияны азырақ тұтынады. Флеш-карталар портативті құрылғыларда пайдалануға өте ыңғайлы.

Ақпаратты оқу және жазу үшін жадтың картасы компьютерге қосылған USB-портқа немесе мобилді құрылғыларға (цифрлық видео және фото аппаратура, мобильдік телефон және т.б.

ФЛЕШ-ЖАД (ағылшынша flesh - жарқыл) - электрлік жолмен жазылған мәліметтерді есте сақтай алатын микросұлба (чип) түрінде жасалған жад түрі. Мәліметтерді өшіру электр разряды арқылы орындалады да, оған қайта жаңасын жазып, ұзақ уақыт сақтауға болады.
Аппаратура (ағылш. Hardware, equipment) - компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары; (механикалық, электрлік және электрондык құрылғылар) яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мысалы, пернетақта, монитор және т.б.
) кірістірілен жинақтауыштарға енгізіледі.

Флеш-дискілердің сыймдылығы 64 Гбайтқа дейін

Флеш-карталардың сыймдылығы 32 Гбайтқа дейін



Дискіжетек – бұл дискідегі оқуға және жазуға арналған құрылғы.

Дискіжетек - бұл иілгіш магнитті дискілерден ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады. Ақпарат иілгіш магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискіжетектер екі өлшемді болады – бес дюймді (ол 1995 жылдан бері шығырылмайды) және үшдюймді болады.

Үшдюймді дискіжетектер 1,44/2,88 Мб жазуға мүмкіндік береді. Қатты пластикалық корпус дискеттің бетін сыртқы зақымданудан қорғайды.


CD-ROM және DVD-ROM

Компакт-дискілерге арналған дискіжетектердің көмегімен компьютерлер арнайы компьютерлік компакт-дискілерді оқи алады және дыбыс картасы болса, аудиокомпакт-дисілерді ойнатады.

CD-ROM компакт-дискілерінде қолданылатын ақпаратты цифрлық жазу әдісі оларға жазуға және бір-ақ тасымалдауыштан мүлде әр түрлі ақпаратты - әріпті-цифрлі, дыбыс, (музыка және сөз), графикалық, сондай-ақ түсті қозғалмайтын және қозғалатын кескіндерді шығаруға мүмкіндік береді.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

CD-RW және DVD-RW приводтары деректерді компакт-дискіден оқуға және оған жазуға мүмкіндік береді.
IV. Бекіту.

Зерттеу жұмысы. Үш топқа тапсырмалар:

Сендер мынадай мақсатта: үлкен бейнеархивтерді сақтау және дербес компьютер арасында ақпараттарды тез және сенімді тасымалдау үшін, сыртқы жадтайтын құрылғылардың үш партиясын сатып алуға дайын фирманың өкілеті болып табыласыз.

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Сендерге қатқыл диск (Samsung – Корея), лазерлік диск (Verbatim – Англия) және флеш-жады (Transcend – Тайвань) сияқты жадтау құрылғыларының өндірісімен айналысатын бірнеше компаниялардың ақпаратты жинақтауыштарын зерттеу қажет.

Сендерге тапсырма:


  1. Өз өнімдеріне зерттеу жүргізу;

  2. Алынған нәтижені кестеге толтыру.

Зерттеу нәтижесі бойынша сендердің жад түрлерін қай салада қолдануға лайықты болатының шешім қабылдау қажет. Жауапты дәлелдеу қажет.
1-ші кесте. Кестені толтыр


Жад

Қатқыл дискілер

Иілгіш

дискілер


Лазерлік дискілер

Флеш-

дискілер


CD-R(W)

DVD-R(W)




Қызметі
















Көлемі
















Шапшан әрекеттілігі (жоғары/орташа/төмен)
















Cенімділігі (жоғары/орташа/төмен)















2-ші кесте. Компьютердің жад құрылғыларының әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге « » таңбасын қой.



Жад құрылғысы

Компьютерде қолданылуы мүмкін

Жазу үшін

Оқу үшін

Ақпаратты компьютерден компьютерге тасымалдау үшін

Жедел жад










Қатқыл диск










Дискет










Компакт-диск

CD-RW, DVD-RW












Компакт-диск

CD-R, DVD-R












Флеш-диск











V. Рефлексия.

1. Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.

Бүгін мен .................................. білдім.

...................................... қызықты болды.

....................................... қиын болды.

Мен ...................................... үйрендім.

Мен тапсырмаларды ................................ орындадым.

............................ орындап көремін.

............................... мені таң қалдырды.

Өмір үшін сабақ маған ...................... берді

......................... мен орындай алдым.

Енді мен .............................істей аламын.

2. «Комплимент» жаттығуы. Оқушылар бір-бірін бағалайды, сабаққа бір-бірінің қосылған үлесі туралы айтады да, бір-біріне және мұғалімге алғыс айатды.


VI. Үй тапсырмасы. Компьютердің сыртқы жады. Ақпаратты тасымалдаушылар.

  • Сабақтың түрі
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
  • С ыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад. Иілгіш диск (дискета)
  • Д искеттің құрылымы
  • Қ атқыл диск (винчестер
  • Стример Стример
  • Флеш-жад Флеш-жад
  • CD-RW және DVD-RW приводтары
  • V. Рефлексия. 1.

  • жүктеу 87.92 Kb.